Об утверждении Инструкции по согласованию с уполномоченным органом отчуждения и совершения иных сделок с имуществом субъектов естественной монополии Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкін иелiктен айыруды және өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту туралы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 және 18-2-баптарына, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 4-тармағына, 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу туралы нұсқаулық бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (А.Т.Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн:
Тармақша 1
1) оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсiн;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараты құрылымдық бөлiмшелерiнiң және оның аумақтық органдарының назарына жеткiзсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасары А.К.Әмiринге жүктелсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi төрағасының 2003 жылғы 5 мамырдағы N 125-НҚ бұйрығымен бекiтiлген Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен уәкілеттi органмен келiсу жөнiндегi Нұсқаулық өзге мәмілелер жасауды нұсқаулық (бұдан әрi - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты құжаттар мен ақпараттар тiзбесiн, табиғи монополия субъектілерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмілелер жасауды (бұдан әрi - Субъект) уәкiлеттi органмен келiсу кезiнде оларды ұсыну мен қарау тәртiбiн анықтау болып табылады.
Тармақ 3
3. Уәкiлеттi орган мынадай мәмiлелердi:
Тармақша 1
1) Субъектiнiң негiзгi құралдарына қатысы бар ретiнде де, оған қатысы жоқ ретiнде де иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды;
Тармақша 2
2) тасымалданатын немесе оларға берілетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) Субъект өзiнiң пайдалануы үшiн емес, сатып алуын;
Тармақша 3
3) Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуын, сондай-ақ оған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсудi жүзеге асырады. Субъектiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын сатып алатын жеке немесе заңды тұлға (немесе тұлғалар тобы) бұл туралы уәкiлеттi органды алдын-ала хабардар етуге мiндеттi.
Тармақ 4
4. Осы Нұсқаулықта қолданылатын ұғымдар мен терминдер:
Тармақша 1
1) Субъектiнiң мүлкi - заттар, ақша, оның iшiнде шет ел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыстар, қызметтер, шығармашылық зияткерлiк қызметтiң ақиқатты нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауар белгiлерi, бұйымдарды дараландырудың өзге құралдары, мүлiктiк құқықтар мен Субъектiнің басқа мүлкi;
Тармақша 2
2) құзыреттi орган - тиiстi саладағы Субъектiнiң қызметiн жүзеге асыруға уәкiлеттi мемлекеттiк орган; коммуналдық меншiктегi не су шаруашылығы және (немесе) канализациялық жүйелер қызметтерiн көрсететiн Субъектi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар;
Тармақша 3
3) Субъектiнiң бiртектес мүлкi - Субъектiнiң бiрдей болып табылмайтын, ұқсас сипаты бар және бiрдей құраластардан тұратын, сол бiр функцияны орындауға және бiрiн бiрi алмастыруға мүмкiндiк беретiн мүлкi;
Тармақша 4
4) Субъектiнiң мүлiктерiн иелiктен айыру - меншiк құқықтарының өтуi, яғни Субъектiнiң мүлкiн иелену, пайдалану және билiк ету құқықтарын басқа тұлғаға беру;
Тармақша 5
5) Субъектiнiң негiзгi құралдары - бiр жылдан астам мерзiммен қызмет ететiн материалдық активтер;
Тармақша 6
6) Субъектiнiң мүлкiмен мәмiле жасау - Субъектiнiң мүлкiне құқықтар мен мiндеттер белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер;
Тармақша 7
7) акцияларды (үлестердi) сатып алу жөнiндегi мәмiлелер - Субъектiнiң акцияларға (үлестерге) иелену, пайдалану және билiк ету құқықтарын сатып алуға бағытталған әрекеттерi;
Тармақша 8
8) уәкiлеттi орган - табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (оның аумақтық органдары);
Тармақша 9
9) өтiнiш - Субъектiнiң мәмiлелер жасауға келiсу туралы жазбаша түрдегi өтiнiшi.
Тармақ 5
5. Осы Нұсқаулықтың күшi Субъектiлердiң Мемлекеттiк тiркелiмiне енгiзілген Субъектiлерге, сондай-ақ Субъектiнiң жарғылық капиталындағы дауыс беретiн акциялардың (үлестердiң) он пайыздан астамын сатып алатын жеке немесе заңды тұлғаларға (немесе тұлғалар топтарына) қолданылады.
