Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімиятының 04.06.2004 № 20 Қаулысымен.
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 28 қаңтардағы N 423 қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері мен оларды қаржыландырудың көздері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мемлекеттік сатып алуда заңнамамен белгіленген тәртіппен жасалынатын болып анықталсын.
Тармақ 3
3. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі осы қаулының орындалу барысы туралы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 18-не дейін аудан әкіміне ақпарат берсін.
Тармақ 4
4. Аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі мен кент, ауылдық округ әкімдері қоғамдық жұмыстар бойынша келісімдердің шарттарының сақталу барысына тұрақты бақылау жасап, олардың тиімді жүргізілуіне ықпал етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ыдырысовқа жүктелсін.
Басқа 6. Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Аудан әкімиятының
2003 жылғы 14 наурыздағы
N 261 қаулысымен бекітілген
қосымша
ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ТӘРТІБІ Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы","Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 83 қаулысына сәйкес қоғамдық жұмыстарды жүргізу тәртібі "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері" арқылы анықталады.
Қоғамдық жұмыстардың түрлері
Тармақ 1
1. Коммуналдық-тұрғын үй шаруашылық мекемелеріне қала, елді мекендер және өндірістік кәсіпорындардың айналасын тазартуға көмектесу.
Тармақ 2
2. Жолдарды салу және жөндеу, су құбырларын, кәріз және басқа инженерлік коммуникациялар жүргізу.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік мәдени объектілерді салу, қайта өңдеу және жөндеу.
Тармақ 4
4. Тарихи сәулеттік көрсеткіштер мен кешендерді қалпына келтіру, археологиялық жұмыстар жүргізу.
Тармақ 5
5. Айналаны көгалдандыру-көркейту, орман шаруашылығының, демалыс орындарын, демалыс және туризм аймақтарын сақтау мен дамыту.
Тармақ 6
6. Көктемгі егін егу және жинау науқандары кезінде ауылдық округтардың жерлерін паспортизациялау.
Тармақ 7
7. Республикалық және аймақтық қоғамдық компаниялардың өткізілуіне қатысу (қоғамдық пікірлер жинау, түрлі санақтар).
Тармақ 8
8. Қарулы күштер қатарына шақыру жүргізуге ықпал жасау.
Тармақ 9
9. Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу және жинау үшін егістік жер жұмыстарын жүргізу, қосалқы шаруашылығы бар мекемелерде мал бордақылау, жас малды өсіру, малды өріске жаю мен күзету.
Тармақ 10
10. Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған азаматтардың отбасының материалдық жағдайын тексеруге учаскелік комиссияға көмек
көрсету.
Тармақ 11
11. Кент және елді мекендерде құқық тәртібін күзетуде көмек көрсету.
Тармақ 12
12. Мақсатты топтағы азаматтардың (оралмандар, рақымшылықпен босатылғандар) құжаттарын рәсімдеуде әлеуметтік қызмет көрсету.
Тармақ 13. Қоғамдық жұмыстардың көлемі
13. Мұрағат мекемелерінің жұмысына, кітаптарды, құжаттарды түптеуге көмек көрсету.
Қоғамдық жұмыстардың көлемі
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмысты жүргізу көлемі жергілікті бюджеттің қаражатына қарай анықталады.
Тармақ 2. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы және
оларды қаржыландыру көздері
2. Қоғамдық жұмыстар жұмыс беруші мен жұмыссыздар арасында келісім-шарт арқылы ұйымдастырылады. Келісім шарттың шекті мерзімі 6 айдан аспау керек.
Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың еңбек ақысы және
оларды қаржыландыру көздері
Тармақ 1
1. Қоғамдық жұмыстарды істеген жұмыссыздардың еңбек ақысы істеген нақты уақытына, жұмыс көлеміне байланысты бекітілген тәртіпке сәйкес төленеді, бірақ Қазақстан Республикасында бекітілген төменгі еңбек жалақыдан төмен болмауы керек.
Тармақ 2
2. Қоғамдық жұмыстар, оның көлемі халықты жұмыспен қамту бағдарламасымен анықталады, жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылады.