Об утверждении Правил определения рейтинга творческих кружков для детей и юношества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидаларын бекіту туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 35-14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 35-14) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік шығармашылық тапсырыс – мемлекет қаржыландыратын, мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес айқындалатын және өнім берушілерде олардың меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан орналастырылатын, балалар мен жасөспірімдер үшін мәдениет саласында көрсетілетін қызметтер көлемі (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс);
Тармақша 2
2) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 3
3) өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, заңды тұлға немесе дара кәсіпкер.
Тармақ 3
3. Рейтинг өнім берушілердің бір-біріне қатысты көрсететін қызметтердің сапасы мен танымалдылығын анықтау үшін балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге қолданылады.
Тарау 2. 2 тарау. Балалар мен жас өспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібі
2 тарау. Балалар мен жас өспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау тәртібі
Тармақ 4
4. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін қалыптастыру Заңның 7-бабының 35-11) тармақшасына сәйкес мәдениет саласындағы уәкілетті орган бекітетін балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген цифрландыру саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде шығармашылық үйірмеге қатысатын баланың заңды өкілінің баға қою жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмені бағалау келесі өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) шығармашылық процесті ұйымдастыру, балаға міндеттерді түсіндірудің қолжетімділігі;
Тармақша 2
2) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірменің материалдық-техникалық жарақтандырылуы.
Тармақ 6
6. Бағалау 1-ден 5-ке дейінгі баллдарда көрсетіледі, мұндағы 1 – ең төменгі балл, 5 – ең жоғары балл.
Тармақ 7
7. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингі келесі жолмен есептеледі: Р=Б/А, мұндағы: Р – шығармашылық үйірмелердің рейтингі; Б – бағалауға қатысқан заңды өкілдердің қойған баллдарының жалпы сомасы; А – баға қойған заңды өкілдердің жалпы саны.