Об утверждении норматива субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына 1-қосымша Тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін сатып алынатын ауыл шаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі Ауыл шаруашылық өнімінің атауы Тереңдете өңделген өнімдердің атауы Субсидия нормативі, теңге/килограмм Сүт Сары май 52,0 Сүт Қатты ірімшік 196,3
Басқа 1. Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/176 қаулысына 2-қосымша Ақмола облысы әкімдігінің күші жойылды деп танылған, кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4784 болып тіркелген).
Тармақ 2
2. Ақмола облысы әкімдігінің «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № А-2/43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5279 болып тіркелген).
Тармақ 3
3. Ақмола облысы әкімдігінің «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2019 жылғы 9 сәуірдегі № А-4/159 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7129 болып тіркелген).
Тармақ 4
4. Ақмола облысы әкімдігінің «Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № А-4/123 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 3 наурыздағы № А-3/107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7715 болып тіркелген).