Об утверждении Правил содержания и защиты зеленых насаждений Восточно-Казахстанской области, Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Восточно-Казахстанской области Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес;
Тармақша 2
2) Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/40-VII шешіміне 1 қосымша Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Қағидалар мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерге қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) абаттандыру – сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
Тармақша 2
2) ағаштарды кесу – «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Рұқсаттар туралы заң) 2-қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу жөніндегі жұмыс;
Тармақша 3
3) ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу – уәкілетті орган айқындаған учаскелерде жүзеге асырылатын ағаштар мен жасыл екпелерді қайта отырғызу жөніндегі жұмыс;
Тармақша 4
4) дендрологиялық жоспар – құрылыс салу аймағын ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелерімен үйлесімділікте өсіп тұрған және отырғызылуы жоспарланып отырған ағаш-бұта өсімдіктерінің жасыл екпелерінің сандық және түрлік құрамы көрсетілген жасыл екпелерді орналастырудың схемалық құжаты;
Тармақша 5
5) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (жалпыға ортақ инженерлік жүйелер) орналасқан және оларға арналған жерлер;
Тармақша 6
6) жасарту – қаңқалы және жартылай қаңқалы бұтақтарды қатты қысқарту, өркендерді сирету және реттеу, бас жағы мен бұталардың құрғау салдарынан өзінің декоративтік сапасын жоғалтқан, сау діңді және сүңгекті жасарту үшін жарамды ересек ағаштардың кемінде 3,5 метр биіктіктегі діңдерін кесу;
Тармақша 7
7) жасыл алқап – түрлік құрамына қарамастан кемінде 0,125 га аумақта кемінде 50 дана ағашы бар көгалдандырылған аумақ;
Тармақша 8
8) жасыл екпелер – азаматтық заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлік болып табылатын және бірыңғай қалалық жасыл қорды құрайтын, табиғи өскен және жасанды отырғызылған ағашты-бұталы және шөпті өсімдіктер;
Тармақша 9
9) жасыл екпелерді жою – жасыл екпелердің өсуінің тоқтауына әкелетін зақымдану;
Тармақша 10
10) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау-жасыл екпелерді, көгалдандырылған аумақтар мен жасыл алқаптарды құруға, сақтауға және молықтыруға (оның ішінде кесілген жасыл екпелерді өтемдік қалпына келтіруге) бағытталған құқықтық, әкімшілік, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 11
11) жасыл екпелерді сақтау – абаттандыру және құрылыс жұмыстарының нүктесіне түсетін, аса құнды екпелердің тұқымдарын сақтауға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 12
12) жасыл екпелерді орман-патологиялық зерттеу – зиянкестердің (жәндіктердің) болуын арнайы зерттеу, ауру белгілері мен ошақтарының болуын, діңдерде, тамыр жүйесі мен ұшарбаста зең ауруларымен (паразиттермен) зақымдану белгілерінің болуын анықтау. Егер екпелердің 50 (елу) %-дан астамы аурулардан зақымданған болса, онда олар міндетті түрде кесілуі тиіс;
Тармақша 13
13) жасыл екпелерді түгендеу (тал басын қайта есептеу) – көгалдандыру объектілерінің сандық және сапалық сипаттамаларын толық сипаттай отырып, оларды есепке алу жөніндегі іс-шаралар кешені, сондай-ақ жоспарлы негізде әрбір көгалдандыру элементін графикалық бейнелеу;
Тармақша 14
14) жасыл екпелер тізілімі – жасыл екпелердің типтері, түрлік құрамы, алаңының көлемі, жай-күйі және орналасуы туралы деректер жиынтығы;
Тармақша 15
15) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық және басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бірге азаматтың меншігіндегі, жеке (отбасында) тұруға арналған үй;
Тармақша 16
16) заңсыз кесу – уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылатын ағаштарды кесу;
Тармақша 17
17) көгалдандырылған аумақтар – шығу тегі табиғи өсімдіктер орналасқан, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері мен объектілері, бульварлар, скверлер, көгалдар, гүлзарлар орналасқан жер учаскесі;
Тармақша 18
18) көгалдандыру жөніндегі ұйым – шарт негізінде елді мекен аумағындағы жасыл екпелер мен жалпыға ортақ пайдаланылатын көгалдандырылған аумақтарды көгалдандыру, күтіп-ұстау, күту жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 19
19) көгал – шөп жамылғысы мен басқа да өсімдіктерді қамтитын, тротуардан, тұрақ қалталарынан, тұрақтардан және жолдың өзге де элементтерінен жиектас таспен және (немесе) әшекейлі қоршаумен қоршалған абаттандыру элементі (жер учаскесі);
Тармақша 20
20) күтіп-баптау жөніндегі жұмыстар – өсімдіктердің жерасты және жерүсті бөлігін күтіп-баптау (қоректендіру, суару, қопсыту, санитариялық-профилактикалық іс-шаралар және өзге де іс-қимылдар);
Тармақша 21
21) мәжбүрлі түрде кесу – авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды кесу;
Тармақша 22
22) өтемдік отырғызу жоспары – отырғызудың сандық бөлігін, тұқымдық құрамын, көлемін, күнтізбелік мерзімін, сондай-ақ жоспарлы негізге орайластырылған отырғызуды орналастырудың графикалық схемасын қамтитын кесуге ұшыраған ағаштарды отырғызу жоспары;
Тармақша 23
23) өтемдік отырғызу – уәкілетті орган дендрологиялық жоспарға сәйкес айқындаған арнайы учаскелерде кесілген ағаштардың орнына отырғызу;
Тармақша 24
24) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
Тармақша 25
25) санитариялық кесу – авариялық жағдайлар туғызатын (электр беру желілерінде, газ құбырларында жатқан, ғимараттардың шатырын бұзатын, жол жүрісі қауіпсіздігіне қатер төндіретін)ауру, құрғап бара жатқан, құрғақ және зақымдалған бұтақтарды кесу;
Тармақша 26
26) санитариялық мақсатта ағаш кесу – жасыл екпелердің санитариялық жай-күйін жақсарту мақсатында жүргізілетін ағаш кесу (ішінара, жаппай), бұл кезде ауру, зақымданған, қураған және қураған ағаштар кесіледі;
Тармақша 27
27) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
Тармақша 28
28) уәкілетті орган – жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау мәселелерін реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 29
29) ұшарбасты қалыптастыру – белгілі бір эстетиқалық түр беру және жасыл екпелерді жасарту мақсатында олардың солып қалуына әкеп соқтырмайтын, пішіндеуге келетін бұтақтар мен өркендерді, жекелеген ағаштарды, бұталарды және жолдағы екпелерді кесу;
Тармақша 30
30) шағын сәулет нысандары – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсіндер, фонтандар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердің демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
Тармақша 31
31) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ.
Тарау 2. 2-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
2-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау
Тармақ 4
4. Барлық санаттар мен түрлердегі көгалдандырылған аумақтар елді мекен шекараларындағы көгалдандыру жүйесін құрайды, елді мекеннің жасыл қорына кіреді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде және республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, жеке тұрғын үй мен жеке қосалқы шаруашылық аумақтарында, саяжай учаскелерінде өсетін жасыл екпелерді қоспағанда, рекреациялық, орта құрайтын және санитариялық-қорғаныш функцияларын орындайды.
Тармақ 5
5. Жер учаскелерінің меншік иелері және (немесе) жер пайдаланушылар оларда орналасқан жасыл екпелерді сау күйінде күтіп-ұстайды және олардың сақталуын, қорғалуын және күтіп-баптау жөніндегі жұмыстарды өз қаражаты есебінен қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Елді мекендердің жасыл қорын дамытудың негізгі мақсаттары, функциялары: экологиялық теңгерімді сақтау; оңтайлы температуралық режимді сақтау, оның ішінде жазғы кезеңде; ауа ылғалдылығын сақтау; ластанған ауаның адсорбциясы (пайдаланылған газдар, кәріз, өрттер, жинақталған коммуналдық қалдықтардың иісі және ауаны ластаудың басқа көздері); белгілі бір аумақта ластануды және басқа да теріс әсер ету нысандарын сіңіру, тазарту, өзгедей жою; сәндік-эстетикалық, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 7
7. Жасыл қор мен қоршаған ортаны қорғау және сауықтыру жөніндегі шараларды азаматтар, лауазымды және заңды тұлғалар осы қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің көгалдандырылған аумақтарын дамыту дендрологиялық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Көгалдандыру объектілері экологиялық заңнаманы сақтай отырып, елді мекеннің бас жоспарына сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде құрылады.
Тармақ 10
10. Рекреациялық аймаққа жататын ортақ пайдаланудағы жер аумағында рекреациялық аймақтың жұмыс істеуіне тікелей байланысты емес жаңа өнеркәсіптік, коммуналдық және қойма объектілерін, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды орналастыруға (салуға) және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге жол берілмейді.
Тармақ 11
11. Объектілерді жобалау және салу кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары болжанатын учаскенің аумағында бар жасыл екпелерді барынша сақтай отырып, объектіні салуға берілген жер учаскесін көгалдандыруды көздеу қажет.
Тарау 3. 3-тарау. Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі құжаттама жүргізу тәртібі
3-тарау. Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі құжаттама жүргізу тәртібі
Тармақ 12
12. Жасыл екпелердің барлық түрлері: есепке алу объектісінің шекарасында орналасқан жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу; осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін толтыру; жасыл екпелер тізілімін жүргізу; дендрологиялық жоспарды әзірлеу арқылы есепке алынады.
Тармақ 13
13. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлердегі жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу жүргізу жөніндегі қызметтер шарттық негізде жергілікті бюджет есебінен және (немесе) басқа да қаржыландыру көздері есебінен жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарының көшірмесін жасыл қормен жұмыс істеу кезінде ұсыным ретінде пайдалану үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі аппаратына жібереді.
