Об утверждении Правил предоставления за счет бюджета (сметы расходов) Национального Банка Казахстана грантов для проведения исследований по приоритетным направлениям деятельности Национального Банка Казахстана Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі бесінші абзацының 46) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің Департамент – зерттеулер және талдама орталығы (С.Т. Хакімжанов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баспасөз қызметі (Ә.Р. Адамбаева) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің басшысы Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілді Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі бесінші абзацының 46) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін гранттар беру тәртібі айқындалады.
Тармақ 2
2. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) грант – Ұлттық Банк Қағидаларда айқындалған тәртіппен Ұлттық Банк қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер (бұдан әрі – зерттеулер) жүргізу үшін грант алушыға өтеусіз беретін ақша сомасы;
Тармақша 2
2) грант алушы – Қағидаларға сәйкес Ұлттық Банк зерттеуге грант беру туралы шарт жасасқан ізденуші;
Тармақша 3
3) грант беру туралы шарт – Ұлттық Банк пен грант алушы арасында жазбаша нысанда жасалатын мәміле;
Тармақша 4
4) гранттар беру жөніндегі комиссия – ізденушілерді іріктеу нәтижелері бойынша грант алушыны айқындау үшін Ұлттық Банкте құрылатын алқалы орган;
Тармақша 5
5) гранттар беру жөніндегі комиссияның хатшысы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы тұрақты өкілдігінің (бұдан әрі – Өкілдік) зерттеулер және талдама бөлімшесінің қызметкері;
Тармақша 6
6) жетекші орындаушылар – зерттеу жетекшісін қоса алғанда, зерттеу жүргізу үшін ізденуші (грант алушы) тартатын зерттеушілер;
Тармақша 7
7) Өкілдіктің жауапты бөлімшесі – Өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету бөлімшесі;
Тармақша 8
8) өтінім – ізденуші Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінімнің нысаны бойынша грант алуға ізденуші ұсынатын өтінім;
Тармақша 9
9) тәуелсіз рецензент – Ұлттық Банктің қызметкері болып табылмайтын, Қағидалардың талаптарына сәйкес ізденушілердің өтінімдерін бағалау үшін Ұлттық Банк сарапшы ретінде тартатын жеке тұлға;
Тармақша 10
10) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің немесе оның Өкілдігінің ізденушілермен, тәуелсіз рецензенттермен өзара іс-қимылды, гранттар беру жөніндегі комиссияның қарауына құжаттар мен материалдарды ұсынуды, сондай-ақ грант алушының тиісті тақырып бойынша зерттеу жүргізуін үйлестіруді қоса алғанда, зерттеуге қойылатын талаптарды әзірлеуге және Қағидаларда көзделген іс-шараларды жүргізуге жауапты бөлімшесі;
Тармақша 11
11) ізденуші – Қағидалардың 19-тармағында айқындалған талаптарға сәйкес келетін, Ұлттық Банкке грант алуға өтінім берген заңды тұлға;
Тармақша 12
12) ізденушілерді іріктеу – Қағидаларда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын гранттар беруге ізденушілерді конкурстық іріктеу;
Тармақша 13
13) ізденушінің уәкілетті өкілі – Қағидаларға сәйкес ізденушінің атынан өтінім беруге уәкілеттік берілген жеке тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Ұлттық Банктің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен зерттеулер жүргізу үшін гранттар беру тәртібі
2-тарау. Ұлттық Банктің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен зерттеулер жүргізу үшін гранттар беру тәртібі
Тармақ 3
3. Гранттар Ұлттық Банктің бюджетінде (шығыстар сметасында) көзделген қаражат шегінде беріледі.
Тармақ 4
4. Грант зерттеу жүргізуге тікелей байланысты және өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу шығыстарының сметасы және олардың негіздемесінде (бұдан әрі – шығыстар сметасы) көрсетілген шығыстарды өтеу үшін беріледі.
Тармақ 5
5. Грант алушыны айқындау үшін Ұлттық Банк Төрағасының не оның Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығы негізінде уәкілетті орынбасарының бұйрығымен гранттар беру жөніндегі комиссия құрылады, ол:
Тармақша 1
1) мыналарды: зерттеу жүргізу мерзімдерін, зерттеу нысанасының сипаттамасы мен зерттеу жүргізуге талап етілетін стандарттарды; ізденушілердің өтінімдерді ұсыну мерзімі мен тәртібін (тәсілін) қоса алғанда, ізденушілерді іріктеуді жүргізу талаптарын; грант беру туралы шарттың жобасын қамтитын конкурстық құжаттаманы және ізденушілерді іріктеу талаптарын бекітеді;
Тармақша 2
2) өтінімдерді жан-жақты және объективті қарауды, ізденушілерді іріктеуді жүзеге асырады, оны жүргізу кезінде ізденушінің шығыстар сметасын түзету қажеттілігі туралы мәселені қарайды және ол бойынша шешім қабылдайды;
Тармақша 3
3) тәуелсіз рецензенттердің және уәкілетті бөлімшенің қорытындыларын ескере отырып, грант алушыларды таңдау туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 4
4) грант алушы ұсынған зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есептерді қарайды және мақұлдайды;
Тармақша 5
5) грант алушы грант беру туралы шартта көзделген міндеттемелерді орындамаған не тиісінше орындамаған кезде гранттың толық немесе ішінара күшін жою және (немесе) оның гранттың бұрын берілген сомасын қайтаруы туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 6
6. Гранттар беру жөніндегі комиссия төрағадан, оның орынбасарынан және мүшелерінен тұрады. Гранттар беру жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде 3 (үш) адамды құрайды. Гранттар беру жөніндегі комиссия мүшелері Ұлттық Банк қызметкерлері және Ұлттық Банктің қызметкерлеріне жатпайтын сыртқы мүшелер болып табылады. Гранттар беру жөніндегі комиссияның хатшысы гранттар беру жөніндегі комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Тармақ 7
7. Гранттар беру жөніндегі комиссияның төрағасы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары болады.
Тармақ 8
8. Гранттар беру жөніндегі комиссияның төрағасы болмаған уақытта оның функцияларын гранттар беру жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары орындайды.
Тармақ 9
9. Гранттар беру жөніндегі комиссияның отырыстары гранттар беру жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі.
Тармақ 10
10. Гранттар беру жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер оған гранттар беру жөніндегі комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда гранттар беру жөніндегі комиссияның төрағасы немесе оның орынбасары (төраға болмаған кезде) дауыс берген шешім қабылданды деп есептейді.
Тармақ 11
11. Гранттар беру жөніндегі комиссияның шешімдері гранттар беру жөніндегі комиссияның төрағасы, оның орынбасары және гранттар беру жөніндегі комиссияның мүшелері қол қоятын хаттамалар нысанында ресімделеді.
