Об утверждении правил оказания жилищной помощи и правил исчисления совокупного дохода Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2006 № 304 шешімімен. Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Қостанай қалалық Мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Бекітілсін: Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері (1 қосымша); Жиынтық табысты есептеу ережелері (2 қосымша).
Тармақ 2
2. Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 137 шешімінің (тіркеу нөмірі 1200, 2002 жылғы 12 ақпандағы «Қостанай» газеті), Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» Қостанай қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 137 шешіміне толықтырулар енгізу туралы»Қостанай қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 18 қарашадағы № 210 шешімінің (тіркеу нөмірі 1903), Аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы»Қостанай қалалық Мәслихатының 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 137 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»Қостанай қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 26 желтоқсандағы № 220 шешімінің күші жойылған болып саналсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау әлеуметтік мәселелері жөніндегі, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (төрайымы С.Ж.Тілеукенова) және Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Ә.Н.Қайшароваға жүктелсін.
Басқа 4. Тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне 1 қосымша Тұрғын үй көмегін көрсету ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы бөлім
1. Жалпы бөлім
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуі мен коммуналдық қызметті пайдалануға ақы төлеу шығынын өтеу үшін беріледі. Тұрғын үй көмегіне құқық жеке меншікте тұрғын үйі бар, оны мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорынан жалдайтын азаматтарға беріледі. Тұрғын үй көмегі халықтың әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады. 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі қалада тұрғылықты тұратындарға, егер отбасы бюджетіндегі өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер телефон үшін абоненттік ақы мен тұрғын үйді ұстау нормалары шегіндегі, бірақ ол нақтылы отырған жалпы көлемнен көп болмауы керек, тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтер мен пайдалануға нормативтері шығыны осы мақсаттардағы ұйғарынды шекті шығын үлесінен асса, көрсетіледі. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерді төлеудің ұйғарынды шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 25 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген мөлшерден асатын тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтің ақысы жалпы негізде жүргізіледі. 📌 Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 12.10.2003 № 9; 12.10.2004 № 89 шешімдерімен.
Тармақ 3
3. Өтемақымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының мөлшері тұрғын үй заңнамасында отбасының әр мүшесіне белгіленген мөлшерге тең, яғни тұратын мекен-жай көлемінің бір адамға 18 шаршы метрін құрайды, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес. Жалғыз тұратын азаматтар үшін тұратын мекен жайдың көлеміне байланыссыз 30 шаршы метр шегінде, бірақ нақтылы көлемнен аспайды.
Тармақ 4
4. Есеп құралдары жоқ тұтынушыларға арналған өтемдік шаралармен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді (жылу энергиясы, сумен жабдықтау, газ, канализация, электрлік энергия, қоқыс шығару) тұтыну нормативтері облыс әкімімен белгіленеді. Егер, заң белгілеген тәртіппен тұрғын үйді күтіп ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға нормативтер мен тарифтер анықталмаса, шығындарды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептейтін құралдары бар тұтынушылар үшін есепке қабылданатын шығыстар есеп құралдардың көрсеткіштері негізінде, қызметтер толық көлемінде көрсетілген өткен тоқсандағы немесе соңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша, бірақ есеп құралдары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер пайдаланудың белгіленген нормалардан астам емес анықталады. Электрлік энергияға төлеу жөніндегі шығындардың өтелуі нақты шығыстар бойынша, бірақ отбасыға 110 киловаттан астам емес жүргізіледі. 📌 Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 17.02.2004 № 34 шешімімен.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегі осы жерде тұрғылықты тұратын тұрғын үйдің иесі немесе пайдаланушысы болатын (жалдаушы) жеке тұлғаға сондай-ақ, тұрғын үй-жайға орналасу құқығына рұқсаты негізінде әйелдер және балаларға арналған бейімделу орталығында тұратын адамдарға тағайындалады. 📌 Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 17.02.2004 № 34 шешімімен.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірден артық тұрғын үйі (пәтері) бар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Бұл норма тұрғын үйді жекешелендіру кезінде ата-анасымен немесе балаларымен бірге, тұрған адамдарға және ерлі-зайыптылар ажырасқан жағдайда оларға тарамайды.
