Об объявлении чрезвычайной ситуации Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдай жариялау туралы
"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының Беген, Бөкебай, Долон, Жаңасемей, Канонер және Морозов филиалдарының Бесқарағай ауданында, 52,0 мың гектар алқаптағы қарағайлы ормандарында Бесқарағай ауданының және облыстың көрші аудандарының бүкіл орман аумағы ғана емес, Ресей Федерациясының аумағына да таралу тенденциясы бар кәдімгі қарағайдың аса қауіпті қылқан кеміргіш зиянкесі қарағай көбелегінің ірі ошағы әрекет етуде.
Құрамында өсімдік қорғау институтының ғалымдары бар республикалық комиссияның қорытындысы бойынша қарағай көбелегінің ошағы белсенді фазасында, ол қарағайлы ормандарға үлкен қауіп төндіреді және күрестің жою шараларын шұғыл жүргізуді талап етеді.
Барынша жоғары тиімділікке жету және күрестің жою шараларын уақытылы өткізу мақсатында және "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 19-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бесқарағай ауданында кәдімгі қарағайдың аса қауіпті қылқан кеміргіш зиянкесінің ірі ошағына байланысты 2003 жылғы 20-мамырдан бастап төтенше жағдай жойылғанша төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды жоюға бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Д.М.Селихановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.