Об образовании Совета по индустриально-инновационному развитию Актюбинской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақтөбе облысын индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі кеңесті кұру туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27 бабының 1 тармағының 21 тармақшасына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе облысын индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі кеңес құрылсын.
Тармақ 2
2. Кеңес туралы қоса беріліп отырған Ереже бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары О. Г. Химчукке жүктелсін.
Басқа 4
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 8 мамырдағы қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысын индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Консультативті кеңесші орган болып табылатын Ақтөбе облысын индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі кеңесті (бұдан әрі - Кеңес) облыс әкімияты құрады.
Тармақ 2
2. Кеңес өндірістің, құрылыстың, экономиканың түрлі саласынан мол тәжірибесі бар, заманға сай менеджмент, нарықтық экономика, минералды-шикізат және табиғи ресурстар жөнінде теориялық, сондай-ақ практикалық білімді игерген, біліктілігі жоғары мамандар санатынан қалыптастырылады. Кеңестің дербес құрамы облыс әкімінің ұсынысы бойынша облыстық мәслихатпен бекітіледі.
Тармақ 3
3. Облыстың материалдық-шикізаттық және табиғи ресурстарына негізделетін өнеркәсіптің дамуын сараптау, болжау, индустриалдық- инновациялық даму жөнінде жобалар, ұсыныстар, негіздемелер әзірлеу кеңесті құрудың мақсаты болып табылады.
Бөлім 2. 2. Кеңестің міндеттері
2. Кеңестің міндеттері
Тармақ 4
4. Мыналар:
Тармақша 1
1) облыстың аумағындағы өндірістік күштердің маңызды бағыттары мен мамандануы бойынша ғылыми негізделген ұсынымдар, болжамдар әзірлеу, оның еңбектің республикалық бөлінісіндегі рөлін жоғарылату;
Тармақша 2
2) минералдық-шикізаттық және табиғи (көмірсутегі, энергетика, тау-химия, бейруда және т.б.) ресурстар негізінде салалық кешендерді қалыптастыру және оларға металлургиямен, көлікпен, құрылыс базасымен, өндіріспен қызмет көрсету;
Тармақша 3
3) пайдалы қазбаларды кешенді өңдеудің, толық шығарудың және тиімді пайдаланудың оңтайлы сызбаларын әзірлеу;
Тармақша 4
4) негіздерінде облысты индустриалдық-инновациялық дамыту болжанатын іздеу, барлау және қор жинау жолымен минералдық-шикізаттық ресурстарды оза дамыту жөніндегі ұсыныстар жасау;
Тармақша 5
5) облыстың қалаларын шаруашылық және ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту, инженерлік ғимараттар кешенін ұтымды пайдалану және оларды қазіргі заманғы материалдарды, қаржыларды, құрылғыларды пайдалана отырып жетілдіру;
Тармақша 6
6) облыстың өндірістік инфрақұрылымын қалыптастыру көзқарасында стихиялылықтың келеңсіз салдарының алдын алу Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады.
Бөлім 3. 3. Кеңестік ұсынымдарын әзірлеудің негізгі қағидаттары
3. Кеңестік ұсынымдарын әзірлеудің негізгі қағидаттары
Тармақ 5
5. Кеңестің ұсынымдары жағдайдың, болжамдардың ғылыми негізделген негізінде жүзеге асырылады және:
Тармақша 1
1) бағдарлылық - жинап жатқан ақпаратқа іріктемелі көзқараста болу, нақты багыттарды талдау және анықтау;
Тармақша 2
2) варианттылық - болжамның әрбір жобасына бірнеше вариантты қарастыру;
Тармақша 3
3) үздіксіздік - ақпараттық сүраныс пен алынған хабар бойынша жобаға, үсынымдарға кезең кезеңімен түзету енгізіп отыру;
Тармақша 4
4) келісімділік - әртүрлі көздерден түскен болжамдардың әртүрлі тұрпаттарын келісу қажетілігі;
Тармақша 5
5) жобаларды, болжамдарды сараптамалық бағалау;
Тармақша 6
6) экономикалық тиімділік - Кеңестің міндеттерінен туындайтын үсынымдарды, жобаларды пайдалану негізі қағидаттарынан тұрады.
Бөлім 4. 4. Кеңестің құқықтары
4. Кеңестің құқықтары 6. Индустриалдық-инновациялық дамыту жөніндегі кеңес: 1) қажет болған кезде тиісті салалар мамандарының санатынан сарашпыларды тартуға; 2) Кеңес отырысында қарау үшін әзірленуші арнайы мамандықтар мәселелеріне алдын ала қызмет көрсету үшін жүмыс топтарын қүруға; 3) пайдалудың, енгізудің мақсатқа сәйкестігі туралы, сондай-ақ облыстың, республиканың индустриалдық-инновациялық дамуы бағдарламасына енгізу үшін республикалық министрліктермен және ведомстволармен келісу үшін облыс әкіміне үсыныстар, жобалар, ұсынымдар енгізуге; 4) облыс Әкімінің атына облыстың индустриалдық-инновациялық дамуының маңызды мәселелері бойынша қызметтік жазбаларын, Қазақстан Республикасының министрліктеріне, ведомстволарына және Үкіметіне хаттардың жобаларын әзірлеуге; 5) облыс Әкімінің тапсырмасы бойынша облыстық атқарушы органдарды тікелей қатыстыра отырып, үсынымдар, болжамдар, талдамалық материалдар әзірлеуге; 6) тиісті департаменттердің, басқармалардың, қызметтердің облыс Әкімі қабылдаған үсынымдар мен бағдарламаларды іске асыруын бақылауды жүзеге асыруға, нақты келеңсіз көріністерді, белгісіздіктерді ашуға және оларды жою жөнінде шаралар әзірлеуге құқылы.
Бөлім 3. 5. Кеңес жұмысының тәртібі
5. Кеңес жұмысының тәртібі
Тармақ 7
7. Кеңесті төраға басқарады.
Тармақ 8
8. Кеңес өз қызметін күн тәртібіндегі мәселелерді отырыстарда талқылау жолымен жүзеге асырады. Отырыстар қажетіне қарай, бірақ тоқсанында кемінде бір мәрте өткізіледі. Отырыстар арасында Кеңестің кейбір мүшелері нақты мәселелер бойынша оралымды жұмыстар жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 9
9. Кеңестің төрағасы әрбір отырыстың күн тәртібін, қатысушылардың дербес құрамын, оны өткізетін күнді және уақытты белгілейді. Күн тәртібінде қаралатын мәселелер туралы Кеңестің мүшелеріне үш күн бұрын хабарланады.
Тармақ 10
10. Қаралатын мәселелер жөніндегі Кеңес шешімдері хаттамамен ресімделеді, оған отырысқа қатысқан кеңес мүшелері бүрыштама соққан кейін төраға қол-қояды.
Тармақ 11
11. Кеңес жүмыс органының функциялары облыстық сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасына жүктеледі.
Тармақ 12
12. Жұмыс органы кеңестің отырыстарына құжаттардың жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады, оларды оның мүшелерінің үсыныстары мен ескертпелерін ескере отырып өңдейді, Кеңес отырыстарының хаттамаларын ресімдейді, кеңестің қүзырына жататын және т.б. мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, мемлекеттік емес құрылымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Бөлім 6. 6. Кеңестің қызметін тоқтату
6. Кеңестің қызметін тоқтату
Тармақ 13
13. Кеңес өзінің қызметін облыс әкімиятының қаулысына сәйкес тоқтатады.