Об утверждении Инструкции об организации научно-исследовательских работ, научно-исследовательских и опытно-конструкторских работ, опытно-конструкторских работ и технологических работ, реализуемых в рамках выполнения научных, научно-технических и инновационных проектов (программ) военными учебными заведениями, подведомственными Министерству обороны Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 21-тармағының 19-69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің әскери білім мен ғылымға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі № 275
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру туралы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери оқу орындарының (бұдан әрі – ӘОО) ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларды (бағдарламаларды) (бұдан әрі – жобалар (бағдарламалар) орындауы шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыруды нақтылайды.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ғылым саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді және басшылық жасауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) салалық уәкілетті орган – ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және тиісті салада ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тапсырыс – уәкілетті органның және (немесе) салалық уәкілетті органдардың базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған шарт негізінде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісіне тапсырысы;
Тармақша 4
4) ғылыми-зерттеу жұмысы – бар білімді кеңейту және жаңа білім алу, ғылыми гипотезаларды тексеру, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын белгілеу, жобаларды ғылыми жинақтау, ғылыми негіздеу мақсатында ғылыми ізденіспен, зерттеулер, эксперименттер жүргізумен байланысты жұмыс;
Тармақша 5
5) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар – өнімді жасау немесе жаңғырту кезінде орындалатын жұмыстар кешені, тәжірибелік үлгілерге конструкторлық және технологиялық құжаттаманы әзірлеу, тәжірибелік үлгілер мен пайдалы модельдерді дайындау және сынау;
Тармақша 6
6) технологиялық жұмыстар – конструкторлық және техникалық құжаттаманы әзірлеу;
Тармақша 7
7) ӘОО-ның жоба (бағдарлама) бойынша зерттеу тобы – ғылыми жетекшінің басшылығымен жобаны (бағдарламаны) іске асыратын зерттеу ұжымы.
Тарау 2. 2-тарау. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
2-тарау. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру
Тармақ 3
3. «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 1-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес ӘОО-ның ғылыми жетекшісінің және зерттеу тобы мүшелерінің гранттық және бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру нысанында мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру бойынша жұмысы мемлекеттік тапсырысты орындау болып табылады.
Жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері мен зерттеу топтары мүшелерінің жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруы әскери қызмет міндеттерін орындауға кедергі келтірмеуге тиіс.
Тармақ 4
4. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысына (бұдан әрі – № 575 ҚРҮҚ) сәйкес уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган бекіткен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес айқындалған жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі жобаны (бағдарламаны) орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, сондай-ақ ғылыми зерттеулердің нәтижелерін конкурс жариялаған уәкілетті органға немесе салалық уәкілетті органға ұсынады.
Тармақ 5
5. Жобаны (бағдарламаны) орындау уақытына зерттеу тобының құрамын жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес айқындайды.
Зерттеу тобының құрамына ӘОО-ның штаттық персоналы – әскери қызметшілер мен азаматтық персонал, сондай-ақ ӘОО-да оқитын магистранттар мен докторанттар енгізіледі.
Сонымен қатар, жобаны (бағдарламаны) зерттеу тобының құрамына басқа да жеке тұлғаларды, егер бұл әскери қызмет міндеттерін орындауға немесе еңбек шартының талаптарын орындауға кедергі келтірмесе, ӘОО-ның штатында тұрмайтын жеке құрамды қосуға жол беріледі.
Зерттеу топтарының құрамы мен мүшелеріне қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада белгіленеді.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жұмыстарға тиісті рұқсаты жоқ зерттеу топтарының мүшелеріне рұқсат етілмейді.
Жұмыста Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтер болған жағдайда, оларды жолдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 743 қаулысымен бекітілген Бірлескен және басқа да жұмыстарды орындауға байланысты мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер жұмыста таратылуы шектеулі («қызмет бабында пайдалану үшін» деген шектеу белгісімен) мәліметтер болған жағдайда, оларды жолдау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1196 қаулысымен бекітілген Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. ӘОО-ның гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына қатысуы № 575 ҚРҮҚ-ға, «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды іске асыру үшін ӘОО жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері уәкілетті органмен және (немесе) салалық уәкілетті органмен олардың орындалуын жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері ұйымдастыратын әрбір жоба (бағдарлама) бойынша күнтізбелік жоспарларды қоса берумен шарттар жасайды.
Тармақ 9
9. Ғылыми және (немесе) ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау шарттарын, тәртібін айқындау және ӘОО алдында міндеттемелерді қабылдау мақсатында жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері ӘОО басшысымен немесе оған уәкілеттілік берілген адаммен жобаларды (бағдарламаларды) іске асырудың барлық кезеңіне ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды орындауға шарттар жасайды.
Тармақ 10
10. Міндеттерді бөлу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және технологиялық жұмыстарды орындау шарттарын айқындау мақсатында жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері зерттеу тобының әрбір мүшесімен жұмыстарды орындауға (қызмет көрсетуге) жеке шарттар жасайды.
