Об утверждении Правил и сроков направления или вручения проверяемому лицу предварительного акта выездной таможенной проверки, представления проверяемым лицом письменного возражения к предварительному акту выездной таможенной проверки и рассмотрения такого возражения Қолданыста
Басқа 0
Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 418-бабының 20-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) «Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16362 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) «Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін тексерілетін тұлғаға табыс ету, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылықты ұсыну, мемлекеттік кірістер органының мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін, сондай-ақ оларға қатысты көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі бойынша нормалар қолданылатын тексерілетін тұлғалардың санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 қаңтардағы № 45 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 840 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілернің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21193 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындауын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 21 сәуірдегі
№ 376 бұйрықпен
бекітілген
Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 418-бабы 20-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді және мемлекеттік кірістер органының тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету, тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау қағидалары мен мерзімдерін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар шеңберінде келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жазбаша қарсылық – тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісінің нәтижелерімен жазбаша келіспеуі;
Тармақша 2
2) көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі – мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы жасаған көшпелі кедендік тексерудің алдын ала нәтижелері туралы құжат.
Осы Қағидаларда пайдаланатын өзге де ұғымдар Кодекске сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жіберу немесе табыс ету тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Кодекстің 418-бабының 19-тармағында көзделген көшпелі кедендік тексеру актісі жасалғанға дейін мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін жібереді немесе табыс етеді.
Тармақ 4
4. Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі тексерілетін тұлғаға Кодекстің 416-бабы 11-тармағымен белгіленген талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру аяқталу күніне 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей қол қойғызып тапсырылады немесе жіберіледі.
Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс ету кезінде мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 418-бабы 18-тармағының талаптарына сәйкес тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексеруді тоқтата тұру туралы хабардар етуді жібереді немесе табыс етеді.
Тармақ 5
5. Тексерілетін тұлғаға көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс ету немесе тексерілетін тұлғаның тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғағаның болмауына байланысты пошта операторы немесе байланыс операторы оны қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, мемлекеттік кірістер органы осындай құжаттар қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2 (екі) куәгерді тарта отырып, осындай тұлғаның орналасқан жері бойынша зерттеп-қарауды жүргізеді.
Зерттеп-қарау нәтижелері бойынша зерттеп-қарау актісі жасалады, онда:
Тармақша 1
1) актінің жасалған орны, күні мен уақыты;
Тармақша 2
2) актіні жасаған мемлекеттік кірістер органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органының атауы;
Тармақша 4
4) тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы;
Тармақша 5
5) тексерілетін тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және (немесе) атауы, оның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 6
6) зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.
Куәгер ретінде мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамы мен тексерілетін тұлғаның әрекеттері нәтижесіне мүдделі емес, кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кез келген азамат шақырылады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының лауазымды адамдары мен тексерілетін тұлғаның жұмыскерлеріне, құрылтайшыларына (қатысушыларына) куәгерлер ретінде қатысуға жол берілмейді.
Зерттеп-қарау нәтижесінде тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның іс жүзінде болмауы анықталған кезде, зерттеп-қарау актісін жасаған күн көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін табыс еткен күн болып табылады.
Тарау 3. 3-тарау. Тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері
3-тарау. Тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылық ұсыну және мұндай қарсылықты қарау тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 144-бабы 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын тексерілетін тұлғаларды қоспағанда, көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін алған немесе табыс еткен күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына ұсынады.
Бұл ретте ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын тексерілетін тұлғаның көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығы көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісін алған немесе табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына табыс етіледі.
Көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісіне жазбаша қарсылығын мынадай тәсілдермен ұсынады:
Тармақша 1
1) келу тәртібімен – қағаз жеткізгіште;
Тармақша 2
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – қағаз жеткізгіште;
Тармақша 3
3) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы – электрондық нысанда.
Бұл ретте көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының жазбаша қарсылықты қабылдаған және тіркеген күні жазбаша қарсылық келіп түскен күн болып табылады.
