Об утверждении описания и правил применения опознавательных знаков и внешней окраски судов Пограничной службы Комитета национальной безопасности Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 56-бабының 37-2) тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Дархан Айтқалиұлы Ділмановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
17 мамырдағы № № 54/қе
бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы шекаралық кемелердің танып айыру белгілері және сыртқы бояуының сипаттамасы мен қолдану қағидалары «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі –Сипаттама және Қағида) 56-бабының 37-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықта қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) кеменің су ығыстыртқыштығы - кеме корпусының су асты бөлігімен ығыстырылған су мөлшері;
Тармақша 2
2) киль - кеме түбінің ортасынан оның алдыңғы жағының шетіне дейін өтетін және кеменің беріктігін қамтамасыз ету және орнықтылықты қамтамасыз ету үшін қызмет ететін төменгі көлденең арқалық;
Тармақша 3
3) кеменің артқы жағы - кеме корпусының артқы шеті;
Тармақша 4
4) конструктивтік ватерсызығы - судың тыныш бетінің жүзу кемесінің корпусымен жанасу сызығы;
Тармақша 5
5) кеменің алдыңғы жағы - кеменің алдыңғы шеті;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кемесі - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиесілі, осы бұйрықтың ережелеріне сәйкес келетін танып айыру белгілері және сыртқы бояуы бар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі әскери қызметшісінің қол астында тұрған, корабль және катерлерде қызмет етуге арнайы дайындығы бар әскери экипаж.
Тармақша 7
7) қондырма - соңғысы жоқ болған кезде – жоғарғы палубадан биік кеме бөлімі, төменгі жиек терезе ойығынан жоғары кеме бөлімі;
Тармақша 8
8) мидель-шпангоут - кеменің теориялық сызбасының перпендикуляры арасындағы ұзындықтың жартысындағы тік көлденең жазықтықпен кеме корпусының қимасы;
Тармақша 9
9) су үсті борты - палубалық сызықтың жоғарғы жиегінен шекті шөгу сызығының жоғарғы жиегіне дейінгі мидель - шпангоут бойынша бортқа тік өлшенген ара-қашықтық;
Тармақша 10
10) Форштевень - корпустың алдыңғы шетінің сыртқы қаптамасы бекітілген және алдыңғы бөлігінде кильге өтетін кеменің алдыңғы жағындағы арқалық;
Тармақша 11
11) Фальшборт - кемедегі палубаның борттық қоршауы.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары
2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының сипаттамасын және оларды қолдану қағидалары
Тармақ 3
3. Өздерінің мақсаты бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Негізгі танып айыру белгісі кеменің Қазақстан Республикасына тиістілігін айқындайды.
Қосымша танып айыру белгілері кеменің Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне тиістілігін айқындайды.
Анық борттық жазбалар және борттың нөмірі кеменің қосымша танып айыру белгілері болып табылады.
Тармақ 4
4. Кеменің сыртқы бояуының схемасы кеме үстінің түстік бояуы су үсті борты, фальшборт, қондырма және діңгек. Оның ішінде қондырма мен діңгек ақ түспен, су үсті борты мен фальшборт – қою жасыл түспен боялады.
Тармақ 5
5. Негізгі танып айыру белгісі конструктивті ватерсызығы бойынша кеменің ұзындығының 1/20 бөлігінің жалпы ені көлбеулі екі түсті (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының түстері) жолақты білдіреді, бұл ретте түстік жолақтар келесідей тәртіпте жүреді:
екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 1/40 көгілдір түсті жолақ;
екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 1/10 алтын түсті жолақ;
екі түсті жолақтың жалпы ұзындығының ені 7/8 көгілдір түсті жолақ.
Тармақ 6
6. Негізгі танып айыру белгісі кеменің бортында, оның алдыңғы жағында орналасады.
Жолақ конструкциялық ватерсызыққа қатысты кеменің алдыңғы жағының жоғарғы бөлігіне 70 градусқа еңкейтілген.
Кеменің форштевні мен борттың танып айыру белгісінің негізі арасындағы арақашықтық конструкциялық ватерсызық бойынша кеменің ұзындығының 1/3 бөлігіне тең.
Тармақ 7
7. Қосымша танып айыру белгісі JAǴALAÝ KÚZETİ және COAST GUARD борттық жазулары салмағы 15 тоннадан жоғары өзі жүретін кемелерге жазылады.
Тармақ 8
8. JAǴALAÝ KÚZETİ борттық жазуы ақ түсті «Arial» шрифтімен жазылады, мидель-шпангоуттағы су үсті бортының биіктігі 1/3 жазуы әріптерінің биіктігі. Жазудың ұзындығы - конструктивтік ватерсызықтың 1/5 ұзындығы. Жазу симметриялы: мидель - шпангоуттың көлбеулігі бойынша, су үсті бортының биіктігі бойынша тігінен орналасады.
Тармақ 9
9. COAST GUARD борттық жазуы қондырманың борттық бетінің жоғарғы бөлігіне қою жасыл түсті «Arial» шрифтімен жазылады. Жазудың әріптерінің биіктігі - борттық жазудың 1/3 биіктігіне тең. Жазудың ұзындығы – борттық жазудың 1/4 ұзындығына тең.
Тармақ 10
10. Қосымша танып айыру белгісі борттық нөмірі үш таңбалы санмен белгіленеді және су үсті бортының биіктігі бойынша симметриялы, форштевеннен конструктивтік ватерсызықтың ұзындығының 1/5 қашықтығында ақ түсті «Arial» шрифтімен жазылады. Борттық нөмір сандарының биіктігі - түсіру орнында су үсті бортының 1/2 биіктігіне тең.
Тармақ 11
11. Конструктивтік ерекшеліктерге және жердің жетіспеушілігіне байланысты танып айыру белгілері кеменің су үсті бортына жазуға мүмкін болмаған жағдайларда, соңғылары оның қондырмасына барынша рұқсат етілген пропорцияда орналастырылады.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кемелерінің танып айыру белгілері мен сыртқы бояуының графикалық әлпеті және оның орналасуы осы Сипаттама және Қағиданың қосымшасында көрсетілген.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
кемелерінің танып айыру белгілерінің сыртқы бояуының графикалық әлпеті
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Шекара қызметі кемелерінің танып
айыру белгілері мен сыртқы
бояуының сипаттамасы және
Қағидасына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі
кемелерінің танып айыру белгілерінің сыртқы бояуының графикалық әлпеті