Тармақ 15
15. Жасыл екпелерді есепке алу нәтижелерін көрсететін құжаттар ресімделген түгендеу, орман-патологиялық зерттеу материалдары, сондай-ақ электрондық және қағаз жеткізгіштерде жасалатын дендрологиялық жоспарға енгізілген өзгерістер болып табылады.
Тармақ 16
16. Есепке алынған жасыл екпелер осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелер тізіліміне енгізіледі.
Тармақ 17
17. Жасыл екпелердің тізілімі мен есебін уәкілетті орган қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүргізеді.
Тармақ 18
18. Жасыл екпелерді есепке алуды жүргізу мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) жасыл екпелердің саны, түрлік құрамы және жай-күйі туралы дұрыс деректерді есепке алу және алу;
Тармақша 2
2) елді мекеннің жасыл екпелерді қорғау, сақтау және көгалдандырылған аумақтарды дамыту саласындағы саясатының негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 3
3) халықты және мүдделі тұлғаларды елді мекендегі жасыл екпелердің саны, жай-күйі және қоршаған орта туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) елді мекен аумағындағы жасыл екпелердің жағдайын талдау;
Тармақша 5
5) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда жасыл екпелерді тиімді басқару үшін бірыңғай ақпараттық база құру, оның ішінде жасыл екпелер санының қолданыстағы құрылыс және санитариялық нормаларға сәйкестігін белгілеу;
Тармақша 6
6) көгалдандырылған аумақтарды күтіп-ұстау, күрделі жөндеу және оларды қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды регламенттеу;
Тармақша 7
7) көгалдандырылған аумақтардың меншік иелерін айқындау және олардың сақталуы мен жай-күйіне жауапты заңды және жеке тұлғаларды белгілеу;
Тармақша 8
8) қаланың көгалдандырылған аумақтарын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) көгалдандыру жобаларын, күтім жасау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жасыл екпелерді күтіп-ұстау, күтіп-баптау және пайдалану жөніндегі ұсынымдар әзірлеу.
Тармақ 19
19. Дендрологиялық жоспарды елді мекен шекарасы шегінде құрамында экологтары және (немесе) дендрологтары бар дендрологиялық зерттеулер қызметтерін көрсететін ұйымдарды тарта отырып, уәкілетті орган әзірлейді.
Тармақ 20
20. Дендрологиялық жоспар екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлім – картографиялық бейнеден тұратын, онда әрбір жасыл екпеге реттік нөмір беріледі және қайта есептеу ведомосімен сүйемелденеді. Картографиялық бейнеде жасыл екпелерден басқа, көшелерді, жолдарды (жүру бөлігін) қоса алғанда, құрылыс салу аймағын және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды ескере отырып, көгалдардың, алаңдардың, жолдардың, су айдындарының ашық учаскелері көрсетіледі. Екінші бөлім – сипаттама, онда көгалдандырылған объектінің сәйкестендіру сипаттамалары, дендрологиялық жоспардың сәйкестендіру сипаттамалары, өсіп тұрған жасыл екпелердің сандық және түрлік құрамы көрсетіледі, мынадай: кесу үшін (ауру, кепкен); қайта отырғызуға арналған; өңделмеген деген белгілерді көрсете отырып, жасыл екпелер өсетін жергілікті жердің бедері, топырақтың құрамы сипатталады.
Тармақ 21
21. Дендрологиялық жоспардың ауқымы 1:10000.
Тармақ 22
22. Дендрологиялық жоспар электрондық және қағаз жеткізгіштерде жасалады және сақталады және уәкілетті органның ресми интернет-ресурстарында жарияланады.
Тармақ 23
23. Дендрологиялық жоспар бес жылда бір рет жасалады және оны кейін уәкілетті орган түзетеді.
Тармақ 24
24. Бес жыл өткен соң климаттық ерекшеліктерге, елді мекеннің немесе оның бөлігінің жоспарлау құрылымы мен сәулеттік бейнесінің қалыптасуына байланысты жаңа дендрологиялық жоспар жасалады және бекітіледі.
Тармақ 25
25. Шағын қалаларда (халық саны 50 мың тұрғынға дейін) өзгерістер болмаған кезде қолданыстағы дендрологиялық жоспарды қайта бекітуге жол беріледі.
Тарау 4. 4-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар
4-тарау. Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі шаралар
Тармақ 26
26. Жасыл кеңістікті күтіп-ұстау мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) отырғызу шұңқырлары мен траншеялардағы топырақты жерді ауыстыру, жасыл екпелерді отырғызу және оларды күтіп-баптау;
Тармақша 2
2) ағаштардың діңгек қуысын орнатумен қыртыстарды қопсыту, ағаштарды әктеу, жасыл қоршамды қию, ағаштардың діңін көтеру, ағаш өскіндерін жою;
Тармақша 3
3) гүлзарлар, көгалдарды орналастыру, арамшөптерді отау, шөптерді шабу, қысқы кезеңде раушан гүлдерін жауып ұстау;
Тармақша 4
4) жасыл екпелерді суару бүкіл вегетациялық кезеңде, жылдың ыстық және құрғақ уақытында суару үлкен жиілікпен жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) ұшарбасты қалыптастыру;
Тармақша 6
6) қаңқалы және жартылай қаңқалы бөліктерін сақтай отырып, ағаш-бұта өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып жүргізілетін жасарту;
Тармақша 7
7) тыңайтқыш енгізу;
Тармақша 8
8) жасыл екпелердің зиянкестерімен және ауруларымен күрес;
Тармақша 9
9) авариялық, қураған ағаштар мен бұталарды санитариялық кесу, түбірлерді жұлу;
Тармақша 10
10) жасыл екпелердің жай-күйіне мониторинг ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) ағаштың қуысын тазалау және пломбалау, ағаштың кесілген жерлерін майлы баяумен өңдеу.
Тармақ 27
27. Жасыл екпелерді күтіп-ұстауды және қорғау жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде – уәкілетті орган жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) саябақтар мен скверлерде меншік иелеріне немесе меншік иесі уәкілеттік берген адамға жүктеледі;
Тармақша 3
3) өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумағында және басқа да меншік объектілерінде, сондай-ақ бөлінген және бекітілген аумақта және – осы объектілердің меншік иелеріне немесе пайдаланушыларына жүктеледі;
Тармақша 4
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарына бөлінген аумақтарда – тапсырыс берушіге жүктеледі.
Тармақ 28
28. Ағаштарды жасарту және тығыз өсетін ағаштарды сирету жөніндегі іс-шаралар вегетация басталғанға дейін немесе күздің соңында жүргізіледі.
Тармақ 29
29. Жасыл екпелерді қайта отырғызу жыл бойы оларды сақтау, қорғау және қарқынды күтім жасау бойынша қажетті шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. Жапырақты және қылқан жапырақты ағаштардың тиімді жерсіндіру мақсатында оларды күз басталғаннан бастап ерте көктемге дейінгі кезеңде қайта отырғызылады.
Тармақ 30
30. Жұмыстарды жүргізу кезінде құрылыс ұйымдары құрылыс салуға немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуге бөлінген жер учаскесінде орналасқан жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды орындайды:
Тармақша 1
1) құрылыс алаңдарының қоршауы ағаштар мен бұталар олардың шегінен тыс қалатындай етіп орнатылады. Құрылыс алаңында қалған әр ағаштың немесе ағаштар тобының айналасында ағаштың діңі мен ұшарбасын зақымданудан сақтауды қамтамасыз ететін жеке қорғаныс жасалады. Ағашты-бұталы өсімдіктерді сақтау мақсатында төменгі және жоғарғы ұшарбастарды ішінара кесуге, оқпандарды байлауға, бұталардың ұшарбастарын байлауға жол беріледі;
Тармақша 2
2) сақталатын ағаштарды қоршауларды, шырақтарды және өзге де заттарды бекіту үшін бағаналар ретінде пайдалануға және зақым келтіруге жол берілмейді;
Тармақша 3
3) ағаштардың тамырларын жалаңаштауға және дің маңындағы шеңберлерді топырақпен, құрылыс материалдарымен және қоқыспен көмуге жол берілмейді;
Тармақша 4
4) жасыл екпелер ауданында жолдарды, тротуарларды және басқа да құрылыстарды реконструкциялау және салу кезінде бұрыннан барларға қарсы тік белгілерді өзгертуге жол берілмейді. Тамыр жүйесін толтыру немесе жалаңаштау мүмкін болмаған жағдайда, жобалар мен сметаларда ағаштардың қалыпты өсу жағдайларын сақтау үшін тиісті құрылғылар қарастырылған;
Тармақша 5
5) машиналардың көгалдарда тұруына, құрылыс материалдарын жинап қоюға, жанар-жағармай материалдарын, лас қалдықтарды төгуге жол берілмейді;
Тармақша 6
6) кірмежолдар мен көтергіш крандарды орнатуға арналған орындар жасыл екпелерден тыс орналастырылады және ағаштардың орнатылған қоршауларын бұзбайды;
Тармақша 7
7) ағаштар мен бұталардың тамыр жүйесі аймағында қазу жұмыстарын тамыр жүйесіне зақым келтірмей, негізгі қаңқа тамырлары орналасқаннан төмен жүргізеді;
Тармақша 8
8) жаңа құрылыстың барлық учаскелерінде жоғарғы өсімдік топырағын сақтайды, оны алуды және құрылыс алаңының шеттерінде үймелеуді жүргізеді. Бұрғыланған өсімдік топырағы аумақтарды көгалдандыру кезінде пайдаланылады және (немесе) көгалдандыру жөніндегі ұйымға беріледі.
Тармақ 31
31. Тротуарлар мен өтпе жолдарды асфальттау, төсеу, тақталармен жабу жұмыстарын жүргізу кезінде ағаштың айналасында кемінде диаметрі 1,2 метр жақын аралық шеңбер қалдырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Уәкілетті органның елді мекеннің аумақтарын көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспары
5-тарау. Уәкілетті органның елді мекеннің аумақтарын көгалдандыру жөніндегі жұмыс жоспары
Тармақ 32
32. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда көгалдандыру, жасыл екпелерді отырғызу бюджеттің түрлі деңгейлері қаражаты есебінен, сондай-ақ өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүргізілуі мүмкін.
