Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі №756 «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына сәйкес, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының төтенше жағдайларының алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының 2021 жылғы 26 сәуірдегі №4 хаттамасы негізінде, Жаңақала ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Мұқамбетжанов Асқар Жомартұлы тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Жаңақала ауданы әкімі аппаратының басшысы (М.Жұмалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.