Об утверждении Инструкции по согласованию с уполномоченным органом осуществления субъектом естественной монополии иной деятельности, технологически связанной с основной деятельностью и (или) отнесенной к сфере естественной монополии, а также осуществления деятельности, установленной законодательством Республики Казахстан о почте Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 қарашадағы N 1713 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі туралы ереженің 4-тармағына, 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (А.Т. Шабдарбаев) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
Тармақша 1
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) оны Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің және оның аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары А.К. Әміринге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 4 мамырдағы N 121-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Нұсқаулықтың мақсаты құжаттар мен ақпараттар тізбесін, оларды табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу кезінде ұсыну мен қараудың тәртібін анықтау болып табылады.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган Субъектінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды келіседі.
Тармақ 4
4. Осы Нұсқаулықта пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
Тармақша 1
1) географиялық шекара - Субъектінің қызметтерді (өндірілген тауарларды, жұмыстарды) ұсынатын шектердегі аумағы;
Тармақша 2
2) негізгі қызметпен технологиялық байланысты өзге қызмет - негізгі қызметті жүзеге асыру техникалық түрде мүмкін емес не негізгі қызметтің технологиялық процесінің құрамды бөлігі болып табылатын қызмет;
Тармақша 3
3) құзыретті орган - Субъектінің тиісті саладағы қызметіне реттеу жүргізуге уәкілетті мемлекеттік орган; коммуналдық меншіктегі не су шаруашылығы және (немесе) арна тарту жүйесі қызметін көрсететін Субъектілер үшін - жергілікті атқарушы органдар;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган - табиғи монополия саласындағы қызметті бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (оның аумақтық органдары);
Тармақша 5
5) өтініш - Субъектінің әрекеттер немесе мәмілелер жасауға келісім беру туралы жазбаша нысандағы арызы.
Тармақ 5
5. Осы Нұсқаулықтың күші Субъектілердің Мемлекеттік тіркеліміне енгізілген Субъектілерге қолданылады.
Тарау 2. 2. Субъектінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруға өтініштер ұсыну рәсімі
2. Субъектінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруға өтініштер ұсыну рәсімі
Тармақ 6
6. Негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру үшін Субъект уәкілетті органға өтінішпен қоса мынадай құжаттарды (ақпаратты) ұсынуға тиіс:
Тармақша 1
1) Субъект өтініш ұсынып отырған жүзеге асырылатын қызметтің сипаты және негізгі мазмұны;
Тармақша 2
2) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыратын негізгі құралдардың, жабдықтардың және мүмкіндіктердің бары туралы растама;
Тармақша 3
3) құзыретті органның өзге қызметті жүзеге асыру салдары туралы, Субъекті қызметінің жүзеге асыруға өтініш берген қызметпен технологиялық байланысы туралы қорытынды;
Тармақша 4
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретті органның өзге қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы қорытындысы;
Тармақша 5
5) соңғы аудиторлық тексеріс қорытындысы және оған қосымша;
Тармақша 6
6) өтінішке келісім берген жағдайда негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметке қатысты болатын шығыстар;
Тармақша 7
7) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметтің олар көрсететін қызметтер (өндіретін тауарлар) көлеміне әсері;
Тармақша 8
8) Субъектінің өкіліне берілген сенімхат.
Тармақ 7
7. Негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруға келісім алу үшін Субъект мынандай талаптардың орындалуын қосымша қамтамасыз етуге міндетті:
Тармақша 1
1) Субъектінің осы қызметтен алған табысы оны жүзеге асыруға қажетті шығындарды жабуға тиіс;
Тармақша 2
2) қызметті жүзеге асыру қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тиісті рыногында бәсекелестікті шектеуге алып келмеуге тиіс;
Тармақша 3
3) Субъектінің негізгі қызметті және ол жүзеге асыруға өтініш берген қызмет бойынша жеке есепті қамтамасыз ету.
Тармақ 8
8. Субъект тоқсан сайын Нұсқаулықтың 7-тармағының 1) тармақшасына сай осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көзделген талаптарды орындау туралы есеп беруге міндетті.
Тарау 3. 3. Өтініштердің мазмұны, оларды қарау рәсімдері мен мерзімдері
3. Өтініштердің мазмұны, оларды қарау рәсімдері мен мерзімдері
Тармақ 9
9. Негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды келісу үшін Субъект осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасында көрсетілген нысандағы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.
