Об утверждении Правил размещения государственного творческого заказа в творческих кружках для детей и юношества и их функционирования Қолданыста
Басқа 0
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
«Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 35-11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Денсаулық
сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 28 сәуірдегі
№ 122 бұйрығымен
бекітілген
Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 35-11) тармақшасына сәйкес әзірленді және балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) оператор – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы немесе осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру рәсімін басқаруды орындауға уәкілеттік берілген оның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 2
2) Өнім беруші – білім беру ұйымдарынан басқа, меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуіріндегі №113 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік шығармашылық тапсырысты нормативтік қаржыландыру Әдістемесінде (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22634 болып тіркелген) (бұдан әрі – Әдістеме) көзделген үйірмелер түрлерінің бағыттары бойынша қызметтер көрсету негізгі қызметі болып табылатын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер;
Тармақша 3
3) баланың заңды өкілдері – ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші (баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер), патронат тәрбиеші және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты (бұдан әрі – мемлекеттік тапсырыс) орналастыру мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу;
Тармақша 2
2) шығармашылық үйірмелерге орындарды бөлу тәртібі.
Оператор мемлекеттік тапсырысты орналастыруды «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ҰБДҚ) интеграцияланған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.
Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспарының жобасын күнтізбелік жылдың толық көлемінде жасайды және жыл сайын жоспарланатын жылдың алдыңғы жылының 31 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Оператор мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың бекітілген жоспарын ол бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оператордың ресми интернет-ресурсында жыл сайын орналастырады.
Оператор жыл сайын қаржы жылының бірінші жұмыс күні мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға бекітілген көлемін алдыңғы қаржы жылының мемлекеттік тапсырысын қаржыландыруды жалғастыруға көзделген қаражат көлемін шегере отырып, ақпараттық жүйеде орналастырады.
Оператордың бюджетінен мемлекеттік тапсырысты іске асыруға қосымша қаражат бөлінген кезде, бекітілген қосымша қаржыландыру көлемі ол бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей ақпараттық жүйеде орналастырылады.
Балалар контингентін жинақтауды оператор баланың заңды өкілдерінің белгілі бір өнім берушіге берген электрондық өтініштері негізінде автоматты түрде ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырады. Балалар контингентін жинақтау кезінде ақпараттық жүйе осы Қағидалардың 11 және 12–тармақтарында көзделген кезектілікті басшылыққа ала отырып, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге (бұдан әрі -шығармашылық үйірмелер) орындар бөледі.
Мемлекеттік тапсырысты орналастыру, балалар контингентін жинақтау, сондай-ақ өнім берушінің, оператордың және баланың заңды өкілінің осы процестерге байланысты өзге де ілеспе функционалдық операциялары баланың заңды өкілі үшін өтеусіз жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 4-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында, 5-тармағында және 24-тармағының 3), 4), 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды жинау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы ақпараттық жүйемен жүзеге асырылады.
Ақпараттық жүйенің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы цифрлық құжатты алу мүмкін болмаған жағдайда құжаттың қағаздағы көшірмесі қоса беріледі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырысты орналастырудың, оның сапасы мен нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің орындалуын қамтамасыз ету электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда жүзеге асырылады.
Тармақ 1. Параграф 1. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу
Параграф 1. Мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін өнім берушілерді іріктеу
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысу үшін өнім беруші ақпараттық жүйе арқылы операторға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
Тармақша 1
1) жеке тұлғалар үшін – дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама немесе дара кәсіпкердің талоны, немесе дара кәсіпкердің куәлігі, заңды тұлғалар үшін-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама;
Тармақша 2
2) шығармашылық үйірме қызметін ұйымдастыруға пайдалану үшін өнім берушінің меншігіндегі және (немесе) өзге де заңды негіздегі жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады.
Жылжымайтын мүлікті пайдалану құқығын растайтын құжаттың мерзімі өнім беруші өтініш берген күннен кейін кемінде 10 (он) айды құрайды.
Мемлекеттік меншіктегі жылжымайтын мүлікті пайдаланған жағдайда қызмет көрсету туралы шарт ұсынылады, онда құқық белгілейтін құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті беруші тікелей теңгерім ұстаушы болып табылады;
Тармақша 3
3) эпидемиялық маңыздылығы болмашы объекті қызметінің басталғаны (оларды пайдалану) туралы хабарламаның көшірмесі;
Тармақша 4
4) өнім беруші бекіткен оқу бағдарламасы:
оқу бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері;
болжамды шығармашылық нәтижелер;
оқу дәрежелері бойынша сабақтардың мазмұны (Әдістемеге сәйкес бір тақырыпқа жұмсалатын сабақтардың санын көрсете отырып, күнтізбелік бір жылға сабақтардың тақырыптарын тізбектеу);
сабақтарды қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық жарақтандырудың сипаттамасы;
сабақтарды өткізу кестесі;
баланың заңды өкілдері үшін ішкі іс-шараларды, оның ішінде конкурстық (жарыстық), есептік іс-шараларды және ашық сабақтарды өткізудің жоспарланған кестесі;
сабақ өткізу үшін қажетті балалардың жеке мүкәммалы мен киім-кешегі туралы мәліметтер;
осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген жағдайларда қашықтықтан сабақтар өткізу мүмкіндігін ескере отырып, өнім беруші бекіткен шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;
шығармашылық үйірмеге қатысу регламенті;
Тармақша 5
5) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар мен мәліметтерді қоса бере отырып, балалармен сабақ өткізу үшін тартылатын қызметкерлердің тізімі.
Тармақ 5
5. Балалармен сабақ өткізетін өнім берушінің әрбір қызметкеріне өтінішке мынадай құжаттар мен мәліметтерді қамтитын ақпарат қоса беріледі:
Тармақша 1
1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі;
Тармақша 2
2) Әдістемеде көрсетілген шығармашылық үйірмелер түрлері бойынша мәдениет немесе өнер, педагогикалық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе техникалық және кәсіптік білім туралы дипломның көшірмесін ұсыну тәсілімен кәсіптік шығармашылық бейінін, біліктілік деңгейін растайтын құжаттар;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және шұғыл жағдайлар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-138/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21464 болып тіркелген) сәйкес өтініш берілген күнге қарай 24 (жиырма төрт) айдан кешіктірмей берілген куәлік немесе сертификат, немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе орта кәсіптік медициналық білімінің болуы туралы дипломның болуы;
Тармақша 4
4) өтініш берілген күнге күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
Тармақша 5
5) өтініш берген күні күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылаудағы (немесе динамикалық бақылаудың жоқтығы) жай-күйі туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) өтініш берген күні күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей берілген «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылау (немесе динамикалық бақылаудың болмауы) жай-күйі туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) «Фтизиатрия» фтизиопульмонология орталығынан динамикалық бақылау (немесе динамикалық бақылаудың жоқтығы) кезінде туберкулезбен ауыратын науқастардың жай-күйі туралы өтініш берілген күні күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірілмей берілген мәліметтер.
Қызметкерлер бойынша деректер, жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар, оқу бағдарламасы, сондай – ақ осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген құжаттар мен мәліметтер (бұдан әрі-деректер) өзгерген кезде өнім беруші деректерді түзетеді және растаушы құжаттарды қоса бере отырып, ақпараттық жүйе арқылы қарау үшін операторға жібереді.
Ұсынылған деректер сәйкес келген кезде оператор 5 (бес) жұмыс күні ішінде өнім берушінің енгізілген өзгерістерін мақұлдайды, сәйкес келмеген жағдайда қабылдамайды.
Тармақ 6
6. Өтінішке қоса берілетін құжаттар мен мәліметтер, операторға олардағы ақпаратты сәйкестендіру үшін жеткілікті ретінде орындалған электрондық құжаттар түрінде ұсынылады.
Өтініш беру ақпараттық жүйеде орналастырылатын және мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын тараптардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін оператордың жария офертасына өнім берушінің акцептімен сүйемелденеді.
