Об утверждении Инструкции по вопросам лицензирования и контроля розничной торговли алкогольной продукции (кроме пива) Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лизензиялау және бақылау мәселелері жөніндегі Нұсаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндірудің, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 тамыздағы № 1258 Қаулысын іске асыру мақсатында:
Тармақ 1
1. Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялау және бақылау мәселелелері жөніндегі Нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.С. Таласпековке жүктелсін.
Басқа 3. Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялау және бақылау мәселелері жөніндегі Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Қарағанды облыстық әкімиятының 2003 жылғы «29» сәуір «Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялау және бақылау мәселелері жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» № 06/07 қаулысымен бекітілген Алкоголь өнімдерінің (сырадан басқа) бөлшек саудасын лицензиялау және бақылау мәселелері жөніндегі Нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіруді, этил спиртін сақтау мен сатуды, алкоголь өнімін (сырадан басқа) сақтау мен көтерме сатуды, сондай-ақ алкоголь (сырадан басқа) өнімімен бөлшек сауда жасауды лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы»1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 Қаулысына сәйкес алкоголь (сырадан басқа) бөлшек саудасымен шұғылдану құқығына лицензия дайындау мен беру және лицензиялық тәртіптің сақталуына және нәтижелердің рәсімделуіне тексеру жүргізу жөніндегі іс-қимылдарды реттейді.
Тармақ 2
2. Осы нұсқаулықта жоғарыда аталған нормативтік актіде көрсетілген ұғымдар қабылданады.
Тармақ 3
3. Қарағанды облысының әкімияты – алкоголь (сырадан басқа) өнімінің бөлшек саудасына лицензия беретін лицензиар болып табылады.
Тармақ 4
4. Экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасы Қарағанды облысы әкімиятының алкоголь (сырадан басқа) өнімінің бөлшек саудасымен шұғылдану құқығына лицензия дайындау және беру жөніндегі жұмысшы органы болып табылады.
Тарау 2. 2. Лицензия беру тәртібі
2. Лицензия беру тәртібі
Тармақ 5
5. Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Қаражал, Приозерск қалаларының әкімдері және Ұлытау, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарының әкімдері мәлімдемеуші сәйкестік біліктілік талаптарды анықтау және уәкілетті органдарда лицензия алу үшін құжаттарды әзірлеу жөніндегі комиссия ұйымдастырады.
Тармақ 6
6. Алкоголь өнімінің бөлшек саудасын жасаумен шұғылдану құқығына лицензия біліктілік деңгейі қызметтің қойылатын талаптарға сәйкес келетін субъектіге беріледі.
Тармақ 7
7. Лицензияны беруден бас тартылған кезінде өтініш берушіге лицензияны беру үшін белгіленген мерзімдерге, жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Лицензияны беруден бас тарту – өтініш берушіге қолы қойдырылып табыс етіледі немесе почтамен жіберіледі.
Тармақ 8
8. Лицензия беру және лицензия беруден бас тарту туралы шешімді лицензиар рәсімдейді. Қаулы құжаттар пакеті ұсынылғаннан кейін жеті күндік мерзімде қабылданады.
Тармақ 9
9. Лицензияға жұмысшы орган басшысы, экономика және кәсіпкерлік дамыту бас басқармасының бастығы қол қояды және лицензиар мөрімен бекітіледі.
Тармақ 10
10. Лицензия дайындау және беру жөніндегі жұмысшы органға лицензиялық тәртіпті және Алкоголь өнімі саудасының тәртібін сақтау жөнінде тексеріс жүргізу қызметі жүктеледі.
Тарау 3. 3. Лицензиялық тәртіптің сақталуына тексеріс жүргізу және нәтижелерді рәсімдеу тәртібі
3. Лицензиялық тәртіптің сақталуына тексеріс жүргізу және нәтижелерді рәсімдеу тәртібі
Тармақ 11
11. Тексерістер жүргізу тәртібі шаруашылық субъектілер – алкоголь (сырадан басқа) өнімдерінің бөлшек саудасы лицензиаттарының лицензиялық ережелердің сақталуын орындауға бағытталған.
Тармақ 12
12. Лицензиалық ережелердің сақталуын тексеру экономика және кәсіпкерлікті дамыту бас басқармасы бастығының бекітілген тәртіппен тіркелген бұйрығы негізінде, бекітілген тексеріс кестесіне сәйкес, немесе заңмен бекітілген тәртіппен нақты бір тұлғаға қатысты мемлекеттік органдардың және ұйымдар мен азаматттардың ұсыныстары бойынша іске асырылады.
Тармақ 13
13. Тексеріс лицензиатқа (лицензиат қызметкеріне) тексеріс жүргізу бұйрығының көшірмесін міндетті түрде бере отырып, іске асырылады.
Тармақ 14
14. Тексеріс алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасын реттейтін нормативтік- құқықтық актілер шегінде және нақты сәйкестікте жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тексерістер материалдары тексеріс актісімен рәсімделеді.
Тармақ 16
16. Актіде тексеріс күні және уақыты, тексеріс тағайындау туралы бұйрық № және күн, тексеріске қатысқан тексеруші туралы мәліметтер, лицензия нөмірі және берілген күні, СТН, сауда кәсіпорнының атауы және орналасқан орны, сауда кәсіпорны басшысының аты-жөні, тегі, сауда кәсіпорны қызметкерінің аты-жөні, тегі және лауазымы, алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасы тәртібінің, сондай-ақ біліктілік талаптарының бұзылуына болуы немес болмауы туралы мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 17
17. Бұзушылықтар анықталған кезде тексерушілер тексеріс актісіне тіркелетін жазбаша түсіндірме алуы тиіс. Түсіндірме беруден бас тартқан кезде бұл туралы актіде көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Тексеріс қорытындысы бойынша бұзушылықтың болу немесе болмауына байланыссыз лицензиатқа немесе сауда кәсіпорны қызметкеріне оның қолы қойылып акті құрастырылады.
Тармақ 19
19. Тексеріс материалдарын алкоголь өнімдерінің бөлшек саудасын жасаумен шұғылдану құқығына лицензия дайындау және беру жөніндегі жұмысшы орган комиссиясы қарастырылады және лицензиар қарауына ұсынылады.
Тармақ 20
20. Лицензиар комиссиясының жұмысшы органының ұсыныс негізінде мынадай шешімдер қабылдайды 1) қойылатын талаптарға сәйкес келеді; 2) бұзушылықтарға жол бермеу туралы ескертілсін; 3) лицензия қолданылуы тоқтатыла тұрсын; 3) лицензия қайта алынсын.
Тармақ 21
21. Лицензианың қолданылуын тоқтата тұру туралы мәселені қарастыру Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1258 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Лицензиар лицензиат мәліметтерін және лицензия нөмірін көрсете отырып, тиісті мемелекеттік органдарды лицензиянының қолданылуын тоқтата тұру немесе қайтару туралы шешімнің күшіне ену күнінен кешіктірмей жазбаша хабардар етеді.
Тармақ 23
23. Лицензианың қолданылуын қалпына келтіру заңмен белгіленген әртіппен жүгізіледі.