Об утверждении тарифов на сбор и вывоз твердых бытовых отходов в Сырдарьинском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына, 20-1-бабының 3) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 7-бабының 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. «Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтерін бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №259 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6599 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 09 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4. Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері
Сырдария аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 40 шешіміне қосымша Сырдария ауданында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифтері № Атауы Есептiк бiрлiк Бағасы, теңгемен(ҚҚС бiрге) 1. Тұрғын үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету айына 1 адамға 1 текше метр (м3) 58,21 2. Шаруашылық субъектiлері үшiн қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету 1 текше метр (м3) 715 Ескертпе: ҚҚС – қосымша құн салығы