О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам заимствования Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының қарыз алу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 516-құжат; 1995 ж., N 7, 48-құжат; N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 1, 175, 180-құжаттар; 1997 ж., N 12, 181-құжат): 40-баптың 1-тармағының он бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "- лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана заем шарттары түрінде жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат алу туралы шешімдер қабылдау;"; 42-баптың бірінші бөлігінің сегізінші абзацындағы "несие, заем және басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер туралы шешімдер қабылдайды;" деген сөздер алып тасталсын.
Тармақ 2
2. 1998 жылғы 8 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына: 3-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "лотереялар шығару, олардың шарттары, оларды орналастыру мен өткізу туралы, сондай-ақ қаржы жылының шегінде уақытша кассалық үзілісті жабу үшін және тиісті бюджетте заемның негізгі сомасы мен ол бойынша сыйақыны (мүддені) өтеуге арналған қаражат болған жағдайда ғана шарттары түрінде жоғары тұрған бюджеттен немесе екінші деңгейдегі банктерден қарызға қаражат алу туралы шешімдер қабылдауға;".