Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 9-бабының 9) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 46-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі № 219 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7031 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 06 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Аягөз ауданының әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданының әкімінің орынбасары М. Мырзыкешовке жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
Аягөз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 366 қаулысына қосымша Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі №р/с Ұйымның атауы Жұмысшылар саны Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан) Жұмыс орындарының саны, адамдар 1 Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Аягөз орталық аудандық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны 485 1 5 2 «Қазығұл» мекемесі 146 1 1 3 «Аягөз Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 141 1 1 4 «Су» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны 51 1 1 6 «Alina GM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 95 1 1 Барлығы 9