Тарау 2. 2. Өтініштердi қараудың рәсiмдерi, мазмұны және мерзiмi
2. Өтініштердi қараудың рәсiмдерi, мазмұны және мерзiмi
Тармақ 6
6. Мүлiктi иелiктен айыруды және онымен өзге мәмілелер жасауды келісу үшiн Субъект осы Нұсқаулықтың 1 және 2-қосымшасына сәйкес нысандарда әзiрленген өтiнiшпен уәкiлеттi органға жүгiнедi.
Тармақ 7
7. Өтiнiшпен бiрге уәкiлеттi органға берiлген құжаттар (ақпараттар) толық және дұрыс болуға тиiс.
Тармақ 8
8. Ұсынылған құжаттар түпнұсқада болуға немесе олардың көшiрмелерi болуға тиiс, соңғы жағдайда өтiнiшке қол қойған басшы олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша түрде растауға тиiс. Ұсынылған барлық материалдарға басшы, ал қаржылық құжаттарға - бас бухгалтер қол қоюға тиiс.
Тармақ 9
9. Уәкiлеттi орган, егер:
Тармақша 1
1) оның қанағаттануы Субъектiнiң қызметiн тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге, тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға алып келуi мүмкiн болған;
Тармақша 2
2) өтiнiш иесі барлық қажеттi құжаттар мен ақпаратты ұсынбаған;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттар мен ақпараттар дұрыс болып табылмаған;
Тармақша 4
4) оның қанағаттануы: Субъектiнiң қызметтерiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) арттыруға; қоршаған ортаға терiс әсер етуге; үздiксiз байланыстағы технологиялық жүйенi бұзуға; ұсынылатын қызметтердiң (өндiрiлетiн тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерiн үзуге не едәуiр төмендетуге алып келген жағдайларда өтiнiштi қабылдамауға құқылы.
Тармақ 10
10. Уәкiлеттi органның осы өтiнiштi және қажеттi барлық құжаттар мен ақпараттарды немесе Субъект үшiн жоғарыда көрсетiлген құжаттар мен ақпараттарды алудың мүмкiн еместiгiн түсiндiретiн себептер туралы мәлiметтердi алған күнi өтiнiш берiлген күн деп есептеледi.
Тармақ 11
11. Уәкiлеттi орган өтiнiштi алған күннен бастап отыз күн мерзiмде оны қарайды және өтiнiш иесiн қабылданған шешiм туралы жазбаша нысанда хабардар етедi.
Тармақ 12
12. Егер шешiм қабылдау үшiн қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкiлеттi орган оны Субъектiден сұратуға және мұндай сұрау салу өтiнiштi алған күннен бастап он бес күннен кешiктiрмей өтiнiш иесiне өтiнiштi қарау мерзiмiн ұзарту туралы хабарламамен бiрге жiберiлген жағдайда, өтiнiштi қарау мерзiмiн отыз күнге ұзартуға құқылы. Уәкiлеттi органның талабы бойынша құжаттар мен ақпараттарды мерзiмiнде ұсынбау өтiнiштi қабылдамау үшiн негiзi болып табылады.
Тармақ 13
13. Субъект өтiнiш берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпараттарға қосымша уәкiлеттi органға Субъектiнiң пiкiрi бойынша шешiм қабылдау үшiн маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты өздiгiнен жiберуге құқылы.
Тармақ 14
14. Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпараттарды Субъект мiндеттi түрде "коммерциялық құпия" деген белгiмен ұсынады және жеке мұқабамен жiберiлуi мүмкiн, бiрақ сонымен бiрге өтiнiштердi қарауға арналған құжаттар мен ақпараттар пакетiне мiндеттi түрде енгiзiлуге тиiс.
Тармақ 15
15. Құжаттар мен ақпараттардың құрамындағы коммерциялық құпия уәкiлеттi органға оларды ұсынудан бас тартудың негiзi бола алмайды, сонымен бiрге Субъект және өзге де мүдделi тараптар уәкiлеттi органға құжаттар мен ақпараттар ұсынған кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң тiзбесiн айқындайтын, коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтердiң толық тiзбесiн iшкi актiнiң көшiрмесiн қоса көрсетуге тиiс.