Тармақ 33
33. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін уәкілетті орган мынадай жұмыстардың бір түріне және/немесе бір мезгілде түрлеріне ақау актісін дайындайды:
Тармақша 1
1) жасыл екпенің мекенжайын (орналасқан жерін), түрін, оның сипаттамаларын (оқпан диаметрі, биіктігі, жай-күйі және басқалары) көрсете отырып, болжанып отырған қураған ағашты кесу бойынша көлемді айқындау;
Тармақша 2
2) нақты учаскеде жоспарланған жаңа жасыл екпелердің көлемін анықтау (жасыл екпенің түрі мен атауы, отырғызу мерзімі);
Тармақша 3
3) түрі мен сипаттамаларын, отырғызу мерзімдерін айқындай отырып, өтемдік жасыл екпелер орналасатын учаскенің жоспарын айқындау;
Тармақша 4
4) ағаштың орналасқан жерін, көлемін (санын) көрсете отырып, түбірлерін қопарып қазып алу көлемін айқындау.
Тармақ 34
34. Уәкілетті орган жасыл екпелерді сатып алуға, оларды тасымалдауға, тыңайтуға, суаруға, топырақты тасымалдауға, механикаландыруға және жұмыс күшіне, сондай-ақ жаңадан отырғызылған жасыл екпелерді жерсіндіру үшін кейін күтіп-баптауға жұмсалатын шығындардың құнын айқындай отырып, еркін нысандағы ақау актісін іске асыру мақсатында жұмыс көлемін айқындау үшін шығындар калькуляциясын жасайды.
Тармақ 35
35. Инженерлік желілерге (электрмен жабдықтау, жарықтандыру, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау) қатысты жасыл екпелерді кесу және/немесе қураған ағаштарды кесу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде кемінде үш жұмыс күні бұрын инженерлік желілердің меншік иелерімен жұмыстарды орындау мерзімдері келісіледі және жұмыстардың уақыты мен ұзақтығын көрсете отырып, учаскедегі болжамды жұмыстар туралы халыққа, кәсіпорындар мен ұйымдарға бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер немесе ұялы байланыс арқылы хабарланады.
Тарау 6. 6-тарау. Ағаштарды кесу тәртібі
6-тарау. Ағаштарды кесу тәртібі
Тармақ 36
36. Құрылыс салуға немесе басқа да жұмыстар жүргізуге бөлінген учаскелерде жасыл екпелерді сақтау мүмкін болмаған жағдайда, егер қолданыстағы жасыл екпелер тұрғын үй құрылысы ғимараттарын қоса алғанда, басқа да құрылыстар үшін қатер төндіретін болса, ағаштарды кесу Рұқсаттар туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Тармақ 37
37. Ағаштарды кесу:
Тармақша 1
1) бекітілген және келісілген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметін, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) инженерлік абаттандыру объектілеріне қызмет көрсету, инженерлік желілерді реконструкциялау және салу, жерасты және жерүсті коммуникациялары;
Тармақша 3
3) авариялық және төтенше жағдайларды жою, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде жою;
Тармақша 4
4) бұрыннан бар объектілердің аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтіру, жасыл екпелердің сапалық және түрлік құрамын жақсарту қажеттілігі;
Тармақша 5
5) адамдардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаның мүлкіне залал келтіретін ағаштарды санитариялық кесу жағдайларында жасалуы мүмкін;
Тармақша 6
6) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсіп тұрған жағдайларда жүзеге асырылады.
Тармақ 38
38. Ағаштарды кесуді рұқсат беру рәсімдеріне сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін ұйымдар жүргізеді. Уәкілетті орган халықтың өміріне қауіп төндіретін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы № 1034 қаулысымен бекітілген Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне (бұдан әрі – Тізбе) енгізілген жасыл екпелерді кесуге рұқсат берілмейді.
Тармақ 39
39. Жалпыға ортақ жерлердегі және ғимараттарға, құрылыстарға, көп қабатты тұрғын үйлерге іргелес аумақтардағы желдің және табиғи сипаттағы өзге де жағдайлардың, жол-көлік оқиғаларының нәтижесінде ағаштар авариялық құлаған жағдайда құлаған ағаштарды жинауды, құлаған жерлерді уақтылы тазалауды және ағаш қалдықтарын шығаруды қызмет көрсететін учаскелер бойынша ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 40
40. Авариялық және төтенше жағдайларды жою кезінде, оның ішінде инженерлік абаттандыру объектілерінде уәкілетті органның келісімінсіз ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу мынадай: ағаштардың, сондай-ақ олардың бұтақтарының құлауы адамдардың өмірі мен денсаулығына, ғимараттар мен құрылыстардың, коммуникациялардың және желілердің бүлінуіне қауіп төндірген; жол қозғалысы қауіпсіздігіне кедергілер, оның ішінде жол белгілерін көзбен шолуды жабатын кедергілер болған, жол белгілерін ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда жүргізіледі.
Тармақ 41
41. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу фактісі авариялық-құтқару қызметінің куәландыру актісімен айғақталады, кейін уәкілетті органға мәжбүрлі түрде кескен сәттен бастап үш жұмыс күн ішінде хабарланады.
Тармақ 42
42. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде ағаштарды санитариялық кесуді уәкілетті органмен жазбаша келісім бойынша осы жер учаскесіне қызмет көрсететін көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 43
43. Ағаштарды кесу Рұқсат беру туралы заңға сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша, Жасыл екпелер тізіліміне сәйкес ағаштардың сандық, тұқымдық құрамын, жай-күйі мен орналасқан жерін дәл анықтау үшін уәкілетті орган маманының алдын ала ағашты кескен жерге баруы және Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісін толтыруы арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 44
44. Жеке және заңды тұлғалар ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кесілген ағаштардың орнына өтемдік отырғызу туралы кепілдік хат береді.
Тармақ 45
45. Кесілген жасыл екпелер мен кесілген қалдықтарды (үгінділер, бұтақтар, жапырақтар, қабықтар) жұмыс жүргізілетін жерде жинауға және сақтауға жол берілмейді.
Тарау 7. 7-тарау. Ағаштарды отырғызу, қайта отырғызу және өтемдік отырғызу
7-тарау. Ағаштарды отырғызу, қайта отырғызу және өтемдік отырғызу
Тармақ 46
46. Жеке және заңды тұлғалар дендрологиялық жоспарға сәйкес өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуға арналған аумақты көрсете отырып, уәкілетті органның жазбаша келісімі бойынша жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды көгалдандыруға қатыса алады.
Тармақ 47
47. Жеке және заңды тұлғалар өз қаражатына жасыл екпелерді отырғызуды жүзеге асырғаннан кейін орындалған іс-шаралар туралы деректерді береді, ал уәкілетті орган жасыл екпелерді қабылдайды және оларды Жасыл екпелерді есепке алу жөніндегі тізілімге енгізеді.
Тармақ 48
48. Жасыл екпелерді түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдарына сәйкес қайта отырғызуға жататын ағаштар уәкілетті органның жазбаша нұсқамасына сәйкес көрсеткен учаскелерге қайта отырғызылады.
Тармақ 49
49. Жеке және заңды тұлғалар ағаштарды қайта отырғызған кезде өтемдік отырғызу жүргізілмейді.
Тармақ 50
50. Егер қайта отырғызу ағаштардың солып қалуына әкеп соққан жағдайда, осы Қағидалардың 59-тармағының талаптарына сәйкес өтемақының он еселенген мөлшері белгіленеді.
Тармақ 51
51. Ағаштарды қалпына келтіру қала мен елді мекеннің өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес, қажет болған жағдайда топырақты құнарлы топыраққа ауыстыра отырып, арнайы учаскелерде жүргізіледі.
Тармақ 52
52. Ағаштарды кесуге рұқсат алған кезде қалпына келтірілетін ағаштарды олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген азаматтардың және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен он есе мөлшерде өтемдік отырғызу жүргізіледі.
Тармақ 53
53. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерге өтемдік отырғызу және күтіп-баптау және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды өз штатында көгалдандыру саласындағы мамандары бар көгалдандыру жөніндегі ұйымдар жүргізеді.
Тармақ 54
54. Іргелес аумақтағы жасыл екпелер жойылған жағдайда, қарамағында осы аумақ бар заңды немесе жеке тұлға өтемдік отырғызуды он есе мөлшерде жүргізеді.
Тармақ 55
55. Уәкілетті орган жылына бір рет өзінің интернет-ресурсында ағымдағы кезең үшін жүргізілген өтемдік отырғызу жөніндегі ақпаратты және көгалдандыру жөніндегі ұйымдардың тізбесін орналастырады.
Тармақ 56
56. Ағаштарды заңсыз кесу, жою, бүлдіру немесе жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзған жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 және 386-баптарына сәйкес жауапты болады және елу есе мөлшерде ағаштарды өтемдік отырғызуды жүргізеді.
Тармақ 57
57. Тізбеге енгізілген көпжылдық екпелер және (немесе) жасыл екпелер заңсыз кесілген, жойылған, бүлінген жағдайда ағаштардың сол түрін (қосымша түрлерін) өтемдік отырғызу жүз есе мөлшерде жүргізіледі және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 340-бабына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 58
58. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалардың 4-тармағында көзделген зиян үшін жеке және заңды тұлғаларға қойылатын талаптарды уәкілетті орган есептейді.
Тармақ 59
59. Ағаштарды өтемдік отырғызу кесегімен биіктігі кемінде 2,5 метр жапырақты ағаш көшеттерін немесе кесегімен биіктігі кемінде 2 метр қылқан жапырақты ағаш көшеттерін отырғызу арқылы жүргізіледі. Көшеттердің жоғарғы тамыр жүйесінен діңінің диаметрі 3 сантиметрден кем емес болуы, дің бөлігінің 1,3 метр жоғары болуы қажет.
