О совмещении видов профессиональной деятельности на рынке ценных бумаг Күшін жойған
Басқа 0
Бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 2-тармағына сәйкес, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті реттеу және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтердің мынадай түрлерін қоса атқаруға рұқсат етіледі деп айқындалсын:
Тармақша 1
1) кастодиандық - брокерлiк және дилерлiк қызметпен және бағалы қағаздармен операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi айқындау жөнiндегi қызметпен (клирингтiк қызметпен);
Тармақша 2
2) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi - зейнетақы активтерiн инвестициялық басқару жөнiндегi қызметті жинақтаушы зейнетақы қорлары дербес жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметпен, сондай-ақ брокерлiк және дилерлiк қызметпен;
Тармақша 3
3) депозитарлық - ашық халықтық акционерлiк қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмiн жүргiзу жөнiндегі қызметпен және бағалы қағаздармен жасалатын операциялар бойынша өзара талаптар мен мiндеттемелердi айқындау жөнiндегi қызметпен (клирингтiк қызметпен);
Тармақша 4
4) брокерлік және дилерлік - кастодиандық қызметпен және бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметпен.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметтердің түрлерін қоса атқару туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 66 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1077 тіркелген, "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында 2000 жылғы наурызда N№3 жарияланған).
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушының және "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің мүшелері болып табылмайтын бағалы қағаздар ұстаушылардың тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға және "Қазақстан Тізілім ұстаушылар Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне, сондай-ақ бағалы қағаздармен сауда-саттықты ұйымдастырушыға, "Бағалы қағаздар Орталық депозитарийі" ЖАҚ-на, бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, жинақтаушы зейнетақы қорларына және "Активтерді Басқару Қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.