Тармақ 7
7. Оператор өнім беруші өтініш берген күннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде өтінішті қарайды.
Өтінішті қарау қорытындылары бойынша өнім беруші осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген кезде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне енгізіледі. Өнім беруші осы Қағидалардың 4, 5 және 6-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген кезде, өнім берушіге дәлелді бас тарту жіберіледі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілер тізіміне енгізілген өнім беруші осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша операторға өтініш жіберу арқылы өз бастамасы бойынша тізімнен шығарылады.
Тармақ 2. Параграф 2. Шығармашылық үйірмелерге орындарды бөлу тәртібі
Параграф 2. Шығармашылық үйірмелерге орындарды бөлу тәртібі
Тармақ 9
9. Шығармашылық үйірмелердегі орындар босатылған кезде өнім беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде олар туралы тиісті мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізеді. Ақпараттық жүйе енгізілген мәдіметтерді автоматты түрде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 123 бұйрығымен бекітілген Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22643 болып тіркелген) көзделген мемлекеттік қаржыландыру көлемдерін бөлу кезінде ескереді.
Ақпараттық жүйе босаған орындарды балалар арасында олардың кезектілігіне сәйкес бөліне отырып, баланың заңды өкіліне шығармашылық үйірмеге қабылдауға арналған электрондық ваучер береді.
Тармақ 10
10. Шығармашылық үйірмеге қабылдауға ваучер алу үшін баланың заңды өкілі кезекке қою үшін электрондық өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
Ваучер, ақпараттық жүйе оны алған бала туралы ақпаратты тіркейтін, бала қабылданатын өнім берушінің шығармашылық үйірмесі және балаға бөлінетін қаржыландыру көлемін көрсететін бірегей нөмір болып табылады. Берілген ваучер туралы ақпарат электрондық хабарлама арқылы баланың заңды өкіліне жіберіледі.
Баланың заңды өкілінің арыз беруін оның өзі жүзеге асырады. Осы талаптың бұзылуы анықталған кезде ақпараттық жүйе кезектегі өтініштің және ол бойынша берілген ваучердің күшін жояды.
Мемлекеттік спорттық, шығармашылық және білім беру тапсырыстары шеңберінде ел ауқымында бір балаға спорт секцияларының немесе шығармашылық үйірмелердің қызметтеріне кезекте баланың заңды өкілінің бірден көп емес өтінішінің болуына жол беріледі.
Шығармашылық үйірмені ауыстырған кезде баланың заңды өкілі өнім берушіге кезекке қоюға бұрын берілген өтінішті кері қайтарып алу туралы өтініш жібереді және кезекке қоюға қайта өтініш береді.
Тармақ 11
11. Шығармашылық үйірмеге қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі және баланың және заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), шығармашылық үйірменің түрі, өтініштің нөмірі мен уақыты, секундтың үлесіне дейін дәлме-дәл, кезектегі реттік нөмірін қамтиды, сондай-ақ ақпараттық жүйе ұсынған мәліметтер негізінде бөлуге арналған орындардың тізімін қамтиды.
Кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініштері бойынша баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір шығармашылық үйірмесі бойынша жеке құрылады.
Ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балалар басым тәртіппен ақпараттық жүйеде тіркеледі.
Кезектегі позиция заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу себебінен балалардың кезектен шығу себебінен кему жағына қарай және осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес ваучерлерін өнім беруші кері қайтарып алған балалардың кезекке оралу себебі бойынша өсу жағына қарай жылжиды.
Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді.
Тармақ 12
12. Орындарды бөлу және ваучерлерді беру күн сайын сағат 18:00-де ақпараттық жүйе автоматты режимде жүзеге асырылады.
Ваучерлер тізімге енгізілген өнім берушілердегі шығармашылық үйірмелердің бос орындарына кезек тәртібімен беріледі. Ваучер берілгеннен кейін баланың заңды өкілінің өтініші кезектен алынады.