Тармақ 12
12. Гранттар беру жөніндегі комиссияның ұйымдастыру қызметін мыналар:
Тармақша 1
1) ізденушілердің өтінімдері мен оларға қоса берілетін құжаттарды қоса алғанда, Қағидаларда көзделген құжаттар мен материалдарды гранттар беру жөніндегі комиссияға ұсынатын, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ететін уәкілетті бөлімше;
Тармақша 2
2) гранттар беру жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізуді ұйымдастыратын және хаттамаларды ресімдейтін гранттар беру жөніндегі комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Ізденушілерді іріктеуді жүргізу кезінде олардың өтінімдерін бағалау үшін уәкілетті бөлімше тараптардың уағдаластығы бойынша өтеулі немесе өтеусіз негізде екі тәуелсіз рецензентті тартады. Тәуелсіз рецензенттердің қызметтеріне арналған шығыс берілетін грант сомасына кірмейді.
Тармақ 14
14. Тәуелсіз рецензенттер ретінде ғалымдар, оқытушылар, зерттеушілер, халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары және (немесе) зерттеу тақырыбына сәйкес келетін салаларда біліктілігі бар Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметкерлері тартылады. Тәуелсіз рецензенттердің біліктілігі зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және (немесе) талдамалық жарияланымдардың, ғылыми дәрежесінің және (немесе) жұмыс тәжірибесінің болуымен расталады.
Тармақ 15
15. Ізденушілерді іріктеу нәтижелеріне мүдделі және (немесе) ізденушімен мүдделер қақтығысы бар тұлғалар тәуелсіз рецензенттер ретінде тартылмайды.
Тармақ 16
16. Гранттар беру жөніндегі комиссия мен тәуелсіз рецензенттер ізденушілердің өтінімдерін қарау кезінде ізденушілердің өтінімдерін қарау кезінде алынған ақпараттың конфиденциалдылығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Грант беру процесі мыналарды:
Тармақша 1
1) зерттеу тақырыптарының тізімін, ізденушілерді іріктеудің талаптары мен шарттарын бекіту, сондай-ақ ізденушілерді іріктеуді өткізу туралы хабарландыру жариялауды;
Тармақша 2
2) ізденушілердің өтінімдерін қабылдауды және қарауды;
Тармақша 3
3) ізденушілерді іріктеуді;
Тармақша 4
4) грант алушымен грант беру туралы шарт жасасуды;
Тармақша 5
5) грант алушы ұсынған зерттеу нәтижесі туралы аралық және қорытынды есептерді, сондай-ақ бөлінген грантты пайдалану туралы есепті қарауды және мақұлдауды;
Тармақша 6
6) грант сомасын Қағидалардың 40-тармағына сәйкес грант алушыға аударуды қамтиды.
Тармақ 18
18. Зерттеу тақырыптары Ұлттық Банк Төрағасының немесе оның Ұлттық Банк Төрағасының бұйрығы негізінде уәкілетті орынбасарының бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 19
19. Іріктеуге:
Тармақша 1
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыруға, зерттеу, ғылыми қызметтерге немесе пікіртерім жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызметке байланысты мақсаттарға, міндеттер мен функцияларға сәйкес қызметті жүзеге асыратын;
Тармақша 2
2) тарату немесе банкроттық процесінде емес заңды тұлға болып табылатын ізденуші жіберіледі.
Тармақ 20
20. Зерттеу жүргізу үшін ізденуші жетекші орындаушыларды тартады, олардың ішінен мынадай талаптарға сәйкес келетін зерттеу жетекшісін тағайындайды:
Тармақша 1
1) рецензияланатын мерзімді және (немесе) ғылыми басылымдарда зерттеу бағытына сәйкес келетін тақырыптарда жарияланымы бар;
Тармақша 2
2) зерттеу бағытына сәйкес салада ғылыми дәрежесі және (немесе) жұмыс тәжірибесі бар. Ұлттық Банктің немесе оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері жетекші орындаушылар ретінде тартылмайды.
Тармақ 21
21. Гранттар беру жөніндегі комиссияның хатшысы гранттар беру жөніндегі комиссия конкурстық құжаттама мен ізденушілерді іріктеу талаптарын бекіткен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей мыналар қамтылатын ізденушілерді іріктеуді жүргізу туралы хабарландыруды Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жариялайды:
Тармақша 1
1) зерттеу тақырыптарының тізімі;
Тармақша 2
2) гранттар беру жөніндегі комиссия бекіткен конкурстық құжаттама мен ізденушілерді іріктеу талаптары;
Тармақша 3
3) уәкілетті бөлімшенің атауы және уәкілетті бөлімшенің жауапты адамдарының байланыс деректері. Ізденушілердің өтінімдерді ұсыну мерзімі ізденушілерді іріктеу хабарландыруы жарияланған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн болады.
Тармақ 22
22. Қағидалардың 19-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келетін ізденуші ізденушілерді іріктеуді жүргізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен (тәсілмен) және мерзімде мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) өтінімге 2-қосымшаға сәйкес зерттеудің негіздемесін;
Тармақша 2
2) шығыстар сметасын;
Тармақша 3
3) ізденуші жарғысының көшірмесін;
Тармақша 4
4) ізденушінің мемлекеттік білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензиясының және лицензияға қосымшалардың көшірмесін (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін);
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін (ғылыми қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін);
Тармақша 6
6) жоғары білім туралы зерттеу жетекшісі дипломының көшірмесін;
Тармақша 7
7) ғылыми дәреже беру туралы зерттеу жетекшісі дипломының көшірмесін (бар болса);
Тармақша 8
8) зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы зерттеу жетекшісі жарияланымдарының көшірмелерін;
Тармақша 9
9) зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы жетекші орындаушылар жарияланымдарының көшірмелерін (бар болса) қоса бере отырып өтінім береді.
Тармақ 23
23. Өтінімді ұсына отырып, ізденуші өтінімде және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігін растайды. Ізденушінің дәйексіз мәліметтер мен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған кезде өтінім оны қайтару себептерінің негіздемесін көрсете отырып іріктеудің кез келген сатысында кері қайтарылуға тиіс.
Тармақ 24
24. Екі және одан көп өтінім берген ізденуші әр өтінім бойынша әртүрлі жетекші орындаушылардың зерттеу жүргізуін қамтамасыз етеді. Ізденушіге әрбір зерттеу тақырыбына бір гранттан артық берілмейді.
Тармақ 25
25. Ізденуші ізденушілерді іріктеу қорытындыларына қарамастан, өтінім беруге байланысты Ұлттық Банк өтеуге жатпайтын барлық шығыстарды көтереді.
Тармақ 26
26. Өтінімде көрсетілген ізденуші сұратқан грант сомасы шығыстар сметасын ұсыну жолымен негізделеді. Зерттеу жүргізу жөніндегі шығыстарға Қазақстан Республикасының шегінде жетекші орындаушылардың еңбегіне ақы төлеу, қызметтік іссапарлары, зерттеу жүргізу үшін қажетті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу жөніндегі шығыстар, салықтар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер жатады. Зерттеу жүргізу бойынша шығыстардың тізбесі шығыстар сметасында келтірілген.
