О льготном проезде отдельных категорий граждан города Экибастуза на общественном пассажирском транспорте (кроме такси) Күшін жойған
Басқа 0
Екібастұз қаласының жекелеген санаттағы азаматтарының
қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен
жол жүруі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңының 13-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде толық жол жүру билетінің 50% мөлшерінен қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) «Екібастұз автовокзалы – саяжай» қатынасындағы маршрутты қоспағанда жеңілдікпен жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) үшінші топтағы мүгедектер.
Тармақ 2
2. Жеңілдікке құқықты растайтын құжат болған кезде Екібастұз қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру белгіленсін:
Тармақша 1
1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;
Тармақша 2
2) басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 3
3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға;
Тармақша 4
4) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, қоныс аудару күні анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда, оқшаулау және қоныс аудару аймақтарынан Қазақстан Республикасына эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдарға;
Тармақша 5
5) мүгедек балаларға;
Тармақша 6
6) бірінші және екінші топтағы мүгедектерге;
Тармақша 7
7) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;
Тармақша 8
8) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға;
Тармақша 9
9) орта білім беру ұйымдарында оқитын балаларға.
Тармақ 3
3. Жеңілдік құқығын растайтын құжаты болған кезде «Екібастұз автовокзалы – саяжай» маршруты бойынша қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру Екібастұз қаласының келесі санаттағы азаматтары үшін белгіленсін:
Тармақша 1
1) жасы бойынша зейнеткерлер;
Тармақша 2
2) үшінші топтағы мүгедектер.
Тармақ 4
4. Қаржыландыру көзі болып Екібастұз қаласының бюджеті белгіленсін.
Тармақ 5
5. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі және Екібастұз қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі «Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарының қоғамдық жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен № 733-1/7 қаулысының және № 43/7 шешімінің (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5198 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 7
7. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.