Ваучердің қолданылу мерзімі 10 (он) жұмыс күнін құрайды, осы уақыт ішінде баланың заңды өкілі шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін қажетті құжаттарды жинауды және өнім берушімен шарт жасасуды жүзеге асырады.
Ваучер атаулы болып табылады және айырбастауға жатпайды. Ваучердің қолданылу мерзімі ұзартылмайды, қолданылу мерзімі өткен ваучер автоматты түрде жойылады. Баланың заңды өкілі қажет болған жағдайда қайта өтініш бере алады.
Өнім берушілерден өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлерді беру тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 30 қарашасына дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
1 желтоқсаннан 31 желтоқсанға дейін ақпараттық жүйемен өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлерді беру келесі жылдың бірінші жұмыс күніне дейін тоқтатылады.
Өнім берушілерден өтінімдерді қабылдау, орындарды бөлу және ваучерлерді беру мынадай кездерде уақытша тоқтатылады:
Тармақша 1
1) оператордың бюджетінде тиісті жылға көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық игерілген кезде;
Тармақша 2
2) мемлекет тарапынан өнім берушілердің амалсыз тұрып қалуына әкеп соғатын, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге қатысу мүмкіндігі болмайтын шектеу шаралары белгіленген кезде.
Мемлекет тарапынан өнім берушілердің амалсыз тұрып қалуына әкеп соғатын, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан балалардың шығармашылық үйірмеге қатысу мүмкіндігі болмайтын шектеу шаралары белгіленген жағдайда, орындарды бөлу және ақпараттық жүйемен ваучерлер беру уақытша тоқтатыла тұрады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы негізінде шығармашылық үйірмелерде қашықтықтан сабақтар өткізуге жол беріледі.
Тармақ 13
13. Жыл сайын 1-31 тамыз және 1-28 ақпан аралығында ақпараттық жүйе бұрын кезекке қоюға өтініш берген, кезекте тұру мерзімі үш айдан асатын және баланы шығармашылық үйірмелерге қабылдау үшін ваучерлер алынбаған балалардың заңды өкілдерінің кезекті электрондық растау рәсімін жүзеге асырады.
Баланың заңды өкілі электрондық түрде кезекте тұруға одан әрі мүдделілігін растайды немесе баланың заңды өкілінің растауы болмаған жағдайда ақпараттық жүйе өтінішті кезектен алып тастайды.
Қажет болған жағдайда баланың заңды өкілі кезекке қоюға қайта өтініш беруді жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Өнім беруші шығармашылық үйірмедегі орындарды, оның ішінде берілген ваучері бар орындарды қайтарып алу себебін көрсете отырып, кері қайтарып алады.
Ваучер берілген орынды қайтарып алу баланың заңды өкілінің өтінішті беру күні мен уақытына сәйкес позицияға кезектегі бастапқы өтінішін қалпына келтіреді.
Тармақ 15
15. Ақпараттық жүйе автоматты режимде төмендегі ақпаратты өзектендіреді және ресми интернет-ресурста орналастырады:
Тармақша 1
1) елді мекеннің аудандарындағы (шағын аудандардағы) шығармашылық үйірмелерге сұраныс туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) келесі қаржы жылына арналған мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспары туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) ағымдағы қаржы жылында мемлекеттік тапсырысты қаржыландыру жоспарының ай сайын орындалуы туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) шығармашылық үйірменің рейтингі туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) оператор балаларға арнап ұйымдастыратын аудандық, қалалық және өңірлік конкурстардың, байқаулар мен жарыстардың тегін іс-шараларының күнтізбесі;
Тармақша 6
6) өнім берушілерден орындарды босату хронологиясы;
Тармақша 7
7) ваучерлерді беру хронологиясы.
