Об установлении мест для массового отдыха, туризма и спорта на водных объектах и водохозяйственных сооружениях города Шымкент Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 94-бабы 2-тармағына және «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10335 болып тіркелген), Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А. Сәттібаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы басшысы С.С.Нұрымбетов «__» __________ 2021 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Шымкент қаласы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы А.К.Тулебаев «__» __________ 2021 жыл «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің басшысы У.К.Егембердиев «__» __________ 2021 жыл
Басқа 7. Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер
Шымкент қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысымен бекітілген Шымкент қаласының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлер № Су нысандарының атауы Халықтың жаппай демалуына, туризм мен спортқа арналған орындар Жауапты тұлғалар Елді мекендер 1. «Холодильник» демалыс орны Тоғыс су қоймасы Жеке кәсіпкер М.В. Брезинская Еңбекші ауданы, Тоғыс тұрғын алабы 2. «Рахат Бадам» демалыс орны Бадам су қоймасы «Рахат Бадам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Еңбекші ауданы, Бадам-1 тұрғын алабы 3. Қошқар ата өзенінің бастауы (бұлақ) Бұлақ бастауы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Әл-Фараби ауданы, Қабанбай батыр көшесі, н/з 4. Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағындағы көл Жасанды көл «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Тұран ауданы, Бәйдібек би даңғылы, № 101 5. «Жайлаукөл» демалыс аймағы Жасанды көл «Нұр-Ғажайып» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тұран ауданы, Бәйдібек би даңғылы, н/з