Об утверждении Правил подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимость по импортированным товарам и акциза по импортированным подакцизным товарам с территории государств-членов Евразийского экономического союза в заявлении о ввозе товаров и уплате косвенных налогов путем проставления соответствующей отметки либо мотивированного отказа в подтверждении, а также случаи подтверждения органами государственных доходов факта уплаты налога на добавленную стоимо Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларын, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайларын бекіту туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 456-бабы 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы не растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлену фактісін растауы туралы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 6 ақпандағы № 134 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16428 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтын 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 425 Бұйрыққа 1-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 456-бабының 7-тармағына және 475-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште (бұдан әрі – Өтініш) импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығының және акциздің төлену фактісін (бұдан әрі – жанама салықтар) тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өтініш беру Салық кодексінің 456-бабы 3-тармағына сәйкес қағаз тасығышта (төрт данада) және электрондық нысанда не Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес тек электрондық нысанда жүргізіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тарту тәртібі
2-тарау. Қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тарту тәртібі
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кірістер органдары қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініште жанама салықтарды төлеу фактісін растауды қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда Өтініш және Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Өтініштің төрт данасына тиісті белгі қою арқылы жүргізеді.
Тармақ 4
4. Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы белгі Өтініштің екінші бөліміне қойылады және: белгі қойған лауазымды адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен; мемлекеттік кірістер органы басшысының (басшы орынбасарының) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған кезде), белгі қойылған күн көрсетіле отырып, оның қолымен; мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылады.
Тармақ 5
5. Өтініштің бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, белгі қойылған үш данасы салық төлеушіге (салық агентіне) не оның заңды немесе уәкілетті өкіліне (бұдан әрі – өкіл) қайтарылады. Бұл ретте салық төлеуші не оның өкілі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналына қол қойып, Өтініштің тиісті үш данасын алады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік кірістер органдары жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды қағаз жеткізгіште және электронды нысанда Өтініш түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салық төлеушіге (салық агентіне) жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды жолдау арқылы жүргізеді. Растаудан уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ растаудан уәжді бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып салық төлеушінің Өтінішті табыс ету міндеті көрсетіледі. Растаудан уәжді бас тарту екі данада беріледі, бір данасы мемлекеттік кірістер органында қалады, растаудан уәжді бас тартудың екінші данасы Өтініштің үш данасымен бірге салық төлеушіге (салық агентіне) не оның өкіліне табыс етіледі.
Тарау 3. 3-тарау. Электрондық түрде ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тартуы тәртібі
3-тарау. Электрондық түрде ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растау не растаудан уәжді бас тартуы тәртібі
Тармақ 7
7. Мемлекеттік кірістер органдары Салық кодексінің 456-бабы 4-тармағына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық нысанда ғана ұсынылған Өтініштер бойынша жанама салықтарды төлеу фактісін растауды, олар келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық нысанда жанама салықтардың төлену фактісін растау туралы хабарламаны салық төлеушіге (салық агентіне) жолдау арқылы жүргізеді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік кірістер органы жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуды электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған, электрондық нысанда Өтініш келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша лауазымды адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық нысанда растаудан уәжді бас тартуды салық төлеушіге (салық агентіне) жолдау арқылы жүргізеді. Растаудан уәжді бас тартуда анықталған сәйкессіздіктер (бұзушылықтар), сондай-ақ Салық кодексінің 456-бабы 9-тармағына сәйкес растаудан уәжді бас тарту алынған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде мемлекеттік кірістер органына бұзушылықтарды жоя отырып салық төлеушінің (салық агентінің) Өтінішті ұсыну міндеті көрсетіледі.
