О проведении конкурсов (тендеров) по предоставлению права ведения охотничьего хозяйства, закреплению охотничьих угодий (участков) и распределению между охотпользователями по Южно-Казахстанской области Күшін жойған
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына сәйкес және Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және биоресурстар жөніндегі аумақтық басқармасының ұсынысын қарап облыс әкімияты қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібі (№1 қосымшаға сәйкес) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссия туралы ереже бекітілсін (№2 қосымша).
Тармақ 3
3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссияның құрамы бекітілсін (№3 қосымша).
Тармақ 4
4. "Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру туралы" типтік келісім шарт қолданыстағы Заңдарға сәйкес бекітілсін (№4 қосымша).
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Әбішевке жүктелсін.
Басқа 6. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізудің тәртібі
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 1 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізудің тәртібі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізудің осы тәртібі Қазақстан Республикасының "Жануарлар әлемін қорғау, өсіру және пайдалану туралы ", "Қоршаған ортаны қорғау туралы " Заңдарының, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің Ережесінің негіздерінде әзірленген.
Тармақ 2
2. Конкурстың (тендердің) мақсаты аңшылықты пайдаланушыларға конкурс негізінде аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аймақтық экологиялық дамуын және жұмыспен қамтамасыз етілуін қоса алғанда, олардың басымшылық мүдделерін есепке ала отырып, аңшылық шаруашылығында бәсекелестікті дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Тармақ 3
3. Конкурс (тендер) өткізудің негізгі қағидалары:
Тармақша 1
1) әртүрлі меншік нысанындағы аңшылықты пайдаланушылар арасында облыстағы аңшылық алқаптарын (учаскелерін) әділ және дұрыс бөлу;
Тармақша 2
2) жеңімпаздарды іріктеу аңшылықты пайдаланушылар мен тілек білдірген барлық бақылаушылардың қатысуымен өткізіледі;
Тармақша 3
3) өте ұтымды тендерлік ұсыныстар берген аңшылықты пайдаланушы аң шаруашылығын жүргізу құқығына ие болады. Бұл жерде аңшылық алқаптарының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған биотехникалық шараларды, жануарлар әлемін өсіруге белсене қатысушы аңшылық шаруашылығын жүргізуге маманданған ұйымдарға басымдық беріледі;
Тармақша 4
4) кәсіптік балық аулауға келісім шартты конкурстық жолмен алу аңшылықты пайдаланушыларға тендерлік құжаттарда белгіленген бірыңғай талаптардың негізінде бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Тармақ 4
4. Конкурстың (тендердің) міндеттері:
жануарлар әлемін тиімді пайдалану мен ұлғайта өсіруді, аңшылық алқаптарына экологиялық жағдайды жақсартуды, биотехникалық шараларды жүргізуді қамтамасыз ету мәселесінде оңтайлы жағдайларды қамтитын ең ұтымды ұсыныстарды анықтау.
Тармақ 5
5. Арнайы өкілетті орган ретінде конкурстық (тендерлік) комиссияның жұмыс органы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы конкурстық (тендердің) ұйымдастырушысы болып табылады.
Тармақ 6
6. Конкурстық (тендерлік) процесс, оны хабарландырудан бастап жеңімпазды (дарды) анықтауды аяқтаумен қоса 60 күннен аспау керек.
Тармақ 7
7. Конкурс (тендер) жеңімпаздары арнайы уәкілетті органмен аң шаруашылығын жүргізу құқығына келісім шарт жасасу құқығын алады.
Тармақ 8
8. Конкурсқа (тендерге) облыстағы жекелеген немесе бірнеше учаскелері қойылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Конкурс (тендер) кемінде екі қатысушы (талапкер) болғанда ғана өткізіледі.
Тармақ 10
10. Аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру үшін жарамсыз аңшылық алқаптарын аңшылықты пайдаланушыларға "Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес конкурс (тендер) өткізілместен берілуі мүмкін.
Тарау 2. 2-тарау. Конкурстарды (тендерлерді) ұйымдастыру
2-тарау. Конкурстарды (тендерлерді) ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Арнайы өкілетті орган Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы басқармасы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ әлеуетті қатысушыларға конкурс (тендер) өткізуден 30 күн бұрын ескерте отырып, конкурстық (тендердің) негізгі талаптарын, тәртібін және өтетін уақытын хабарлайды (1 қосымша).
Тармақ 12
12. Меншік нысанына қарамастан жануарлар әлемін ұлғайта өсіру және ұтымды пайдалану үшін материалдық-техникалық базасы бар кез-келген заңды тұлға және жеке тұлға шет елдік азаматтар да конкурсқа (тендерге) қатыса алады.
Тармақ 13
13. Конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдірушілер тендерлік құжаттар пакетін алуға арнайы өкілетті органға жазбаша өтінім беруі тиіс.
Тармақ 14
14. Тендерлік құжаттар пакетіне төмендегілер кіреді:
Тармақша 1
1) қатысушы туралы ақпарат (№1-2 қосымша);
Тармақша 2
2) конкурсқа (тендерге) қатысушыларға нұсқау (№1-3 қосымша);
Тармақша 3
3) тендерлік ұсыныстардың бірыңғай түрінің үлгісі (№1-4 қосымша);
Тармақша 4
4) қатысушының тендерлік ұсыныстарын бағалау ұпайлары (№1-5 қосымша);
Тармақша 5
5) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аң шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізудің осы тәртібі;
Тармақша 6
6) арнайы өкілетті органға бәсекелік ұсыныстарды беру үшін бәсекеге қойылған жеке-дара аңшылық алқаптарының (учаскелерінің) санына тең конверттердің (бір үлкен және екі кіші) жиынтығы.
Тармақ 15
15. Қатысушыларға дайындалған тендерлік құжаттар мөр басылып куәландырылуы тиіс және оларды қатысушыға бергенде арнайы журналда тіркеледі.
Тармақ 16
16. Қатысушы арнайы өкілетті органға комиссия мүшелерінің санына тең мөлшерде тендерлік ұсыныстарды және қатысушы туралы ақпаратты тапсырады. Тендерлік ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпарат бөлек екі пакеттерге салынып, мөр басылып жабылады да, үлкен бір пакетке салынып, ол да мөр басылып жабылады. Барлық үш конвертте де тану белгілері және қатысушы туралы мәлімет болмауы тиіс.
Тармақ 17
17. Тендерлік ұсыныстарды тапсырудың соңғы мерзімі мен конкурс (тендер) өткізу мерзімінің арасы екі күн болуға тиіс. Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы тендерлік ұсыныстарды қабылдаудың соңғы күнін, хабарландыруда және бәсекеге қатысушыларға берілетін тендерлік құжаттарда көрсетуі тиіс.
Тармақ 18
18. Белгіленген уақыттан соң түскен ұсыныстар конкурсқа (тендерге) қатысуға жіберілмейді. Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы уақытында берілген тендерлік ұсыныстардың барлығын қалдырмай қабылдауға міндетті.
Тармақ 19
19. Қатысушылардың бәсекелік ұсыныстарын ұйымдастырушы тіркеуден өткізген соң, оларға толықтырулар және кез-келген өзгерістер енгізуге тыйым салынады.
Тармақ 20
20. Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушы конкурсты (тендерді) өткізуге 10 күн қалғанда конференция өткізуі және қатысушылардың сұрақтарына жауап беруі тиіс.
Тармақ 21
21. Конкурстық (тендерлік) комиссия конверттерді ашу, қарау, тендерлік ұсыныстарды бағалау және жеңімпаздарды анықтауды ашық түрде жүргізеді.
Тарау 3. 3-тарау. Тендерлік ұсыныстардың мазмұны
мен оларды бағалау
3-тарау. Тендерлік ұсыныстардың мазмұны
мен оларды бағалау
Тармақ 22
22. Ұсынылатын тендерлік ұсыныстардың үлгілері №4 қосымшада келтірілген.
Тармақ 23
23. Тендерлік ұсыныстар төмендегі өлшемдер жиынтығын қамтуы мүмкін, соған байланысты конкурстық (тендерлік) комиссия баға береді:
Тармақша 1
1) арнайы автокөліктің болуы;
Тармақша 2
2) білікті мамандармен қамтамасыз етілуі;
Тармақша 3
3) материалдық базасы мен аңшылық үйлерін салу, қайта жаңғырту мен жақсарту бойынша белгіленген шаралар туралы;
Тармақша 4
4) жануарлар әлеміне өзіне-өзі бақылау жасау, браконьерлікке (сұғанақтыққа) қарсы күрестің, бекітілген аңшылық алқаптарын қорғаудың әдістері;
Тармақша 5
5) биотехникалық жануарлар әлемін ұлғайта өсіру шараларын жүргізуге қатысу.
Тармақ 24
24. Қатысушы тендерлік ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша толық және ақиқат ақпарат беруге міндетті.
Тармақ 25
25. қатысушылардың тендерлік ұсыныстарын бағалауды және жеңімпазды анықтауды конкурстық (тендерлік) комиссия жүргізеді.
Тарау 4. 4-тарау. Конкурстық (тендердің) жеңімпаздарымен
келісім-шарт жасасу тәртібі
4-тарау. Конкурстық (тендердің) жеңімпаздарымен
келісім-шарт жасасу тәртібі
Тармақ 26
26. Аң шаруашылығын жүргізу құқығын беру және аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту туралы облыс әкімиятының қаулысы қабылданған соң конкурс (тендер) жеңімпазымен 15 жылдық мерзімге келісім шарт жасалады, келісім шарттың барлық шарттары сақталған жағдайда оның мерзімі ұзартылады.