Тармақ 60
60. Ағаштарды кесу кезінде өтемдік отырғызу уәкілетті органның рұқсаты бойынша және (немесе) ағаштарды заңсыз кесу, жою немесе бүлдіру кезінде кесу, ағаштарды жою немесе бүлдіру орнынан 1 километр радиуста аумақта жүргізіледі. Өтемдік отырғызу үшін кесу орнынан 1 километр радиуста бос орын болмаған кезде өтемдік отырғызу аумағын уәкілетті орган жазбаша түрде көрсетеді.
Тармақ 61
61. Ағаштарды мәжбүрлі түрде кесу кезінде өтемдік отырғызу көгалдандыруды, көгалдандыру жөніндегі ұйымды тарта отырып, жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде жүргізіледі.
Тармақ 62
62. Өтемдік ағаш отырғызу дендрологиялық жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 63
63. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде және жеке аумақтарда өсетін жасыл екпелер механикалық зақымданған немесе жойылған жағдайда кінәлі тарап осы Қағидалардың 59-тармағына сәйкес көшеттер отырғызу арқылы бүлінген немесе жойылған екпелерді бес есе өтемдік қалпына келтіруді жүргізеді.
Тармақ 64
64. Өтемдік ағаш отырғызу жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жеке және заңды тұлғалар бір ай ішінде уәкілетті органды өтемдік отырғызу жоспарына сәйкес жұмыстардың орындалғаны туралы жазбаша түрде хабардар етеді.
Тармақ 65
65. Кепілдік хатқа сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізеді.
Тармақ 66
66. Өтемдік отырғызуды жүзеге асырған жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органмен бірлесіп, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасыл екпелердің жерсіну актісін жасайды және одан әрі күтіп-ұстау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органының теңгеріміне береді.
Тармақ 67
67. Уәкілетті орган өскен ағаштарды Жасыл екпелер тізіліміне енгізеді.
Тармақ 68. ____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі
68. Отырғызылған көшеттер өтемдік отырғызу кезінде жойылған жағдайда, олардың мүддесі үшін кесу жүргізілген тұлғалар жасыл екпелерді қайта отырғызуды жүргізеді және оларды қайта отырғызу жүргізілген сәттен бастап үш жыл бойы (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі одан әрі іс-шараларды қамтамасыз етеді. Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп- ұстау және қорғау қағидаларына 1-қосымша Нысан ____ жылғы 1 қаңтардағы Жасыл екпелер тізілімі Жасыл екпелер объектілерінің (учаскелерінің) алаңын жердің санатына, өсімдіктің типтеріне, функционалдық мақсатына қарай бөлу Қала/елді мекен Әкімшілік аудан: (код)_____________________ Жауапты иесі:____________________________ Жасыл екпелер тізілімі № Р/с түгендеу/жасыл екпе паспортының № Жердің функционалдық мақсаты (екпелер санаты) Кесте Ағаш өсімдігі Бірлі-жарым ағаштар, дана Топтар, куртиналар, дана Тоғайлар, алқаптар, дана Жол бойындағы екпелер, дана Жиыны, дана Бұталы өсімдіктері Бірлі-жарым, дана Жасыл қоршам қума метр (қ.м.) Қатарлап отырғызу, дана Топтық отырғызу, дана Барлығы қ.м./дана Ашық кеңістіктер Гүлзарлар Көгалдар Жазғы, м2 Көпжылдық,м2 Контейнерлік, дана Вазон, м2 Альпинарий, рокарий, м2 Жиыны м2/дана Партерлік, м2 Кәдімгі, м2 Жер қыртысының жамылғысы, м2 Жиыны м2/дана Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына 2-қосымша Нысан Жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісі 20__ж. «___»___________ Р/с № Жасыл екпелердің табиғи құрамы Сақталады Кесуге рұқсат Рұқсатсыз кесу да на жасы, жыл дің диаметрі, см да на жасы, жыл дің диаметрі, см да на жасы, жыл дің диаметрі, см 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2 Барлығы: Қорытынды кестенің жалғасы Қайта отырғызу, тамырын қопарып қазу (жасарту) Санитариялық кесу Сапалық(нақты жай-күйі Залалды өтеу мөлшері, бірлік Залалды өтеу мөлшері бойыншазалалдың сомасы Өтемдік қалпына келтіру, дана да на жасы, жыл дің диаметрі, см да на жасы, жыл дің диаметрі, см АЕК теңге 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 Осы акт _______ данада жасалды. Ескертпе: Зерттеп-қарау актісі жасыл екпелерді кесуге немесе қайта отырғызуға құқық беретін құжат болып табылмайды. Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ______________________________ қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса) Уәкілетті органның лауазымды адамы ______________________________ қолы (Т.А.Ә.) (мөрі бар болса) Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп- ұстау және қорғау қағидаларына 3-қосымша Нысан Жергілікті атқарушы органның (облыстың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың) басшысы ____________________________ (тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты, мемлекеттік органның атауы) ____________________________ (жеке тұлғаның тегі, аты, ол бар болған жағдайда әкесінің аты не көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға ұйымының атауы) және (немесе) сенімхат бойынша) ____________________________ (ЖСН/БСН) мекенжайы ____________________________ (заңды мекенжайы немесе тұрғылықты жері) байланыстар ____________________________ (электрондық мекенжайы,телефон) Кепілдік хат _____________________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) Ағаштарды кесуге рұқсат алған сәттен бастап алты ай ішінде _______________ дана көлемінде өтемдік ағаш отырғызуды жүргізуге кепілдік береді, ___________ тұқымдылар, ағаштардың орнына _________ дана, _________________ үшін кесілетін тұқымдар ____________________________________мекенжайы бойынша: (себебі көрсетіледі) __________________________________________________ 20__ жылғы « » жасыл екпелерді зерттеп-қарау актісіне сәйкес. Отырғызылған көшеттер жойылған жағдайда, қайта отырғызуға кепілдік береді. Өтемдік отырғызу сәтінен бастап үш жыл ішінде (ағаш көшетінің жерсіну кезеңі) осы Қағидалардың 26-тармағының 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларына сәйкес көшеттерді күтіп-ұстау және қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге және үш жыл өткеннен кейін оларды ағаштардың жерсіну актісі негізінде жергілікті атқарушы органның теңгеріміне беруге кепілдік береді __________________________________________________________________________ (жеке немесе заңды тұлғаның атауы) Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 381-1 және 386 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылатыны хабарланды. Күні: 20__ ж. «___» ____________ _____________________________ Басшының Т.А.Ә. және қолы (мөрі бар болса) Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларына 4-қосымша Нысан Жасыл екпелердің жерсіну актісі 20___ ж. «___» _________ Жасыл екпелердің отырғызған мекенжайы: ____________________________________ № Заңды және жеке тұлғалардың атауы Рұқсаттың немесе келісудің нөмірі мен күні Кесілген ағаштардың саны, дана Қайта отырғызылған ағаштардың саны, дана Өтемдік немесе бастамашылық отырғызу, дана тұқымы Жағдайы Қалпына келтіруге арналған көшеттер саны, дана Ескертпе Тамыр алды, дана Тамыр алмады, дана 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 1 Қорытынды: Жеке немесе заңды тұлғаның өкілі ______________________________________________ (Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса) Уәкілетті органның лауазымды адамы __________________________________________ (Т.А.Ә., қолы) (мөрі бар болса)
Басқа 154. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/40-VII шешіміне 2 қосымша Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (Ерекше бөлімі), Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру саласындағы тәртіпті айқындайды және қатынастарды реттейді және меншік нысанына қарамастан Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан жерлердің, ғимараттар мен құрылыстардың, жапсарластыра салынған орын-жайлардың, тұрғын үйлердегі тұрғын емес орын-жайлардың иелері немесе пайдаланушылары болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру және ұйымдастыруды жергілікті атқарушы органдар, уәкілетті басқару органдары, абаттандыруға жауапты мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) абаттандыру - сол немесе өзге аумақты құрылыс және мақсаты бойынша қалыпты пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру, халықтың дені сау, жайлы және мәдениетті өмір сүру жағдайын жасау мақсатында жүзеге асырылатын жұмыстардың (аумақтарды инженерлік дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолдарды салу, коммуникациялық желілерді және сумен жабдықтау, кәріз, энергиямен жабдықтау құрылыстарын, жабындар құрылғыларын дамыту, монументті өнердің шағын сәулеттік нысандары мен объектілерін орналастыру, көгалдандыруды жобалау, шу деңгейін азайту, микроклиматты жақсарту, ауа бассейнін, ашық су айдындары мен топырақты ластанудан қорғау бойынша) және көрсетілетін қызмет (аумақтарды құрғатуға және көгалдандыруға тазалау, жинау, санитариялық тазалау бойынша) жиынтығы;
Тармақша 2
2) жалпыға ортақ пайдаланылатын орындар – халық үшін қолжетімді немесе ашық болатын аумақтар, объектілер;
Тармақша 3
3) жалпыға ортақ жерлер – алаңдар, көшелер, тротуарлар, өтпе жолдар, кондоминиум құрамына кірмеген үй жанындағы жер учаскесі, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, қала ормандары, бульварлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, тазарту құрылысжайлары және ортақ пайдаланылатын басқа да инженерлік жүйелер, сондай-ақ ортақ пайдаланылатын жылу желілері мен инженерлік жүйелердің күзет аймақтары) орналасқан және оларға арналған жерлер;
Тармақша 4
4) жеке тұрғын үй – үй маңындағы учаскеде орналасқан және шаруашылық пен басқа да құрылыстармен және жасыл екпелермен бiрге азаматтың меншiгiндегi жеке (отбасымен) тұруға арналған үй;
Тармақша 5
5) тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі - ТҚҚ) - қатты нысандағы коммуналдық қалдықтар;
