Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған
Басқа 0
Азаматтық қызметші
болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру
және мәдениет саласындағы мамандар
лауазымдарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 125 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3848 тіркелген, 2016 жылғы 18 маусымдағы «Қарқаралы» № 49-50 (11340) газетінде, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 22 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2016 жылы 22 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 қаңтардағы №16 «Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №125 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5692 тіркелген, 2020 жылғы 8 ақпандағы «Қарқаралы» № 6 (11753) газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылы 30 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. «Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қарқаралы аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Нуркенов
Басқа 0. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі
Қарқаралы ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы 14
сәуірдегі
№ 156
қаулысына қосымша
Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемінде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер алуға құқылы азаматтық қызметші болып табылатын лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) ММ және КМҚК басшысы (директоры);
Тармақша 2
2) кітапхана меңгерушісі;
Тармақша 3
3) барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер);
Тармақша 4
4) барлық атаудағы суретші;
Тармақша 5
5) кітапханашы;
Тармақша 6
6) режиссер;
Тармақша 7
7) көркемдік жетекші;
Тармақша 8
8) музыкалық жетекші;
Тармақша 9
9) балетмейстер;
Тармақша 10
10) концертмейстр;
Тармақша 11
11) хормейстер;
Тармақша 12
12) дирижер;
Тармақша 13
13) аккомпаниатор;
Тармақша 14
14) хореограф;
Тармақша 15
15) мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер);
Тармақша 16
16) библиограф;
Тармақша 17
17) бухгалтер.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;
Тармақша 2
2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
Тармақша 3
3) барлық атаудағы әлеуметтік қызметкер.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – мемлекеттік мекеме;
КМҚК – коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.