Тармақ 7
7. Егер отбасы мүшелерінің бірі еңбекке қабілетті бола тұра, жұмыс істемесе, оқымаса, әскерде қызмет атқарып жатпаса немесе жұмыспен қамту орталығында есепте тұрмаса, сондай-ақ алты айдан астам уақыт еңбек ақы сақталмайтын демалыста жүрген азаматтардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ. Бұған бір айдан астам стационарда емделуде жатқан азаматтар, туберкулезбен, онкология және психикалық аурулармен ауыратын азаматтар, емдеу мекемелерінде тұрақты есепте тұратындар және уақытша еңбекке жарамсыздық туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бар адамдар, күндізгі оқыту нысанында оқитын оқушылар мен студенттер, тыңдаушылар мен курсанттар, магистратура мен аспирантураны қоса алғанда, сондай-ақ 1 топтағы мүгедектер мен 16 жасқа дейінгі балаларды, 80 жастан асқан зейнеткерлерді, 7 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтар әйелдер және балаларға арналған бейімделу орталығында тұратын адамдар кірмейді. 📌 Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 17.02.2004 № 34 шешімімен.
Тармақ 8
8. Дәлелді себепсіз ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан бас тартқан, ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысуды оқумен қайта оқуды өз бетінше тоқтатқан мүшелері бар отбасылары жұмыссыз тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегін есептеуге ықпал ететін барлық өзгерістер туралы, сонымен қатар, егер көмек дұрыс есептелмесе, 10 күн ішінде хабарлауы керек. Жоғары деңгейде тұрғын үй көмегін тағайындауға немесе заңсыз өтемақы алуға уәкілетті органға біле тұра жалған мәлімет берген жағдайда тұрғын үй көмегі толық көлемде бюджетке қайтарылады. Тұрғын үй көмегі ерікті түрде аудару арқылы қайтарылады, ал бас тартқан жағдайда сот арқылы.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй көмегін есептеу
2. Тұрғын үй көмегін есептеу
Тармақ 10
10. Тұрғын үй көмегін алуға құқылы адамдар қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына (әрі қарай уәкілетті орган) тұрғын үйдің өзіне жататындығы (жалдаудың шарты) туралы, отбасының құрамы, арыз берердің алдындағы тоқсан ішіндегі отбасының жиынтық табысы туралы құжаттармен бірге арыз береді, есептегіш құралдары болған жағдайда коммуналдық қызметке телефон үшін абоненттік ақы төлеу нақтылы төленетін ақыны растайтын құжаттарды тапсырады. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін жиынтық табысты есептегенде отбасы табысының, тұрғын үй көмегінен басқа, барлық түрлері ескеріледі. Егер өтініш жасалған тоқсанның алдында отбасының бір немесе бірнеше мүшесі жұмыс істемейтіндер болса және жұмыспен қамту қызметінде жұмыссыз ретінде тіркелмесе, тұрғын үй көмегі тағайындалмайды. 📌 Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім уәкілетті органмен қабылданады. Даулы мәселе болған жағдайда шешім атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі комиссиямен (әрі қарай комиссия) қабылданады.
Тармақ 12
12. Берілген құжаттарды қарау нәтижесі бойынша тұрғын үйдің иесі мен (жалдаушысымен) уәкілетті органның арасында шарт жасалады.
Тармақ 13
13. Арыз берушінің берген құжаттарының растығына күмән туса, уәкілетті орган қажет мәліметтер сұратуға құқылы, ал заңды және жеке тұлғалар тұрғын үй көмегін есептеуге қажет ақпаратты беруге міндетті.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй көмегі телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу тек аударма арқылы жүргізіледі. Тағайындалған тұрғын үй көмегі арыз берушінің өтініші бойынша қызмет көрсетушілерге бөлініп беріледі және оларға аударылады. 📌 Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу жылыту маусымы және жаз маусымы мерзіміне зейнеткерлер мен мүгедектерге, басқа санаттағы азаматтарға тоқсан мерзіміне (жылыту маусымының аяқталуына байланысты, көмек 1-тоқсан және сәуір айына тағайындалатын 1-тоқсанды қоспай отырып) тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттарды қабылдауы осы айдың 24-ші жұлдызында аяқталады. Отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарымды шегінің үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ коммуналдық қызметтері мен телефон пайдалану үшін абоненттік ақы төлеу тарифтері өзгерген жағдайда, уәкілетті орган бұрын есептелген соманың қайта есептеуін жүргізеді. 📌 Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегін алатын және табыстары (еңбекақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және басқа табыстары) бар бірақ тұрғын үй көмегін алып отырған кезеңде коммуналдық қызметке ақы төлемейтін азаматтарға, комиссияның шешімі бойынша тұрғын үй көмегін төлеуі, қарызды толық өтегеніне дейін тоқтатылады.