Тармақ 16
16. Құжаттардың және (немесе) ақпараттардың Қазақстан Республикасынан тыс аумақта болуы оны уәкiлеттi органға ұсынудан бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Тармақ 17
17. Өтiнiште, құжаттар мен ақпараттарда қамтылған және шешiм қабылдау үшiн маңызы бар фактiлердiң өзгерiсiн Субъект уәкiлеттi органның назарына жазбаша түрде дереу жеткiзедi. Мұндай жағдайларда уәкiлеттi орган өзгерiстер туралы құжаттар мен ақпараттарды алған күн өтiнiштi алған күн деп есептеледi. Уәкiлеттi органға болған өзгерiстер туралы хабарламау монополияға қарсы заңнаманы бұзғандық болып табылады және заңнамаға сәйкес жауапкершiлiкке алып келедi.
Тармақ 18
18. Субъект уәкiлеттi органға өтiнiштi Субъектiлердiң Мемлекеттiк тiркелiмiнде ол орналасқан орын бойынша бередi.
Тармақ 19
19. Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды келiсу мәмiлелер жасалғанға дейiн жүргiзiлуге тиiс.
Тармақ 20
20. Өтінiштi қанағаттандырудан бас тартуда Субъект жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе қолданыстағы заңнамада көзделген тәртiппен шағым жасауы мүмкiн.
Тармақ 21
21. Субъектiнiң уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз жасаған мәмiлелерi немесе әрекеттерi қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жарамсыз деп танылады.
Тарау 3. 3. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын, Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi
3. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын, Субъектiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi
Тармақ 22
22. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын мүлкiн иелiктен айыру және онымен өзге мәмiлелер жасау:
Тармақша 1
1) Субъектiнiң бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес уәкiлеттi органның бастамасы бойынша;
Тармақша 2
2) акцияларының (үлестерiнiң) бақылау пакеттерi мемлекетке тиесілi мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға қатысты мемлекеттiк мүлiктi басқаруға уәкiлеттi мемлекеттiк органның бастамасы бойынша;
Тармақша 3
3) соттың шешiмi бойынша;
Тармақша 4
4) құзыреттi органның бастамасы бойынша жүргiзiледi.
Тармақ 23
23. Банкроттық, оңалту, сауықтыру рәсiмдерi кезiнде Субъектiнiң мүлiктерiн иелiктен айыру уәкiлеттi органның қатысуымен жүргiзіледi.
Тармақ 24
24. Негiзгi құралдарға жататын мүлiктi иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды келiсу үшiн, Субъект осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сай нысан бойынша әзiрленген өтiнiш бередi, оған мынадай құжаттар (ақпараттар):
Тармақша 1
1) осы мәмiлеге қатысты шарттың жобасы;
Тармақша 2
2) мәміленiң мәнi болып табылатын мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттар (меншiк иесiнiң шешiмi немесе негiзгi өндiрiстiк құралдарды меншiкке немесе пайдалануға алу туралы шарттың көшiрмесi);
Тармақша 3
3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның қорытындысы;
Тармақша 4
4) жасалған мәмiленiң қоршаған ортаға әсерi туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыреттi органның қорытындысы;
Тармақша 5
5) мүлiктi бағалау актiсi қоса берiлуге тиiс.