Тармақ 27
27. Өтінімді ұсына отырып, ізденуші мыналарға:
Тармақша 1
1) өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды тәуелсіз рецензенттердің қарауына жіберуге;
Тармақша 2
2) шығыстар сметасын түзету туралы Ұлттық Банктің ұсынысын қарауға;
Тармақша 3
3) грант алушы туралы ақпаратты (заңды тұлғаның атауы, зерттеу тақырыбы және жетекші орындаушылар) Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялауға;
Тармақша 4
4) Ұлттық Банктің заңмен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтерді қоса алғанда, өтінімдегі және (немесе) оған қоса берілетін құжаттардағы дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына және пайдалануына;
Тармақша 5
5) дәйексіз деректерді және (немесе) құжаттарды ұсыну фактілері анықталған кезде ізденушілерді іріктеудің кез келген кезеңінде өтінімді қабылдамауға;
Тармақша 6
6) өтінімде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде Ұлттық Банкке дереу хабарлауға;
Тармақша 7
7) Ұлттық Банктің жетекші орындаушылар туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынылған мәліметтерді тексеруіне және ұсынылған құжаттарды сақтауына;
Тармақша 8
8) Ұлттық Банктің зерттеу нәтижелерін өз қызметінде пайдалануына;
Тармақша 9
9) грант беру талаптары мен оның өтінімі мақұлданған кезде мынадай міндеттемелерді қабылдаумен: грант сомасын нысаналы және ұтымды пайдалануды қоса алғанда, грант беру туралы шарт пен өтінім талаптарына сәйкес зерттеу жүргізуді қамтамасыз етуге; грант есебінен зерттеу жүргізуге және қол жеткізілген нәтижелерге, оның ішінде зерттеу жүргізудің толықтығы мен уақтылығына жауапты болуға; зерттеу жүргізуге қажетті іс-шараларды (жұмыстарды) жүргізу үшін жетекші орындаушыларды үй-жаймен, коммуникацияларға және басқа да инфрақұрылымға қол жеткізумен қамтамасыз етуге; жетекші орындаушыларды авторлар үшін жалпы қабылданған этикалық нормалармен және ғылыми жарияланымдардың қағидаттарымен (Committee on Publication Ethics – COPE) оларды сақтау қажеттілігі туралы хабардар ете отырып таныстыруға; грант беру туралы шартта көрсетілген мерзімде зерттеу нәтижесі туралы аралық және қорытынды есептерді ұсынуға; әрбір жетекші орындаушымен грант беру талаптарына сәйкес келетін азаматтық-құқықтық және (немесе) еңбек шарттарын жасасуға; жетекші орындаушыларға олармен жасалған шарттарда көзделген ақша сомасын уақтылы және толық көлемде төлеуге; Ұлттық Банкке грант беру туралы шартта көзделген мерзімде растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есеп беруге; шарттық міндеттемелер орындалмаған не тиісінше орындалмаған, оның ішінде Ұлттық Банк грант сомасын нысаналы пайдаланбау немесе грант сомасын үнемдеу (толық игермеу) фактісін анықтаған кезде грант беру туралы шартта белгіленген мерзімде грантты қайтаруды (ішінара қайтаруды) жүзеге асыруға; грант беру туралы шартта көрсетілген мерзімде Ұлттық Банкті жетекші орындаушылардың рецензияланатын мерзімді және (немесе) ғылыми басылымының атауын және нөмірін көрсете отырып, рецензияланатын мерзімді және (немесе) ғылыми басылымдарда зерттеу нәтижелерін жариялау фактісі туралы хабардар етуге; грант беру туралы шарт шеңберінде орындалған зерттеу нәтижесін жариялау және (немесе) тарату кезінде Ұлттық Банктен грант алынғаны туралы ақпаратты көрсетуге;
Тармақша 10
10) жетекші орындаушының зерттеу жүргізуге тек бір ізденушіде және бір зерттеу тақырыбы бойынша қатысуына өзінің келісімін және оның жетекші орындаушылардан жазбаша келісім алғанын растайды. Ізденуші Ұлттық Банкке өтінім бергенге дейін әрбір жетекші орындаушыдан Қағидалардың осы тармағының 1) - 10) тармақшаларында көзделген талаптармен жазбаша келісуін алады.
Тармақ 28
28. Ізденушілердің өтінімдері ізденушілерді іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 45 (қырық бес) күн ішінде қабылданады. Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін берілген өтінімдер қарауға қабылданбайды.
Тармақ 29
29. Өкілдіктің жауапты бөлімшесі өтінімді ізденушінің Қағидалардың 19-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігін, сондай-ақ Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінім нысанына өтінімнің сәйкестігін, ондағы мәліметтер мен Қағидалардың 22-тармағында көзделген құжаттардың толықтығын тексереді. Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген өтінімді тексеру нәтижесі бойынша Өкілдіктің жауапты бөлімшесі өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ізденушіге: 1) ескертулер болмаған кезде ізденушілерді іріктеуге өтінімді жіберу туралы; 2) ізденуші Қағидалардың 19-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген кезде себептерін көрсете отырып, ізденушілерді іріктеуге жіберуден бас тарту туралы; 3) ізденуші мәліметтер мен өтінімге қоса берілетін құжаттарды толық ұсынбаған не өтінім Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінімнің нысанына сәйкес келмеген кезде, себептерін көрсете отырып, өтінімді пысықтауға қайтару туралы хабарлама жібереді. Ізденуші өтінімді пысықтау қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді Ұлттық Банкке ұсынады. Ізденушінің өтінімге бір реттен артық емес және өтінімді пысықтау қажеттігі туралы хабарламада көрсетілген ескертулер бойынша ғана өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол беріледі. Ізденуші белгіленген мерзімде ұсынған пысықталған өтінімге ескертулер болмаған кезде, Өкілдіктің жауапты бөлімшесі пысықталған өтінім келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ізденушіге оның ізденушілерді іріктеуге жіберілгені туралы хабарлама жібереді. Пысықталған өтінім белгіленген мерзімде ұсынылмаған немесе хабарламада көрсетілген ескертулер жойылмаған кезде, Өкілдіктің жауапты бөлімшесі пысықталған өтінімді ұсынудың белгіленген мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ізденушіге ізденушілерді іріктеуге жіберуден бас тарту туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 30
30. Өкілдіктің жауапты бөлімшесі ізденушілерді іріктеуге жіберілген өтінімдерді уәкілетті бөлімшеге жібереді.
Тармақ 31
31. Уәкілетті бөлімше және тәуелсіз рецензенттер іріктеуге жіберілген ізденушілердің өтінімдерін қарайды және олар бойынша қорытындыларды дайындайды. Уәкілетті бөлімше іріктеуге жіберілген ізденушілерден өтінімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде тәуелсіз рецензенттерге оның көшірмесін және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тәуелсіз рецензенттің ізденушімен мүдделер қайшылығының болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын қарауға жолдайды. Мүдделер қайшылығы болған кезде тәуелсіз рецензент уәкілетті бөлімшеден өтінімнің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмейтін мерзімде мүдделер қайшылығының бар екендігі туралы хабарламаны қоса бере отырып, оны қараусыз қайтарады. Мүдделер қайшылығы болмаған кезде тәуелсіз рецензент өтінімнің көшірмесін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мүдделер қайшылығы жоқтығы туралы хабарламаны және өтінімнің көшірмесін алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмейтін мерзімде өтінім бойынша қорытындыны уәкілетті бөлімшеге ұсынады.