Тармақ 17
17. Тұрақты табыстары жоқ азаматтарға тұрғын үй көмегін есептегенде, төмендегі есептік көрсеткіштер қолданылады:
Тармақша 1
1) 16 жастан 18 жасқа толған оқымайтын азаматтар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш;
Тармақша 2
2) арнаулы орта білім беретін және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімдерінде оқып жүрген студенттер үшін 2 айлық септік көрсеткіш;
Тармақша 3
3) 18 жастан зейнеткерлік жасқа дейінгі жұмыссыз және жалақысы сақталмайтын демалыста жүргендер азаматтар үшін - 2 айлық септік көрсеткіш.
Тармақ 18
18. Көмектің мөлшері меншік иесінің (жалдаушының) өтемақымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстау нормаларына нақтылы төлейтін төлемінің және осы отбасының осы мақсаттарға сондай-ақ телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу жұмсайтын ұйғарынды шекті шығынның айырмасы ретінде есептеледі. 📌 Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
3. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру көздері
Тармақ 19
19. Тұрғын үй көмегін қаржыландыруы қалалық бюджет есебінен, ал телефон үшін ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысының Қостанай қаласы Мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 20
20. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет көрсету шығындарын нормативтік есептеу Қазақстан Республикасы бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу жөніндегі Департаментінің және басқа да атқарушы биліктің уәкілетті органдарымен жүргізіледі.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін алушылардың тізімдерін ресімдеп, берілген жәрдемақының сомасын көрсетіп, әр айдын 5-іне текті қаржы органдарына өтеу үшін тізімдемелерді береді. 📌 Ескерту. 21-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 22
22. Қаржы органдары тізімдемелердің негізінде бағдарламалардың иелеріне жергілікті бюджетте қаралған қаражат есебінен төлем тапсырмаларымен қаржыларды өтейді.
Тармақ 23
23. Төленген сомалар бойынша қалалық уәкілетті органы және қызмет көрсету жеткізушілері арасында тоқсан сайын облыстық уәкілетті органға берілетін, салыстырып тексеру актілері жасалады. 📌 Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Тармақ 24
24. Қалалық қаржы бөлімі тұрғын үй көмегіне төленген бюджеттік қаражаттың дұрыс жұмсалғанын бастапқы құжаттар бойынша жылына бір рет тексеруге міндетті. 📌 Ескерту. 23-тармақ 24-тармақ болып есептеледі - Қостанай облысы Қостанай қаласы Мәслихатының 12.10.2004 № 89 шешімімен.
Басқа 35. Жиынтық табысты есептеу ЕРЕЖЕСІ
Қостанай қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне 2 қосымша Жиынтық табысты есептеу ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн тұрғын үй көмегiнен үмiткер отбасыларының (азаматтардың) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн анықтайды.
Тарау 1. 1. Жалпы бөлiм
1. Жалпы бөлiм
Тармақ 1
1. Осы Ережеде төмендегi ұйымдар пайдаланылады: Өтiнiш берушi - өз атынан немесе отбасының атынан әлеуметтiк көмек тағайындауға өтiнiш жасаған адам; жан басына шаққан табыс - айына әр отбасы мүшесiне тиетiн отбасының жиынтық табысының»үлесi; жиынтық табыс - тұрғын үй көмегiн тағайындау құқығын анықтағанда ескерiлетiн табыс түрлерiнiң сомасы; уәкiлеттi орган - тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асырушы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау басқармасы.
Тармақ 2
2. Адамның (отбасының) жиынтық табысы әлеуметтiк көмектiң барлық түрлерiн тағайындауға оның құқығын анықтау үшiн уәкiлеттi органмен есептеледi.
Тармақ 3
3. Отбасының жиынтық табысын анықтағанда бiр жерде тiркелген, шаруашылықты бiрге жүргiзiп, бiрге тұрып жатқан отбасы мүшелерiнiң барлығы отбасы құрамында ескерiледi.