Аталған облыс әкімиятының қаулысы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының жазбаша қорытындысы болғанда ғана қабылданады.
Тармақ 27
27. Келісім шарт жасасуда тендерлік құжаттар пакетіне салынған қатысушының тендерлік ұсыныстары, техникалық-экономикалық және басқа да құжаттамасы негізге алынады.
Тармақ 28
28. Келісім шарт жасасу процесінде анықтаулар мен толықтырулар болуы мүмкін, олар ұйымдастырушы мен аңшылықты пайдаланушының мүддесіне зиян тигізбеуі керек.
Тармақ 29
29. Келісім шартта тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершіліктері және келісім шарттың орындалуының егжей-тегжейлі шарттары көрсетіледі, жағдайлар қажет ететін болса, өзгерістер енгізу мүмкіндігі қарастырылады.
Тармақ 30
30. Қатысушы конкурс (тендер) жеңімпазы белгіленген жұмысқа облыс әкімиятының аң шаруашылығын жүргізу құқығын беру және аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту туралы қаулысы қабылданғаннан кейін және ұйымдастырушы келісім шартқа қол қойғаннан соң кірісе алады.
Тармақ 31
31. Келісім-шартқа қол қоюдың мерзімі қатысушыны конкурстық (тендердің) жеңімпазы деп жариялаған соң 30 күннен аспауы керек.
Басқа 57. Конкурс (тендер) өткізу туралы хабарландыру
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 1.1 қосымша
Конкурс (тендер) өткізу туралы хабарландыру
Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасы аңшылықты пайдаланушылар арасында аң шаруашылығын жүргізу құқығын беруге, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекітуге және үлестіруге 2003 жылғы «___»__________ конкурс (тендер) өткізеді.
Мына мекен-жайда________________________________________
Басталуы ________ сағатта.
Конкурсқа (тендерге) меншік нысанына қарамастан жануарлар әлемін қорғауға және ұлғайта өсіруге, тиісті материалдық-техникалық базасы бар кез-келген Заңды және жеке тұлға (оның ішінде шетелдіктер) қатыса алады.
Конкурсқа (тендерге) мынандай аңшылық алқаптары қойылады:___________________________________________________________
____________________________________________________.
Конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдірушілер осы хабарландыру жарияланған күннен бастап қатысуға өтінім беруі және ұйымдастырушыдан тендерлік құжаттарды алуы тиіс.
Қатысушылардың тендерлік құжаттарды тапсыруларының соңғы мерзімі 2003 жылғы __________сағатқа дейін.
Анықтамалар алу үшін мына телефон арқылы хабарласуға
болады _____________.
Басқа 58
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 1.2 қосымша
Тармақ 1
1. Қатысушының толық аты, Заңды мекен-жайы, банкілік реквизиттері, кәсіпорын басшысының тегі, аты-жөні.
Тармақ 2
2. Бюджет алдында қарызының жоқтығы немесе қарызының барлығы жөнінде салық комитетінің анықтамасы.
Тармақ 3
3. Қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.
Тармақ 4
4. Заңды тұлғаның Жарғысының немесе Ережесінің көшірмесі.
Тармақ 5
5. Тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 6
6. Бизнес жоспар (аңшылық-экономикалық негіздемесі).
Тармақ 1
1. Жеке куәлігінің көшірмесі.
Тармақ 2
2. Салық комитетінен тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі.
Тармақ 3
3. Қаржылық жағдайы туралы қызмет көрсететін банкінің анықтамасы.
Тармақ 4
4. Аңшылық билетінің көшірмесі.
Тармақ 5
5. Бизнес-жоспар(аңшылық-экономикалық негіздемесі).
Тармақ 6
6. Жеке кәсіпкердің куәлігінің көшірмесі.
Басқа 71. Конкурсқа (тендерге) қатысушыларға нұсқау
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 1.3 қосымша
Конкурсқа (тендерге) қатысушыларға нұсқау
Тармақ 1
1. Әрбір қатысушы облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармада (конкурсты ұйымдастырушыда) конкурсты (тендерді) өткізу тәртібімен таныса алады.
Тармақ 2
2. Конкурсқа (тендерге) қатысуға тілек білдіруші конкурсты (тендерді) ұйымдастырушыға үлгі бойынша өтінім беріп, тендерлік құжаттар пакетін алуы керек.
Конкурсқа (тендерге) қатысушының өкілі өтінім бергенде, өтінім бергенде, өтінім беру және тендерлік құжаттардың пакетін алу тапсырылған тұлғаға берілген сенімхатты, ұйымдастырушыға тапсырады. ұйымдастырушы қатысушыға оның өтінімін қабылдап алғандығы туралы күнін көрсетіп мөрмен куәландырылған жазбаша хабарландыру береді.
