Об утверждении Правил информирования зрителя об использовании фонограмм при исполнении музыкальных произведений Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидаларын бекіту туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 35-10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 20 сәуірдегі № 102 бұйрығымен бекітілген Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 35-10) тармақшасына сәйкес әзірленді және музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара – ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуге арналған орындарда өткізілетін және осы іс-шарада екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін мәдени-бұқаралық іс-шара;
Тармақша 2
2) ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы – бастамасы бойынша ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 3
3) масс - медиа – бұқаралық ақпарат құралы және интернет-ресурс;
Тармақша 4
4) мәдени - бұқаралық іс-шара – халыққа музыкалық-эстетикалық тәрбие беруге, оның рухани және эстетикалық сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған мәдени іс-шара;
Тармақша 5
5) орындаушы – актер, әнші, музыкант, биші немесе рөлде ойнайтын, ән салатын, оқитын, мәнерлеп оқитын, музыкалық аспапта ойнайтын, интерпретациялайтын немесе әдебиет және (немесе) өнер туындыларын (соның ішінде эстрадалық, цирк немесе қуыршақ нөмірлерін) немесе халық шығармашылығы туындыларын өзгедей жолмен орындайтын басқа адам, сондай-ақ спектакльді қоюшы-режиссер және дирижер;
Тармақша 6
6) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісі – жарнаманы тарату және (немесе) орналастыру үшін пайдаланылатын құрылысжайлар, әртүрлі көлемдегі немесе жалпақ конструкциялар, оның ішінде экрандар мен электронды таблолар, жарықты конструкциялар және өзге де құралдар;
Тармақша 7
7) фонограмма – орындаушылықтардың немесе өзге де дыбыстардың дыбыстық жазбасы, сондай-ақ дыбыстау-бейнелеу туындысына енгізілген жазбаны қоспағанда, дыбыстарды кез келген нысанда беру.
Тарау 2. 2-тарау. Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау тәртібі
2-тарау. Музыкалық туындыларды орындау кезінде фонограммалардың пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлау тәртібі
Тармақ 3
3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар (бұдан әрі – ұйымдастырушылар), сондай-ақ мәдени-бұқаралық іс-шаралардың шығармашылық ұжымдары мен орындаушылар (бұдан әрі – шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар) Заңның телевизиялық жазбаларды және концерттік ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арнайы бейімделмеген және арналмаған өзге де орындарға қатысты бөлігіндегі 9-1 бабының 4-1 тармағына сәйкес музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлайды.
Тармақ 4
4. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу уақытында музыкалық туындыларды орындау барысында дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.
Тармақ 5
5. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауға міндетті.
Тармақ 6
6. Тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат музыкалық туындыларды орындаушылардың ойын-сауық қызметтерін көрсетуі кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларын, дыбыс-бейне жазбаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда пайдалануын көрсетуді міндетті түрде қамтуға тиіс.
Тармақ 7
7. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде музыкалық туындыларды орындауда дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы ақпарат сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерінде, оның ішінде тиісті билет өнімдерін сату орындарында орналасқан және орналастырылған өнімдерде, сондай-ақ масс-медиада орналастырылады.
Тармақ 8
8. Теле-, радиоарналарда берілетін ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы ақпаратта дауыс (вокалды) фонограммаларды пайдалану туралы дыбыстық хабарламаның ұзақтығы осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, хабарламаның басында немесе соңында кемінде 5 секундты (бес секундты) құрайды. Дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы хабарламалардың дыбыс деңгейі ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы хабарламаның өз дыбыс деңгейінен төмен болмауы тиіс.
Тармақ 9
9. Дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуымен музыкалық туындылар орындалатын ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы, оның ішінде теле-, радиоарналарда берілетін дыбыстық хабарлау 15 (он бес) секундтан аспаған жағдайда, басында немесе соңында «Дауыс (вокалды) фонограммасы пайдаланылады» деген сөздерді айту немесе телеарналарда осыған ұқсас мазмұндағы мәтінді жазу арқылы дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 10
10. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу туралы, оның ішінде теле-, радиоарналарда берілетін дыбыстық хабарлау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы берілетін ақпаратты өзге дыбыстармен бұрмалауға және ақпараттың естілуін немесе ажыратылуын төмендетудің өзге де тәсілдерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 11
11. Музыкалық туындыларды орындау кезінде дауыс (вокалды) фонограммаларының пайдаланылуы туралы көрерменге хабарлауды ұйымдастырушылар, сондай-ақ шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен мәдени-бұқаралық іс-шараларға кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн қалғанда билеттерді сатуды бастамас бұрын жүзеге асыруға міндетті.