Тармақша 6
6) қауiптi қалдықтар – құрамына бір немесе бірнеше қауiптi қасиеттерi (уыттылығы, жарылу қаупi, радиоактивтiлiгi, өрт қаупi, жоғары реакциялық қабiлетi) бар зиянды заттар кіретін және дербес немесе басқа заттармен қосылған кезде қоршаған ортаға және адамның денсаулығына тiкелей немесе ықтимал қауiп төндiруi мүмкін қалдықтар;
Тармақша 7
7) өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары;
Тармақша 8
8) қалдықтармен жұмыс істеу – қалдықтардың түзілуінің алдын алуды және оларды барынша азайтуды, қалдықтарды есепке алу мен бақылауды, олардың жиналып қалуын, сондай-ақ қалдықтарды жинауды, қайта өңдеуді, қайта кәдеге жаратуды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды (жинап қоюды) және жоюды қоса алғанда, қалдықтармен байланысты қызмет түрлері;
Тармақша 9
9) полигондардың қабылдауына келмейтін қалдықтар – сұйық қалдықтар; полигон жағдайында жарылатын, коррозиялы, қышқылданатын, өрт қаупі жоғары немесе өрт қаупі бар қауіпті қалдықтар; сумен реакцияға түсетін қалдықтар; медициналық немесе ветеринариялық мекемелердің жұқпалы болып табылатын қалдықтары; рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері; қабылдау критерийлерін қанағаттандырмайтын қалдықтар; құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар; түсті және қара металдар сынықтары; литий, қорғасын-қышқыл батареялары; пестицидтер; макулатура, картон және қағаз қалдықтары; шыны сынықтары; электрондық және электр жабдықтары; жойылмайтын органикалық ластаушыларды қамтитын қалдықтар; пластмасса, пластик, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы; құрылыс материалдарының қалдықтары; тамақ қалдықтары;
Тармақша 10
10) өтпе жол – тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға, шағын аудандар, орамдар, елді мекендер ішіндегі құрылыс объектілеріне көлік құралдарының кіруін қамтамасыз ететін жол элементі;
Тармақша 11
11) тротуар – жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолдың жүру бөлігімен шектесетін немесе одан көгалмен немесе арық жүйесімен бөлінген жолдың элементі;
Тармақша 12
12) уәкілетті орган – жергілікті атқарушы органның коммуналдық шаруашылықты реттеу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 13
13) ұйым – абаттандыру саласында маманданып жүрген жеке немесе заңды тұлға;
Тармақша 14
14) шағын сәулеттік нысандар (ШСН) – декоративтік сипаттағы және іс жүзінде пайдаланылатын объектілер (мүсiндер, субұрқақтар, барельефтер, гүл құмыралары, павильондар, күркелер, отырғыштар, құтылар, балалар ойындары және ересектердiң демалысына арналған жабдықтар мен конструкциялар);
Тармақша 15
15) іргелес аумақ – ғимараттар, құрылыстар, қоршаулар, құрылыс алаңшаларының, сауда, жарнама объектілеріне және заңды немесе жеке тұлғалардың балансындағы, меншігіндегі, иелігіндегі, жалға алуындағы басқа объектілер шекараларына тікелей (периметрі бойынша 5 метр шекарадағы) жанасып жатқан аумақ;
Тармақша 16
16) өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы шарт – өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтынушылық қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болған қалдықтарды және оның (олардың) орамасын жинауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды, пайдалануды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыру туралы үлгілік шарт негізінде өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторы мен өндірушілердің (импорттаушылардың) арасында жасалатын шарт;
Тармақша 17
17) жер пайдаланушы – мақсаты мен меншік нысандарына тәуелсіз қала немесе елді мекен аумағында жер учаскелерін пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға (кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық құрылымдар, кәсіпкерлер, жеке тұрғын үйлердің иелері, пәтер иеленушілерінің кооперативі және т.б.);
Тармақша 18
18) коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзілген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзілу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
Тармақша 19
19) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау – кейіннен кәдеге жаратуды, қайта өңдеуді және жоюды қамтамасыз ету үшін қалдықтардың типіне және құрамына қарай коммуналдық қалдықтар бөлек жиналатын процесс;
Тармақша 20
20) қалдықтарды кәдеге жарату – қалдықтарды қайталама материалдық немесе энергетикалық ресурстар ретiнде пайдалану;
Тармақша 21
21) қалдықтарды көму – қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;
Тармақша 22
22) қалдықтарды өңдеу - сұрыптауды қоса алғанда, қалдықтардан кейіннен тауарларды немесе өзге де өнімдерді өндіру (дайындау) үшін пайдаланылатын шикізат және (немесе) өзге де материалдар алуға, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс iстеудi жеңiлдету, олардың көлемiн немесе қауiптi қасиеттерiн азайту мақсатында қалдықтардың қасиеттерін өзгертуге бағытталған физикалық, химиялық немесе биологиялық процестер;
Тармақша 23
23) қалдықтарды орналастыру – өндiрiс және тұтыну қалдықтарын сақтау немесе көму;
Тармақша 24
24) қалдықтарды сақтау – қалдықтарды кейiннен кәдеге жарату, қайта өңдеу және (немесе) жою үшін арнайы белгіленген орындарда жинап қою;
Тармақша 25
25) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегі кез келген қалдықтар;
Тармақша 26
26) қалдықтарды жою – қалдықтарды көму және жою жөнiндегi операциялар;
Тармақша 27
27) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – өз бетімен жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтер, ақпарат алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды пайдаланатын адамдар, қарттар, мүгедектер.
Тарау 2. 2-тарау. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
2-тарау. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру
Тармақ 1
Тармақ 5
5. Жеке және заңды тұлғалар Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарында, соның ішінде жеке үй иелерінің аумақтарында тазалықты сақтайды және тәртіпті қолдайды, абаттандыру элементтеріне (жолдар, жаяу жүргіншілер жолдары, көгалдар, шағын сәулет нысандары, жарықтандыру, су бұрулар) зиян келтіруге және бұзуға жол бермейді. Абаттандыру аумағын ашу қажет болған жағдайда оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Тармақ 6
6. Жергілікті жерлерді ағымдағы санитариялық күтіп-ұстауды аумақтарды абаттандыру саласында маманданып жүрген ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Қалалар мен елді мекендерді ағымдағы күтіп-ұстау және санитарлық тазалауды абаттандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Барлық ұйымдық-құқықтық нысандардың жеке және заңды тұлғалары, оның iшiнде күрделі және уақытша объектілердің иелерi мыналарды:
Тармақша 1
1) дербес өз қаражаты есебінен немесе ұйымдармен шарттар жасасу жолымен бөлінген аумақты санитариялық күтіп-ұстауды және абаттандыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) кез келген меншік объектілеріне ұқыпты қарайды, мемлекеттік меншік объектілеріне залал келтірілген жағдайлар туралы тиісті органдарды хабардар етеді;
Тармақша 3
3) көшелер және үй нөмірлері көрсетілген тақталарды техникалық дұрыс жағдайда және тазалықта (қажет жағдайда тазалайды, жуады) ұстайды;
Тармақша 4
4) қоршауларды (шарбақтарды) және шағын сәулеттік нысандарды тиісті жағдайда (қоршаудың (шарбақтың) сыртқы жағын бояу, әктеу) күтіп-ұстайды;
Тармақ 9
9. Жеке және заңды тұлғаларға:
Тармақша 1
1) көшелерде, алаңдарда, жағажайларда, саябақтарда, скверлерде және басқа қоғамдық орындарда қоқыс тастауға;
Тармақша 2
2) ТҚҚ, ыдыстарды, өндірістік, тұрмыстық және қауіпті қалдықтарды өртеуге, жалпы пайдалану орындарында, кәсіпорын және жеке тұрғын үйлердің ішкі ауласын қоса алғанда сондай-ақ, контейнерлерде от жағуға;
Тармақша 3
3) өндірістік кәсіпорындардың тазаланбаған суын су қоймаларына лақтыруға;
Тармақша 4
4) тұрғын кварталдардың ішінде және жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарда, су бөлетін құдықтарда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, су қоймаларында, көпшілік демалатын орындарда көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге, сондай-ақ кілем өнімдерін жууға;
Тармақша 5
5) топырақты, қоқысты, сусымалы құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, ағаштардың бұтақтарын, оларды брезентпен немесе жолдардың ластануын болдырмайтын басқа да материалмен жабусыз тасымалдауға;
Тармақша 6
6) полигонда орналастыруға тыйым салынған қауіпті қалдықтарды кез-келген түрде және нысанда, ұйым болып табылмайтын кез-келген жеке және заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға;
Тармақша 7
7) коммуналдық қалдықтарды кез-келген түрде және нысанда, ұйым болып табылмайтын кез-келген жеке және заңды тұлғаларға иеліктен шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 10
10. Ұйымдар аумағынан және инженерлік жүйелерден жерүсті суларын суағар коллекторларға жасанды жіберуге кәріз желілерін пайдаланатын ұйымдардың келісімі және келісім-шарты бар болған жағдайда рұқсат етіледі.
Тармақ 2. 2. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын жинастыруды ұйымдастыру
2. Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын жинастыруды ұйымдастыру
Тармақ 11
11. Жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарды жинау және күтіп-ұстау қызмет көрсетудің мынадай түрлерін қамтиды:
Тармақша 1
1) ұсақ және тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
Тармақша 2
2) ірі көлемді қоқыстар мен қалдықтарды жинау және шығару;
Тармақша 3
3) сыпыру;
Тармақша 4
4) қамысты, қурайды, шөптерді және басқа да жабайы өсімдіктерді шабу және шығару;
Тармақша 5
5) қоршаулар мен шағын сәулет нысандарын ағымдағы жөндеу және сырлау.
