О проведении Форума животноводов области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.04.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс малшыларының форумын өткiзу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл жылын өткiзу жөніндегі ұйымдастыру-насихаттау шараларының»2003 жылға арналған жоспарын бекiту туралы" 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N№1308» қаулысын және облыс әкiмиятының "Облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған іс-шаралары туралы" 2003 жылғы 2 ақпандағы N 49-шы қаулысын іске асыру мақсатында облыс әкiмияты қаулы етедi :
Тармақ 1
1. 2003 жылдың 13-14 маусымында Ақтау қаласында облыс малшыларының Форумына (бұдан әрi - форум) өткiзiлсiн.
Тармақ 2
2. Форумның ұйымдастырылуы мен өткiзiлуi облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына (Д.Сейбағытов) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Форумды қаржыландыру бағдарламасының әкiмшiсi болып облыстық iшкi саясат департаментi (Рзаханов А.) белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (Сарсенқұлов Ж.) облыс бюджетiн нақтылағанда Форумды өткiзуге сметаға сәйкес 4500000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге қаражат көздесiн (жалғама 1).
Тармақ 5
5. Бекiтiлсiн: Ауыл жылына, облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған облыс малшыларының кәсiби шеберлiгi конкурсын өткiзу Ережесi (жалғама 2); Ауыл жылына, облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған облыс малшыларының спорт сайыстарын өткiзу Ережесi (жалғама 3).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары С.Керелбаевқа жүктелсiн.
Басқа 7
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 83 қаулысына 1 қосымша Ауыл жылына, облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған облыс малшыларының Форумын өткiзу сметасы Ш ығынның атауы Марапаттау Саны Құны , теңге Жалпы құны , мың» теңге 1 Шақыру билеттерiнiң» дайындалуы 200 300 60,0 2 Форум бейнеленген значоктардың дайындалуы 200 250 50,0 3 Форум бейнеленген қойын кiтапшалардың дайындалуы, автоқаламдардың алынуы 200 200 40,0 4 Дипломдарды» дайындалуы 24 1500 36,0 5 Мал шаруашылығы озаттары мен кәсiби шеберлiк конкурсының жеңiмпаздарын марапаттау I орын үшiн (ең жақсы шопанға, жылқышыға, түйешiге, механиза- торға) бейнеекiлiк 4 70000 280,0 II орын үшiн (8 адам) ән-күй орталығы 8 50000 400,0 III орын үшiн (12 адам) ән-күй орталығы 12 35000 420,0 Мал шаруашылығының» озаттарына бағалы сыйлық 140 8000 1120,0 6 Залды безендiру, қарсы алу транспаранттары (есепке сәйкес) 60,0 7 Автобус жалдау 4 автобус 2 күн 26250 210,0 8 Газеттерге, теледидарға хабарландыру беру 34,0 9 Мәдени-ағарту шарасына 60,0 10 Ауыл жылына арналған көрнектi үгiт жұмыстарының» стендасы (есепке сәйкес) 180,0 11 Облыс малшыларының спорт сайыстарының жеңiмпаздарын марапаттау Ат жарысы 35 километрге 12 1-орын УАЗ автомашинасы 1 750000 750,0 2-орын бейнеекiлiк, бейне камера 1 210000 210,0 3-орын бейнеекiлiк 1 70000 70,0 Ат жарысы 12 километрге (жорға) 1-орын бейнеекiлiк 1 70000 70,0 2-орын ән-күй орталығы 1 45000 45,0 3-орын бейне магнитофон 1 25000 25,0 ұлттық ойын (қыз қуу) 5-орын бейнеекiлiк 5 25000 125,0 ұлттық күрес (қазақша күрес) үш салмақ категориясында 1-орын бейне магнитофон 3 25000 75,0 2-орын радиомагнитолла 3 10000 30,0 Жарыстарды, ат жарысын өткiзетiн жердi (ипподром) жайластыру шығындары (есепке сәйкес). 150,0 Барлығы : 4500,0
Басқа 8
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 83 қаулысына 2 қосымша Ауыл жылы, облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығын өткiзуге байланысты облыс малшыларының кәсіби шеберлігі конкурсын өткізу Ережесі Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл жылын өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру-насихаттау iс-шараларының 2003 жылға жоспарын бекiту туралы" 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N№1308-шi қаулысына және облыс әкiмиятының "Облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған iс-шаралары туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N№49-шы қаулыларына сәйкес жасақталған және малшылардың кәсіби шеберлiгi конкурсын өткiзудiң тәртiбiн жүйеге келтiредi.
Тарау 1. 1. Конкурсты» мақсаты мен мiндеттерi:
1. Конкурсты» мақсаты мен мiндеттерi:
Тармақ 1
1. Конкурс меншiк түрiне қарамастан облыстың барлық ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы шопандар, жылқышылар, түйешiлер, механизаторлар арасында жыл iшiнде өткiзiледi.
