Об утверждении Правил размещения информации на интернет-портале оценки эффективности деятельности государственных органов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 6-2-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалаудың интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 20 қазандағы № 214 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14463 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министірлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті
Басқа 1. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі 2021 жылғы 5 мамырдағы № 153 Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
Тармақша 2
2) интернет-конференция – Порталды пайдаланушыларға онлайн режимінде өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға және оларға жауап алуға мүмкіндік беру мақсатында мемлекеттік орган жүргізетін іс-шара;
Тармақша 3
3) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы (бұдан әрі – Портал) – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін «электрондық үкімет» веб-порталының құрамдасы;
Тармақша 4
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;
Тармақша 5
5) «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – Оператор) – өзіне бекітіп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
Тарау 2. 2-тарау. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
2-тарау. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпаратты орналастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Порталда ақпарат «Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығына сәйкес орналастырылады. Операциялық бағалау қорытындылары бойынша Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті құпиялылық режимін, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, Комиссияның жұмыс органымен келісу бойынша операциялық бағалау нәтижелерін Порталда және «www.bagalau.kz» сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Орталық мемлекеттік органдар операторға тиісті сұрау салуды жіберу жолымен есепті жылдан кейінгі 20 ақпанға дейінгі мерзімде Порталда стратегиялық жоспарлардың нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде стратегиялық жоспарлардың іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.
Тармақ 5
5. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары операторға тиісті сұрау салуды жіберу жолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде Порталда облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.
Тармақ 6
6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары операторға тиісті сұрау салуды жіберу жолымен есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейінгі мерзімде Порталда ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы ақпарат бөлігінде ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есептерді орналастырады.
Тармақ 7
7. Стратегиялық жоспарлар мен аумақтарды дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді Порталда қолжеткізу шектелген ақпаратты қамтымайтын бөлікте мемлекеттік органдар орналастырады.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдар Порталда өз қызметін жария талқылауды жүргізеді. Жария талқылаулар Порталдағы арнайы бөлім арқылы интернет-конференциялар нысанында жүргізіледі. Интернет-конференциялардың тақырыбын және оларды өткізу кезеңділігін мемлекеттік органдар дербес айқындайды.