Тармақ 12
12. Көшенің жүру бөлігін, оның барлық ені бойынша, алаңдарды, жолдарды және қалалық және елді мекендердің көше желілерін, көлік қою қалталарын, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін тазарту және күтіп-ұстау жұмыстарын осы жұмыстарды жүргізуге қолданыстағы заңнамаға сәйкес конкурста жеңіп алған ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Көше мен өту жолдары бойында орналасқан немесе жол жағынан газонмен бөлінген және тұрғын үй ғимараттарының кіреберісінен, аула аумақтарынан, мекемелерден, кәсіпорындардан, сауда және қызмет көрсету объектілерінде орналасқан тротуарларды, жағалаулық кәсіпорындарға іргелес жатқан қоршауына тікелей шығу жолы жоқ тротуарларды тазарту жұмыстары жол жағын тазарту мен күту жұмыстарын жүргізетін ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Қоғамдық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарындағы аялдама кешендері мен оларға іргелес жатқан аумақтарды тазарту және жуу жұмыстарын олардың меншік иелері жүргізеді.
Тармақ 15
15. Объектілердің меншік иелері жапсарлас аумақтарда (автотұрақтар, боксты гараждар, ангарлар, қосалқы қойма құрылыстары, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету объектілері) санитариялық тазалауды және жинауды коммуналдық шаруашылық ұйымдарымен қамтамасыз етеді немесе оны өз бетінше жүргізеді.
Тармақ 16
16. Ауданның көп қабатты тұрғын үйлерінің кондоминиумын басқару органы, мамандандырылған көлік құралдары үшін:
Тармақша 1
1) контейнерлер алаңдарына;
Тармақша 2
2) газтарату қондырғыларына;
Тармақша 3
3) қар және қоқыстарды жинау барысында тұрғын үйлердің ішкі орамдарына қолжетімдігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 17
17. Аудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің кондоминиумын басқару органы мен меншік иелері, ғимараттардың және құрылыстардың меншік иелері және қалдықшығару ұйымдары контейнерлік алаңдар мен оған іргелес аумақтың тиісті санитарлық күйін қамтамасыз етеді.
Тармақ 18
18. Жинау бойынша ұйымдарға, жеке және заңды тұлғаларға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) аумақты санитарлық тазарту бойынша жұмыстарды орындау барысында қоқысты көшелердің жүру бөлігіне және өтпе жолдарға жылжытуға;
Тармақша 2
2) магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдардың жүру бөлігіне, ормаішілік өтпе жолдардан, аула аумақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда объектілерінен тазартылған қарды лақтыруға немесе жылжытуға;
Тармақша 3
3) қарды жинау барысында жасыл екпелерді зақымдауға және жоюға;
Тармақша 4
4) жолдардың шетінде қар үйінділерін құру барысында тротуар мен газонға қарды көшіруге;
Тармақша 5
5) қар үйіндісін тазартқаннан кейін өтпе жолға қарды шығаруға және үюге;
Тармақша 6
6) нөсер қабылдағыштарға қар үйіндісін жинауға;
Тармақша 7
7) сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға;
Тармақша 8
8) жағалау аумағына қоқысты, балшықты, ластанған қарды, қатқан мұзды, тазаланбаған өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық ағын суларды тастауға;
Тармақша 9
9) ағынды су коллекторларына, жауын қабылдағыш құдықтар мен арық жүйесіне сыпырынды мен тұрмыстық қоқыстарды тастауға;
Тармақша 10
10) ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға.
Тармақ 19
19. Жапырақтар түсетін кезеңде, бөлінген аумақтарды тазалауға жауапты ұйымдар көшелер мен магистральдар бойындағы көгалдардан, аула аумақтарынан түскен жапырақтарды сыпыру және шығаруды жүргізеді.
Тармақ 20
20. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы және басқа да жасыл аймақтардағы жолдарды жинау барысында жеке және заңды тұлғаларға, құрамында химиялық реагенттері жоқ, осы мақсатта алдын ала дайындалған алаңдарда, жасыл желектердің сақталуы шартымен және еріген қар суларының ағып кетуін қамтамасыз еткен жағдайда биіктігі отыз сантиметрден аспайтын қарды уақытша сақтауға рұқсат етіледі.
Тармақ 21
21. Өтпе жолдардың шетіндегі қарды жинау және шығару осы көше немесе жолдың өтпелі бөлігін жинауға жауапты заңды және жеке тұлғалардың өз күшімен жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Жеке және заңды тұлғалардың көшелердің көлік жүретін бөлігінде және өтпе жолдарда, тротуарлар және аула аумақтарында жинау жұмыстарын жүргізу технологиясы және тәртібі, ауа райы жағдайына қарамастан көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Тармақ 23
23. Қар шығару ұйымдары арнайы қоспамен араласқан құмды төсеу бойынша жұмыстарды қар жауа бастаған немесе мұзтайғақ пайда болғанда бастайды.
Тармақ 24
24. Қарды уақтылы тазалауды қамтамасыз ету үшін қар шығару ұйымдары тапсырыс берушінің келісімі бойынша, машиналар мен механизмдердің тәулік бойғы кезекшілігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 25
25. Жеке және заңды тұлғалар көшелердің жүргін бөлігінен, көшелерден, өтпе жолдардан, тротуарлардан тазаланған қарды, жиналған қар үйіндісі түрінде қарды уақытша жинау үшін көшелердің шетіне және көшелер мен өтпе жолдардың шеткі бөлігіне, ал кіреберістер мен ғимараттарға кіретін, баспалдақтан түсетін жерлерден жүргіншілер мен көліктің өтуіне кедергі келтірмейтін орындарға уақытша үйеді.
Тармақ 26
26. Қарды жинау барысында, қар шығаратын ұйымдар абаттандыру элементтерінің, жасыл желектердің, барлық инженерлік коммуникациялардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 27
27. Бір жақты көлік қозғалысы бар көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде скверлер, газондар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлінетін жолақтары бар магистральдар жағынан қар сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде жиектасқа дейін қардан және мұздан қар шығару ұйымдарымен тазалануы тиіс.
Тармақ 28
28. Қар шығару бойынша ұйымдармен жолдың жүру бөлігінің шетінен механикаландырылған күреу және сыпыру жүргізілгеннен кейін бірінші кезекте аулаларға кіреберіс, шығу жолдары, орам ішіндегі өтпе жолдар тазартылады.
Тармақ 29
29. Қоғамдық көлік аялдамаларынан, жер үсті тротуар өткелдерінен, көпірлерден және жол өткелдерінен, көпшілік баратын орындардан (сауда орталықтары, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, автостанциялар, театрлар, білім беру, денсаулық сақтау мекемелері) қарды шығару, қар жауу аяқталғаннан кейін аула ішілік және аумақтардың орам ішілік жүруін қамтамасыз ете отырып, қар шығару ұйымдарымен бір тәулік ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 30
30. Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін магистральдік көшелерден және өтпе жолдардан, үйілген қарды аумақтардың аулаларынан және аула ішіндегі өтпелерден қарды шығару, қар жауу аяқталғаннан кейін үш тәулік ішінде, қалған көшелерден және аумақтардан қар жауу аяқталғаннан кейін бес тәуліктен кешіктірмей қар шығару ұйымдарымен жүзеге асырылады. Жеке секторлардың аумақтарынан жиналған қарды шығару қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен кем емес жүзеге асырылады.
Тармақ 31
31. Жеке және заңды тұлғалар қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығаруды жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқысты жинауға жауапты ұйымдармен қоқыстан тазаланып, абаттандырылады.
Тармақ 33
33. Қар шығару ұйымдарымен қар жинауға арналған техниканы қолдану мүмкін емес орындарда қолмен тазалау қолданылуы тиіс.
Тармақ 34
34. Аула аумақтарынан және орамішілік өтетін жерлерден тазартылған қарды ауладағы автокөліктің еркін өтуіне және жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмейтін орындарда үш тәуліктен аспайтын мерзімге үйіп жинауға рұқсат етіледі. Аулаішілік аумақта қарды үйіп жинаған кезде судың жылғалармен ағып кетуін қарастыру керек.
Тармақ 35
35. Қысқы уақытта ғимараттар (паркингтер) мен үй-жайлардың меншік иелеріне және жалға алушыларға уақытында меншікті және іргелес аумақтарды қардан және мұздан тазалауды ұйымдастыру қажет және оларды қар полигонына өз күштерімен немесе шарт бойынша ұйыммен шығаруды қамтамасыз ету қажет. Ғимараттардың шатырларынан жаяу жүргіншілер жағына шығатын аймақтарды тазарту, қауіпті учаскелерге қоршауды алдын ала орнатумен жүргізілуі қажет. Шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан қарды түсіру ішкі аула аумақтарында орындалады. Қарды түсіру жаяу жүргіншілер және әуе желілерінің, шырақтар мен екпелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен жүзеге асырылады.
Тармақ 36
36. Ғимараттың шатырынан тасталған қар мен сүңгі мұзды ғимараттың (объект) меншік иесі (теңгерім ұстаушы), кондоминиумды басқару органы көшенің өту бөлігіне жинайды және өз бетінше немесе мамандандырылған ұйыммен жасалған шарт бойынша қар полигонына шығарылады.
Тармақ 37
37. Қар шығару бойынша ұйымдармен қарды жинау, кейіннен қатқан мұздан жинауды жүргізу барысында, бірінші кезекте, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар, аулаға кіреберістер, қоқыс жинауға арналған контейнерлер мен өрт гидранттарына, сондай-ақ газ тарату қондырғылары мен қосалқы трансформаторларға баратын жолдар тазартылады.
Тармақ 38
38. Кондоминиум объектісінің басқару органдары немесе тұрғын үй қорына қызмет көрсетуші ұйым көктемгі кезең басталғаннан бастап іргелес аумақта мыналарды ұйымдастырады:
Тармақша 1
1) қар суының қалыпты ағып кетуін қажет ететін орындарда ағынды қамтамасыз ету үшін ойыстарды тазарту;
Тармақша 2
2) қар суын нөсер кәріздерінің люктері мен қабылдағыш құдықтарына қарай жүйелі түрде ағызу;
Тармақша 3
3) қар ерігеннен кейін қалған қар мен мұзды, қоқысты жинап, аула аумағын жалпы тазарту.
