Об утверждении Правил ежедневной электронной отчетности банков-кастодианов накопительных пенсионных фондов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесiн бекiту туралы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес және жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң жай-күйiн жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясы Директоратының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп берушiлiк қағидаларын бекiту туралы" 1999 жылғы 14 қазандағы N 455 қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 939 тiркелген, 1999 жылғы қарашада "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 11) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
Тармақша 1
1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
Тармақша 2
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының барлық мүдделi бөлiмшелерiне, кастодиан-банктерге, "Активтердi басқарушылар қауымдастығы" қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастан он төрт күн өткеннен кейiн күшіне енедi.
Басқа 8. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесi
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесiн бекiту туралы" 2003 жылғы 21 сәуiрдегi N 136 қаулысымен бекiтiлген Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесi Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнiң жай-күйiн жедел бақылауды қамтамасыз ету мақсатында әзiрлендi және жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң (бұдан әрi - кастодиан банк) зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы күнделiктi электрондық есеп беру тәртiбiн белгiлейдi.
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережеде пайдаланылған ұғымдар мынаны бiлдiредi:
Тармақша 1
1) есеп беру - үлгi нысандардан тұратын, кастодиан-банктiң зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы күнделiктi электрондық есебi.
Тармақша 2
2) меншiктi бағдарламалық қамтамасыз ету - үлгi нысандарды толтыру дұрыстығын тексеру жөнiнде кастодиан-банк әзiрлеген компьютерлiк бағдарлама.
Тармақша 3
3) арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету - кастодиан-банкке уәкiлеттi орган беретiн, үлгi нысандарды толтыру жөнiндегi анықтамалық және компьютерлiк бағдарлама.
Тармақша 4
4) анықтамалық - үлгi нысандарды толтыру кезiнде кастодиан-банк пайдаланатын электрондық деректер базасы.
Тармақша 5
5) үлгi нысандар - кастодиан-банктiң тiзбесi мен осы Ереженiң қосымшасында белгiленген зейнетақы активтерiнiң жай-күйi туралы күнделiктi электрондық есебi.
Тармақша 6
6) уәкiлеттi орган - жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың, кастодиан-банктердiң, сақтандыру ұйымдарының қызметiн реттеу және қадағалау жөнiндегi функциялар мен өкiлеттiктердi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.
Тармақ 2
2. Уәкiлеттi орган кастодиан-банктi:
Тармақша 1
1) электрондық почтаның есеп берiлуi тиiс адрестерiмен;
Тармақша 2
2) барлық кастодиан-банктер үшiн бiрыңғай, үлгi нысандарды толтыру және есеп берудi жөнелту кезiнде пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз етумен және тиiстi техникалық құжаттамамен;
Тармақша 3
3) үлгі нысандарды толтыру жөніндегi әдiстемелiк ұсыныстармен қамтамасыз етедi.
Тармақ 3
3. Уәкiлетті орган кастодиан-банкпен алынған есептегі ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етедi.
Тарау 2. 2-тарау. Yлгi нысандарды толтыру және есептi беру (жөнелту) тәртiбi
2-тарау. Yлгi нысандарды толтыру және есептi беру (жөнелту) тәртiбi
Тармақ 4
4. Кастодиан-банк өткен жұмыс күнгi есептi уәкiлетті органға келесi жұмыс күнi, Алматы уақыты бойынша 15.00 сағаттан кешiктiрмей электрондық почтамен бередi.
Тармақ 5
5. Кастодиан-банк анықтамалыққа қол жеткiзу және есептi беру үшiн уәкiлеттi органнан кастодиан-банктiң бiрiншi басшысы қол қойған және кастодиан-банк мөрiнiң таңбасымен расталған жазбаша өтiнiшi бойынша кез келген уақытта өзгеруi мүмкiн пайдаланушының атын (пайдаланушылардың аттарын) және паролін (паролдерiн) алуы тиiс.
Тармақ 6
6. Кастодиан-банктер үлгi нысандарды уәкiлеттi орган қалыптастырған және кастодиан-банкке электрондық почтамен берiлген, жаңартылған анықтамалықтан алынған мәлiметтерге сәйкес толтырады.
Тармақ 7
7. Анықтамалық жаңартылғаннан кейiн кастодиан-банк үлгi нысандарды уәкiлетті органнан алынған нұсқаулар мен әдiстемелiк ұсыныстарға сәйкес толтырады.
Тармақ 8
8. Үлгi нысандар әрбiр жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке толтырылады. Зейнетақы активтерiнiң әрбiр жеке қозғалысы үлгi нысанның жеке жолында көрсетілуi тиiс.
Тармақ 9
9. Yлгi нысандарды толтыру аяқталғаннан кейiн кастодиан-банк оларды меншiктi бағдарламалық қамтамасыз етудi және/немесе арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып тексередi. Үлгi нысандарды тексеру аяқталғаннан кейiн кастодиан-банк есептi уәкiлеттi органға бередi.