Тармақ 32
32. Уәкілетті бөлімше және тәуелсіз рецензенттер дайындаған өтінім бойынша қорытындыларда мынадай ақпарат:
Тармақша 1
1) ұсынылатын зерттеу әдіснамасы сипаттамасының толықтығы мен айқындылығы, оның негіздемелігі және эмпирикалық талдау үшін пайдалануға ұсынылатын деректерге қойылған зерттеу міндетіне сәйкестігі, дәйексөзбен баяндалатын әдебиеттің өзектілігі;
Тармақша 2
2) зерттеудің жетекші орындаушыларының құзыреттілігі мен ғылыми қоры - олардың жарияланымдарының деңгейін, мәлімделген саладағы жұмыс тәжірибесін, зерттеулерді іске асырудағы беделі мен тәжірибесін (бар болса) қоса алғанда, өтінімде көрсетілген тақырып бойынша зерттеу жүргізу үшін жетекші орындаушылардың біліктілігін бағалау;
Тармақша 3
3) зерттеу жоспарының сапасы мен іске асырылуы - зерттеудің күтілетін нәтижелеріне қолжеткізуді және олардың практикада қолданылуын, ізденушіде өтінімде көрсетілген зерттеуді орындау үшін жеткілікті материалдық-техникалық ресурстары болуын қоса алғанда, зерттеулер жоспарында көзделген іс-шаралардың сапасын, негіздемелігін және орындалуын бағалау;
Тармақша 4
4) жетекші орындаушылар жұмсайтын уақыттың негіздемелігін бағалауды, қосымша орындаушыларды тарту, сондай-ақ шығыстар сметасында көзделген іс-шараларды жүргізу қажеттілігін қоса алғанда, өтінімде көрсетілген зерттеудің күтілетін нәтижелерін алу тұрғысынан шығыстар сметасының негіздемелігі;
Тармақша 5
5) өтінімнің күшті және нашар жақтары - зерттеудің мәлімделген мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өтінімнің негізгі артықшылықтары мен оның сипаттамаларын, сондай-ақ өтінімнің негізгі кемшіліктерін және олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпал ету дәрежесін бағалау;
Тармақша 6
6) комиссияға берілген өтінім бойынша гранттарды беру, оның ішінде гранттарды беру не бермеу бойынша ұсынымдар қамтылады.
Тармақ 33
33. Шығыстар сметасын түзету қажеттілігі туралы ұсынысты, ол болған кезде, уәкілетті бөлімше гранттар беру жөніндегі комиссияның қарауына шығарады. Гранттар беру жөніндегі комиссия шығыстар сметасына түзетулер енгізу қажеттілігі туралы ұсынысты мақұлдаған кезде, уәкілетті бөлімше гранттар беру жөніндегі комиссия шығыстар сметасына түзетулер енгізу қажеттігі туралы ұсынысты мақұлдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде осындай түзету қажеттілігі туралы ізденушіге хабарлама жібереді. Ізденуші уәкілетті бөлімшеден шығыстар сметасын түзету қажеттілігі туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде түзетілген шығыстар сметасын не түзетулер енгізуден бас тартуды ұсынады. Белгіленген мерзімде түзетілген шығыстар сметасын ұсынбаған не шығыстар сметасын түзетуден бас тартуды ұсынған ізденушінің өтінімі қаралмайды.
Тармақ 34
34. Уәкілетті бөлімше ізденушіден түзетілген шығыстар сметасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны өтініммен және қорытындымен бірге гранттар беру жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.
Тармақ 35
35. Гранттар беру жөніндегі комиссия өтінімді мақұлдау және грант алушыны таңдау туралы шешімді өтінімдерді жан-жақты және объективті қарау нәтижелері бойынша уәкілетті бөлімшенің және тәуелсіз рецензенттердің мынадай өлшемшарттар:
Тармақша 1
1) зерттеу әдіснамасының сапасы;
Тармақша 2
2) зерттеудің жетекші орындаушыларының құзыреттілігі мен ғылыми қоры;
Тармақша 3
3) зерттеудің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуді және олардың практикалық қолданылуын қоса алғанда, зерттеу жоспарының сапасы мен іске асырылуы;
Тармақша 4
4) шығыстар сметасында көрсетілген шығыстардың негіздемелігі бойынша қорытындыларын ескере отырып, қабылдайды.
Тармақ 36
36. Гранттар беру жөніндегі комиссияның хатшысы гранттар беру жөніндегі комиссияның шешімін гранттар беру жөніндегі комиссия грант алушыларды іріктеу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама нысанында ресімдейді.
Тармақ 37
37. Гранттар беру жөніндегі комиссия шешімді қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде ізденушілерді іріктеу нәтижелері туралы ақпарат грант алушылардың тізімін және олардың зерттеу тақырыптарын көрсете отырып, Ұлттық Банктің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 38
38. Уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің интернет-ресурсында ізденушілерді іріктеу нәтижелері туралы ақпаратты орналастырған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде грантты алушыға грант беру туралы шарттың жобасын қоса бере отырып, оған грант берілгені туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 38-1
38-1. Ізденушінің немесе грант алушының өтініші негізінде гранттар беру жөніндегі комиссияның шешімімен жетекші орындаушынымен азаматтық-құқықтық немесе еңбек шарты тоқтатылған (бұзылған) жағдайда не осы жұмысты жалғастыруға кедергі келтіретін және оны жалғастыру мүмкіндігін болдырмайтын оның денсаулық жағдайы салдарынан жетекші орындаушыны ауыстыруға жол беріледі. Өтініште мұндай ауыстырудың негіздері қамтылады, оған зерттеу жүргізу үшін басқа жетекші орындаушының біліктілігін растайтын құжаттар қоса беріледі. Жетекші орындаушы ауыстырылған кезде өтінімде көрсетілген еңбекақы төлеу шығыстары ұлғайтуға жатпайды.
Тармақ 39
39. Грант беру туралы шарттың жобасына грант алушы оны уәкілетті бөлімшеден алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қол қояды.
Тармақ 40
40. Грант сомасы мына тәртіпте: берілген грант сомасынан 30% (отыз пайыз) – Ұлттық Банк пен грант алушы грантты беру туралы шартқа қол қоған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; берілген грант сомасынан 40% (қырық пайыз) –грантты алушы ұсынған зерттеу нәтижесі туралы аралық есепті Ұлттық Банк келіскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; берілген грант сомасынан 30% (отыз пайыз) – гранттар беру жөніндегі комиссия грантты алушы ұсынған зерттеулер нәтижесі туралы қорытынды есепті және бөлінген грантты пайдалану туралы есепті мақұлдаған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде беріледі. Егер грант алушы қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші болса, онда грант сомасы ҚҚС сомасын ескере отырып беріледі.