Тармақ 25
25. Егер иелiктен айырылған мүлiк не қаржылық жылға арналған құндық көрсеткiште өзге мәмiлелер жасауға қатысты жағдайларда, Субъект уәкiлеттi органның келiсiмiнсiз өзiнiң негiзгi құралдарына қатысты мүлiктi иелiктен айырады немесе онымен өзге мәмiлелер жасайды:
Тармақша 1
1) мәмiленi келiсу 1 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 5%-нан аспайды;
Тармақша 2
2) мәмiленi келiсу 5 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 4,5%-нан аспайды;
Тармақша 3
3) мәмiленi келiсу 10 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 4%-нан аспайды;
Тармақша 4
4) мәмiленi келiсу 50 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 3,5%-нан аспайды;
Тармақша 5
5) мәмiленi келiсу 100 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 3%-нан аспайды;
Тармақша 6
6) мәмiленi келiсу 500 млн. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 2,5%-нан аспайды;
Тармақша 7
7) мәмiленi келiсу 1 млрд. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 2%-нан аспайды;
Тармақша 8
8) мәмiленi келiсу 5 млрд. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 1,5 %-нан аспайды;
Тармақша 9
9) мәмiленi 10 млрд. теңгеге келiсу жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 1%-нан аспайды;
Тармақша 10
10) мәмiленi келiсу 100 млрд. теңгеге жүргiзiлген тоқсанның басындағы жағдай бойынша активтердiң баланстық құнын арттырмау жағдайында, активтердiң баланстық құнының 0,5 %-нан аспайды. Сонымен бiрге, Субъект уәкiлеттi органды жасалған мәмiле туралы хабардар етуге (хабарлама беруге), мұндай ақпаратқа (хабарламаға) жасалған шарттың көшiрмесiн қоса беруге тиiс.
Тармақ 26
26. Субъектiнiң негiзгi құралдарына жататын бiртектес мүлiктi қаржылық жыл iшiнде оларды иелiктен айыруды немесе онымен өзге мәмiлелер жасауды жүзеге асыру мақсатында, олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi осы Нұсқаулықтың 25-тармағында белгiленгеннен кем бөлiгiнде бөлшектеуге жол берiлмейдi.
Тарау 4. 4. Субъектiлерге тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшiн емес оның сатып алуын келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi
4. Субъектiлерге тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшiн емес оның сатып алуын келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi
Тармақ 27
27. Субъектілерге тасымалданатын немесе берiлетiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өзiнiң тұтынуы үшiн емес оның сатып алуы жөнiндегi мәмiлелерге келiсу үшiн Субъект өтiнiш бередi, оған мынадай құжаттар (ақпараттар):
Тармақша 1
1) осы мәмілеге қатысты шарттың жобасы;
Тармақша 2
2) мәмiленiң мәнi болып табылатын, Субъект тасымалдайтын немесе беретiн тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу қажеттiгiнiң негiздемесi;
Тармақша 3
3) мәмiле жасалған жағдайда оның салдарлары туралы құзыреттi органның қорытындысы;
Тармақша 4
4) жасалған мәмiленiң қоршаған ортаға әсерi туралы құзыреттi органның қорытындысы;
Тармақша 5
5) мәмiленiң мәнi болып табылатын, Субъект тасымалдайтын немесе беретiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бағасының негiздемесi қоса берiлуге тиiс.
Тарау 5. 5. Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi
5. Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алу жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу туралы өтiнiш берудiң рәсiмi
Тармақ 28
28. Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу үшiн Субъект осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес өтiнiш бередi.
Тармақ 29
29. Дауыс құқығы бар акцияларды (үлестердi) сатып алу бойынша (өтiнiш берген кезде):
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы бар акциялардың (үлестердiң) жалпы санының проценттiк үлесiн;
Тармақша 2
2) акциясы (үлесi) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталының проценттiк үлесiн;
Тармақша 3
3) сатып алынатын акцияның (үлестiң) дауыс құқығы бар, (ақпарат сатып алынатын акциялардың әрбiр үлгiсi бойынша жеке берiледi) дауысқа қойылатын мәселелердiң тiзбесiн;
Тармақша 4
4) директорлар кеңес (байқаушы кеңес) мүшелерiнiң, Субъект сайлай алатын, оларды сатып алғаннан кейiн акцияларда (үлестерде, пайларда) iске асырылатын дауыстарды иелене отырып, осы органдардың сандық құрамына проценттiк арасалмақтағы заңды тұлғаның атқарушы органының санын көрсетуi қажет.
