О социальной защите ветеранов Великой Отечественной войны, инвалидов Чернобыльской АЭС и одиноких инвалидов, нуждающихся в постороннем уходе Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-iнiң мүгедектерiн және басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы
"Қaзақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтiру және Маңғыстау облыстық мәслихатының "2002 жылға арналған облыстық бюджет туралы" 2001 жылғы 25 желтоқсандағы № 16/147 шешiмiн орындау мақсатында, облыс әкiмiнiң бұрын қабылдаған "Ұлы Отан соғысының ардагерлерiн, Чернобыль АЭС-ғы апаттың мүгедектерiн және сырттай көмекке мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" 1999 жылғы 17 тамыздағы № 199 шешiмiн қайта қарап, облыс әкiмияты қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Ұлы Отан соғысының (бұдан әрi - ҰОС) қатысушыларына, мүгедектерiне, Чернобыль АЭС-iнiң (бұдан әрi - ЧАЭС) мүгедектерiне тiс протезiн жасауға және жөндеуге берiлетiн бiржолы материалдық көмек көрсету ережелерi бекiтiлсiн (1 қосымша).
Тармақ 2
2. Басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына күтімі үшін ай сайынғы қосымша үстеме ақыны қаржыландыруды, тағайындауды және төлеудi ұйымдастыру тәртiбi туралы қағида бекiтiлсiн (2 қосымша).
📌 Ескерту. 2-тармақ өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 сәуірдегі № 85 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы (А.Баужанова) үОС қатысушыларына, мүгедектерiне, ЧАЭС мүгедектерiне тiс протезiн жасауғa және жөндеуге бiржолғы материалдық көмектi және жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларына ай сайын үстеме ақы төлеудi жергiлiктi бюджеттiң қарaжaты есебiнен жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырсын.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Ж.С.Сәрсенқұлов), қалалар мен аудандардың әкiмдерi көрсетiлген мақсатқа жергiлiктi бюджетте қаралған қарaжaттан уақытында қaржыландыруды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Е.Күмiсқалиға жүктелсiн.
Басқа 6
1 қосымша
Бекiтiлдi
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 5 наурызда
№ 36 қаулысы
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына,
мүгедектерiне және Чернобыль АЭС-iнiң
мүгедектерiне тiс протезiн жасауға және жөндеуге
берiлетiн бiр жолғы материалдық көмек көрсету
ЕРЕЖЕЛЕРI
Тармақ 1
1. Осы Ережелер Ұлы Отан соғысының (бұдан әрi - ҰОС) қатысушыларына, мүгедектерiне және Чернобыль АЭС-iнiң (бұдан әрi - ЧАЭС) мүгедектерiне тiс протезiн жасауға және жөндеуге бiр жолғы берiлетiн әлеуметтiк төлемнiң тетiгiн айқындап белгiлейдi.
Тармақ 2
2. ҰОС қатысушыларына, мүгедектерiне және ЧАЭС мүгедектерiне бiр жолғы әлеуметтiк төлем облыстық мәслихаттың алдағы жылға арналған облыстық бюджет жөнiндегi шешiмiмен белгiленген мөлшерiнде стоматологиялық кәсiпорындардың берген есеп - шотына сәйкес жүргiзiледi.
Қайтадан тiс протезiн жасату және жөндету 3 жыл өткеннен кейiн ортопед-тiс дәрiгерiнiң қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Бiр жолғы әлеуметтiк көмек алу құқығы бар үОС қатысушылары, мүгедектерi және ЧАЭС мүгедектерi аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бiлiмдерiне мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша 1
1) тiс протезiн жасау және жөндеудiң қажеттiгi жөнiнде ортопед-тiс дәрiгерiнiң осы мақсатқа қажеттi сомасы көрсетiлген қорытындысы;
Тармақша 2
2) бiр жолғы материалдық көмекке арналған өтiнiшi;
Тармақша 3
3) ҰОС қатысушылары мен мүгедектерiнiң және ЧАЭС мүгедектерiнiң куәлiгi;
Тармақша 4
4) бiржолғы материалдық көмек алушы азаматтық паспорты немесе жеке куәлiгi.
Тармақ 4
4. Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдары осы Ережелердiң 3-i тармағына сәйкес бiр жолғы материалдық көмек алуы үшiн тапсырған құжаттарын әдейi журналға тiркейдi.
Еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдарының тiркеу журналы негiзiнде орындалған жұмыстың бағасы және төлемдi алушының бiржолғы әлеуметтiк көмек мөлшерi көрсетiлiп, тiзiм жасақталады.