Тармақ 41
41. Қағидалардың 40-тармағына сәйкес грант сомасын аудару үшін грант алушы грант беру туралы шартта көзделген мерзімдерде Ұлттық Банктің қарауына:
Тармақша 1
1) зерттеу нәтижелері туралы аралық есепті;
Тармақша 2
2) шығыстардың әрбір бабы бойынша: гранттар беру жөніндегі комиссия мақұлдаған өтінімде көрсетілген жоспарланған соманы; гранттың нақты жұмсалған сомасын; үнемді; талдама мен негіздеме талап етілмейтін үстеме шығыстарды қоспағанда, көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттарды көрсете отырып, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есепті;
Тармақша 3
3) жетекші орындаушылардың зерттеу нәтижелері бойынша мақалаларды болжамды жариялауы туралы ақпаратты көрсете отырып, зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті ұсынады. Грант сомасын пайдалану туралы есепті ұсына отырып, грант алушы грант сомасын пайдалану туралы есепте және оған қоса берілетін құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дәйектілігі мен толықтығын растайды.
Тармақ 42
42. Уәкілетті бөлімше грант алушы ұсынған зерттеу нәтижелері туралы аралық есепті грант беру туралы шартта белгіленген мерзімде қарайды. Ескертулер болған кезде уәкілетті бөлімше грант алушыға пысықталған аралық есепті ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, аралық есепті пысықтау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 43
43. Өкілдіктің жауапты бөлімшесі оны алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есепті онда көрсетілген шығыстардың растау құжаттарында және шығыстар сметасында көрсетілген шығыстар сомасына сәйкестігін тексереді. Ескертулер болған кезде Өкілдіктің жауапты бөлімшесі грант алушыға бөлінген грантты пайдалану туралы пысықталған есепті ұсыну мерзімдерін көрсете отырып, бөлінген грантты пайдалану туралы есепті пысықтау қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
Тармақ 44
44. Бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есепті қарау нәтижелері бойынша белгіленген грант сомасының үнемделуі орын алған кезде, грант алушы Ұлттық Банктен хабарлама алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде грант алушы гранттың жұмсалмаған сомасын Ұлттық Банкке қайтарады немесе Ұлттық Банкке негіздемелерін көрсете отырып, ұсынылған гранттың жалпы сомасы шегінде шығыстардың баптары арасында грант сомасын қайта бөлу туралы өтініш жолдайды.
Тармақ 45
45. Уәкілетті бөлімше күнтізбелік 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде грант алушы ұсынған зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті қарайды, оған талдау жүргізеді және зерттеу мақсатына қол жеткізу, зерттеу талаптарына сәйкестігі, грант беру туралы шартта көрсетілген іс-шараларды жүргізу туралы қорытынды дайындайды.
Тармақ 46
46. Ескертулер болған кезде уәкілетті бөлімше грант алушыға зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті ескертулерді жою мерзімдерін көрсете отырып, пысықтауға қайтарады. Зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есеп бойынша ескертулерді жою мерзімі оны уәкілетті бөлімшеден алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды. Грант алушы пысықтаған зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есеп уәкілетті бөлімшеге қайта ұсынылады.
Тармақ 47
47. Уәкілетті бөлімшемен келісілген зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есеп уәкілетті бөлімшенің қорытындысымен және Өкілдіктің жауапты бөлімшесінің бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есепті келісу туралы қорытындысымен бірге гранттар беру жөніндегі комиссияның мақұлдауына жіберіледі.
Тармақ 48
48. Гранттар беру жөніндегі комиссия зерттеу мақсатына қолжеткізген және зерттеу талаптарына сәйкес келген кезде зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті мақұлдайды. Гранттар беру жөніндегі комиссияның зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепке ескертулері болған кезде уәкілетті бөлімше зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті ескертулерді жою мерзімдерін көрсете отырып, гранттар беру жөніндегі комиссиядан ескертулерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде грант алушыға пысықтауға қайтарады. Грант алушы пысықтаған зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті уәкілетті бөлімше гранттар беру жөніндегі комиссияның мақұлдауына қайта шығарады.
Тармақ 49
49. Гранттар беру жөніндегі комиссия зерттеу нәтижелері туралы қорытынды есепті мақұлдағаннан кейін уәкілетті бөлімше Ұлттық Банктің интернет-ресурсында зерттеу тақырыбы, зерттеудің мақсаты мен қысқаша қорытындысы, грант алушының атауы, жетекші орындаушылар және зерттеу нәтижелерінің болжамды жарияланымының мерзімі туралы ақпаратты көрсете отырып, зерттеу жөніндегі қысқаша аннотацияны жариялайды.
Тармақ 50
50. Грант алушы шарт бойынша грант беру туралы, оның ішінде зерттеу нәтижелері туралы аралық және (немесе) қорытынды есептер уақтылы ұсынылмағаны, зерттеу жүргізу этикасының бұзылғаны (плагиат, деректерді бұрмалау және қолдан жасау, жалған тең авторлық және нәтижелерді иемдену), гранттың мақсатына сай пайдаланылмағаны туралы талаптары бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған кезде Ұлттық Банк грант алушыға хабарламада көрсетілген мерзімдерде грант беру туралы шарт талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою қажеттігі туралы және (немесе) гранттың кезекті сомасын аударуды тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді. Грант беру туралы шарт талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою қажеттілігі туралы Ұлттық Банктің хабарламасында көрсетілген мерзімдер грант алушы оны алған күннен бастап кемінде 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 51
51. Грант алушы грант беру туралы шарт талаптарының анықталған бұзушылықтарын хабарламада белгілеген мерзімде жоймаған кезде, уәкілетті бөлімше гранттың толық немесе ішінара күшін жою және (немесе) бұрын берілген грант сомасын қайтару туралы мәселені гранттар беру жөніндегі комиссияның қарауына шығарады.
Тармақ 52
52. Гранттар беру жөніндегі комиссия гранттың толық немесе ішінара күшін жою және (немесе) бұрын берілген грант сомасын қайтару туралы шешім қабылдаған кезде, грант алушы бұрын берілген грант сомасын толық немесе ішінара қайтарады. Егер грант алушы ҚҚС төлеуші болып табылса, онда грант алушы берілген грант сомасын ҚҚС сомасын ескере отырып қайтарады.
