О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "О нотариате" Қолданыста
Басқа 0
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1997 жылғы 14 шілдедегі "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 206-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
6-баптың 1-тармағы "білімі және" деген сөздерден кейін "әдетте" деген
сөзбен толықтырылсын;
8-баптың 3-тармағындағы "лицензиясының мерзімі шектелмейді" деген
сөздер "лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, басты лицензия болып
табылады" деген сөздермен ауыстырылсын;
34-баптың 1-тармағында:
14) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер
"ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
17) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар"
деген сөздермен толықтырылсын;
36-баптың 1-тармағында:
12) тармақшадағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген сөздер
"ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
14) тармақша "құжаттар" деген сөзден кейін "және бағалы қағаздар"
деген сөздермен толықтырылсын;
13-тараудың атауындағы "ақша сомалары мен бағалы қағаздарды" деген
сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
85 және 86-баптардың атаулары мен мәтіндеріндегі "ақша сомалары мен
бағалы қағаздарды", "ақша сомалары мен бағалы қағаздардың" деген сөздер
тиісінше "ақшаны", "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тараудың атауы, 93, 94-баптар "құжаттарды", "құжаттар" деген
сөздерден кейін тиісінше "және бағалы қағаздарды", "және бағалы қағаздар"
деген сөздермен толықтырылсын.