Басқа 1.1. Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналы
Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларына 1-қосымша нысан Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштерді тіркеу журналы Тір­ке у нө­ме­рі Өті­нішт­тер­ді мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­на та­быс ет­кен кү­ні Са­лық тө­ле­у­ші­нің ата­уы, те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да) Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі/ же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Өті­ніш па­рақ­та­ры­ның са­ны Өті­ніш­ті тір­ке­уді жү­зе­ге асыр­ған мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Өті­ніш­ті тір­ке­уді жү­зе­ге асыр­ған мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның қо­лы Өті­ніш­ке мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны бел­гі қой­ған күн Өті­ніш­тің үш да­на­сын қол­ға бер­ген (по­шта ар­қы­лы жол­дан­ған) күн қол­ға та­быс етіл­ді по­шта ар­қы­лы жол­дан­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Кестенің жалғасы Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның бел­гі­сі­мен Өті­ніш­тер­дін 3 (үш) да­на­сын ал­ған тұл­ға­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның бел­гі­сі­мен Өті­ніш­тер­дің 3 (үш) да­на­сын ал­ған тұл­ға­ның қо­лы Бел­гі­ні қой­ған (бел­гі қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны дай­ын­да­ған) ла­у­а­зым­ды адам­ның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған кез­де) Са­лық тө­ле­у­ші­ге мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ор­га­ны­ның бел­гі қо­ю­дан бас тар­ту ту­ра­лы ха­бар­ла­ма­ны жол­да­ған кү­ні 11 12 13 14
Басқа 1.2. Жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тарту
Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларына 2-қосымша нысан Жанама салықтарды төлеу фактісін растаудан уәжді бас тарту «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 456-бабы 8-тармағының негізінде _______________________________________________________________ мемлекеттік кірістер органының атауы Сізге ___________________________________________________________ салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе атауы Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _______________________________________________________________ тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы Өтініш бойынша жанама салықтарды төлеу (328.00-нысан) фактісін растаудан бас тарту туралы хабарлайды Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің нөмірі және күні Нөмірі _________________ Күні ___________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті тіркеу нөмірі ___________________________________________________ Салық кезеңі: жылы __________ айы ________________________________ Мынадай себептер бойынша (тиісті ұяшыққа Х көрсетіңіз): 1) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші ұсынған Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған; ☐ 2) қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректердің салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық нысанда ұсынылған Өтініш деректеріне сәйкес келмеген; ☐ 3) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбеген; ☐ 4) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілген, осыған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылады; ☐ 5) Өтінішті толтыру «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)» Салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес келмейді; 6) Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған. ☐ ☐ Анықталған бұзушылықтардың мәні ___________________________________________________________________ Салық кодексінің 456-бабы 9-тармағына сәйкес Сіз растаудан уәжді бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде бұзушылықтарды жоя отырып, жаңа Өтінішті ұсынасыз. Мемлекеттік кірістер органының басшысы (басшының орынбасары) ___________________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы Мөр орны Салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етілгені (жіберілгені) туралы белгі: _____________________________________________________________ мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні Алғаны туралы белгі _______________________________________________________________ салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні Алған күні ______________________________________________________
Басқа 1.3. Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы хабарлама
Мемлекеттік кірістер органдарының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің және импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы қағидаларына 3-қосымша нысан Жанама салықтарды төлеу фактісін растау туралы хабарлама Сатып алушының сәйкестендіру нөмірі ХХХХХХХХХХХХ Сатып алушының атауы _____________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің деректемелері ХХ.ХХ.ХХХХ № ХХХХХХХХ Салық кезеңі:____________________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі_______________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің тіркелген күні______________________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы кері қайтарылған өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі __________________________________________________________________ Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы түзетілген өтініштің кіріс (тіркеу) нөмірі __________________________________________________________________ Мемлекеттік кірістер органының коды ХХХХ Жанама салықтарды төлеу фактісін растаған мемлекеттік кірістер органы лаузымды адамының аты, тегі, әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________________________________________ Жанама салықтарды төлеу фактісін растау күні _____________________ Атауы Сомасы Валюта коды Қолданбалы сервердің қолы Салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі\Өтініштің тіркеу нөмірі\ _парақ
Басқа 2. Мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы және растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 4 мамырдағы № 425 Бұйрыққа 2-қосымша Мемлекеттік кірістер органдарының импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауы және растаудан уәжді бас тартуы жағдайлары
Тармақ 1
1. Мемлекеттік кірістер органдары уәжді бас тартуды шығару жағдайлары болмаған кезде берілген тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке (бұдан әрі – Өтініш) сәйкес импорталған тауарлар бойынша қосылған құн салығын төлеу фактісін растауды жүргізеді.
Тармақ 2
2. Импорталған тауарлар бойынша қосылған құн салығыны төлеу фактісін растаудан уәжді бас тартуы мынадай:
Тармақша 1
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттар ұсынылмаған;
Тармақша 2
2) Өтініште көрсетілген мәліметтердің салық төлеуші ұсынған Салық кодексінің 456-бабы 2-тармағында көзделген құжаттарда қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеуі анықталған;
Тармақша 3
3) қағаз жеткізгіште ұсынылған Өтініште көрсетілген деректер салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды нысанда ұсынылған Өтініш деректеріне сәйкес келмеген;
Тармақша 4
4) Өтінішті толтыру «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) «Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш (328.00-нысан)» салық есептілігін толтыру және табыс ету қағидаларына сәйкес емес келмеген;
Тармақша 5
5) салық салынатын импорт мөлшері және (немесе) импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар сомалары төмендетілген, осыған байланысты салық салынатын импорт мөлшеріне түзету жүзеге асырылған;
Тармақша 6
6) Өтініште көрсетілген жанама салықтардың есептелген сомалары төленбеген, сондай-ақ толық көлемде төленбеген жағдайларда жүзеге асырылады.