Об определении мест для осуществления выездной торговли по Зайсанскому району Күшін жойған
Басқа 0
Зайсан ауданы бойынша көшпелі
сауданы жүзеге асыру үшін
орындарды белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы №264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11148 болып тіркелген) сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте қамтамасыз етсін:
Тармақша 1
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшермесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Зайсан ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Нуртазинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
Зайсан ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 16 сәуірдегі
№ 250 қаулысына
қосымша
Зайсан ауданы бойынша көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін белгіленген орындар
Тармақ 1
1. Зайсан қаласы, Кондюрин мен Спамбетов көшелерінің қиылысындағы «Нұр» сауда үйіне қарама-қарсы ашық алаң; 2. Зайсан қаласы, «Сауыр» мөлтек ауданы Жақсылыков пен Момышұлы көшелерінің қиылысындағы «Индира» сауда дүкенінің жаны;
Тармақ 3
3. Зайсан қаласы, Боқажанов көшесі №75В, «Зайсан ауданының кәсіперлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимаратының сол жағындағы ашық алаң;
Тармақ 4
4. Қарабұлақ ауылы, Омбы-Майқапшағай республикалық маңызы бар тас жол бойындағы ауылдан 1200 метр арақашықтықта артезиан құдығының жаны;
Тармақ 5
5. Қарабұлақ ауылы, Малдыбаев көшесі №11, «Ақболат» тойханасының оң жағы;
Тармақ 6
6. Қаратал ауылы, Омаров көшесі №110/1, Мәдениет үйінің алдындағы алаң;
Тармақ 7
7. Біржан ауылы, Дүйсежанов көшесі, «Дүйсежанов» атындағы саябағының алды;
Тармақ 8
8. Шілікті ауылы, Тәуелсіздік көшесі бойындағы «Нұрдана» дүкені мен «Айым» шаштаразы арасындағы алаң;
Тармақ 9
9. Сарытерек ауылы, Абай көшесі №60А, демалыс саябағының сыртындағы алаң;
Тармақ 10
10. Айнабұлақ ауылы, Бариев көшесі, мешітке қарама-қарсы алаң;
Тармақ 11
11. Дайыр ауылы, Бітімбаев пен Аманжанов көшелерінің қиылысындағы автобус аялдамасына қарама-қарсы алаң;
Тармақ 12
12. Кеңсай ауылы, Тайтүгел мен Нұғыманұлы көшелерінің қиылысындағы ауыл әкімшілігі ғимаратының оң жағындағы алаң.