Тармақ 2
2. Конкурсты өткiзудiң мақсаты - малшы кәсiбiнiң беделiн арттыру, ауыл тұрғындарын 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттiк аграрлық Азық-түлiк бағдарламасын орындауға жұмылдыру.
Тармақ 3
3. Конкурстың негiзгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) қазiргi нарықтық жағдайда мал шаруашылығы саласының тұрақты және қарқынды дамуы;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы малдарының санын арттыру;
Тармақша 3
3) ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сату көлемiн ұлғайту;
Тармақша 4
4) мал отарларындағы үдемелi өндiрiсiнiң өрлеу тәсiлдерiн насихаттау;
Тармақша 5
5) мал өнiмдерiн өндiрудiң малдәрiгерлiк-санитарлық ережелерiн сақтау;
Тармақша 6
6) мал басының аман сақталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 7
7) мал шаруашылығына қызмет көрсетуде тұрақтылық пен мықты азық базасын жасақтау.
Тарау 2. 2. Конкурсты бағалау және қорытынды жасау өлшемдерi
2. Конкурсты бағалау және қорытынды жасау өлшемдерi
Тармақ 4
4. Конкурсты ұйымдастыру және өткiзу үшiн облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы комиссия құрады.
Тармақ 5
5. Комиссия отырысында өткен жылдың жұмыс қорытындысымен алынған, аудандардан 1 маусымға дейiн конкурсқа қатынасушыларға жасақталып, түскен құжаттар қаралады.
Тармақ 6
6. Конкурстың қорытындысы жыл iшiндегi жұмыс нәтижесiмен бағаланады. Шешiм комиссия құрамының 2/3 қатысумен көпшiлiк дауыспен қабылданады. Комиссия отырысы хаттамамен рәсiмделедi. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген жақты» шешiмi қабылданған болып саналады.
Тармақ 7
7. Конкурсты бағалаудың негiзгi өлшемi төл алуда ең» жоғары көрсеткiшке, мал басын өсiруге қол жеткiзу, малдәрiгерлiк игiлiктер мен мал басын аман сақтау, қажеттi мал азығының қорын дайындауды қамтамасыз ету, мал шаруашылығы бригадаларын үздiксiз қамтамасыз етудi жолға қою болып есептелiнедi.
Тармақ 8
8. Конкурс жеңiмпаздарына бiрiншi, екiншi және үшiншi орындар берiледi.
Тарау 3. 3. Марапаттау шаралары
3. Марапаттау шаралары
Тармақша 1
1) бiрiншi орын әр мамандықтан бiреуден, өз саласында ең» жоғарғы жұмыс көрсеткiштерi бар төрт мал шаруашылығы қызметкерiне: шопанға, жылқышыға, түйешiге, механизаторға берiледi. Бiрiншi орын алған жеңiмпаздарға "Өз кәсiбiнiң үздiгi" деген атақ берiледi, I дәрежелi Диплом мен облыс әкiмiнiң»Алғыс хаты тапсырылып, марапаттау сыйлығы берiледi;
Тармақша 2
2) екiншi орын, әр мамандықтан екеуден, сегiз мал шаруашылығы қызметкерлерiне: шопанға, жылқышыға, түйешiге, механизаторға берiледi. Екiншi орын алған жеңiмпаздарға II дәрежелi Диплом тапсырылып, марапаттау сыйлықтары берiледi;
Тармақша 3
3) үшiншi орын, әр мамандықтан үшеуден, он екi мал шаруашылығы қызметкерлерiне: шопанға, жылқышыға, түйешiге, механизаторға берiледi. Үшiншi орын алған жеңiмпаздарға III дәрежелi Диплом тапсырылып, марапаттау сыйлықтары берiледi;
Тармақша 4
4) жүлделi орын алмаған, бiрақ облыс мал шаруашылығының дамуына елеулi үлес қосқан конкурсқа қатынасушылар сыйлықтармен марапатталады. Конкурсқа қатынасушылардың марапатталатындарының санын комиссия анықтайды.
Тармақ 9
9. Облыс малшыларын марапаттау бұқаралық ақпарат құралдарының қатысумен салтанатты жағдайда өткiзiледi.
Басқа 32
Маңғыстау облысы әкімиятының 2003 жылғы 25 сәуірдегі N 83 қаулысына 3 қосымша Ауыл жылына, облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған облыс малшыларының спорт сайыстарын өткізу Ережесі Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Ауыл жылын өткiзудiң ұйымдастыру - насихаттау iс-шараларының 2003 жылға жоспарын бекiту туралы" 2002 жылғы 13 желтоқсандағы N№1308-i қаулысына және облыс әкiмиятының "Облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына арналған iс-шаралары туралы" 2003 жылғы 25 ақпандағы N 49-шы қаулысына сәйкес жасақталынған және облыс малшыларының спорт сайыстарын өткiзу тәртiбiн жүйеге келтiредi.
