О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников по Павлодарской области Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су Кодексінің 38-бабы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 569-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 сәуірдегі «Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы» № 223 бұйрығына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері
Павлодар облыстық мәслихатының 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 20/3 шешімімен бекітілген Павлодар облысы бойынша жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері Р/с № Арнайы су пайдалану түрлері Өлшем бірлігі Төлемақы мөлшерлемелері, теңге 1 Тұрғын-үй пайдалану және коммуналдық қызметтер 1000 текше метр 145,6 2 Өнеркәсіп жылу энергетикасын қоса есептегенде 1000 текше метр 836,4 3 Ауыл шаруашылығы 1000 текше метр 235,7 4 Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары 1000 текше метр 235,7 5 Су көлігі 1000 тонна шақырым 32,3