Бiржолғы төлемдi тағайындау, қаржыландыру және төлеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау органдары бөлiнген лимит шегiнде, одан соң облыстық қаржы басқармасына берiлетiн, қажеттi қaрaжaтқа өтiнiмдi жасақтайды.
Тармақ 5
5. Бiр жолғы төлем Қазақстан халық банкiсi ашық акционерлiк қоғамымен (бұдан әрi - Халық банкiсi) жасалған агенттiк келiсiм негiзiнде Маңғыстау облыстық филиалы арқылы төленедi.
Тармақ 6
6. Бiр жолғы төлем төлеу жергiлiктi бюджет қарaжaты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерi "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету жөнiндегi" 6.2.105.60 бюджеттiк сыныптама бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес агенттiк келiсiм негiзiнде Халық банкiсiнiң филиалдарына аудару үшiн көрсетiлген қарaжaтты аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң бюджеттiк есеп шотына аударады.
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы Халық банкiсiмен салыстырып, қарағаннан кейiн облыстық қалалары мен аудандары бойынша төлем төлеудiң нәтижесi жөнiнде облыстық қаржы басқармасына ай сайын есеп бередi.
Басқа 19
2 қосымша
Бекiтiлдi
Маңғыстау облысы әкiмиятының
2002 жылғы 5 наурызда
№ 36 қаулысы
Басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердiң
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына күтімі үшін ай сайынғы қосымша үстеме ағыны қаржыландыруды, тағайындауды және төлеудi
ұйымдастыру тәртiбi туралы
ҚАҒИДА
📌 Ескерту. Атауы өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 сәуірдегі № 85 қаулысымен.
Осы Қағида басқа адамның көмегiне мұқтаж жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына күтімі үшін үстеме ақы есептеудiң тетiгiн, оларды тағайындаудың, қаржыландырудың және төлеудiң шарттарын айқындайды.
Ескерту. Кіріспесі өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 сәуірдегі № 85 қаулысымен.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына үстеме ақы есептеудi ұйымдастыру үшiн, жергiлiктi атқарушы органдардың және аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiнiң өкiлдерi құрамынан арнайы комиссия құрылады.
Тармақ 2
2. Аудандық және қалалық арнаулы комиссиялар:
жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына үстеме ақы тағайындау жөнiндегi арызын қарайды;
көмек көрсетуге өтiнiш жасаған мүгедектердiң тұрмыс-жағдайын және қамтамасыз етiлу деңгейін анықтайды;
мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға үстеме ақы тағайындау немесе оның күшiн жою жөнiндегi шешiм қабылдайды;
туындаған даулар мен жанжалдарды шешедi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын Жалғызiлiктi бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға үстеме ақы тағайындау жөнiндегi арызы аудандық және қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бiлiмдерi арқылы комиссияға берiледi.
Арызға мынадай құжаттар тiркеледi:
Тармақша 1
1) мүгедектiгi жөнiнде медициналық-әлеуметтiк сарапшылық комиссиясының (бұдан әрi - МӘСК) анықтамасы;
Тармақша 2
2) тұрғылықты жерiнен анықтама;
Тармақша 3
3) алатын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысының мөлшерi жөнiнде анықтама. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға үстеме ақы тағайындау үшiн қажеттi құжаттардың түпнұсқасын немесе белгiленген тәртiпте куәландырылған көшiрмесiн тапсыруға болады.
📌 Ескерту. 3-тармақ толықтырылды - Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 сәуірдегі № 85 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Арыз берген жалғызiлiктi мүгедектер тапсырған ақпаратының растығы жөнiнде толықтай жауапкершiлiк артады. Үстеме ақыны төлеу жүргiзiлгеннен кейiн әлдебiр бұзушылық немесе жазған мәлiмет анықталған жағдайда, заңсыз төленген сома, қолданыстағы заңнамамен белгiленген тәртiпте кiнәлi адамнан керi өндiрiлiп алынады.
Тармақ 5
5. Жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға төленетiн үстеме ақы облыстық мәслихаттың алдағы жылға арналған бюджет жөнiндегi жыл сайынғы шешiмiмен белгiленген мөлшерде есептеледi.
Тармақ 6
6. III-топтағы жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына үстеме ақы төленбейдi.
Тарау 2. 2. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақы
тағайындаудың шарттары
2. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақы
тағайындаудың шарттары
Тармақ 7
7. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақыны тағайындау қалалық, аудандық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi aрқылы жүргiзiледi.