Тармақ 11
11. Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша Жобалар (бағдарламалар) бойынша орындалатын жұмыстарды есепке алу үшін ғылыми жетекшілер жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстарды есепке алу журналдарын ресімдейді. Журналдарда жобаларды (бағдарламаларды) іске асырудың барлық уақыты ішінде орындалған күні, жұмыс (мәлімет) атауы, орындаушылар көрсетіледі.
Тармақ 12
12. Жобалардың (бағдарламалардың) ғылыми жетекшілері жобалар (бағдарламалар) бойынша аралық және қорытынды (қорытынды) есеп берулерді № 575 ҚРҮҚ белгіленген мерзімде және талаптарға сәйкес ұсынады.
Тармақ 13
13. Гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қаражатын жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі № 575 ҚРҮҚ-ның 39 және 69-тармақтарына сәйкес бөледі.
Тармақ 14
14. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау мақсатында зерттеу тобы қолда бар және жобаларды (бағдарламаларды) іске асыру үшін қажетті ӘОО-ның жабдығын пайдаланады, ол ӘОО-ның күнделікті қызметтік іс-әрекетіне кедергі келтірмеуге тиіс.
Тармақ 15
15. Ағымдағы жылы жобаларды (бағдарламаларды) аяқтау үшін негіз:
Тармақша 1
1) жоба (бағдарлама) бойынша тиісті жылға ғылыми-зерттеу жұмысы туралы есеп беруді мақұлдау туралы Ұлттық ғылыми кеңестің оң шешімі;
Тармақша 2
2) жобаның (бағдарламаның) ғылыми жетекшісі және конкурс жариялаған уәкілетті орган немесе салалық уәкілетті орган қол қойған, тиісті жыл үшін орындалған жұмыстар актісі болып табылады.
Тармақ 16
16. Жобаларды (бағдарламаларды) орындау шеңберінде іске асырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды орындау мерзімдері оларды іске асыруға арналған шарттарға сәйкес белгіленеді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстарды орындау мерзімі оларды орындау іске асыруға шарттар жасамай жүзеге асырылатын ағымдағы оқу жылына арналған ӘОО-ның ғылыми жұмыс жоспарлары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мен технологиялық жұмыстар мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті ғылыми ізденісті жүзеге асыру, зерттеулер, эксперименттер, математикалық есептеулер жүргізу, ғылыми гипотезаларды тексеру, модельдер әзірлеу, заңдылықтар белгілеу, ғылыми негіздеу үшін қажетті уақытты негізге ала отырып, ағымдағы оқу жылына арналған ӘОО-ның ғылыми жұмыс жоспарында ұзақтығы 0,5 – 1 оқу жылына белгіленеді.
Басқа 1.1
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігіне ведомстволық
бағынысты әскери оқу орындарының
ғылыми, ғылыми-техникалық және
инновациялық жобаларды
(бағдарламаларды) орындауы
шеңберінде іске асырылатын ғылыми-
зерттеу жұмыстарын, ғылыми-зерттеу
және тәжірибелік-конструкторлық
жұмыстарды, тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстар мен
технологиялық жұмыстарды
ұйымдастыру туралы
нұсқаулыққа
қосымша
Ғылыми жетекші: __________________________________________
(ә/атағы, Т.А.Ә. (болған кезде)
__________________________________________
Басталды: 20___жылғы «____» ___________.
Аяқталды: 20___жылғы «____» ___________.
__________парақта
Р/с
№
Күні (уақыты)
Жұмыстар атауы (мәліметтер)
Орындаушы
Ескертпе
Ескертпе:
Бақылау журналында жобаларды (бағдарламаларды) іске асырудың барлық уақыты ішінде «Жұмыстар атауы (мәліметтер)» деген бағанда олар бойынша жүргізілетін барлық жұмыстар, орындалатын іс-шаралар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) тауарларды (жабдық, ұйымдастыру техникасы, жинақтауыштар, аспаптар, құрал-саймандар, кеңсе тауарлары, бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалық өнім), жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, оларды жеткізу, орнату, қосу, теңшеу туралы мәліметтер;
Тармақша 2
2) жүргізілетін жөндеу, монтаждау, құрылыс жұмыстары туралы мәліметтер;
Тармақша 3
3) іссапарлар туралы мәліметтер;
Тармақша 4
4) конференциялар (дөңгелек үстелдер, семинарлар, симпозиумдар) өткізу немесе оларға қатысу туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) зерттеу топтарының жұмыс кеңестерін өткізуі туралы мәліметтер (оның ішінде басқа адамдарды тарта отырып);
Тармақша 6
6) күнтізбелік жоспар тармақтарының орындалу барысы туралы мәліметтер;
Тармақша 7
7) жеке кезеңдерді (модельдерді, алгоритмдерді, бағдарламаларды, тактикалық-техникалық тапсырмаларды, техникалық талаптарды) әзірлеуді аяқтау туралы мәліметтер;
Тармақша 8
8) зияткерлік меншікке қорғау құжаттарын алу туралы мәліметтер;
Тармақша 9
9) монографиялар, оқу құралдары, анықтамалықтар, альбомдар, конференция жинақтарын басып шығару туралы мәліметтер (есептік деректемелер, таралымы, орналасқан жері (шығыс нөмірлері және адресаттар);
Тармақша 10
10) сынақтар жүргізу туралы мәліметтер.