Об утверждении формы заключения об условиях переработки товаров на/вне таможенной территории Республики Казахстан для свободного обращения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении формы заключения об условиях переработки товаров на/вне таможенной территории Республики Казахстан для свободного обращения
- Атауы (қаз.)
- Тауарларды еркін айналым үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/тысқары жерлерде қайта өңдеу шарттары туралы қорытындының нысанын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 233
- Қабылданған күні
- 22.05.2003
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2010 AI15575_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V030002327_
- ЭКБ идентификаторы
- 15575
- Редакция идентификаторы
- AI15575_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 21:20
0 Тауарларды еркін айналым үшін Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/тысқары жерлерде қайта өңдеу шарттары туралы қорытындының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 157 , 168 және 177-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеудің, тауарларды еркін айналым үшін қайта өңдеудің, Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерде қайта өңдеудің шарттары туралы қорытындының нысаны бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Энергетика және минералдық
ресурстар министрінің міндетін атқарушы
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда
министрінің міндетін атқарушы
0 Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тысқары жерлерде қайта өңдеудің, тауарларды еркін айналым үшін қайта өңдеудің шарттары туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
23 мамырдағы № 233 бұйрығымен
бекітілген
Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында/тысқары жерлерде қайта өңдеудің, тауарларды еркін айналым үшін қайта өңдеудің шарттары туралы ҚОРЫТЫНДЫ
1 1. Өтініш беруші ұйымның атауы, оның мекен-жайы;
2 2. Тауардың атауы;
3 3. Тауардың СЭҚ ТН бойынша коды, оның мөлшері және құны;
4 4. Қайта өңдеуге арналған шарттың (келісім-шарттың) күні мен нөмірі;
5 5. Тауарларды қайта өңдеу өндірістік процесінің мерзімі;
6 6. Қайта өңдеу өнімдерінің атауы;
7 7. Қайта өңдеу өнімдерінің СЭҚ ТН бойынша коды, оның мөлшері мен құны;
8 8. Қайта өңдеу өнімдерінің шығу нормасы;
9 9. Қайта өңдеудің сипаты;
10 10. Бірдейлендіру тәсілдері;
11 11. Қайта өңдеуші ұйымның атауы, оның мекен-жайы;
12 12. Қайта өңдеу өнімдерін кері әкелу/әкету мерзімі (күні, айы, жылы);
13 13. Қайта өңдеу қызметінің құны;
14 14. Ерекше белгілер
(мыналар:
- кәсіпорындарда технологияларды пайдалану кезінде қайта өңдеудің нәтижесінде пайда болған қалдықтарды және шығындыларды пайдалану мүмкіндігі;
- тауардың атауы және СЭҚ ТН бойынша коды, және тарифтік реттеу шаралары қолданылатын және кеден баждары алынатын, қайта өңдеуге пайдаланылған қазақстандық тауарларды әкету кезіндегі құны көрсетіледі);
- өзге де мәліметтер.
Тіркеу №______________________
Уәкілетті мемлекеттік орган М.О.