Басқа 1. ____________________________________________ тақырыбы бойынша (зерттеу тақырыбын көрсету) зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінім
Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларына 1-қосымша Нысан ____________________________________________ тақырыбы бойынша (зерттеу тақырыбын көрсету) зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінім
Тармақ 1
1. Ізденуші туралы мәліметтер: 1.1 Заңды тұлғаның атауы 1.2 БСН 1.3 Заңды мекенжайы 1.4 Ізденушінің бірінші басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 1.5 Ізденушінің қызмет түрі (растайтын құжат көшірмелерін қоса бере отырып, қызмет бағытын көрсету) ☐ зерттеу қызметі ☐ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызмет ☐ ғылыми қызмет ☐ деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызмет, оның ішінде сауалнама жүргізу, деректерді интеграциялау арқылы (қоса беріледі: 1) ізденуші жарғысының көшірмесі; 2) ізденушінің мемлекеттік лицензиясының және білім беру қызметін жүргізу құқығына лицензияға қосымшалардың көшірмесі (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасын іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін); 3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесі (ғылыми қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға үшін)
Тармақ 2
2. Зерттеу жетекшісін қоса алғанда, жетекші орындаушылар және олардың біліктілігі туралы мәліметтер: 2.1 Зерттеу жетекшісі туралы мәліметтер 2.1.1 Зерттеу жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 2.1.2 Зерттеу жетекшісінің білімі туралы мәліметтер 1. Жоғары оқу орнының атауы және оқу елі: ____________________ 2. Диплом бойынша біліктілігі (мамандығы): _____________________________ 3. Академиялық дәреженің атауы (бакалавр / магистр): _____________________________ 4. Аяқтаған жылы: ___________________ (дипломның көшірмесі қоса беріледі) 2.1.3 Зерттеу жетекшісінің ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер (бар болса) 1. Жоғары оқу орнының атауы және оқу елі: ____________________ 2. Ғылыми дәрежесінің атауы: _____________________________ 3. Ғылыми дәрежесі берілген жыл: _____________________ (ғылыми дәреже берілгені туралы дипломның көшірмесі қоса беріледі) 2.1.4 Зерттеу жетекшісінің қазіргі жұмыс орны және лауазымы 2.1.5 Зерттеу жетекшісінің зерттеу тақырыбына қатысты жұмыс өтілі мен функцияларын көрсете отырып, зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер 2.1.6 Бар болса, зерттеу жобасы туралы қысқаша ақпарат (жобаның мерзімі, атауы, мақсаты, жобадағы рөлі, бар болса жоба қорытындысы бойынша жарияланым) көрсетілген зерттеу жетекшісі қатысқан зерттеу жобалары туралы мәліметтер 2.1.7 Зерттеу жетекшісінің зерттеу тақырыбына сәйкес саладағы жарияланымдары туралы ақпарат (жарияланым қоса беріледі не тиісті дерекқордағы жарияланымға сілтеме және (немесе) Digital Object Identifier DOI көрсетіледі) 2.1.8 Бар болса, зерттеу жүргізуге қатысуды негіздейтін зерттеу жетекшісінің негізгі жетістіктері туралы қосымша ақпарат 2.1.9 Зерттеу жетекшісінің байланыс деректері (телефоны және e-mail электрондық пошта мекенжайы) 2.2 Зерттеудің жетекші орындаушылары туралы мәліметтер (әрбір жетекші орындаушы бойынша ақпарат ұсынылады) 2.2.1 Жетекші орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) 2.2.2 Жетекші орындаушының білімі туралы мәліметтер 2.2.3 Бар болса, жетекші орындаушының ғылыми дәрежесі туралы мәліметтер 2.2.4 Жетекші орындаушының қазіргі жұмыс орны және лауазымы 2.2.5 Бар болса, жетекші орындаушының зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы және (немесе) жұмыс өтілі мен негізгі функциялары көрсетілген зерттеу жүргізуге жататын саладағы жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер 2.2.6 Бар болса, зерттеу жобасы туралы қысқаша ақпарат (кезең, атауы, мақсаты, жобадағы рөлі, бар болса жоба қорытындысы бойынша жарияланым) көрсетілген жетекші орындаушы қатысқан зерттеу жобалары туралы мәліметтер 2.2.7 Бар болса, жетекші орындаушының зерттеу тақырыбына сәйкес келетін саладағы жарияланымдары туралы ақпарат (жарияланым қоса беріледі не тиісті дерекқордағы жарияланымға сілтеме және (немесе) Digital Object Identifier DOI көрсетіледі) 2.2.8 Бар болса, зерттеу жүргізуге қатысуды негіздейтін жетекші орындаушының рөлі мен негізгі жетістіктері туралы қосымша ақпарат
Тармақ 3
3. Осы өтінімге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зерттеу шығыстарының сметасы және олардың негіздемесі.
Тармақ 4
4. Осы өтінімге 2-қосымшаға сәйкес зерттеу негіздемесі.
Тармақ 5
5. Дисклеймер (Ізденушінің міндеттемелері). Осы арқылы мыналарды:
Тармақша 1
1) өтінімде берілген мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын;
Тармақша 2
2) өтінім берілген сәтте ізденушінің тарату немесе банкроттық рәсімінде тұрған заңды тұлға болып табылмайтынын;
Тармақша 3
3) мыналармен: іріктеу талаптарымен және шарттарымен, сондай-ақ Ұлттық Банктің грантын алу кезінде туындайтын міндеттемелермен; Ұлттық Банк Басқармасының 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 47 қаулысымен бекітілген Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен гранттар беру қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар); авторларға арналған ғылыми жарияланымдардың көпшілік мақұлдаған этикалық нормаларымен және қағидаттарымен (Committee on Publication Ethics – COPE, https://publicationethics.org/) танысқанымды және жетекші орындаушыларды таныстырғанымды;
Тармақша 4
4) мыналармен: өтінімді және оған қоса берілетін құжаттарды тәуелсіз рецензенттердің қарауына жіберуге; Ұлттық Банктің шығыстар сметасын түзету туралы ұсынысын қарауға; грант алушы туралы ақпаратты (заңды тұлғаның атауы, зерттеу тақырыбы және жетекші орындаушылар) Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялауға; заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, Ұлттық Банктің өтінімдегі және (немесе) оған қоса берілетін құжаттардағы дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға беруіне; дәйексіз деректерді және (немесе) құжаттарды ұсыну фактілері анықталған кезде ізденушілерді іріктеудің кез келген кезеңінде өтінімді қабылдамауға; өтінімде көрсетілген мәліметтер өзгерген кезде Ұлттық Банкті дереу хабардар етуге; Ұлттық Банктің жетекші орындаушылар туралы мәліметтерді қоса алғанда, ұсынылған мәліметтерді тексеруіне және ұсынылған құжаттардың сақталуына; Ұлттық Банктің зерттеу нәтижелерін өз қызметінде пайдалануына; грант беру талаптарымен және Қағидалардың 27-тармағының 9) тармақшасында көзделген міндеттемелерді қабылдаумен; жетекші орындаушының зерттеу жүргізуге тек бір ізденушіде және бір зерттеу тақырыбы бойынша қатысуына келісетінімді және жетекші орындаушылардың жазбаша келісім алғанымды растаймын. Осы өтінімге мынадай құжаттардың көшірмелерін қоса беремін (құжаттар тізбесі көрсетіледі): Ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденушінің уәкілетті өкілінің (сенімхат қоса беріледі) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса). ___________ қолы, күні