Тармақ 16
16. Оператор мемлекеттік тапсырыс рәсімдерін орындау барысында жинақталатын мәліметтерді ақпараттық жүйенің серверлерінде және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасы периметрінің ішінде нақты орналасқан ақпарат жеткізгіштерде сақтауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік тапсырыс міндеттерін жүзеге асыратын ақпараттық жүйенің компоненттері:
Тармақша 1
1) «электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы интернет желісін пайдаланушылармен өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы» 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органда ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы екінші деңгейден төмен емес ақпараттандыру нысандарына қойылатын талаптарға сәйкестігіне ақпараттық қауіпсіздікке жүргізілген сынақтардың сәтті нәтижесі туралы акт алады;
Тармақша 3
3) мемлекеттік білім беру, шығармашылық және спорттық тапсырыстар алған білім алушылар бойынша ақпарат алмасуды және ақпаратты салыстыруды, сондай-ақ білім беру ұйымдары, білім алушының қорғаншылары мен қамқоршылары (болған жағдайда) туралы мәліметтерді жүзеге асыру үшін ҰБДҚ-мен интеграцияланады;
Тармақша 4
4) цифрландыру саласындағы «Қазақстан Республикасының мобильді азаматтар базасы» ақпараттық жүйесімен интеграциаланады;
Тармақша 5
5) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан 027/е нысаны бойынша берілген анықтаманы электрондық нысанда алу үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады;
Тармақша 6
6) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланады;
Тармақша 7
7) «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қорымен интеграцияланады;
Тармақша 8
8) жеке кәсіпкер мәртебесін растау үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады;
Тармақша 9
9) «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталымен интеграцияланады;
Тармақша 10
10) баланың туу туралы куәлігінің деректерін алу үшін «Азаматтық хал актілерінің жазбасы» ақпараттық жүйесімен интеграцияланады;
Тармақша 11
11) «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесімен интеграцияланады;
Тармақша 12
12) жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және/немесе техникалық және кәсіптік білім туралы ақпарат алу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланады;
Тармақша 13
13) істен шығу жағдайында жұмысқа қабілеттілікті тез қалпына келтіру мүмкіндігі үшін жинақталған деректерді резервтейді.
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің м.а. 2018 жылғы 29 наурыздағы № 123 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16777 болып тіркелген) бекітілген «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3-тарау. Шығармашылық үйірмелердің жұмыс істеу тәртібі
3-тарау. Шығармашылық үйірмелердің жұмыс істеу тәртібі
Тармақ 17
17. Шығармашылық үйірмелердің жұмыс істеуі мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) сабақтар өткізу үшін үй-жайға қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) балаларды есептеу, есепке алу және дамыту.
Шығармашылық үйірмелердің жұмыс істеуін өнім беруші сабақ өткізуге арналған үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды ескере отырып және Әдістемеге сәйкес шығармашылық үйірмелердің түрлеріне қойылатын талаптарды ескере отырып жүзеге асырады.
Тармақ 1. Параграф 1. Сабақтар өткізу үшін үй-жайға қойылатын талаптар
Параграф 1. Сабақтар өткізу үшін үй-жайға қойылатын талаптар
Тармақ 18
18. Сабақтар өткізуге арналған үй-жай орналасқан ғимарат бөлек санитариялық тораппен жабдықталады:
дәретхана. Кәрізденбеген жерде санитариялық-аулалық қондырғылар орнатуға жол беріледі;
ыстық және суық суы бар қолжуғышпен;
жеке гигиена құралдарымен, оның ішінде дәретхана қағазымен және сабынмен;
жарықтандыру;
қол кептіргішпен немесе бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен.
Тармақ 19
19. Сабақ өткізуге арналған үй-жайлар келесімен жабдықталады:
Тармақша 1
1) топтағы балалардың рұқсат етілген шекті санынан кем емес жеке шкафтармен жабдықталған киім шешетін орынмен жабдықталады.
Тармақша 2
2) бейне мұрағатты кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн сақтау мүмкіндігі бар бейнебақылау камерасымен қамтамасыз етіледі;
Тармақша 3
3) Өрт қауіпсіздігі жүйесімен.
Тармақ 20
20. Сабақтар өткізуге арналған үй-жайлар, санитариялық тораптар мен киім шешетін бөлмелер жылытылады және күзгі-қысқы кезеңде кемінде 20°C температураны қамтамасыз етеді.