Тармақ 30
30. Егер Субъект дауыс құқығы жоқ акцияны (үлестi) бiр мезгiлде сатып алса:
Тармақша 1
1) заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердiң) жалпы санының проценттiк үлесiн және акциясы (үлесi) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы проценттік үлесiн;
Тармақша 2
2) акциясы (үлесі) сатып алынатын заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы дауыс құқығы жоқ сатып алынатын барлық акциялардың (үлестердiң) құнын;
Тармақша 3
3) дауыс беретiн акцияда (үлесте) дауыс құқығы жоқ акциялардың (үлестердің) айырбастау мүмкiндiгiн көрсету қажет.
Тармақ 31
31. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын, коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары бойынша:
Тармақша 1
1) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етілген қызметтi жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органының атауын;
Тармақша 2
2) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органында Субъект орындайтын функциясын;
Тармақша 3
3) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын (Субъект қатысатын) коммерциялық ұйымның басқару органы қабылдаған шешiмдi айқындауға мүмкiндiк беретiн мәселелер жөнiндегi Субъектiнiң өкiлеттiгiн (құзыретiн) көрсету қажет.
Тарау 6. 6. Қорытынды ережелер
6. Қорытынды ережелер
Тармақ 32
32. Субъектілердiң мүлкiн иелiктен айыру және онымен өзге мәмiлелер жасау туралы уәкiлеттi органның келiсiмiн алған тұлға оған жоғары тұрған уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының сот органдарына шағым жасауға құқылы.
Басқа 1. ӨТIНIШ
Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi нұсқаулыққа 1-қосымша _______________________________________ (мәмiленiң мәнi) ________________ келiсу туралы ӨТIНIШ 1. Негiздеме _____________________________________________ ________________________________________________________________ (экономикалық мақсатқа сай есептеудi көрсете отырып, мәмiле жасаудың себептерi, мақсаттары мен мiндеттерi) 2. Мәмiленiң мәнi болып табылатын мүлiк туралы ақпарат, оның iшiнде Субъектiнiң барлық мүлiктерiнiң баланстық құнының барлығын, пайызда меншiкке, пайдалануға және/немесе иеленуге берiлген мүлiктерiнiң баланстық және қалдық құны ________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 3. Субъектiнiң меншiкке, пайдалануға және/немесе иеленуге берiлген мүлiктерiнiң құрамы мен мақсаты _______________________ ________________________________________________________________ 4. Мәмiле жасаудың Субъектiнiң қызметтерiне тарифтi (бағаны, алым ставкасын) көтеруге алып келмейтiнiн және оның қаржы-шаруашылық қызметiн нашарлатуға алып келмейтiнiн растайтын есеп ___________________________________________________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 5. Иелiктен айырылған немесе шаруашылықты берер алдындағы келер жыл үшiн пайдалануға және/немесе иеленуге берiлген мүлiктердi ұстау және пайдалануға беру жөнiндегi шығындар _________________ ________________________________________________________________ ________________________________________________________________ 6. Қосымша: (өтiнiшке қоса берiлген құжаттар (ақпараттар)
Басқа 2. Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу туралы ӨТIНIШ
Табиғи монополия субъектiлерiнiң мүлкiн иелiктен айыруды және онымен өзге мәмiлелер жасауды уәкiлеттi органмен келiсу жөнiндегi нұсқаулыққа 2-қосымша Субъектiнiң акцияларды (үлестердi) сатып алуы жөнiнде мәмiлелер жасауды, сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен оған рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандарын келiсу туралы ӨТIНIШ 1. Негiздеме ______________________________________________ _________________________________________________________________ (экономикалық мақсатқа сай есептеудi көрсете отырып, мәмiле жасаудың себептерi, мақсаттары мен мiндеттерi) 2. Акциялар (үлестер), сондай-ақ "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен Субъектiге рұқсат етiлген қызметтi жүзеге асыратын коммерциялық ұйымдарға оның қатысуының өзге нысандары туралы ақпарат ___________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 3. Мәмiле жасаудың Субъектiнiң қызметтерiне тарифтi (бағаны, алым ставкасын) көтеруге алып келмейтiнiн және оның қаржы-шаруашылық қызметiн нашарлатуға алып келмейтiнiн растайтын есеп ____________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 4. Жасалған мәмiле жөнiндегi шығындар _____________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ 5. Қосымша: (өтiнiшке қоса берiлген құжаттар (ақпараттар))