Тармақ 8
8. Мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстеме ақы алуға құқылы жалғызiлiктi мүгедектер тұрғылықты жерлерi бойынша аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне мынадай құжаттарды тапсырады:
Тармақша а
а) 1, 2 топтағы мүгедектiгi жөнiндегi МӘСК анықтамасының көшiрмесi;
Тармақша ә
ә) тұрғылықты жерiнен анықтама;
Тармақша б
б) алатын мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысының мөлшерi жөнiнде анықтама.
9. Үстеме ақы мөлшерiнiң қайтадан қаралуы жыл сайын республика бюджетi туралы Заңымен бекiтiлетiн, aйлық есептiк көрсеткiштiң өзгеруiне байланысты жүргiзiледi.
Тарау 3. 3. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме
ақыны қаржыландыру және төлеу
3. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк
әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме
ақыны қаржыландыру және төлеу
Тармақ 10
10. Жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша төленетiн үстеме ақыны төлеуге арналған қаржыландыру, 6.2.258.57.51 "Басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға жұмсалатын қосымша үстеме ақысы" шығыстардың бюджеттiк сыныптары бойынша жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
Тармақ 11
11. Аудандық, қалалық қаржы бөлiмдерi жергiлiктi бюджетте тұрған бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру жөнiндегi нұсқаулыққa сәйкес, басқа адамның көмегiн қажет ететiн жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақы төлеуге табыс етiлген өтiнiмдер мен қаржыландыру жоспарына сай aй сайын қаражат бөледi.
Тармақ 12
12. Аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 2-i тармағының негiзiнде үстеме ақы алатын мүгедектердiң әрқайсысына құжаттар жиынтығы бар iс және салымы жөнiндегi дербес есеп - шотының нөмерi, жеке куәлiгiнiң мәлiметтерi, салық төлеушiнiң тiркеу нөмерi (СТТН), үйiнiң мекен-жайы көрсетiлген есеп карточкасын ашып жүргiзедi;
Тармақша 2
2) aғымдағы айдың 25-не дейiн 1) тармақшаның негiзiнде ай сайын белгiленген үлгi бойынша қосымша үстеме ақы алушылардың жиынтық тiзiмiн қалыптастырады.
📌 Ескерту. 12-тармақ өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 сәуірдегі № 85 қаулысымен.
Тармақ 13
13. Аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша тағайындалған үстеме ақының есепке алынған сомасын облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы және Қазақстан Халық банкiсi ашық акционерлiк қоғамының Маңғыстау облыстық филиалымен арадағы келiсiммен aйқындалған қажеттi қаражат сомасын, сондай-ақ банкке комиссиондық сыйақы сомасын Халық банкісiнiң аудандық бөлiмшелерiнiң есеп-шоттарына аударады.
Тармақ 14
14. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына өткен тоқсан үшiн қосымша үстеме ақы төлеудi еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi тапсырған тiзiмге сәйкес Халық банкiсiнiң филиалдары жүргiзедi.
Тармақ 15
15. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақыны төлеудi, алушының жеке басын куәландыратын құжаттарын табыс етуi жағдайында тiзiм негiзiнде Халық банкiсiнiң филиалдары жүргiзедi.
Тармақ 16
16. Жалғызiлiктi мүгедектердiң мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақы төлеу үш жылдан көп емес мерзімге нотариалдық расталған сенiмхат бойынша дa жүргiзiле aлады.
📌 Ескерту. 16-тармақ өзгертілді - Маңғыстау облысы әкімиятының 2002 жылғы 25 сәуірдегі № 85 қаулысымен.
Тармақ 17
17. Халық банкiсiнiң аудандық филиалдары төленгеннен кейiнгi әр айдың 5-не дейiн тиiстi үлгi бойынша жалғызiлiктi мүгедектерге төленген сома туралы мәлiметтi аудандық (қалалық) еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне табыс етедi, олар облыстық қаржы басқармасына облыс бойынша жиынтық есеп беру үшiн оны облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасына жiбередi.
Тармақ 18
18. Жергiлiктi жерде жалғызiлiктi мүгедектерге мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыға қосымша үстеме ақы төлеудiң есебiн алу, оны бақылау аудандық, қалалық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау бөлiмдерiне жүктеледi.
Тармақ 19
19. Жалғызiлiктi мүгедектердің мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақысына қосымша үстеме ақының дұрыс тағайындалуына бақылау жасауды облыстық еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтiк қорғау басқармасы мен қаржы басқармасының органдары жүзеге асырады.