Тармақ 4
4. Адамның (отбасының) жиынтық табысына тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанда Қазақстан Республикасында және онан шет жерлерден ақшалай немесе заттай түрде (тұрғын үй көмегi ескерiлмейдi) алынған табыстардың, табыс көзiне қарамастан, төмендегi түрлерi кiредi:
Тармақша 1
1) еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған табыс;
Тармақша 2
2) зейнетақы, стипендия, жәрдемақы, сондай-ақ әлеуметтiк төлемдердiң басқа да түрлерi;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға алименттер;
Тармақша 4
4) мертiгуге немесе денсаулықтың басқа да зақымдалуына келтiрiлген зиянға өтемақы түрiнде алған бiржолғы сома;
Тармақша 5
5) жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс;
Тармақша 6
6) кәсiпкерлiктен немесе қызметтiң басқа да түрлерiнен түскен табыс;
Тармақша 7
7) мүлiк табысы.
Тарау 2. 2. Еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған табыс
2. Еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған табыс
Тармақ 5
5. Еңбекке ақы төлеу түрiнде алынған табысқа жатады:
Тармақша 1
1) жалақының барлық түрлерi, сондай-ақ ақшалай және заттай түрдегi сыйлықақылар, қосымша төлемдер, үстеме төлемдер мен әлеуметтiк жеңiлдiктер (қаржыландыру көздерiне қарамай), қызметкерге заңнамаға сәйкес негiзгi жұмыс орны бойынша iстеген уақытына, сонымен қатар қос қызмет атқару бойынша төлеген жалақыны қоса есептегенде;
Тармақша 2
2) еңбекақыны есептегенде ескерiлмейтiн және кәсiпорынның (ұйымның) қаражаты есебiнен төленетiн төлемдердiң басқа түрлерi;
Тармақша 3
3) қоғамдық жұмысқа төленетiн ақы;
Тармақша 4
4) контракт бойынша қызмет өткерiп жатқан әскерилердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басқарушы құрамындағы адамдардың, сонымен қатар осы санатқа теңестiрiлген азаматтардың ақшалай жабдықталымы, үстеме мен қосымша төлемдердi ескергенде.
Тарау 3. 3. Зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдердi басқа да түрлерi
3. Зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және әлеуметтiк төлемдердi басқа да түрлерi
Тармақ 6
6. Жиынтық табыстың құрамына кiредi: заңдармен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақыны»барлық түрлерi; мүгедектiк, асыраушысынан айрылу бойынша және жасқа байланысты төленетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар; арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар; төлеу көзiне қарамастан, студенттерге, оқушыларға аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендиялар; жалпы ауруға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша, еңбекте мертiгу және кәсiби ауру бойынша арнаулы жәрдемақылар; жүктi болу және бала тууға байланысты әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) әлеуметтiк жәрдемақылар; мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек; жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiлетiн бiржолғы төлемдер мен материалдық көмек.
Тарау 4. 4. Балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға алименттер
4. Балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға алименттер
Тармақ 7
7. Отбасының жиынтық табысына Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңында анықталған балаларға және басқа да асыраудағы адамдарға төленетiн алименттер кiредi.
Тарау 5. 5. Мертiгуге немесе денсаулықтың басқа да зақымдалуына келтiрiлген зиянға өтемақы түрiнде алған бiржолғы сома
5. Мертiгуге немесе денсаулықтың басқа да зақымдалуына келтiрiлген зиянға өтемақы түрiнде алған бiржолғы сома
Тармақ 8
8. Жиынтық табысқа заңнама белгiлеген мөлшерде жұмыс берушi өндiрiстiк зақымға байланысты қызметкерге уақытша еңбекке жарамдылығын жоғалтуға, оның еңбектегi мiндетiн атқару кезiнде денсаулығына келтiрген зиянға өтемақы төлейтiн бiржолғы төлемдерi мен басқа шығындары кiредi.
Тарау 6. 6. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс
6. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс
Тармақ 9
9. Отбасының жиынтық табысына, орталық уәкiлеттi орган бекiткен табыс нормативтерiне қарай, бау-бақша өсiруден (саяжайдан түсетiн табысты есептемегенде), жеке қосалқы шаруашылықтан, мал және құс өсiруден түсетiн табыс кiредi.
