Об утверждении Правил, сроков и форм представления уполномоченным государственным органом, уполномоченным Правительством Республики Казахстан на заключение соглашения об инвестициях, сведений о заключенных соглашениях об инвестициях и расторжении таких соглашений, а также иных сведений Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы
келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді
бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын бекіту туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 26-бабының 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтердің, сондай-ақ өзге де мәліметтердің нысаны бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылым министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық дамыту, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Басқа 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2021 жылғы
11 мамырдағы № 444
Бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 26-бабы 25-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген басқа да салалық мемлекеттік органдар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) арасында инвестициялар туралы келісім жасаған заңды тұлғалар бойынша мәліметтермен, инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтермен алмасу мақсатында, инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
2-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметтерді, сондай-ақ өзге де мәліметтерді ұсыну тәртібі мен мерзімдері
Тармақ 2
2. Министрлік инвестициялар туралы келісім жасалған не бұзылған жағдайда, инвестициялар туралы келісімдер жасалған күннен кейінгі 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялар туралы келісім жасасуға уәкілеттік берген уәкілетті мемлекеттік органның инвестициялар туралы жасалған келісімдер және осындай келісімдерді бұзу туралы мәліметті, сондай-ақ өзге де мәліметтерді (бұдан әрі – мәлімет) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жолдайды.
Тармақ 3
3. Комитет Министрліктен мәліметтерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оларды заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органына жолдайды.
Тармақ 4
4. Аумақтық мемлекеттік кірістер органы инвестициялар туралы келісімдер бұзылған жағдайда, Комитеттен алынған мәліметтер бойынша Салық кодексінің 712-1, 712-2 және 712-3-баптарында көзделген салық міндеттемелерін заңды тұлғаның орындауы бойынша шараларды қабылдайды.
Басқа 2
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 11 мамырдағы
№ 444 Бұйрыққа 2-қосымша
Нысан
№
Заңды тұлғаның атауы
Бизнес сәйкестендіру нөмірі
Инвестициялар туралы келісімнің
№
Инвестициялар туралы келісім жасалған күн
Инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзімі
Инвестициялар туралы келісімнің қолданылуын бұзу күн
Инвестициялық преференциялардың түрлері
Өзге де мәліметтер
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Басқа 2.1
«Қазақстан Республикасының
Үкіметі инвестициялар туралы
келісімдер жасасуға уәкілеттік
берген мемлекеттік органның
инвестициялар туралы жасалған
келісімдер және осындай келісімдерді
бұзу туралы мәліметтері, сондай-ақ
өзге де мәліметтер» нысанына
қосымша
1-бағанда реті бойынша нөмірі көрсетіледі.
2-бағанда Министрлікпен инвестициялар туралы келісім жасаған заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
3-бағанда Министрлікпен инвестициялар туралы келісім жасаған заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
4-бағанда инвестициялар туралы келісімнің нөмірі көрсетіледі.
5-бағанда инвестициялар туралы келісім жасаған күні көрсетіледі.
6-бағанда инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзімі көрсетіледі.
7-бағанда инвестициялар туралы келісімнің қолданылуын бұзу күні көрсетіледі.
8-бағанда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 712-1, 712-2 және 712-3-баптарында көзделген инвестициялық преференциялардың түрлері көрсетіледі.
9-бағанда инвестициялар туралы келісім шеңберінде өзге де мәліметтер көрсетіледі.