О мерах по борьбе с волками и шакалами Күшін жойған
Басқа 0
Қасқырлармен және шиебөрілермен күресу жөніндегі шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды
- Атырау облысы әкімінің 29.04.2004 № 101 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 қыркүйектегі N 1230 "Республикадағы жыртқыш аңдардың жекелеген түрлерінің санын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес және қасқырлар мен шиебөрілер санының төтенше көбеюіне және бұлардың ауыл шаруашылығы мен аң аулау шаруашылығына, тұтастай облыс халқына тигізіп отырған экономикалық зияны көлемінің ұлғаюына байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қасқырлармен жнәе шиебөрілерді жою және олардың терілерін тапсыру жөніндегі жұмысты жүргізу тәртібі туралы Ереже» бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қасқырлармен және шиебөрілерді аулауды ынталандыру үшін ересек қасқырларға - 6000 теңге, қасқыр күшігіне 2400 теңге және шиебөріге 1800 теңге мөлшерінде ақшалай сыйақы төленсін.
Тармақ 3
3. Қасқырлармен және шиебөрілердің терілерін қабылдау, сондай-ақ, сыйақы төлеу облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы арқылы жүргізілсін. (Е.Тасқынбаев).
Тармақ 4
4. Қала мен аудандар әкімдері зиянды жыртқыштарды ату, терілерін жинау мен тапсыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы, қоршаған ортаны қорғаудың облыстық қоры (С.Мұқанов) мен Атырау облыстық жануарлар және өсімдіктер әлемі мемлекеттік аумақтық басқармасына (М.КӨргенов) нақты жойылған қасқырлар мен шиебөрілер туралы ай сайын есеп беріп отырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры сыйақы төлеу, қасқырлармен және шиебөрілермен күресуге байланысты, тағы басқа шығындары орындалған жұмыс актілері бойынша жүргізсін.
Тармақ 7
7. 2001 жылғы 26 қаңтардағы №40 "қасқырлармен және шиебөрілермен күресу жөніндегі шаралар туралы" облыс әкімі шешімі күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 8
8. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ.Ищановқа жүктелсін.
Басқа 9
Облыс әкімінің
2002 жылғы 10 қаңтардағы
N 362 шешіміне қосымша
Қасқырлар мен шиебөрілерді жою бағытындағы
жұмыстарды реттеу Ережесі
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы Ереже облыс аумағында қасқырлар мен шиебөрілерді жою жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға бірыңғай талаптар қояды.
Тармақ 2
2. Облыс әкімінің қасқырлар және шиебөрілермен күреске арналған осы шешіміне сәйкес қоршаған ортаны қорғаудың облыстық қорынан бөлінетін ақша қаражаты бекітілген смета бойынша жыл сайын облыстық ңшылар мен балық аулаушылар қоғамының есеп шотына
аударылуы тиіс.
Тармақ 3
3. Қасқырлар мен шиебөрілерді жою жұмыстары ату мен қақпанмен ұстауға арнайы рұқсат қағаздары бар аңшылар (тіркелген) арқылы жүзеге асады.
Тарау 2. 2. Қасқырлар мен шиебөрілер терісін
қабылдау талаптары
2. Қасқырлар мен шиебөрілер терісін
қабылдау талаптары
Тармақ 4
4. Қабылдауға тек қана үстіміздегі жылы ауланған қасқырлар мен шиебөрілердің терісі жатады. Ал алдыңғы жылдардың терілері қаржы тапшылығынан қабылданбайды.
Тармақ 5
5. Қасқырлар мен шиебөрілердің терісін қабылдау және оларды өткізушілерді марапаттау шаралары Атырау қаласы бойынша облыстық аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы арқылы жүргізіледі (Атырау қаласы, Балғынбаева көшесі, 38 Үй).
Тармақ 6
6. Қасқырлар мен шиебөрілер терілерінің түрін анықтау жергілікті жерлерде жауапты қызметкерлер мен мамандардан құралған арнаулы комиссиялардың шешімі бойынша шығарылады.
Тармақ 7
7. Тері тапсырушы терілердің мал дәрігерлік сараптамасын нақтылайтын құжаттар тапсыруы тиіс.
Тармақ 8
8. Терілер аңшылар мен балық аулаушылар облыстық қоғамына тапсырылған кезде теріден оның бас бөлігі алынып тасталынады да, терінің өзі аңшының қолында қалады. Ал терінің бас жағы облыстық аңшылар мен балық аулаушылар облыстық қоғамына есеп беру және аңшылар қоғамы төрағасы бекіткен акт бойынша ілгері қарай жою үшін қалдырылады.
Тарау 3. 3. Жауапкершілік пен бақылау
3. Жауапкершілік пен бақылау
Тармақ 9
9. Әрбір аңшы облыс аумағында қолданылатын осы ереженің талаптарын сақтауға міндетті.
Тармақ 10
10. Әрбір ересек қасқыр үшін - 6000 теңге, бөлтірік үшін - 2400 теңге және шиебөрі үшін - 1800 теңге клемінде сыйақы белгіленіп отыр.
Тармақ 11
11. Сыйақы алған кезде тері тапсырушы жеке куәлігі немесе төлқұжатын, мемлекеттік аңшылық немесе мүшелік билетін және салық төлеуші нөмірі (РНН) көрсетуі керек.
Тармақ 12
12. Аңшылар мен балық аулаушылар облыстық қоғамы жойылған қасқырлар мен шиебөрілер саны және төленген сыйақы мөлшері жөнінде әр ай сайын (есеп беру айының басында) облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына есеп беріп отыруы тиіс.