Сабақ өткізуге арналған үй-жайдың табиғи жарықтандырылуы және желдету мүмкіндігі бар терезелері болады не ішке сору-сыртқа тарату желдеткішімен жабдықталады.
Тармақ 21
21. Сабақтар өткізуге арналған үй-жайларды ұстау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2. Параграф 2. Балаларды тіркеу, есепке алу және дамыту
Параграф 2. Балаларды тіркеу, есепке алу және дамыту
Тармақ 22
22. Ваучерде көрсетілген өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында ваучердің қолданылу мерзімі ішінде шығармашылық үйірме сабақтарын өткізу жөнінде қызметтер көрсетуге шарт жасалады.
Өнім беруші мен баланың заңды өкілі арасында шарт жасасу әрбір ваучер бойынша жеке жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Баланың заңды өкілі өнім берушінің біліктілігін және сабақтарды өткізу шарттарын бағалау мақсатында өнім берушімен шартқа қол қою немесе қол қоймау туралы шешім қабылдау үшін ваучердің қолданылу мерзімі кезеңінде кемінде екі сынақ сабағын өткізуге жіберіледі.
Тармақ 24
24. Шарт жасасу үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) шығармашылық үйірмеге қабылдау үшін еркін нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) баланың суреті;
Тармақша 3
3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 4
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 027/е нысаны бойынша берілген медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама;
Тармақша 5
5) баланың заңды өкілін растайтын жеке куәлігінің көшірмесі.
Мүмкіндіктері шектеулі немесе ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобына қабылдау үшін баланың заңды өкілі өнім берушіге оның мәртебесін растайтын құжатты ұсынады.
Тармақ 25
25. Өнім беруші шарт жасасудан мынадай кезде бас тартады:
Тармақша 1
1) баланың заңды өкілі осы Қағидалардың 24-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған кезде;
Тармақша 2
2) баланың заңды өкілінің анық емес және бұрмаланған ақпарат берген кезде;
Тармақша 3
3) баланы шығармашылық үйірмеге қабылдауға кедергі келтіретін медициналық қарсы айғақтар болған кезде.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар немесе мүмкіндіктері шектеулі баланы шығармашылық үйірмеге қабылдау мүмкіндігін бағалау өнім берушінің қалауы бойынша анықталады.
Тармақ 26
26. Баланы шығармашылық үйірмеге қабылдау шарт жасалған күннен кейінгі келесі күні жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Қажеттілікке сәйкес өнім беруші баланың заңды өкілдеріне алдын ала хабарлай отырып сабақ кестесіне өзгерістер енгізеді, топтардағы балалар санын түзетеді.
Тармақ 28
28. Өнім беруші күнтізбелік жылға арналған жұмыс жоспарын жасайды және онымен әрбір баланың заңды өкілін таныстырады.
Жұмыс жоспары мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) аптасына сабақтардың саны мен кестесі;
Тармақша 2
2) конкурстық (жарыстық) іс-шаралардың болжамды кестесі;
Тармақша 3
3) балалар іссапарларының болжамды кестесі;
Тармақша 4
4) баланың заңды өкілдері алдында есеп беру сөздерінің болжамды кестесі.
Тармақ 29
29. Өнім беруші шығармашылық үйірмеге қатысатын әрбір бала бойынша қағаз немесе электрондық тасымалдағышта портфолио жүргізеді, оған бейне және фотоматериалдар мен олар туралы ақпарат енгізеді:
баланың жыл ішіндегі шығармашылық даму көрсеткіштері;
конкурстық (жарыстық) іс-шараларға қатысу нәтижелері бойынша;
іссапарларға қатысу;
баланың заңды өкілдері алдында есеп беру сөздеріне қатысу;
сабаққа қатысу.
Денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық қарап-тексеруден өту нәтижелері бойынша баланы шығармашылық үйірмелерге сабақтарға жіберуге немесе жібермеуге құқығы бар.
