Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения и культуры являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 139 бабының 9 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес,азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Көкпекті ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулы мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Көкпекті ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін Көкпекті ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Жаслан Талгатович Майкеневке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: Көкпекті аудандық мәслихатының хатшысы ___________ Т. Сарманов «___» __________ 2021 жыл
Басқа 8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 159 қаулысына 1 қосымша Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің басшысы мен басшының орынбасары, үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің меңгерушісі және күндіз келу бөлімінің меңгерушісі.
Тармақ 2
2. Мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтар дәрігерлері, емдеу-дене шынықтыру кабинетінің нұсқаушысы, диеталық мейіргер, фельдшер, кітапханашы, әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші, медициналық бике, психолог, әлеуметтік жұмыс бойынша маман, жұмыспен қамту орталығы (қызметі) құрылымдық бөлімшесінің (бөлімінің, секторының, тобының) маманы, күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметші, жұмыспен қамту орталығының ассистенті.
Тармақ 3
3. Педагогикалық қызметшілер және соларға теңестірілген тұлғалар, оның ішінде: барлық мамандықтар мұғалімдері, мұғалім-дефектолог, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, еңбек терапиясы бойынша нұсқаушы, әдіскер, музыкалық жетекші, педагог - психолог.
Басқа 12. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Көкпекті ауданы әкімдігінің 2021 жылғы «__» ____________ № _____ қаулысына 2 қосымша Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Көкпекті ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Мәдениет саласы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және қазыналық кәсіпорынның басшылары.
Тармақ 2
2. Мамандар (бас, аға) оның ішінде: клуб меңгерушісі, кітапхана меңгерушісі, мәдени шараны ұйымдастырушылар, көркемдік жетекшілер, әртістер, балетмейстер (хореограф), музыкалық оператор, кітапханашылар, клуб жөніндегі маман, экскурсия жетекшісі, музыканттар, қоюшы-режиссер, үйірме жетекшісі.