Об утверждении объема субсидии на повышение продуктивности и качества продукции аквакультуры (рыбоводства) Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 408 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17583 тіркелген) сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшаcына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Алматы облысы әкімдігінің «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 171 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5484 тіркелген, 2020 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
Тармақша 2
2) Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 171 «Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 455 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5789 болып тіркелген, 2020 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
Тармақ 3
3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы қаулының Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқық бөліміне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің орынбасары С. Тұрдалиевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 11
Алматы облысы әкімдігінің қаулысына қосымша 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 164 Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемі № Субсидиялау бағыты Өлшем бірлігі 1(бір) килограмм өнімін өндіруге жұмсалатын азық шығынының нормативі (кг) Балық азығының 1(бір) кг үшін тиесілі субсидиялар сомасы (теңге) Субсидияланатын көлемі (тонна) Шығыны (%) Субсидиялар сомасы (мың.теңге) 1 Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары кг 1,2 270 277,8 30 27 000 2 Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары кг 1,5 285 31,1 30 4 000 3 Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары кг 4,0 105 8,7 30 1 095 Барлығы 317,6 32 095