Об установлении единого для всех маршрутов тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа в городе Экибастуз Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифті белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19-бабы 2, 5-тармақтарына сәйкес, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың барлық маршруттары үшін бірыңғай тарифі бір сапарға 80 (сексен) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 1 ақпандағы «Екібастұз қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау бірыңғай тарифін белгілеу туралы» № 83/2 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 5867 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Екібастұз қалалық
мәслихатының хатшысы
______________Б. Куспеков
2021 жылғы 16 наурыз