Тармақ 39
39. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында, кондоминиумдардың басқару органдары және жеке меншік тұрғын үйдің иелері аулаларда қар жинауды уақытылы жүргізеді, шағын сәулет нысандары мен өзге де сәндік элементтерін қардан тазартады. Жеке тұрғын үйлердің меншік иелері, кондоминиум объектілерін басқару органдары, сондай-ақ тұрғын емес үй-жайлардың иелері кімнің жауапкершілік аймағына жатқызылған немесе бекітілген инженерлік желілер құдықтарының жоғарғы бөліктерін тазалауды жүргізеді.
Тармақ 40
40. Жергілікті атқарушы органдармен саябақтар мен жағажайлар, орнатылған урналардан бөлек, контейнерлерді орналастыру үшін арнайы алаңдармен жабдықталады.
Тармақ 41
41. Жинау бойынша ұйымдармен қыс аяқталғаннан кейін су аймағының жағалауы қоқыстардан, рұқсатсыз үйінділерден тазартылуы тиіс, су бассейнінің санитарлық жағдайын күтіп-ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Тармақ 42
42. Жинау бойынша ұйымдар күнделікті жағажай жабылғаннан кейін негізгі тазалауды жүргізуі тиіс, жиналған қоқыс пен қалдықтар дереу шығаруға жатады.
Тармақ 43
43. Қала және елді мекендердің аумағынан жерүсті және жерасты суларын бұруға арналған арналарды, құбырларды және дренаждарды профилактикалық тексеру, тазалау, нөсерлі кәріз, жаңбыр қабылдағыш құдықтардың коллекторларын тазалау жұмыстарын айына бір реттен кем сумен жабдықтау және суды бұру ұйымдарымен жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Жеке және заңды тұлғалар жаңбыр қабылдағыш құдықтардың торларының жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді, торлар мен құдықтарды ластауға жол бермейді.
Тармақ 45
45. Жүру бөлігіндегі, тротуарлар мен газондардағы қоршауларды, басқа да жолдарды абаттандыру элементтерін күтіп-ұстау теңгерімінде тұрған ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Қалдықтарды жинау және шығару
3. Қалдықтарды жинау және шығару
Тармақ 46
46. Қатты тұрмыстық қалдықтардың меншік иелері қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жеке жинау (сұрыптау), кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе қалдықтарды жою бойынша операцияларды орындайтын субъектілердің қызметтерін пайдалануы тиіс, не осы Қағидалардың 48, 49, 50-тармақтарына сәйкес қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды дербес жүзеге асыруға тиіс.
Тармақ 47
47. Қалдықтарды жинаудың және жеке жинаудың орталықтандырылған жүйесін меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде тұратын немесе орналасқан жеке және заңды тұлғалар пайдаланады. Қалдықтарды жинаудың және жеке жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарынан қоқыс шығаратын ұйымдарды анықтау бойынша конкурс өткізу арқылы ұйымдастырылады.
Тармақ 48
48. Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде орналаспаған және меншікті контейнерлік алаңдары (бөлек жинау алаңдары) бар жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру бойынша операцияларды орындайтын субъектілермен шарттар жасауға құқылы.
Тармақ 49
49. Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан, қалдықтарды орналастыру және жою бойынша операцияларды өз бетімен жүзеге асыра алады, бұл ретте кәдеге жарату, қайта өңдеу және сақтау бойынша операцияларды жүзеге асыратын қаланың және елді мекеннің мамандандырылған тұлғаларымен келісімшарттар жасалады. Сонымен бірге оларда қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қалдықтарды қабылдауға арналған құжаттар немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау және жою бойынша операцияларды жүзеге асыратын субъектілер үшін қалдықтарды қабылдауға арналған құжаттар болуы қажет.
Тармақ 50
50. Қатты тұрмыстық қалдықтардың иелері қалдықтарды пайда болу орындарында сұрыптауды жүргізуге (пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефтал қаптарды, макулатура, картон және қағаз қалдықтарын, сынған шыны), қалдықтарды контейнер алаңдарында орналасқан арнайы контейнерлерде (бар болған жағдайда) орналастыруға тиіс.
Тармақ 51
51. Үй шаруашылықтарының аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 наурыздағы № 183 бұйрығымен бекітілген «Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10796 болып тіркелген) 22-тармағының және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығымен бекітілген «Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21934 болып тіркелген) 55, 56, 57 және 58-тармақтарының талаптарына сәйкес мамандандырылған көлікке ыңғайлы кіреберісі бар контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдар орнатылады.
Тармақ 52
52. Контейнерлік алаңдарда ауқымы мен көлемі контейнерлерден асатын қалдықтарды шығару меншік иелерімен немесе қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 53
53. Жылжымайтын объектілерді салуды және (немесе) жөндеуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс қоқысын өз бетінше арнайы орындарға немесе Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне сәйкес қоқыс шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен шарт бойынша шығаруы тиіс.
Тармақ 54
54. Қызметі нәтижесінде қауіпті қалдықтар пайда болатын жеке және заңды тұлғалар, олар пайда болған сәттен бастап қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Тармақ 55
55. Қоқыс шығаратын ұйымдар шартта көрсетілген мерзімде қоқысты жою жөніндегі қызметтерді көрсетеді және қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауды, залалсыздандыруды және кейіннен жойылатын етіп қайта өңдеуді жүргізетін ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырады немесе өз бетімен сұрыптайды.
Тармақ 56
56. Жергілікті атқарушы органдар тұрғын үйлер аумағында мамандандырылған көлік үшін ыңғайлы кірме жолдармен контейнерлерді орналастыруға арналған арнайы алаңдарды орналастырады.
Тармақ 57
57. Жеке және заңды тұлғалармен қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс шығаратын көліктермен, кәріз тартылмаған жеке тұрғын үйлерден сұйық қалдықтар ассенизациялы вакуумдық көліктермен шығарылады.
Тармақ 58
58. Жеке және заңды тұлғалармен сұйық қалдықтар, кәріз желілерін пайдаланушы ұйым анықтайтын мамандандырылған ағын суларды қабылдау пунктіне ағызылады. Арнайы емес құдықтарға сұйық қалдықтарды өз еркімен ағызуға жол берілмейді.
Тармақ 59
59. Сұйық қалдықтар қоқыс шығаратын ұйымдармен мамандандырылған автокөлікпен арнайы бөлінген орындарға шығарылады. Контейнерлер босатылғаннан кейін сол жерде дезинфекциялық ерітіндімен өңделеді немесе босатылған орындарда өңдеуден өткен тазаларына ауыстырылады. Контейнерлерді өңдеу орындарын тазалауға, жууға және дезинфекциялауға арналған, ыстық және суық су өткізілген, судың ағып кетуі ұйымдастырылған құрылғылармен жабдықтау қажет.
Тармақ 60
60. Аумақтарында контейнерлік алаңшалары бар жеке және заңды тұлғалар мына талаптарды орындауы қажет:
Тармақша 1
1) контейнерлік алаңшалар, кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдерінің болуы және контейнерлік алаңшалар іргелес жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы;
Тармақша 2
2) контейнер алаңшалары мен оған іргелес жатқан аумақты тиісті санитариялық ұсталуын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) ТҚҚ, ірі көлемді қоқыстарды, қарды шығаруға уақытында шарт жасасу;
Тармақша 4
4) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға мамандандырылған автокөліктің жұмысына және халықтың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістері мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарту.
Тармақ 61
61. Жеке және заңды тұлғаларға тыйым салынады:
Тармақша 1
1) тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстары бар ыдыстарды көшелерге, қоғамдық пайдалану орындарына, баспалдақ алаңдарына шығаруға;
Тармақша 2
2) үйінділерді жасауға, жерге қоқысты көміп тастауға;
Тармақша 3
3) контейнерлік алаңдардың аумақтарын ластауға, контейнерлерге орнықтыруға және ТҚҚ жатпайтын қоқысты алаңдарда, оның іргелес аумақтарында жинауға;
Тармақша 4
4) қазылған шұңқырларға құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды тастауға;
Тармақша 5
5) жеке тұрғын үйлерге, ғимараттар мен құрылыстарға іргелес аумақтарда қоқыстарды жинауға;
Тармақша 6
6) сұйық қалдықтарды және ірі көлемді қоқысты қоқыс салғышқа тастауға;
Тармақша 7
7) қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған контейнерлерге және контейнерлік алаңдарда күлді тастауға және жинауға.
Тармақ 62
62. Контейнерлерлік алаңдарға қызмет көрсетуші ұйымдар олардың уақтылы жөндеуін жүргізеді және одан әрі пайдалануға жарамсыз болған контейнерлерді ауыстырады; қоқыс қабылдайтын камералардың, алаңдардың, сондай-ақ қалдық жинағыштардың (контейнерлер) тұрақты жуылуын, дезинфекциялануын, шыбындарға қарсы дезинсекциялануын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдайды.
Тармақ 63
63. Контейнерлерді арнайы техникаға тиеу кезінде шашылған қоқыстарды жинауды қатты тұрмыстық қалдықтары шығаруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері жүргізеді.
Тармақ 64
64. Жеке және заңды тұлғалар аулалық шұңқырларды толтырылғанына байланысты, айына кемінде бір рет тазартады.
Тармақ 65
65. Қоқыс шығару құбырын күтіп-ұстауды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.
Тармақ 66
66. ТҚҚ қоқыс шығарушы ұйымдармен, уәкілетті органмен белгіленген кестеге сәйкес мерзімдерде шығарылады. Кестелер ТҚҚ жинау алаңдарында ілініп қойылады.