Тармақ 10
10. Ерекше жағдайларда, есептi электрондық почтамен беру мүмкiн болмаған кезде толтырылған үлгi нысандар уәкiлеттi органға қағазға басылып берiледi. Бұл ретте толтырылған әрбiр жеке үлгі нысанға кастодиан-банктiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi қол қоюы және мөрiнiң таңбасымен расталуы тиiс. Толтырылған үлгі нысандар қағазға басылып берiлген кезде кастодиан-банк олардың кейiннен электрондық почтамен берiлуiн қамтамасыз етедi.
Тармақ 11
11. Егер есеп уәкiлеттi органға берiлгеннен кейiн үлгi нысандарда қателер анықталған жағдайда, кастодиан-банк үш күн iшiнде бiрiнші басшы қол қойған жазбаша түсiнiктi уәкiлеттi органға және түзетiлген есептi уәкiлеттi органға бередi.
Тарау 3. 3-тарау. Қорытынды ережелер
3-тарау. Қорытынды ережелер
Тармақ 12
12. Кастодиан-банктер осы Ережеде белгiленген талаптарды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.
Басқа 33. Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банкiнiң күнделiктi электрондық есеп беру үлгі нысандарының тiзбесi және мазмұны
Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банктерiнiң күнделiктi электрондық есеп беру ережесiне қосымша Жинақтаушы зейнетақы қорлары кастодиан-банкiнiң күнделiктi электрондық есеп беру үлгі нысандарының тiзбесi және мазмұны "АҚША БАЛАНСЫ" RC001 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Валюта коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 2
2. Шот үлгiсiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 3
3. Күн басындағы ақша қалдығы.
Тармақ 4. "АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ" RC002 үлгi нысаны
4. Күн соңындағы ақша қалдығы. "АҚША ҚОЗҒАЛЫСЫ" RC002 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Валюта коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 2
2. Шот үлгiсiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 3
3. Төлем түрiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 4. "САЛЫМДАР ПОРТФЕЛІ" RC003 үлгi нысаны
4. Төлем сомасы. "САЛЫМДАР ПОРТФЕЛІ" RC003 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Банктiк салым шарттың коды (банк өзi қалыптастырады).
Тармақ 2
2. Операция үлгісiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 3
3. Салымдардың күн соңындағы саны.
Тармақ 4
4. Салымның сомасы.
Тармақ 5
5. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
Тармақ 6
6. Салым валютасының салым төлемiнiң валютасына қатысты бағамы.
Тармақ 7
7. Салымға ақша нақты түскен күн.
Тармақ 8
8. Салымда қалған ақшаның сомасы (осы жол салым бойынша ақша iшiнара қайтарылған жағдайда толтырылады).
Тармақ 9
9. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
Тармақ 10
10. Салым түрінiң өзгерiстерiн ескере отырып салым бойынша сыйақы ставкасы.
Тармақ 11
11. Салым төлемi валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 12
12. Зейнетақы активтерi салымға орналастырылған банктiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 13
13. Салым валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 14
14. Банктiк салым шартының нөмiрi.
Тармақ 15
15. Салымның күндермен көрсетiлген мерзiмi.
Тармақ 16
16. Салым бойынша есептелген сыйақы.
Тармақ 17. "САЛЫМ ПОРТФЕЛI БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫС" RC004 үлгi нысаны
17. Салымның теңгемен көрсетiлген ағымдағы құны. "САЛЫМ ПОРТФЕЛI БОЙЫНША ҚОЗҒАЛЫС" RC004 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Банктiк салым шарттың коды (банк өзi қалыптастырады).
Тармақ 2
2. Салымның сомасы.
Тармақ 3
3. Операция үлгісiнiң анықтамалыққа сәйкес коды (салымға орналастыру; салымды қайтару).
Тармақ 4
4. Салымдар санының өзгерiсi.
Тармақ 5
5. Инвестициялық шоттан салымға ақша аударылған күн.
Тармақ 6
6. Банктiк салым шарты жасалған күн.
Тармақ 7
7. Салым бойынша ақша қайтарылған күн.
Тармақ 8
8. Салым бойынша ақшаның мерзiмiнен бұрын iшiнара қайтарылған сома.
Тармақ 9
9. Салымға аударылған ақша сомасы.
Тармақ 10
10. Салым бойынша қайтарылған ақша сомасы және/немесе салым бойынша түскен сыйақы сомасы.
Тармақ 11
11. Салым бойынша сыйақының ставкасы (осы жол сыйақының ставкасы өзгерген кезде толтырылады).
Тармақ 12
12. Салымның валютасы өзгерген жағдайдағы айырбастау бағамы.
Тармақ 13
13. Салымның бастапқы валютасының коды, ол өзгерген жағдайда (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 14
14. Салымның түпкiлiктi валютасының коды, ол өзгерген жағдайда (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 15
15. Салым бойынша төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 16
16. Салым валютасының коды (анықтамалық).
Тармақ 17
17. Салымға зейнетақы активтерi орналастырылған банктiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 18. "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІ" RC005 үлгi нысаны
18. Салымның күндермен көрсетiлген мерзiмi. "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛІ" RC005 үлгi нысаны
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздың коды (анықтамалыққа сәйкес ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi (ISIN)).
