Об утверждении Правил организации учебного процесса по дистанционному обучению в Академии правосудия при Верховном Суде Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Сот төрелігі академиясында
қашықтықтан оқыту бойынша
оқу процесін ұйымдастыру
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабының 1-тармағының 11)-тармақшасына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-2-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында қашықтықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Жоғырғы Соты жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры З.Х. Баймолдинаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидалары
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2021 жылғы 17 мамырдағы
№ 25 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 5-2-бабының 14-1)-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында (бұдан әрі – Академия) профессорлық-оқытушылық құрам мен білім алушылардың қашықтан өзара әрекеттесуі кезінде, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқытуды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қашықтан оқыту форматында оқу процесін ұйымдастыру жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға (магистранттарға), судьялардың және сот жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының тыңдаушыларына қатысты қашықтан оқыту бойынша білім беру процесін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпаратты қамтитын ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің жүйелі-ұйымдастырылған, өзара байланысты жиынтығы (бұдан әрі – білім беру порталы) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген жағдайларда академиядағы оқу процесі қашықтықтан оқыту форматында жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Қашықтан оқытуды іске асыру ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормаларын Академия белгілейді.
Тарау 2. 2-тарау. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру
тәртібі
2-тарау. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру
тәртібі
Тармақ 6
6. Білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін қашықтан оқыту тұсында жүзеге асыру кезінде Академия:
Тармақша 1
1) білім алушылардың тұрған жеріне қарамастан, білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін толық көлемде меңгеруін қамтамасыз ететін ақпараттық-білім беру ортасының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;
Тармақша 2
2) оқу процесін оқу-әдістемелік, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып қашықтан көрсетілетін жеке кеңестер нысанында сүйемелдеу тәртібін айқындайды;
Тармақша 3
3) профессорлық-оқытушылық құрамның білім алушылармен тікелей өзара әрекеттесуі арқылы өткізілетін сабақтар мен қашықтан оқытуды қолдана отырып өткізілетін сабақтар көлемінің арақатынасын айқындайды;
Тармақша 4
4) білім алушылардың барлық оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдар, тестілеу жүйесі орналасқан электрондық ресурстар мен көздерге, ақпараттық жүйеге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 5
5) білім беру процесіне қатысушылардың әрекеттеріне байланысты емес мән-жайлар туындаған кезде басқарушылық шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру үшін Академияда:
Тармақша 1
1) білім алушыларға арналған оқу-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әкімшілік ақпаратты қамтитын парақтары бар білім беру порталының және (немесе) ақпараттық жүйенің;
Тармақша 2
2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналарының;
Тармақша 3
3) цифрлық білім беру ресурстарының;
Тармақша 4
4) оқытуды басқарудың желілік жүйелерінің немесе бұлтты есептеулер арқылы қызметтің;
Тармақша 5
5) білім алушылар мен тыңдаушылардың жеке басын анықтау үшін сәйкестендіру жүйесінің болуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. Қашықтан оқыту бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін Академиялық бағдарламалар мен жобалар орталығы және Ақпараттық технологиялар қызметі:
Тармақша 1
1) профессорлық-оқытушылық құрам мен қашықтан оқытуды іске асыру қызметтерін оқыту, цифрлық білім беру ресурстары мен цифрлық контенттерді әзірлеу және жаңарту үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 2
2) қашықтан оқыту бойынша оқу процесіне қатысушылар арасындағы өзара әрекеттесуді (форум, чат, бейне- және аудио- конференциялар) қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) білім алушылар мен тыңдаушылардың Академияның және әріптестердің электрондық ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) білім алушыларды оқытудың цифрлық ізінің (онлайн сабақтарға қатысу, кері байланыс) мониторингін жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Цифрлық білім беру ресурстарын дайындауды білім беру бағдарламасына сәйкес тиісті оқу пәндерін жүргізетін профессорлық-оқытушылық құрам жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Қашықтан оқыту оқу сабақтарын онлайн режимінде және білім алушылардың өзіндік жұмысын офлайн режимінде өткізу арқылы іске асырылады.
Тармақ 11
11. Онлайн режиміндегі оқу сабақтары цифрлық технологияларды (вебинарлар, бейнеконференциялар, интернет желісі бойынша хабарламалар алмасу) қолдана отырып, нақты уақыт режимінде оқытудың өзара әрекеттесу процесін көздейді.
Тармақ 12
12. Офлайн режимінде білім алушылардың өзіндік жұмысы оқытушының және білім алушының қарым-қатынасы асинхронды болатын (білім алушыға оқу материалын өзіне ыңғайлы кез келген уақытта меңгеру және байланыс құралдарын пайдалана отырып профессорлық-оқытушылық құраммен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін) оқу өзара әрекеттесу арқылы мүмкін болады.
Тармақ 13
13. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды ұйымдастыруды Академия өз бетінше жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Қашықтан оқыту бойынша білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды және аралық аттестаттауды жүргізу үшін Академия білім алушыны верификациялауға мүмкіндік беретін технологияларды қолдануды қамтамасыз етеді.