Об установлении ограничительных мероприятий на участке «Заготзерно-элеватор» в селе Кокпекты Кокпектинского сельского округа Кокпектинского района Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының «Заготзерно-элеватор» учаскесіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңы 10-1 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2021 жылғы 26 сәуірдегі № 01 - 11/169 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Көкпекті ауданы Көкпекті ауылдық округінің Көкпекті ауылының «Заготзерно-элеватор» учаскесіндегі мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық – санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Көкпекті ауданының «Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы шешімді Шығыс Қазақстан облысының Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
Тармақша 2
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің аудан аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 3
3) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Көкпекті ауданы әкімінің интернет – ресурсында орналастырылуын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау өзіме қалдырамын. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.