Об утверждении Правил пользования сводным электронным каталогом библиотек Казахстана Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан кітапханаларының
жиынтық электрондық каталогын
пайдалану қағидаларын
бекіту туралы
«Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын
пайдалану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 22 сәуірдегі
№ 105
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын
пайдалану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-9) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы (бұдан әрі – Жиынтық электрондық каталог) – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
Тармақша 2
2) Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы – қазақстандық кітапханалардың, музейлер мен архивтердің қорларын сақтауға, сондай-ақ Қазақстанның тарихи, ғылыми және мәдени мұрасына пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;
Тармақша 3
3) қатысушы – Қазақстан Республикасының кітапханалары.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану тәртібі
2-тарау. Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогын пайдалану тәртібі
Тармақ 3
3. Жиынтық электрондық каталог жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – пайдаланушылар) анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуге арналған.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер іздеу мақсатында баспа және қолжазба құжаттарын, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдарды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 5
5. Жиынтық электрондық каталогты пайдалану Қазақстанның ұлттық электрондық кітапханасы арқылы пайдаланушыны авторизациялаусыз және тіркеусіз жүзеге асырылады.
Тармақ 6
6. Жиынтық электрондық каталог қызметтерін пайдалану тегін жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Жиынтық электрондық каталог пайдаланушыларға интернет желісіне қосылған құрылғылар арқылы қолжетімді.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтерді Жиынтық электрондық каталогта іздеу қазақ және (немесе) орыс тілдерінде бірыңғай іздеу жолы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтерді іздеу мынадай өлшемшарттардың бірімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) автордың аты-жөні бойынша;
Тармақша 2
2) баспа және қолжазба құжаттарының, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдарының атауы бойынша;
Тармақша 3
3) баспаның атауы бойынша;
Тармақша 4
4) басылымның шығу мәліметтерінің міндетті элементтері бойынша.
Тармақ 10
10. Сұратылған ақпарат болған жағдайда, осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген өлшемшарттар бойынша іздеу нәтижелері бастапқы деректері бар қатысушылардың интернет-ресурстарына сілтеме жасай отырып, тізім түрінде көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Библиографиялық мәліметтерді іздеу нәтижелеріне көшу көрсетілген сілтемелер тізімінен баспа және қолжазба құжаттарының, сондай-ақ графикалық, дыбыстық-көрініс материалдардың қажетті атауын таңдау арқылы жүзеге асырылады.