Тармақ 67
67. Жеке тұрғын үйлердің және тұрғын емес құрылыстардың меншік иелері күл жинау үшін контейнерлердің болуына құқылы.
Тармақ 68
68. Жеке тұлғалар жиналған күлді контейнерлік алаңның аумағында орналасқан күлді жинау үшін арнайы контейнерлерге жинауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 69
69. Жеке тұлғалар контейнер алаңдары аумағында орналасқан арнайы контейнерлерге құрамында сынап бар істен шыққан шамдар мен аспаптарды жинауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 70
70. Пайдаланылған құрамында сынап бар лампаларды, құралдарды және басқа да қауіпті қалдықтарды, полигонда қалдықтарды орналастыруға тыйым салынған қалдықтарды жинау және олардың пайда болу көзінен тасымалдау тек қана оларды қайта өңдеуді/кәдеге жаратуды жүзеге асыратын ұйымдармен жүргізіледі.
Тармақ 71
71. Заңды тұлғалар және қоқыс жинау ұйымдары:
Тармақша 1
1) халық көп баратын орындарда бір-бірінен кем дегенде елу метр қашықтықта;
Тармақша 2
2) аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда оннан жүз метрге дейінгі қашықтықта;
Тармақша 3
3) қоғамдық көлік аялдамаларында және сауда объектілерінің және заңды тұлғалар объектілерінің кіреберісінде екі сауыттан, қоқыстар үшін сауыттар орнатады.
Тармақ 72
72. Сауыттарды орнату, тазарту және жуу аумақты пайдаланушы ұйымдармен не болмаса аумақтарды иеленуші немесе пайдаланушы меншік иелерімен жүргізіледі. Сауыттарды тазарту олардың толуына қарай орындалады, бірақ күніне бір реттен кем емес.
Тармақ 73
73. Сауыттарды жуу иелерімен немесе тазарту ұйымдарымен ластануына байланысты жүргізіледі, бірақ аптасына бір реттен кем емес.
Тармақ 74
74. Құрылыс қоқыстарын, жол жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында асфальт сынықтарын шығару, қаланың басты магистральдарында жұмыс жүргізген ұйымдармен – тез арада, қалған көшелер мен аулаларда – бір тәулік ішінде шығарылады.
Тармақ 75
75. Өзен айдындарынан, су қоймаларынан, қала мен елді мекен аумағының каналдарынан қоқыс жинау және оған іргелес аумақтарды күтіп-ұстау қызмет көрсетуші ұйымдармен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 76
76. Жеке және заңды тұлғалармен, іргелес аумақтарда, газондарда, сауда шатырларында, дүңгіршектердің, басқа да сауда нысандарының шатырларда ыдыстарды жинауға жол берілмейді.
Тармақ 77
77. Құрылыс алаңдарын, жұмыстар үшін учаскелерді жайластыру жеке және заңды тұлғалармен «Құрылыс өндірісі. Кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстарды салуды ұйымдастыру» ҚР ҚН 1.03-00-2011 талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
4. Көшелерді, тұрғын үй орамдарын және шағын аудандарды абаттандыру
Тармақ 78
78. Қалалар мен елді мекендердің аумақтары абаттандыру кезінде қозғалысы шектеулі тұрғындар тобын қоса алғанда, тұрғындардың барлық санаттары үшін, жалпы қолданыстағы орындарға, тұрғын және рекреациялық мақсаттағы, сондай-ақ көлік инфрақұрылымы нысандарына сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес оңтайлы жағдайлармен және қол жеткізу құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Тармақ 79
79. Жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамада көзделген қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру бойынша жұмыстардың барлық түрлері бекітілген жобаларға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жұмыс түрлері Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 80
80. Шағын аудандар мен кварталдардың тұрғын аумақтары қоқыс контейнерлеріне, киім кептіруге, демалуға, балалар ойынына, спортқа, үй жануарларын серуендетуге арналған алаңдармен, автотұрақтармен, тұрақтармен, жасыл аймақтармен жабдықталады.
Тармақ 81
81. Алаңдардың саны, орналасуы және жабдықталуы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге сәйкес болуы тиіс.
Тармақ 82
82. Кондоминиумды басқару органдары ауланы абаттандыру бойынша жұмыстарды аяқтағаннан соң, ШСН-ды одан әрі ағымдағы күтіп-ұстауын жүзеге асырады.
Тармақ 83
83. Аула аумақтарын абаттандырумен айналысатын кондоминиумды басқару органдары жыл сайын 15 сәуір мен 15 қазан аралығында балалар алаңдарының құмсалғыштарын құммен толтырады.
Тармақ 84
84. Кондоминиумды басқару органдары өз қаражаттары есебінен ШСН ауыстыру, жөндеу және бояу жұмыстарын жүргізеді. ШСН жөндеу және бояу жұмыстары көктемгі-жазғы кезеңде жүргізіледі.
Тармақ 85
85. Иелігінде инженерлiк коммуникациялары бар заңды және жеке тұлғалар, облыстың қалалары мен елді мекендерінің абаттандырылуының бұзылуына әкелуі мүмкін инженерлік желілер мен құрылғылардың тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
5. Ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп-ұстау
Тармақ 86
86. Ғимараттар мен құрылыстардың иелері объектілердің қасбеттерін және олардың жекелеген элементтерін (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар) қалпына келтіру, жөндеу және бояу бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ қасбеттерде орналастырылған ақпараттық тақтайшаларды, ескерткіш тақталарды таза және дұрыс жағдайда ұстайды, қасбеттері көшеге шығатын дүкендер мен кеңселер витриналарын жарықпен безендіруді жүргізеді.
Тармақ 87
87. Жеке және заңды тұлғаларға өз еркімен ғимараттардың қасбеттері мен құрастыру элементтерін қайта жабдықтауға жол берілмейді.
Тармақ 88
88. Егер де заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе заңды тұлғалардың жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттардағы жекелеген тұрғын емес үй-жайлары болған жағдайда, онда осы тұлғаларға ғимараттардың қасбеттерін жөндеу және қалпына келтіруге, алып отырған алаңдарына тепе-тең, үлестік қатысу қажет. Ғимараттардың немесе құрылыстардың қасбеттерін қалпына келтіруде және жоспарланған тұтастай жөндеу жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар адамдар алып отырған алаңдарына тепе-тең, бұл мақсаттарға арналған қаражатты біріктіре алады.
Тармақ 89
89. Ғимараттарды, орын-жайларды және құрылғыларды жалға алушылар жалға алу шартының талаптарына сәйкес, ғимараттардың және құрылғылардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қатысады.
Тармақ 90
90. Коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени ескерткіштерді күтіп-ұстауды жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
Тармақ 91
91. Дүкендер мен кеңселердің беткі жақтары таза және жұмыс жағдайында ұсталуы керек, қажет болған жағдайда жеке элементтері теңгерім ұстаушымен жөнделеді және сырланады.
Тармақ 92
92. Көше бағдарларын, нөмір белгілерін, мекенжай тақтайшаларын және флагштоктарды таза және дұрыс күйінде ұстау ғимараттардың, құрылғылардың теңгерім ұстаушыларына жүктеледі.
Тармақ 93
93. Жеке және заңды тұлғалар тәуліктің қараңғы уақытында қасбеттерді, кіреберістерді, баспалдақ алаңындағы әрбір алаңды (табиғи жарық түспейтін сатыларды тәулік бойы жарықпен қамтамасыз ету), құрылыс салу және көшелердің нұсқау белгілерін, үйлердің, кіреберістердің нөмірлерін, сондай-ақ өрт гидранттарының нұсқау белгілерін сыртқы жарықпен қамтамасыз етеді.
Тармақ 94
94. Ғимараттарда, құрылымдарда, қоршауларда, ағаштарда, электрмен жабдықтау тіректерінде, аялдама павильондарында және басқа да осы мақсаттар үшін арнайы жасақталмаған объектілерде қандай да бір хабарландырулар мен басқа да ақпаратты жабыстыруға, ілуге және басқа жолдармен орналастыруға жол берілмейді.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
6. Сыртқы жарықтандыруды және субұрқақтарды күтіп-ұстау
Тармақ 95
95. Көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын объектілердің сыртқы жарығын қосу сыртқы жарық саласындағы ұйымдармен жергілікті атқарушы орган бекіткен кесте бойынша, басым жүйесімен жабдықталмаған аумақтарды қоспағанда, табиғи жарық деңгейінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін артуы кезінде жүргізіледі.
Тармақ 96
96. Сыртқы жарық құрылғылары мен байланыс желілерінің элементтері, металл бағаналары, кронштейндер олардың меншік иелерімен тазалықта ұсталып, тот басу ошағы болмай, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды сыртқы жарыққа жауапты ұйымдар жүзеге асырады.
Тармақ 97
97. Істен шыққан құрамында сынабы бар газ разрядты шамдар осы мақсаттарға арналған арнайы бөлінген үй-жайларда сақталады және оларды кәдеге жарату үшін арнайы кәсіпорындарға шығарылады. Көрсетілген шамдардың түрлері полигонға шығарылмайды.
Тармақ 98
98. Электрлендірілген көліктің жарық және байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын шығаруды негізгі магистральдарда бағана иелері тез арада жүзеге асырады; басқа аумақтарда, сондай-ақ бөлшектелген бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.
Тармақ 99
99. Уәкілетті орган коммуналдық меншіктегі субұрқақтардың тиісті жағдайын және пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 100
100. Субұрқақтар жұмыс істеп тұрған кезеңде, сондай-ақ оларды сөндіру кезеңінде жинау бойынша ұйыммен күн сайын судың бетін қоқыстан тазарту жүргізіледі.
Тармақ 101
101. Субұрқақтарды қосу мерзімдерін, олардың жұмыс істеу режимдерін, тостағандарын жуу және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмысының аяқталуын уәкілетті орган айқындайды.
Тармақ 7
Тармақ 7. 7. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
7. Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 102
102. Осы Қағидалардың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.