Тарау 1. 1. Спорт сайыстарын өткiзудiң мақсаты
1. Спорт сайыстарын өткiзудiң мақсаты Облыс малшыларының спорттық сайыстары халықтың ат ойыны мен ұлттық күрестi жария ету, жастарды ат спорты мен күреске тарту, салауатты өмiр салтын насихаттау, облыста өсiрiлетiн жылқы тұқымын тарату мақсатында Ауыл жылы, облыстың 30 жылдығы мен Ақтау қаласының 40 жылдығына байланысты өткiзiлетiн Облыс малшыларының Форумына сәйкестендiрiледi.
Тарау 2. 2. Облыс малшыларының спорттық сайыстарының түрлерi
2. Облыс малшыларының спорттық сайыстарының түрлерi Облыс малшыларының спорттық сайыстары төмендегi түрлер бойынша жүргiзiледi:
Тармақша 1
1) 35 километр ұзақ қашықтыққа ат жарысы (бәйге);
Тармақша 2
2) 12 километр қашықтыққа ат жарысы (жорға);
Тармақша 3
3) ұлттық ойын "Қыз қуу";
Тармақша 4
4) ұлттық күрес "Қазақша күрес".
Тарау 3. 3. Сайысты өткiзу тәртiбi:
3. Сайысты өткiзу тәртiбi:
Тармақ 1
1. 35 километрге (бәйге) және 12 километрге (жорға) ат-спорт сайыстары жабық айналымда өткiзiледi. Қатынасушылардың саны шектелiнбейдi. Қатысушылар старт сызығы бойымен одан 30-50 метр қашықтықта номерлерiне сәйкес (Жеребемен анықталған) қатар тұрғызылады. Бiрiншi шабандоз қашықтық бағытында сол жақтан тұрғызылады, қалғандары - бiрiншi номерден оңға қарай. Әрбiр қатысушының енi 15 сантиметр және ұзындығы 20 сантиметр матадан iстелiнiп, киiмiнiң кеудесi мен арқасына бекiтiлген номерi болады. Барлық қатынасушылар үшiн старт бiр мезгiлде берiледi. Кiм бiрiншi мәреге жетсе, сол жеңiмпаз болады.
Тармақ 2
2. Малшылар ат сайыстарына қатысуға аттың жасын, түрi-түсiн және шабандоздың аты-жөнiн көрсете отырып, ұйымдастырушыларға сұраныс түсiредi.
Тармақ 3
3. Ат сайыстарында 4 жастан асқан, жаратылған және малдәрiгерлiк тексеруден өткен арнайы дайындалған шабандоздары бар аттар қатысады.
Тармақ 4
4. Ат-спорт сайыстарының әрбiр түрiне бiрiншi, екiншi, үшiншi орындар берiледi және марапаттау сыйлықтары тапсырылады.
Тармақ 5
5. "Қыз қуу" ат ойыны жастар арасында жүргiзiледi. Ойын ұзындығы 400-500 метр және енi 30-40 метр тегiс жолда өткiзiледi. Қашықтықтың соңына айналу-бақылау пункiтiн белгiлейтiн жалау қойылады, олар төрешiнiң белгiсiмен старт сызығына қатарласады. Қатысушылар старт сызығынан бiр мезгiлде тез шауып кетедi. Жiгiт қызды қуып жетiп, сүюi керек. Егерде ол бұны iстей алмаған жағдайда, керi қайтқан жолда қыз қуып жетiп, қамшымен ұрып жазалайды. Ойынның нәтижесi орындау шеберлiгiмен, атқа отыруды меңгеруiмен, қашықтықты тез шауып өтуiмен, ұлттық киiмнiң сәндiлiгiмен бағаланады.
Тармақ 6
6. "Қыз қуу" ұлттық ойынына жұптар (18 жасқа жеткен қыз бен жiгiт) 4 жастан асқан мал дәрiгерлiк тексеруден өткен аттарымен қатынасады.
Тармақ 7
7.«"Қазақша күрес" ұлттық ойынына 18 жасқа жеткен "Қазақша күрес" ойынының тәртiбiн бiлетiн, 3 салмақ категориясындағы (ауыр салмақ - 75-90 килограмм, орташа салмақ - 55-74 килограмм, жеңiл салмақ - 54 килограммға дейiн) жiгiттер қатынасады. Әр салмақ категориясы бойынша марапаттау сыйлығымен қоса бiрiншi, екiншi орындар берiледi.
Тармақ 8
8. Сайыстар нәтижелерi сайыс өткiзу жөнiндегi әдiл қазылар құрған хаттамамен рәсiмделедi. Әдiл қазылар құрамы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен белгiленедi.
Тармақ 9
9. Ұйымдастырушылар аттарды дайындау мақсатында сайыстың басталуынан бiр ай бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында өздерiнiң реквизиттерiн көрсете отырып, спорттық iс-шаралардың өткiзiлу мерзiмi туралы хабарландырулар бередi.