Об определении специально отведенных мест для осуществления выездной торговли на территории города Приозерск Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды анықтау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындар анықталсын.
Тармақ 2
2. Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 22/1 «Приозерск қаласында көшпелі сауданы ұйымдастыру туралы» қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 3904 болып тіркелді, 2016 жылғы 5 тамызда №31/467 «Приозерский вестник» газетінде, 2016 жылғы 9 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындары
Приозерск қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 14 мамырдағы № 21/80 Қаулға қосымша Приозерск қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арнайы бөлінген орындары № Сауда орындары 1 Кисунько көшесі, № 13/3 үйдің алдында 2 Дружба Народов көшесі, № 2 үйдің алдында 3 Космонавттар көшесі, № 1/2 үйдің және Балқаш көшесі, № 2/2 үйдің алдында 4 Озерная көшесі №16, «Березка» дүкенінің алдында 5 Р.Қошқарбаев көшесі, № 7/1 және 7/2 үйлерінің алдында 6 Ағыбай батыр көшесі, № 2 үйдің алдында 7 Жеңіс бульвары, № 36, 34 үйлерінің алдында 8 Кисунько көшесі № 2/1 мәдениет-ағартушылық және ойын-сауық мекемесі ғимараттының алдында орналасқан қалалық орталық алаң 9 Кисунько көшесі № 2 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының ғимараттының алдында орналасқан қалалық кіші алаң