Тармақ 3
3. Конкурсқа (тендерге) қатысушы тендерлік ұсыныстарда:
Тармақша 1
1) жоғары өткіштегі автокөлік;
Тармақша 2
2) қызметтік қарудың;
Тармақша 3
3) білікті мамандардың;
Тармақша 4
4) материалдық-техникалық құралдар базасының бар екендігі көрсетілуі тиіс.
Тармақ 4
4. Барлық қатысушылар төмендегі құжаттар мен ақпараттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) шаруашылық жүргізуші субъекті Жарғысының немесе Ережесінің көшірмесін
Тармақша 2
2) субъектінің мемлекеттік тіркеуден өтуі туралы куәлігінің көшірмесін
Тармақша 3
3) реквизиттер мен Заңды мекен-жайларын
Тармақша 4
4) қатысушының қаржылық жағдайы туралы банкінің анықтамасын
Тармақша 5
5) бюджет алдында қарызының жоқтығы жөнінде салық комитетінің анықтамасын
Тармақша 6
6) бизнес-жоспарды (аңшылық-экономикалық негіздемесі).
Тармақ 5
5. Қатысушы бірыңғай үлгіге сәйкес өзінің тендерлік ұсыныстарын дайындауға тиіс (№1-4 қосымша).
Тармақ 6
6. Қатысушының өтінім беруі оның жұмыс сипатымен, жақсы таныс екендігін, конкурстық (тендердің) шарттары мен талаптарын қабылдайтындығын білдіреді.
Тармақ 7
7. Тендерлік ұсыныстар 5 данада және қатысушы туралы ақпарат хабарланған мерзімде ұйымдастырушыға бөлек жабылған екі пакет салынған бір үлкен пакетте тапсырылады.
Басқа 89. Тендерлік ұсыныстардың бірыңғай түрінің үлгісі
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 1.4 қосымша
Тендерлік ұсыныстардың бірыңғай түрінің үлгісі
Тармақ 1
1. Аңшылықты пайдаланушыда материалдық-техникалық құралдарының, табельдік (тізбедегі) қарудың нақты болуы. Не нәрсесі бар, оның саны, әр түрінің қуаты нақты көрсетілуі тиіс.
Тармақ 2
2. Браконьерліктен (сұғанақтықтан) қорғау және күресу үшін арнайы көліктің бөлуі. көліктің түрі, маркасы, саны, немен жабдықталғаны көрсетілу керек.
Тармақ 3
3. Білікті мамандардың: қорықшылардың, аңшылықты жүргізулердің болуы. Санын, жұмыс өтілін, мамандығы көрсетілуі тиіс.
Тармақ 4
4. Өсіру участогының бөлінуі. Оларды қалай жүргізу, бұл мақсаттарға қанша қаржы бөлу көзделген.
Тармақ 5
5. Аң шаруашылығын жүргізумен қай уақыттан бері айналысады. қашан, қай аңшылық шаруашылығында, орындалған жұмыстардың көлемі, жұмсалған қаржының сомасы.
Тармақ 6
6. Бөлінген аңшылық алқаптарын қорғауды, браконьерлікке жол бермеуді, бекітілген алқаптарының санитарлық жағдайын тиісті дәрежеде ұстауды қалай қамтамасыз етуді көздеп отырсыз.
Тармақ 7
7. Лимиттен артық атуға жол бермеу, браконьерлікке қарсы күрес мақсатында аңдардың атылуына өзін-өзі бақылау әдісін белгілеу.
Тармақ 8
8. Аңшылықты пайдалануды жақсарту, жануарлар әлемінің сақталуын қамтамасыз ету мен көбейту шаралар жөніндегі қосымша ұсыныстар.
Тармақ 9
9. Тендерлік ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша қатысушы толық және ақиқат ақпаратты беруге міндетті.
Басқа 99. Қатысушының тендерлік ұсыныстарын бағалау ұпайлары
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 1.5 қосымша
Қатысушының тендерлік ұсыныстарын бағалау ұпайлары
№
Тендерлік ұсыныстың аты
Ең жоғары бағалау ұпай
Комиссия мүшесінің бағасы
1
Материалдық-техникалық құралдардың, табелдік (тізбедегі) қарудың болуы
5
2
Аңшылық алқаптарын қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы көліктің болуы
5
3
Білікті мамандармен аңшылық жүргізушілермен, қорықшылармен т.б.
5
4
Бекітілген алқаптарда аңшылық үйлерін жақсарту мен жаңартуда, браконьерлікпен күрес жүргізуде көзделген шаралар, қаржылардың жиынтығы
10
5
Бекітілген аңшылық алқап-тарында қорғауды, тиісті санитарлық жағдайда ұстауды қамтамасыз ету
5
6
Биотехникалық шараларды және есепке алу жұмыстары жүргізуге қатынасуы
5
Комиссия мүшесінің тегі, инициалдары және қолы.