Тармақ 7
7. Жазбаша қарсылықта:
Тармақша 1
1) көшпелі кедендік тексеруді жүргізетін мемлекеттік кірістер органының атауы;
Тармақша 2
2) жазбаша қарсылықты беруші тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) не толық атауы, оның тұрғылықты жері (орналасқан жері);
Тармақша 3
3) жазбаша қарсылықты беретін тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 4
4) жазбаша қарсылық берілген күн;
Тармақша 5
5) жазбаша қарсылық беруші тұлға өзінің талаптарын және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелерді негіздейтін мән-жайлар;
Тармақша 6
6) қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Тексерілетін тұлға бұрын берілген жазбаша қарсылықты кері қайтарып алу туралы шешім қабылдаған кезде көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органына қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Тармақ 9
9. Жазбаша қарсылығын көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы онда көрсетілген мәселелер шегінде ол келіп түскен күннен кейінгі күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
Бұл ретте, жазбаша қарсылықты қарау мерзімі:
Тармақша 1
1) осы Қағидалардың 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне жазбаша сұрау салу жолдаған кезде – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі кезеңге;
Тармақша 2
2) осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес тексерілетін тұлғаға және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттің тиісті органына және (немесе) өзге ұйымдарға сұрау салу жолдаған кезде – осындай сұрау салу жолданған күннен бастап жауапты алған күнге дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері тоқтатыла тұрған жағдайда тексерілетін тұлғаға сұрау салу жолданған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мынадай тәсілдермен:
хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне «электрондық үкімет» веб-порталындағы осындай тоқтата тұру туралы ақпаратты жолдайды.
Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кіріс органы жазбаша қарсылығын қарау мерзімдері қайта басталған кезде тексерілетін тұлғаға сұрау салуға жауап алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде сондай қайта бастау туралы ақпаратты келесі тәсілдермен:
хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы;
электрондық тәсілмен веб-қосымшасына немесе пайдаланушының жеке кабинетіне «электрондық үкімет» веб-порталындағы осындай қайта бастау туралы ақпаратты жолдайды.
Тармақ 10
10. Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылығымен келіспеген кезде жазбаша қарсылық қаралатын мерзім ішінде мынадай:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 144-бабы 3-тармағына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын;
Тармақша 2
2) инвестициялық және (немесе) арнайы инвестициялық келісімшарттар жасаған тексерілетін тұлғаға қатысты Комитетке сұрау салу жолдайды.
Сұрау салуға мынадай құжаттар:
Тармақша 1
1) көшпелі кедендік тексерудің алдын ала актісі;
Тармақша 2
2) жазбаша қарсылығы;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кірістер органының ұстанымы;
Тармақша 4
4) есептер, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру барысында алған жазбаша қарсылығында жазылған мәселелерді қозғайтын өзге де құжаттар мен мәліметтер қоса беріледі.
Тармақ 11
11. Комитет көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын, оны Комитетте тіркеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, қарсылық берген тұлға өзінің аталған мән-жайларды растайтын талаптары мен дәлелдерін негіздеген мән-жайлар шегінде, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органының ұстанымында көрсетілген дәлелдер мен негіздемелер шегінде қарайды.
Комитет мемлекеттік кірістер органының сұрау салуын қарау кезінде тексеретін тұлғаға және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарына жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпараттар не түсіндірулер ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды.
Бұл ретте сұрау салуды қарау мерзімі Кодекстің 418-бабының 18-тармағында көзделген мерзімдерді ескере отырып, сұрау салу жіберілген күннен бастап жауап алынған күнге дейінгі уақыт кезеңіне тоқтатылады.
Сұрау салуды қараудың қорытындысы бойынша Комитет көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органына жазбаша қарсылығында жазылған мәселелер бойынша дәлілделген негіздемемен жауап жолдайды.
Тармақ 12
12. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілмеген тексеретін тұлғаның жазбаша қарсылығын қарау кезінде көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы жазбаша қарсылықты қарау мерзімі ішінде тексеретін тұлғаға және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, сондай-ақ шет мемлекеттердің тиісті органдарына және өзге де ұйымдарына жазбаша қарсылықта жазылған мәселелер бойынша ақпараттар не түсіндірулер ұсыну туралы сұрау салуды жолдайды.
Бұл ретте көрсетілген сұрау салуларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 44-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарайды.
Шетел мемлекетінің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзімде жазбаша қарсылығын қараудың қорытындысы бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес ұсынылған сұрау салуға жауапты ескере отырып, Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде тексерілетін тұлғаға:
Тармақша 1
1) Кодекстің 418-бабының 18-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді жаңарту туралы хабарламаны;
Тармақша 2
2) Кодекстің 418-бабының 21-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісін табыс ету жолымен көшпелі кедендік тексеруді жаңартады және аяқтайды.
Тармақ 14
14. Тексерілетін тұлға осы Қағидалардың 6-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша қарсылықты ұсынбаған немесе тексерілетін тұлға жазбаша қарсылықты кері қайтарған кезде, көшпелі кедендік тексеруді жүзеге асыратын мемлекеттік кірістер органы Кодекстің 418-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде тексерілетін тұлғаға:
Тармақша 1
1) Кодекстің 418-бабының 18-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеруді жаңарту туралы хабарламаны;
Тармақша 2
2) Кодекстің 418-бабының 21-тармағының талаптарына сәйкес көшпелі кедендік тексеру актісін табыс ету жолымен көшпелі кедендік тексеруді жаңартады және аяқтайды.