Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов, тарифов на сбор, вывоз и захоронение твердых бытовых отходов по Аральскому району Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Кодексінің 19-1-бабының 1), 2) тармақшаларына, 20-1-бабының 2), 3) тармақшаларына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 7-бабының 5-тармағына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормалары, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2019 жылғы 4 мамырдағы № 251 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6790 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 50 шешіміне 1 қосымша Арал ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары № Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік 1 есептік бірлікке жылдық нормасы, текше метр 1 Жайлы емес үйлер 1 тұрғын 0,65 2 Қонақ үйлер 1 орын 0,70 3 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,36 4 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,89 5 Емханалар 1 келіп кету 0,0002 6 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 1,29 7 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,13 8 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 1,29 9 Театр, кинотеатр, концерт залдары 1 отыратын орын 0,18 10 Мұражайлар жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,03 11 Стадион, спорт алаңдары жоба бойынша 1 орын 0,03 12 Спорт, би және ойын залдары жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,07 13 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер сауда алаңы 1 шаршы метр 0,47 14 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер сауда алаңы 1 шаршы метр 0,30 15 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,09 16 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,05 17 Вокзал, автовокзал жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,23 18 Дәріханалар сауда алаңы 1 шаршы метр 0,25 19 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциялары, гараждар 1 машина-орын 1,67 20 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 1,34 21 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,17 22 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,13 23 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,43 24 Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және тағы да басқалар) 1 жұмыс орны 2,33 25 Моншалар, сауналар жалпы алаңы 1 шаршы метр 0,11
Басқа 5. Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер
Арал аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 50 шешіміне 2 қосымша Арал ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер № Атауы Есептік бірлік Бағасы (қосымша құн салығын есептегенде) (теңге) 1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тариф құны 1.1. жайлы емес үйлер үшін айына 1 тұрғынға 100 2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тариф құны 2.1. тұрғындар үшін 1 текше метр 1846 2.2. шаруашылық жасаушы субъектілер үшін 1 текше метр 2018 3 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тариф құны 3.1. тұрғындар үшін 1 текше метр 318 1 тонна 1589 3.2. шаруашылық жасаушы субъектілер үшін 1 текше метр 490 1 тонна 2449