Комиссия мүшесінің тегі, инициалдары және қолы.
Басқа 100. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 2 қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөніндегі конкурстық (тендерлік) комиссияның
ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Конкурстық (тендерлік) комиссия меншік нысанына қарамастан аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөніндегі конкурс (тендер) ұйымдастыру мен өткізу үшін құрылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның қызметінің негізгі мақсаты меншік нысанына қарамастан аңшылықты пайдаланушылар арасында бәсекелік ортаны қалыптастыру.
Тармақ 3
3. Комиссия мына өкілдерден құралады:
Тармақша 1
1) Облыс әкімінің аппаратынан
Тармақша 2
2) Оңтүстік Қазақстан облыстық орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасынан
Тармақша 3
3) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық комитетінен
Тармақша 4
4) Оңтүстік Қазақстан облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінен
Тармақша 5
5) Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасынан
Тармақша 6
6) Облыстық инфрақұрылым және мемлекеттік сатып алу департаментінен.
Тармақ 4
4. Конкурстық (тендерлік) комиссияның құрамы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімиятының қаулысымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуға және 11 адамнан артық болмауға тиіс.
Тармақ 5
5. Комиссияның міндеті тендерлік ұсыныстарды бағалау және конкурстық (тендердің) жеңімпаздарын анықтау болып табылады. Комиссия жұмысының басты ұстанымдары жариялылық, әділеттілік және кәсіпқойлық.
Тармақ 6
6. Комиссия мына жұмыстарды жүргізеді:
Тармақша 1
1) конкурсты (тендерді) өткізудің уақыты мен орнын анықтайды
Тармақша 2
2) конкурсты (тендерді) өткізуді ұйымдастырады
Тармақша 3
3) комиссия мәжілісінің хаттамасын ресімдейді.
Тарау 2. 2. Комиссияның құқықтары мен міндеттері
2. Комиссияның құқықтары мен міндеттері
Тармақ 7
7. Комиссияның мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) Аңшылықты пайдаланушыларды, олардың тендерлік ұсыныстары негізінде іріктеуге
Тармақша 2
2) Конкурс (тендер) өткізудің нәтижелері бойынша жеңімпаздарды анықтауға
Тармақша 3
3) Конкурсты (тендерді) ұйымдастырушыға конкурсқа (тендерге) дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсыруға
Тармақ 8
8. Комиссия төмендегілерге міндетті:
Тармақша 1
1) Аңшылықты пайдаланушылар арасында аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру, аңшылық алқаптарын (учаскелерін) бекіту және үлестіру жөнінде конкурс (тендер) өткізу тәртібіне сәйкес конкурс (тендер) өткізуге
Тармақша 2
2) конкурс (тендер) өткізу кезінде ұсыныстарды бағалап, конкурс (тендер) жеңімпазы туралы мәселені шешуге
Тармақша 3
3) Өткізілген конкурстық (тендердің) нәтижесін хаттамамен ресімдеуге.
Тарау 3. 3. Жұмыс тәртібі
3. Жұмыс тәртібі
Тармақ 9
9. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне қарай өткізіледі.
Тармақ 10
10. Комиссияның мәжілісі, егер оған комиссия мүшелері жалпы санының кемінде 2/3 қатысқан жағдайда Заңды деп табылады.
Тарау 4. 4. Тендерлік ұсыныстарды бағалау
және жеңімпазды анықтау
4. Тендерлік ұсыныстарды бағалау
және жеңімпазды анықтау
Тармақ 11
11. Жеңімпазды анықтауды комиссия жүзеге асырады.
Тендерлік ұсыныстар бар конверт пен қатысушы туралы ақпарат бар конверт салынған үлкен конверттер сыртынан көрінбейтін қорапта болуға тиіс.
Комиссия төрағасы қорапта жатқан кез-келген үлкен конвертті алады да, конверттің оң жақ жоғарғы бұрышына бірінші рет санын қояды.
Содан соң, төраға үлкен конвертті ашады да тендерлік ұсыныстары бар конверт пен қатысушы туралы ақпарат бар конвертке де бірінші рет санын қояды.
Әрі қарай төраға тендерлік ұсыныстар бар конвертті ашады, ұсыныстың әрбір көшірмесіне бірінші рет санын қояды және комиссияның әрбір мүшесіне береді. қатысушы туралы ақпарат бар конверт үлкен конвертте ашылмаған күйде қалады. Сонымен бірге мезгілде тендерлік ұсыныстардың рет саны қойылған даналарын және бағалау ұпайлары бланкілерінің үлгісін комиссия мүшелеріне таратады.