Тарау 7. 7. Кәсiпкерлiктен және қызметтi басқа да түрлерiнен түскен табыс
7. Кәсiпкерлiктен және қызметтi басқа да түрлерiнен түскен табыс
Тармақ 10
10. Жиынтық табысқа кәсiпкерлiктен және қызметтi»басқа да түрлерiнен, шаруа қожалығынан (фермерлiктен), оның iшiнде заңды тұлға болмай ақ, түсетiн табысты қоса есептегенде, және шартты жер үлесiнен түсетiн табыс кiредi. Жер учаскесiнен (жер үлесiнен) түсетiн табыс жылдық табысты төрт тоқсанға бөлу тәсiлімен анықталады.
Тармақ 11
11. Шартты жер үлесiн заңды немесе жеке тұлғаға жалға берген жағдайда, жалға берушiге тиiстi табыс жалды»жағдайларын көрсеткен тиiстi шартпен расталады.
Тарау 8. 8. Мүлiк табысы
8. Мүлiк табысы
Тармақ 12
12. Жеке тұлғаның мүлiк табысына жатады:
Тармақша 1
1) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмаған мүлiктi сатқанда құнның өсуi;
Тармақша 2
2) иелiк құқығында болған жылжымайтын мүлiк;
Тармақша 3
3) бағалы қағаздарды, сонымен қатар заңды тұлғаға қатысу үлесi;
Тармақша 4
4) бағалы тастар мен бағалы металдар, солардан iстелген зергерлiк заттар, және құрамында бағалы тастар мен бағалы металдар бар басқа заттар, сонымен қатар өнер шығармалары мен антиквариаттар;
Тармақша 5
5) мүлiктi жалға беруден алған табыс.
Тармақ 13
13. Мүлiктi сатудағы құнның өсуiнен түсетiн табыс мүлiктi сату құнының және бағалау құнының арасындағы оң айырмашылық, бiрақ бұл алынған заттың құнынан төмен болмау керек.
Тармақ 14
14. Азамат тегiн алған қандай да мүлiк, сондай-ақ жұмыс пен қызмет, табыс болып есептеледi.
Тарау 9. 9. Жиынтық табысты есептеу
9. Жиынтық табысты есептеу
Тармақ 15
15. Отбасының жиынтық табысына тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш жасағанның алдындағы тоқсандағы (айды»бiрiнен бiрiне дейiн) отбасы құрамында есептелген барлық адамның табысы кiредi.
Тармақ 16
16. Отбасының ай iшiндегi жан басына шаққандағы табысы отбасының тоқсандағы жиынтық табысын отбасы мүшесiнiң санына және 3 айға бөлу тәсiлiмен есептеледi.
Тармақ 17
17. Есептеу жүргiзiлетiн мерзiм iшiнде құрамында өзгерiс болған отбасының жиынтық табысын есептегенде, келген (кеткен, өлген) отбасы мүшесiнiң табысы келген (кеткен, өлген) айдан бастап есептеледi (есептелмейдi). Егер отбасында отбасы мүшесiнiң бiреуi бас бостандығынан айыру немесе мәжбүрлеп емдеуге жiберiлген болса, отбасының жиынтық табысын есептегенде кеткен (келген) адамның табысы оның кеткен уақытынан бастап (келген уақыттан бастап) есептеледi.
Тармақ 18
18. Егер отбасы мүшесiнiң бiреуi табыс анықталатын тоқсаннан кем жұмыс iстеген болса, оның еңбек ақысы осы тоқсанда жұмыс iстеген барлық ай бойынша ескерiледi, ал оның орта айлық табысы жалпы жалақының және басқа табысты осы тоқсандағы жұмыс iстеген айдың санына бөлу тәсiлiмен анықталады.
Тарау 10. 10. Отбасының жиынтық табысын есептеуде ескерiлетiн ерекшелiктер
10. Отбасының жиынтық табысын есептеуде ескерiлетiн ерекшелiктер
Тармақ 19
19. Отбасының жиынтық табысында отбасы құрамында есептелген, шетелде жұмыс iстейтiндердiң еңбекақысы ұлттық ақшамен де және шетелдiк валютамен де ескерiледi. Бұл жағдайда шетел валютасымен алған табыс тұрғын үй көмегi туралы арыз берiлген күнге ұлттық банкiнiң бағамымен ұлттық ақшаға айырбасталады.
