Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабы 1-тармағының 13)тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» қаулысына, Риддер қаласының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 2021 жылғы 10 мамырдағы № 3 отырысының хаттамасына сәйкес, Риддер қаласының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Риддер қаласының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Тойбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.М. Тойбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.