Тармақ 12
12. Тендерлік ұсыныстардың даналарын комиссияның мүшелері қарайды. Олар жеке дара тендерлік ұсыныстардың әрбір тармағына бағаларын қояды. Тендерлік ұсыныстар қаралып, баға қойылған соң, комиссия хатшысына тапсырылады, одан соң, комиссия хатшысы оларды бірінші рет санды үлкен конвертке салуға міндетті.
Тармақ 13
13. Барлық басқа конкурсқа (тендерге) қатысушылар үшін тендерлік ұсыныстары бар конверттерді қараудың осы сияқты рәсімі жүргізілуге тиіс.
Тармақ 14
14. Комиссияның әрбір мүшесі тендерлік ұсыныстар салынған барлық конверттерді қарап бағалаған соң, баға нәтижелері бар үлгіні куәландырады және оны төрағаға (хатшыға) береді.
Содан соң комиссияның төрағасы куәландырған үлгілердің негізінде рет саны бірдей қатынасушының қорытынды ұпайларын қосады және әрбір қатысушы бойынша жалпы қорытынды ұпайларын анықтайды және мұны комиссия хатшысы хаттамаға тіркейді.
Тармақ 15
15. Комиссияның төрағасы, жалпы ұпайлар жиынтығының нәтижесі бойынша ең көп жалпы қорытынды ұпай жинаған қатысушының рет санын жариялайды.
Егер, екі немесе одан көп қатысушы бірдей ең жоғары ұпай жинаған болса, олардың тендерлік ұсыныстары мен бірдей көлемде ұпай жинаған қатысушылардың рет саны көрсетілген бюллетендер комиссия мүшелеріне тағы да таратылады. Конкурс (тендер) жеңімпазы жабық дауыс беру арқылы.
Комиссия төрағасы жарияланған конкурс (тендер) жеңімпазының рет санына сәйкес келетін үлкен конвертті алып, оның ішінен қатысушы туралы ақпараты бар конвертті алып ашады және ашық бәсекені жеңген және келісім шарт жасасуға құқық алған жеңімпаздық мәліметтерін комиссия мүшелеріне оқып береді. Конкурстық (тендердің) жеңімпазын анықтау жөніндегі комиссия мәжілісінің нәтижелері хаттамамен ресімделеді, оған комиссия мүшелері, хатшы, төраға қол қояды.
Тармақ 16
16. Жеңімпазды анықтауда аңшылық шаруашылығын жүргізумен биотехникалық шараларды, маманданған, аңшылық алқаптарының экологиялық жағдайын жақсартуға, жануарлар әлемін өсіруге бағытталған белсене қатысқан ұйымдарға басымдық беріледі.
Тармақ 17
17. Облыс әкімиятының аңшылық шаруашылығын жүргізу құқығын беру және аңшылық алқаптарын бекіту туралы қаулысы қабылданған соң арнайы уәкілетті орган тендердің жеңімпазымен аңшылық шаруашылығын жүргізуге келісім шарт жасайды.
Жеңімпазбен келісім шарт жасауға дейін конкурстың (тендердің) қатысушыларының тендерлік ұсыныстарды қарау мен бағалаудың нәтижелерін жазбаша алуға құқы бар.
Егер комиссия мәжілісі аяқталғанға дейін немесе келісім шарт жасау кезінде, конкурстың (тендердің) жеңімпазының (қатысушы туралы ақпаратта немесе тендерлік ұсыныстарда) күмән келтіретін ақпарат бергендігі анықталса, комиссия конкурстың (тендердің) нәтижелерін жоюы мүмкін және алған ұпайларының саны бойынша екінші орын алған қатысушыны конкурстың (тендердің) жеңімпазы деп жариялайды.
Тармақ 18
18. Даулы мәселелер сот тәртібімен қаралады.