Тармақ 20
20. Егер Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына жұмысқа немесе оқуға келген және отбасы құрамында ескерiлген, шетел азаматымен заңды некеде тұрса, отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасы азаматының табысы мен ұлттық ақшамен немесе шетелдiк валютамен Қазақстан Республикасында алатын, тұрғын үй көмегiн көрсету туралы арыз берiлген күнге ұлттық банкiнiң бағамымен ұлттық ақшаға айырбасталған шетел азаматының табысынан есептеледi.
Тармақ 21
21. Азаматтық-құқықтық шарттар болған жағдайда, оның iшiнде ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын шығаруға, орындауға, құруға немесе басқа пайдалануға, осы шартты»есебiнен авансқа төленетiн сыйақы, ал толық есептескенде қалған сома шартты»жүретiн уақытына бөлiнедi.
Тармақ 22
22. Авторлық қаламақы (шарттар болмаған жағдайда), сонымен қатар жағалық ашуға, өнертапқыштыққа және оңтайландырулық ұсыныстарға сыйақы ай сайын отбасының жиынтық табысына қаламақыны он екi айға бөлген үлес көлемiнде кiредi.
Тармақ 23
23. Жеке азаматтарда жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысына нақтылы жалақы кiредi. Бұл жағдайда заттай жалақы жиынтық табысқа нарықтық бағамен алған ақшалай эквивалентпен кiргiзiледi.
Тармақ 24
24. Заңды тұлға құрмаған жеке кәсiпкерлiк берген еңбекақы туралы анықтама салық комитетiнде мiндеттi түрде тiркелген жеке еңбек шартымен расталады.
Тармақ 25
25. Жұмыс берушiде (жеке тұлғада) жұмыс iстейтiн үйдегi жұмысшыны» жиынтық табысын есептегенде жеке еңбек шартында көрсетiлген, қолы нотариуспен расталған нақтылы еңбекақы есепке алынады.
Тармақ 26
26. Маусымдық жұмыста жұмыспен қамтылған қызметкердiң еңбекақысы оның алған мезетке есепке алынады. Болмаған уақытта жиынтық табыс еңбекақыны есепке алмай есептеледi.
Тармақ 27
27. Әскерилердiң ақшалай жабдықталымы үстемелер мен қосымша төлемдер ескерiлiп, отбасының жиынтық табысына кiредi, бұған мерзiмдi әскери қызмет атқарып жатқан әскери қызметкерлердiң, оның iшiнде әскери-құрылыс отрядтарында қызмет атқарып жатқандардың, өйткенi олар отбасы құрамына кiрмейдi, ақшалай жабдықталымы кiргiзiлмейдi.
Тармақ 28
28. Алатын алименттер отбасының жиынтық табысына алған мезетке ескерiледi. Алимент төлеушiнiң еңбекақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы алған уақыттан бастап есептеледi. Егер анасына (әкесiне, қорғаншыға) сот шешiмiмен алимент өндiрiлмеген болса, ал сондай-ақ ерлi-зайыптылардың арасында неке бұзылса, бiрақ анасы (әкесi) өндiру мүмкiн болма№андықтан алимент алмайтын болса, жиынтық табыс алиментсiз есептеледi. Егер анасында (әкесiнде) әкесiнен (шешесiнен) алимент өндiру туралы сот шешiмi болса, бiрақ ол алимент төлеушiнiң қашып жүруiне байланысты немесе еңбек ақысы сақталмайтын демалыста жүруiне немесе басқа да себептермен еңбекақы алмайтын болса, немесе алимент өндiру мүмкiн болмаса, өтiнiш берушiнiң жазбаша арызының негiзiнде құқық қорғау органдарының растап берген құжаттары болса, жиынтық табыс алиментсiз есептеледi. Ерлi-зайыптылардың арасында неке бұзылған жағдайда, егер көмек тағайындауға өтiнiш жасаған кезде ерiнен (әйелiнен) алимент өндiру туралы сот шешiмi шығарылған болса, отбасының жиынтық табысын анықтағанда ерiнiң (әйелiнiң) осының алдындағы табысы ескерiледi.
Тармақ 29
29. Жеке қосалқы шаруашылықтан (учаске, мал, құс) және жер учаскесiнен түсетiн табыс өтiнiш берушiнiң мәлiметi негiзiнде есептеледi.
Тармақ 30
30. Отбасының жиынтық табысына жылжыйтын және жылжымайтын мүлiкке жұмсаған шығын, сондай-ақ ақшалай немесе заттай алған ұтыс алған уақыттан бастап есептеледi.