Басқа 1.1. Зерттеу шығысының сметасы және олардың негіздемесі
Зерттеу жүргізу үшін грант алуға ұсынатын өтінімге 1-қосымша Нысан Зерттеу шығысының сметасы және олардың негіздемесі № Шы­ғыс ба­бы Өл­шем бір­лі­гі Құ­ны (бі­ре­уі­нің), тең­ге Са­ны (бі­ре­уі­нің) Бар­лы­ғы (тең­ге) Шы­ғыс ба­бы­ның негіз­де­ме­сі 1 2 3 4 5 6 7 1. Ең­бе­ка­қы тө­леу шы­ғы­сы, оның ішін­де Жа­ла­қы Әле­умет­тік са­лық Әле­умет­тік ауда­рым­дар Мін­дет­ті әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру­ға (бұ­дан әрі – МӘМС) ауда­рым­дар Жұ­мыс бе­ру­ші­нің мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры (бұ­дан әрі – ЖБМЗЖ) 1.1 Зерт­теу бас­шы­сы­на ең­бе­ка­қы тө­леу шы­ғы­сы (Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Орын­да­ла­тын жұ­мыстың тіз­бе­сі: 1)... 2)... Та­риф­тік мөл­шер­ле­ме – Жа­ла­қы Әле­умет­тік са­лық Әле­умет­тік ауда­рым­дар МӘМС-ке ауда­рым­дар ЖБМЗЖ 1.2 Же­тек­ші орын­да­у­шы­лар 1.2.1 Же­тек­ші орын­да­у­шы­ға ең­бе­ка­қы тө­леу шы­ғы­сы (Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Орын­да­ла­тын жұ­мыстың тіз­бе­сі: 1)... 2)... Та­риф­тік мөл­шер­ле­ме – Жа­ла­қы Әле­умет­тік са­лық Әле­умет­тік ауда­рым­дар МӘМС-ке ауда­рым­дар ЖБМЗЖ 1.2.2 … 1.2.n 1.3 Қо­сым­ша тар­ты­ла­тын орын­да­у­шы­лар­ға ақы тө­леу шы­ғы­сы (сту­дент­тер, ма­ги­странт­тар, ас­пи­рант­тар және бас­қа адам­дар) 1. Са­ны – 2. Ең­бе­ка­қы тө­леу үшін мөл­шер­ле­ме­ні негіз­деу: 3. Қа­жет­ті­лі­гі мен тар­ту­ды негіз­деу және зерт­те­уде­гі рө­лі: Жа­ла­қы Әле­умет­тік са­лық Әле­умет­тік ауда­рым­дар МӘМС-ке ауда­рым­дар ЖБМЗЖ 2. Іс­са­пар шы­ғы­сы 2.1 тәу­лік­тік тө­лем (іс­са­пар­лар­дың және адам­дар­дың, адам күн­де­рі­нің са­нын көр­се­ту) 2.2 тұ­ру (іс­са­пар­лар­дың және адам­дар­дың, адам күн­де­рі­нің са­нын көр­се­ту) 2.3 жол жү­ру (іс­са­пар­лар­дың және адам­дар­дың са­нын ашып жа­зу) 3. Үсте­ме шы­ғыс 3.1 3.2 … 3.n 4. Ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық қам­та­ма­сыз ету, бар­лы­ғы 4.1 4.2 … 4.n 5. Ал­дың­ғы тар­мақ­тар­да көр­се­тіл­ме­ген шы­ғыс, бар­лы­ғы 5.1 … 5.2 … 5.n ЖИЫ­НЫ x x x 1, 2, 3, 4 және 5-жол­дар­дың қо­сындысы x Қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­ның со­ма­сы (бұ­дан әрі – ҚҚС)* ҚҚС со­ма­сын қо­сқан­да жиы­ны Шығыс сметасы Excel форматындағы кестеде ұсынылады. Кестеде шығыстың әрбір бабына негіздеме және түсіндірме, қосымша жан-жақты есептер түрінде зерттеуге қажеттілігі мынаны ескере отырып көрсетіледі: 1. Жетекші орындаушылардың және қосымша тартылған орындаушылардың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстың баптары бойынша: 1.1 Зерттеу жетекшісінің және зерттеудің жетекші орындаушыларының еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар аты-жөнімен көрсетіледі. «Жалақы» деген жолда қызметкерден ұсталатын салықтар мен жарналар сомасын қоса алғанда, жалақы көрсетіледі. Зерттеу жетекшісінің және зерттеудің жетекші орындаушыларының «жалақысы» деген жол бойынша: 3-бағанда сағат өлшем бірлігі ретінде көрсетіледі; 4-бағанда тарифтік мөлшерлемені 164** бөлу арқылы айқындалатын сағаттық мөлшерлеме көрсетіледі. «Тарифтік мөлшерлеме» ретінде ізденушінің ұйғарымы бойынша мына мәндердің бірі қолданылады: 1) егер орындаушы ізденушінің штаттық қызметкері болып табылса, ізденушінің орындаушысына белгіленген нақты лауазымдық жалақы (айлық); 2) ізденушінің ұқсас позициясының (лауазымының) жалақысына (лауазымдық айлықақысына) баламалы бір айға еңбекке ақы төлеу мөлшерлемесі; 3) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі ұсынатын лауазымдар бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы штаттық профессор-оқытушылар құрамының ең төменгі айлық жалақысы; 4) мемлекеттік статистика саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган жариялаған соңғы қолжетімді кезеңдегі орташа жалақы; 5-бағанда жоба бойынша жұмысқа жұмсалған сағаттардағы уақыт көрсетіледі. 5-бағандағы мән зерттеу ұзақтығынан аспайды; 6-бағанда 4 және 5-бағандар мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелетін мән көрсетіледі; 7-бағанда орындаушы орындайтын іс-шаралар, сондай-ақ 4-баған бойынша еңбекке ақы төлеудің сағаттық мөлшерлемесін есептеу үшін қолданылған тарифтік мөлшерлеме көрсетіледі. Бұл ретте ізденуші қол қойған жалақы мөлшерін және оның негіздемесін, қолданылған тарифтік мөлшерлемені есептеу зерттеуге арналған шығыстар сметасына және олардың негіздемелеріне қоса беріледі. 1.2 Қосымша тартылатын орындаушылардың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыс. Шығыстың осы бабы бойынша көмекші ретінде қосымша тартылған орындаушылардың (студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды қоса алғанда) еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыс аты мен тегі аталмай көрсетіледі. Қосымша тартылатын орындаушылардың «жалақы» жолы бойынша әрбір позиция немесе функция бойынша мыналарды көрсету: 3-бағанда өлшем бірлігі ретінде сағат көрсетіледі; 4-бағанда жұмыспен толық қамтылған сағаттар үшін қосымша тартылатын орындаушылардың еңбекақы мөлшерлемесі көрсетіледі; 5-бағанда қосымша тартылатын орындаушылардың толық жұмыспен қамтылған сағаттардың жалпы саны көрсетіледі (толық жұмыспен қамтылған адам-сағат саны); 6-бағанда 4 және 5-бағандар мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептелетін мән көрсетіледі; 7-бағанда еңбекке ақы төлеу үшін қолданылған мөлшерлеменің негіздемесін көрсете отырып, қосымша тартылатын орындаушыларды тарту қажеттілігі және олардың зерттеудегі рөлі көрсетіледі. 2. Зерттеу жүргізуге байланысты іссапар шығысының баптары бойынша: 1) іссапарда болған әрбір күнтізбелік күн үшін, оның ішінде жол жүру уақыты үшін, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде тәуліктік төлемдер; 2) Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында тәулігіне 15 АЕК-тен аспайтын, Қазақстан Республикасының облыс орталықтарында (Атырау, Ақтау қалаларын қоспағанда) және басқа қалаларында тәулігіне 12 АЕК-тен аспайтын мөлшерде тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыс; 3) «Эконом» класты әуе билетінің немесе теміржол көлігінің құны бойынша межелі жерге бару және кері қайту жолақысы бойынша шығыс. 