Басқа 138
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 3 қосымша
Ислам Әлмаханұлы Әбішев - облыс әкімінің бірінші орынбасары,
комиссия төрағасы
Алмас Жорабекұлы Алпамышев - облыстық аумақты орман және аңшылық
шаруашылығы басқармасы жануарлар
әлемін қорғау, өсіру және пайдалану
саласындағы реттеу мен бақылау
бөлімінің бастығы, комиссия хатшысы
(келісім бойынша)
Комиссия мүшелері:
Будан Асанұлы Әбибуллаев - облыстық мемлекеттік сатып алу
жөніндегі басқармасының бастығы
Қыдырәлі Оспанұлы Байдаулетов - облыстық аумақтық қоршаған ортаны
қорғау басқармасының бастығы
(келісім бойынша)
Мәди Қожаұлы Бегалиев - облыстық клиникалық аурухананың бас
дәрігері
Сергей Николаевич Громов - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
индустрия және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі департаментінің директоры
(келісім бойынша)
Николай Шамсутдинович Кабиров - облыстық ардагерлер кеңесінің
төрағасы (келісім бойынша)
Бақытбек Әуенұлы Нақыпбеков - облыстық жер ресурстарын басқару
жөніндегі комитеттің төрағасы
(келісім бойынша)
Қайрат Махамбетұлы Сапарбаев - облыстық мәслихаттың депутаты
(келісім бойынша)
Нұрлан Сейітқұлұлы Сейітжапаров - облыстық аумақтық орман және
аңшылық шаруашылығы басқармасының
бастығы (келісім бойынша)
Асқар Станиславович Тынысбеков - ОҚО бойынша салық комитетінің
төрағасы (келісім бойынша)
Басқа 139. Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында
аң шаруашылығын жүргiзу құқығын беру туралы
бiр үлгiдегi келiсiм
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
аңшылықты пайдаланушылар арасында
аңшылық шаруашылығын жүргізу
құқығын беру, аңшылық алқаптарын
(учаскелерін) бекіту және үлестіру
жөнінде конкурс (тендер) өткізу
туралы облыс әкімиятының
2003 жылғы 4 мамырдағы № 231
қаулысына 4 қосымша
Оңтүстiк Қазақстан облысының аумағында
аң шаруашылығын жүргiзу құқығын беру туралы
бiр үлгiдегi келiсiм
_________________ ____________200__ж.
Тармақ 1
1. ________________________________________________________
(аңшылық алқаптарын бекiту туралы _________________________________________________________________
шешiм қабылдаған облыстық атқарушы _________________________________________________________________
органның толық аты)
__________________ жылғы «________»__________________ N шешiмiнiң
негiзiнде бiз төменде қол қоюшылар _________________________________________________________________
(жануарлар әлемiн басқару жөнiндегi арнайы уәкiлеттi аумақтық
басқарманың аты)_________________________________________________
атынан оның______________________________________________________
(лауазымы, тегi, әкесiнiң және өзiнiң аты) ары қарай
_________________________________________________________________
(келiсiм жасаушы органның қысқа аты)
деп аталатын_____________________________________________________
(алқап бекiтiлетiн заңды немесе жеке тұлғаның _________________________________________________________________
толық аты)
атынан___________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, әкесiнiң және өзiнiң аты,
_________________________________________________________________
заңды тұлғаның лауазымы, тегi, әкесiнiң аты және өзiнiң аты ары қарай "Аңшылықты пайдаланушы"деп аталатын осы келiсiмдi төмендегiлер туралы жасасты:
_________________________________________________________________
(келiсiмдi жасаушы органның қысқа аты)
бередi, ал "Аңшылықты пайдаланушы"
Оңтүстiк қазақстан облысының________________________ауданындағы
(қаласындағы) орналасқан ___________________________атындағы көлемi
аңшылық алқаптарды аңшылық шаруашылығын жүргiзу үшiн он бес жылдық мерзiмге қабылдап отыр, келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын төлқұжаты мен картографиялық материалы тiркелiп отыр.
Тармақ 2
2. Аңшылықты пайдаланушының келiсiмге көрсетiлген аңшылық алқаптары мен аңшылық шаруашылығын жүргiзу құқығын ұз бетiнше басқа ұйымдар мен азаматтарға беруiне үзiлдi кесiлдi тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Аңшылықты пайдаланушы төмендегi мiндеттердi мойнына алады:
Тармақша а
а) бекiтiлген алқаптарда iшкi шаруашылық аңшылықты орналастыруды _____________________мерзiмге дейiн жүргiзудi;
Тармақша б
б) бекiтiлген аумақта iшкi шаруашылықты орналастыруды жүргiзгенге дейiн;
- жануарлар әлемі мен табиғи кешендердiң басқа да нысандарын сақтау мен өсiрудi есепке ала отырып, аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң және мемлекеттiк аңшылық қорын пайдаланудың жоспарын әзiрлеу:
- бекiтiлген аңшылық алқаптарын ______________адамнан аз емес тұрақты қорықты күзетiмен қамтамасыз ету, олардың өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн табысты орындау үшiн тұрғын үймен, энергиямен жабдықтауды және телерадио байланыспен, пiшiндi (формалық) киiммен, көлiк құралдарымен қажеттi құрал саймандармен қамтамасыз ету;
- бекiтiлген аңшылық алқаптарының шекарасымен бiр ай мерзiмде ___________________ тану белгiлерiн (ақпараттың қалқандарды) қою;
- жыл сайын алқаптарды қорғауды қамтамасыз етуге және өсiру молайту шараларын жүргiзуге _______________теңгеден аз емес қаржыларды қарастыру;
Тармақша в
в) жыл сайын жануарлар әлемiн пайдаланғаны үшiн республикалық бюджетке белгiленген мерзiмде төлем ақыны аудару;
Тармақша г
г) аңшылық алқаптарында белгiленуiмен мерзiмде жабайы жануарлардың, оның iшiнде кiтапқа еңген есебiн жүргiзу. Есептердiң нәтижелерiн, жабайы аңдарды аулау жөнiнде ұсыныстармен бiрге ___________________________________________________________ беруге
(келiсiм жасаған органның қысқа аты)____________;
Тармақша д
д) жер (су) телiмдерiн пайдаланушылармен келiсе отырып, белгiленген тәртiпте бөлiнген жер телiмдерiнде аңшылардың үйiн, кордондарды, баратын жолдарды салуды, азықтық өсiмдiктердi өсiру және басқа да жұмыстарды орындауды iске асыру;
Тармақша е
е) табиғат қорғау заңнамасының қатаң орындалуын қамтамасыз ету, браконьерлiкке (сұғанақтыққа) және зиянда жыртқыштармен күрес жүргiзу;
Тармақша ж
ж) табиғат қорғау мәселелерi бойынша аңшылық шаруашылығы аумақтары мен іргелес жатқан елдi мекендерде көпшiлiк түсiндiру және насихат жұмыстарын жүргiзу;
Тармақша з
з) аңшылық шаруашылығын жүргiзу бойынша сұралатын материал дар, ал жылдың қорытындысы бойынша белгiленген статистикалық есеп белгiленген мерзiмде
уақытында ________________________________ беруге
(келiсiмдi жасаған органның қысқаша аты)
Тармақ 4
4. _____________________________________________________
(келiсiм жасасқан органның қысқаша аты) ______________ мiндетiне алады:
Тармақша а
а) Аңшылықты пайдаланушыға аңшылықты орналастыру бойынша шараларды, жабайы аңдардың сандарының есептерiн жүргiзуге және аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң басқа да мәселелерi жөнiнде ықпал және қажеттi кеңестiк көмектi көрсетуге;
Тармақша б
б) биотехникалық және аңшылық шаруашылық шараларын жүргiзуге ықпал жасау;
Тармақ 5
5. ______________________________________________________
келiсiм жасасқан органның қысқаша аты
Аңшылықты пайдаланушы мемлекеттiк аңшылық қорын пайдалану бойынша келiсiмнiң шарттарын орындамаған жағдайда төмендегiдей құқы бар:
Тармақша а
а) аңшылық ресурстарын пайдалануды шектеуге немесе үш жыл мерзiмге толық тыйым салу, бiрақ осы келiсiмнiң басқа барлық тармақтарын ары қарай орындауды талап ету;
Тармақша б
б) аңшылық ресурстарын пайдалануды үш жыл мерзiмге толық тыйым салу, бiрақ осы келiсiмнiң басқа барлық тармақтарын орындауды талап ету;
Тармақша в
в) бiржақты тәртiпте осы келiсiмдi бұзу.
Тармақ 6
6. «Аңшылықты пайдаланушы»келiсiмнiң шарттарын орындаған жағдайда осы аумақта оның аңшылық шаруашылығын ары қарай жүргiзудiң басымдық құқы сақталады;
Тармақ 7
7. Тараптар өзара келiскен жағдайда келiсiм мерзiмнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 8
8. Аңшылық шаруашылығы жойылған жағдайда немесе аңшылық алқаптарының бiр бөлiгi алынғанда жануарлар әлемiн өсiрiп-молайтуға қорғауға, аңшылық алқаптарын көрiктендiруге, меморациялауға және басқа жұмыстарға аңшылықты пайдаланушылардың жұмсаған шығындары қайтарылмайды.
Тармақ 9
9. _______________________________________________________ ға
(келiсiм жасасқан органның қысқа аты)
Аңшылықты пайдаланушының берген сұранысы бойынша келiсiмнiң күшi осы келiсiмнiң күшi тоқтағанға дейiн алты ай алдында жаңа мерзiмге ұзартылады.
Тармақ 10
10. Осы келiсім бойынша даулар заңнамада белгiленген тәртiпте шешiледi.
Тармақ 11
11. Жануарлар әлемiн басқару мен аңшылық шаруашылығын жүргiзудiң арнайы өкiлеттi республикалық органның келiсiмдi бекiткен күнiнен бастап ол күшiне енедi.
Тармақ 12
12. Келiсiм екi данада жасалған және берiлген.
Аңшылықты пайдаланушыға:
_________________________________________________________________
(келiсiм жасасқан органның қысқаша аты) _________________________________________________________________
(мекенжай және банкiлiк реквизиттерi) _________________________________________________________________
Басқарма:
___________________________________________________
(келiсiм жасасқан органның қысқаша аты)
___________________________________________________
(мекенжай және банкiлiк реквизиттерi)
___________________________________________________
"Басқарма" "Аңшылықты пайдаланушы"
мөрi мөрi