Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабының 1 тармағы 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Доскей ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылдық округінің Доскей ауылы аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып «Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Нуркеш Нурланович Шакманов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.