3. Үстеме шығыстардың баптары бойынша: Үстеме шығыстар дегеніміз – ізденушінің үй-жайды, жабдықты ұстауға және олар бойынша амортизациялық аударымдарды, коммуникацияларға (телефон байланысы, интернет) және басқа да инфрақұрылымға (коммуналдық қызметтер және (немесе) пайдалану шығыстары) қол жеткізуге арналған шығыстарды, кеңсе шығыстары мен грантқа әкімшілік қызмет көрсетуді қамтитын зерттеуді орындауға жағдай жасау үшін жұмсайтын шығыстары. Үстеме шығыстардың жалпы сомасы шығыстар сметасының 1-жолында көрсетілген еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстар сомасының ең көбі 15% (он бес пайыз) құрайды және 800 (сегіз жүз) АЕК-тен аспайды. Үстеме шығыстардың талдамасы мен негіздемесі талап етілмейді. 4. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстар. Шығыстардың сомасы мен баптарын көрсете отырып, зерттеу жүргізу үшін қажетті (мысалы, бөгде ұйымдардың сауалнама жүргізу қызметтерін сатып алу және тағы басқалар) бөгде ұйымдардың қызметтеріне ақы төлеуге байланысты материалдарды (қорларды) және шығыстарды қоса алғанда, материалдық-техникалық қамтамасыз ету. 7-бағанда материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған шығыстар қажеттілігінің, жоспарланған бағалар мен көлемінің (санының) негіздемесі көрсетіледі. Өтінім бере отырып, ізденуші грант алған кезде зерттеу орындаушыларын зерттеу жүргізу үшін үй-жаймен, коммуникацияларға және басқа да инфрақұрылымға қол жеткізуін қамтамасыз етуге өзіне міндеттеме алады. Ескертпе: * Егер грант алушы ҚҚС төлеуші болып табылса, ҚҚС сомасы (пайызбен және тікелей есеп айырысу бірліктерімен) көрсетіледі; ** бес күндік 40 сағаттық жұмыс аптасында жұмыс уақытының орташа айлық балансы.
Басқа 1.2. Зерттеудің негіздемесі
Зерттеу жүргізу үшін грант алуға өтінімге 2-қосымша Зерттеудің негіздемесі
Тармақ 1
1. Зерттеуге аннотация – зерттеу идеясының қысқаша сипаттамасы, шешу үшін зерттеуге қойылған проблемалар.
Тармақ 2
2. Зерттеу әдіснамасы:
Тармақша 1
1) зерттеудің негізгі ғылыми мәселелерінің сипаттамасы, зерттеуде қолдануға ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің негіздемесі және сипаттамасы;
Тармақша 2
2) зерттелетін тақырыпқа қатысты ғылыми зерттеулерге шолу (релеванттық жұмыстарға сілтемелер Гарвард стилінде ұсынылады), зерттеудің күтілетін нәтижелерін осындай белгілі нәтижелермен салыстыру;
Тармақша 3
3) алғашқы (бастапқы) ақпаратты жинау әдістерін, оның көздерін, деректерді алуға рұқсаттың болуын (не деректерді алуға берілетін рұқсаттарды сатып алу жөніндегі жоспарларды) және оларды зерттеу міндеттерін шешу үшін қолдануды, деректерді өңдеу тәсілдерін, сондай-ақ олардың дұрыстығы мен жаңғыртылуын қамтамасыз етуді қоса алғанда, пайдалануға ұсынылатын деректердің сипаттамасы.
Тармақ 3
3. Күтілетін нәтижелер:
Тармақша 1
1) сандық және сапалық сипаттамаларын және іске асыру нысанын көрсете отырып, жобаның мақсатына қол жеткізуге сәйкес келетін нәтиже;
Тармақша 2
2) зерттеу нәтижелерін тәжірибелік қолдану.
Тармақ 4
4. Зерттеу жүргізу барысында басқа жеке және заңды тұлғаларды тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсете отырып, оларды тарту.
Тармақ 5
5. Алдағы жұмыстың көзделген іс-шаралары, олардың ұзақтығы, негізділігі және орындалуы, жұмылдырылған жетекші орындаушылар, ізденушіде зерттеулер жоспарын іске асыру үшін жеткілікті материалдық-техникалық ресурстардың болуы көрсетілген, Гант диаграммасы түріндегі зерттеулер жоспары
Тармақ 6
6. Ізденушілерді іріктеу туралы хабарландыруда көзделген ақпарат.
Тармақ 7
7. Зерттеу негіздемесі 5000 (бес мың) сөзден аспайды, толыққанды болып табылады және онда URL сілтемесі жоқ.»
Басқа 2
Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларына 2-қосымша Нысан Тәуелсіз рецензенттің ізденушімен мүдделер қайшылығының болуы не болмауы туралы хабарлама: Мен____________________________________________________________ (тәуелсіз рецензенттің тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) мыналар (керегінің астын сызу): ізденушімен мүдделер қайшылығының болмағанын хабарлаймын және тәуелсіз рецензент ретінде өз қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз ұстануға міндеттенемін; мүдделер қақтығысының болғанын хабарлаймын, себебі (керегін белгілеу): ☐ ізденушінің мүшесімін (қатысушысымын), әрекеттегі құрылтайшысымын; ☐ ізденушінің басқару органының мүшесімін, жетекшісімін; ☐ ізденушіден соңғы жыл ішінде көрсетілген қызметтер үшін ақы алдым немесе тікелей қаржылық қолдау алдым (егер болса, онда қандай қызметтер көрсеткенін көрсету) _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ☐ жетекші орындаушылармен, соның ішінде зерттеу жетекшісімен жақын туыстық байланыстарым бар (егер болса, онда жетекші орындаушының, соның ішінде ізденуші жетекшісінің тегін, атын және әкесінің атын (ол бар болса) көрсету): _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ ☐ мүдделердің алдыңғы тармақтарда көрсетілмеген әлеуетті қақтығыстары бар (егер болса, онда қайсысы екенін көрсету керек): _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________ Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және осы хабарламаны толтыру кезінде ақпараттың дәйектілігіне жауап беремін. 20___жылы «____» ________________ Қолы _____________
Басқа 3. Бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есеп
Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің басым бағыттары бойынша зерттеулерді жүргізу үшін гранттар ұсыну қағидаларына 3-қосымша Нысан Бөлінген гранттың пайдаланылуы туралы есеп № Шығыстар бабының атауы Смета бойынша жоспарланған сома Нақты жұмсалған сома Үнем Растайтын құжаттың атауы, нөмірі және күні Ескерту 1 2 3 4 5 6 7 ... ... Жиынтығы Барлығы Барлығы Барлығы Растайтын құжаттар бойынша қосымша: 1) … 2) … 3) … Ұсынылған мәліметтер мен қоса берілген құжаттардың дәйектілігін және толықтығын растаймыз. Грант алушының лауазымды адамы ____________ ________________ (қолы) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) Жетекші орындаушылар ____________ ________________ (қолы) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) Бухгалтер-экономист ____________ ________________ (қолы) тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)