Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығына айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 31- бабы 1 - тармағының 14-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 18 наурызда № 73 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6818 тіркелген, 2020 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) оның ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері
Әкімдігінің қаулысына қосымша 2021 жылғы 7 сәуірдегі № 111 Пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотаның мөлшері Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің атауы Жылдың басына тізім бойынша жұмысшылардың саны (адам) Жұмысшылардың тізімдік санынан бекітілген квота мөлшері (%) Жұмыс орындарының саны (бірлік) «Шығыстүстімет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Орлов өндірістік кешені 1793 0.2 4 «Бородулиха ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 35 3 1 «Лазарев и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 72 1 1 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы 114 4 5 «Новая Заря» шаруа қожалығы 162 0,5 1 «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты» республикалық мемелекеттік мекемесінің Бородулиха филиалы 124 1 1 «Семейгидрогеология» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 104 1 1 «СФ Песчанка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 59 2 1