Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в городе Актау Күшін жойған
Басқа 0
Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен
тәртібін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Ақтау қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Ақтау қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы − Д.Телегенова) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның интернет-ресурста орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б. Жүсіпов).
Тармақ 5
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Ақтау қалалық мәслихатының
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 2/16 шешіміне 1 қосымша
Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі
Осы Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20498 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.
Тарау 1. 1 - тарау. Жалпы ережелер
1 - тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақмүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы;
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) кірістерінің жалпы сомасы;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган);
Тармақша 4
4) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Тармақша 5
5) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі -Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, оныңорналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 6
6) www.egov.kz «Қазақстан Республикасы Электрондық үкіметінің» веб-порталы (бұданәрі - Веб-портал).
Тармақша 7
7) жергілікті өкілетті орган - Ақтау қалалық мәслихаты.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар 10 пайыздан асырмай белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 3
3. Шекті жол берілетін шығыстар үлесі аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысының үш пайызы мөлшерінде, ал жалғызілікті зейнеткерлер, барлық топтағы мүгедектігі бар адамдар және ерлі-зайыптылар үшін бір пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және коммуналдық қызметтерді төлеуге шоттарға шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тармақ 5
5. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.
Тармақ 6
6. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 7
7. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Коммуналдық қызметтерді тұтынған үшін соманың құрамына: сумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, қоқыс шығару, лифттерге және канализацияға қызмет көрсету кіреді.
Тарау 2. 2 - тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
2 - тарау. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі
Тармақ 9
9. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды қоса өтініш береді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртiбi Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №20498 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.
Тармақша 3
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) балаларға және басқа да асырауындағыларға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) банктік шоты;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 9
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Меншік құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық жүйелер арқылы алады.
Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) қайта өтініш берген кезде осы Тәртіптің 14 тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табыстары туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға шоттарды ғана ұсынады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 11
11. Осы тәртіптің 9 тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 12
12. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсетуден тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде бас тартады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім не кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратынуәкілетті органменқабылданады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат түрінде «жеке кабинетке» жіберіледі.
Тармақ 16
16. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап, ағымдағы қаржы жылына тағайындалады.
Тармақ 17
17. Тұрғын үй көмегін тағайындағанға дейін қалыптасқан коммуналдық қызметтер бойынша берешектер есепке алынбайды.
Тармақ 18
18. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау мөлшерін есептеу кезінде келесідей нормалар ескеріледі:
Тармақша 1
1) өтем шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы үшін әр адамға кемінде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң алынады, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтерден кем емес;
Тармақша 2
2) есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
Егер шығыстарға нормалар мен тарифтер заңнамамен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақты шығыстар бойынша жүргізіледі.
Тармақ 19
19. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын жайы бар немесе үй-жайын жалға (жалдауға) немесе жартылай жалға берген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
Тармақ 20
20. Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растау қажет болған жағдайда, Уәкілетті орган өтініш берушінің тұрған жерінің материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеріс жүргізуге құқылы.
Тарау 3. 3 - тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
3 - тарау. Тұрғын үй көмегін төлеу
Тармақ 21
21. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер арқылы әр айдың 25-не дейін жүзеге асырылады.
Тармақ 22
22. Отбасы (азамат) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған жағдайда жиынтық табысты есептеу жүргізілмейді.
Отбасы (азамат) тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.
Басқа 0. Ақтау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Ақтау қалалық мәслихатының
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№2/16 шешіміне 2 қосымша
Ақтау қалалық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57«Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3191 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
Тармақ 2
2. 2017 жылғы 16 мамырдағы № 8/102 «Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3372 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. 2018 жылғы 17 қырқүйектегі № 19/211 «Қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3711 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 4
4. 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 29/313 «Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4075 болып тіркелген, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 5
5. 2020 жылғы 15 маусымдағы № 32/371 «Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 21 қазандағы № 5/57 «Ақтау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4240 болып тіркелген, 2020 жылғы 23 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).