Тармақ 30
30. Өнім беруші баланы шығармашылық үйірмеден келесі негіздер бойынша бір жақты тәртіпте шығарады:
Тармақша 1
1) мектеп каникулдары, сауықтыру лагерьлеріндегі демалыс, оңалту іс-шараларынан өту және/немесе мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектігі бар балаларды, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды емдеу, сондай-ақ конкурстарға, фестивальдарға, жарыстарға, олимпиадаларға қатысу кезеңін қоспағанда, себепсіз қатарынан 3 (үш) өткізіп алынған сабақтар болған кезде, оқу-жаттығу жиындарында заңды өкілінің өтініші бойынша, санаторий-курорттық ұйымдарда болуы-растайтын құжаттарды ұсынған кезде;
Тармақша 2
2) шығармашылық үйірмеге бару регламентін сақтамағаны үшін;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау ұйымы растаған, баламен сабақ өткізуге кедергі келтіретін, баланың медициналық қарсы көрсетілімдері немесе эмоциялық-ерік саласының бұзылыстары болған кезде;
Тармақша 4
4) шарт талаптары сақталмаған кезде тоқтатылады.
Бала оқудан шығарылған кезде Өнім беруші 10 (он) жұмыс күні ішінде баланың заңды өкіліне баланың портфолиосын береді.
Басқа 1. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш
Балалар мен жасөспірімдерге
арналған шығармашылық
үйірмелерде мемлекеттік
шығармашылық тапсырысты
орналастыру және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыс операторына
____________________________
жергілікті атқарушы орган,
облыс, республикалық маңызы
бар қаланың және астананың
немесе оның шығармашылық
тапсырысты орналастыру
рәсімдерін әкімшілендіруді
орындауға уәкілетті басшысы
атынан
____________________________
басшының қызметі, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
өнім беруші атынан
____________________________
заңды тұлғаның
(бизнес- сәйкестендіру нөмірі)
жеке кәсіпкердің атауы (жеке
сәйкестендіру нөмірі) басшысы
атынан______________________
басшының қызметі, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысуға өтініш
Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қойылатын талаптарды зерделеп, қоса берілген құжаттарды қарауыңызды және мені мемлекеттік тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізіміне қосуды сұраймын.
Мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес келесі шығармашылық үйірмелер қызметін көрсетуді жоспарлап отырмын:
№ р/с
Шығармашылық үйірменің түрі
Балалар тобының түрі (инклюзивті, интеграцияланған, арнайы)
Баланың жасы мен жынысы
Қызмет көрсетудің түрі (стационарлық немесе қашықтықтан)
Сабақтарды өткізу тілі
Елді мекеннің ауданы (шағын учаске)
Қызмет көрсету мекен-жайы
1
2
3
4
5
6
7
8
Осымен балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларында көзделген талаптармен, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларымен және мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесімен танысқанымды растаймын.
Қосымша: құжаттар ______ парақта
Ұйымның басшысы ____________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні
Басқа 2. Өтініш
Балалар мен жасөспірімдерге
арналған шығармашылық
үйірмелерде мемлекеттік
шығармашылық тапсырысты
орналастыру және олардың
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Мемлекеттік шығармашылық
тапсырыс операторына
____________________________
жергілікті атқарушы орган,
облыс, республикалық маңызы
бар қаланың және астананың
немесе оның шығармашылық
тапсырысты орналастыру
рәсімдерін әкімшілендіруді
орындауға уәкілетті басшысы
атынан
____________________________
басшының қызметі, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
өнім беруші атынан
____________________________
заңды тұлғаның
(бизнес- сәйкестендіру нөмірі)
жеке кәсіпкердің атауы (жеке
сәйкестендіру нөмірі) басшысы
атынан______________________
басшының қызметі, тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Өтініш
Мені мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруға қатысатын өнім берушілердің тізімінен ________________________________________________ себебі себебін сипаттау
бойынша шығаруды сұраймын.
Ұйымның басшысы ___________________________________________________
қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Толтырылған күні