Тармақ 2
2. Операция үлгісiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 3
3. "Репо" мәмiлесiнiң коды.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздардың күн соңындағы саны. Бiр үлгiдегі, бiрдей сатып алу шарттары бар бағалы қағаздар (бiр тектi сападағы, көптеген бағалы қағаздарды басқаларынан (оның iшiнде сол эмитент шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгiлерiнен де) бiржақты ажыратуға мүмкiндiк беретiн сипаттамалары бар бағалы қағаздардың жиынтығы) үшiн; санмен көрсетiлмейтiн халықаралық облигациялар үшiн - сандық өзгеру бiрлiгi ретiнде халықаралық облигацияның номиналдық құны көрсетiлген шетел валютасының бipeуi қолданылады).
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған күн.
Тармақ 6
6. Инвестициялық шоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздарды жинақтаушы зейнетақы қорының "депо" шотына есепке алған күн.
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бастапқы тану кезінде бағалы қағаздар нақты шығындары бойынша есепке алынады). Бағалы қағаздардың осы күнгі құнына сатушының купондық кiрiсi қосылмайды.
Тармақ 9
9. "Керi репо" операциясын жабу бағасы ("керi репо" операциясының жүзеге асырылғандығы расталатын бастапқы құжатта көрсетiлген баға).
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздар сатушының купондық кiрiсiнiң есептелген сомасы.
Тармақ 11
11. Шарттарына енгiзiлген өзгерiстердi ескере отырып "керi репо" мәмiлесiнiң жабылған күнi.
Тармақ 12
12. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөнiндегі мәмiле валютасының бағамы.
Тармақ 13
13. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздар бойынша "керi репо" мәмiлесiнiң жабылардағы өтiнiлген бағамы.
Тармақ 14
14. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 15
15. Мәмiле жасаған брокердiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 16
16. "Керi репо" мәмiлесi бойынша бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiнде белгiленген кiрiстiлiк ставкасы.
Тармақ 17
17. Бағалы қағаз бойынша есептелген жиынтық сыйақы.
Тармақ 18. "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛIНДЕГI ҚОЗҒАЛЫС" RC006 үлгi нұсқасы
18. Теңгедегi бағалы қағаз бойынша ағымдағы жиынтық күн. "БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПОРТФЕЛIНДЕГI ҚОЗҒАЛЫС" RC006 үлгi нұсқасы
Тармақ 1
1. Бағалы қағаздың коды (анықтамалыққа сәйкес ұлттық бiрегейлендiру нөмiрi (ISIN)).
Тармақ 2
2. Операция үлгісiнiң коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 3
3. "Репо" мәмiлесiнiң коды.
Тармақ 4
4. Бағалы қағаздардың күн соңындағы саны. Бiр үлгiдегi, бiрдей сатып алу шарттары бар бағалы қағаздар (бip тектi сападағы, көптеген бағалы қағаздарды басқаларынан (оның iшiнде сол эмитент шығарған бағалы қағаздардың басқа үлгiлерiнен де) бiржақты ажыратуға мүмкiндiк беретiн сипаттамалары бар бағалы қағаздардың жиынтығы) үшiн; санмен көрсетiлмейтiн халықаралық облигациялар үшiн - сандық өзгеру бiрлiгi ретiнде халықаралық облигацияның номиналдық құны көрсетiлген шетел валютасының бiреуi қолданылады).
Тармақ 5
5. Бағалы қағаздармен мәмiле жасалған күн.
Тармақ 6
6. Инвестициялық шоттан бағалы қағаздарды төлеуге ақша аударылған күн.
Тармақ 7
7. Бағалы қағаздарды сатқан кезде инвестициялық шотқа ақша түскен күн ("керi репо" мәмiлелерi үшiн - жабылған күн).
Тармақ 8
8. Бағалы қағаздарды сатып алу бағасы (бастапқы тану кезiнде бағалы қағаздар нақты шығындары бойынша есепке алынады). Бағалы қағаздардың осы күнгi құнына сатушының купондық кiрiсi қосылмайды.
Тармақ 9
9. Бағалы қағаздарды сатудың нақты бағасы (бағалы қағаздардың осы күнгi құнына сатушының купондық кiрiсi қосылмайды).
Тармақ 10
10. Бағалы қағаздарды сатушының купондық кiрiсiнiң бағалы қағаздарды сатып алу кезiндегi есептелген сомасы.
Тармақ 11
11. Бағалы қағаздарды сатушының купондық кiрісiнiң есептелген сомасы.
Тармақ 12
12. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздарды сатып алу жөнiндегi мәмiле валютасының бағамы (мәмiле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалған жағдайда).
Тармақ 13
13. Шетел валютасында номинацияланған бағалы қағаздарды сату жөнiндегi мәміле валютасының бағамы (мәмiле бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесiнде жасалған жағдайда).
Тармақ 14
14. Бағалы қағаздарды төлеуге арналған төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 15
15. Бағалы қағаздарды сату кезiндегi төлем валютасының коды (анықтамалыққа сәйкес).
Тармақ 16
16. Мәмiле жасаған брокердiң коды (анықтамалыққа сәйкес).