Тармақ 10
10. Осы Нұсқаулықтың 3-тармағына сәйкес Субъект уәкілетті органға осы Нұсқаулықта көзделген құжаттар мен ақпараттарды қоса, өтініш береді. Өтініштің мәтінінде негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асырудың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру мақсаты көрсетіледі.
Тармақ 11
11. Уәкілетті органға өтінішпен бірге ұсынылған құжаттар мен ақпараттар толық және дұрыс болуға тиіс. Ұсынылған құжаттар түпнұсқада болуға немесе олардың көшірмелері болуға тиіс, соңғы жағдайда өтінішке қол қойған өтініш иесі олардың дұрыстығы мен толықтығын жазбаша растауға тиіс. Ұсынылған барлық материалдарға өтініш иесі, ал қаржылық құжаттарға - бас бухгалтер қол қоюға тиіс.
Тармақ 12
12. Уәкілетті орган, егер:
Тармақша 1
1) оның қанағаттануы Субъектінің қызметін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, тұтынушылармен жасалған шарттарды бұзуға алып келуі мүмкін болған;
Тармақша 2
2) өтініш иесі барлық қажетті құжаттар мен ақпараттарды ұсынбаған;
Тармақша 3
3) ұсынылған құжаттар мен ақпараттар дұрыс болып табылмаған;
Тармақша 4
4) оның қанағаттануы: Субъектінің қызметтеріне тарифтерді (бағаларды, алымдар ставкаларын) арттыруға; қоршаған ортаға теріс әсер етуге; үздіксіз байланыстағы технологиялық жүйені бұзуға; ұсынылатын қызметтердің (өндірілетін тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерін үзуге не едәуір төмендетуге алып келуі мүмкін жағдайларда өтінішті қабылдамауға құқылы.
Тармақ 13
13. Уәкілетті органның осы өтінішті және қажетті барлық құжаттар мен ақпараттарды немесе өтініш иесі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттар мен ақпараттарды алудың мүмкін еместігін түсіндіретін себептер туралы мәліметтерді алған күн өтінішті берген күн деп есептеледі. Уәкілетті орган қажетті барлық құжаттар мен ақпараттарды қамтымайтын, оларды ұсынбаудың себептері көрсетілмеген немесе көрсетілген өтінішті алған жағдайда, уәкілетті орган оны алған күннен бастап он күннен кешіктірмей өтініш иесін оның өтінішінің қарауға қабылданбағаны туралы жазбаша хабардар етуге тиіс.
Тармақ 14
14. Уәкілетті орган өтінішті алған күннен бастап отыз күндік мерзімде оны қарайды және өтініш иесін қабылданған шешім туралы жазбаша нысанда хабарлайды.
Тармақ 15
15. Егер шешім қабылдау үшін қосымша құжаттар мен ақпараттар қажет болған жағдайда уәкілетті орган оны Субъектіден сұратуға және өтінішті қарау мерзімін ұзарту туралы хабарламамен қоса сұраным өтініш иесіне өтінішті алған күннен бастап он бес күннен кешіктірмей жіберілген жағдайда өтінішті қарау мерзімін отыз күнге ұзартуға құқылы. Құжаттар мен ақпараттар уәкілетті органның талабы бойынша мерзімде ұсынылмаса, ол өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға негіз болады.
Тармақ 16
16. Өтінішті қанағаттандырудан бас тартылса Субъект жоғары тұрған уәкілетті органға немесе қолданыстағы заңда көзделген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Тармақ 17
17. Субъект өтінішті берген кезде ұсынылған құжаттар мен ақпараттарға қосымша ретінде Субъектінің пікірі бойынша шешім қабылдау үшін маңызды болып табылатын кез келген ақпаратты уәкілетті органға дербес түрде жіберуге құқылы.
Тармақ 18
18. Коммерциялық құпияны құрайтын құжаттар мен ақпараттар Субъектінің міндетті түрде "коммерциялық құпия" деген белгісімен ұсынылады және жеке мұқабамен жіберілуі мүмкін, бірақ сонымен бірге өтініштерді қарауға арналған құжаттар мен ақпараттар пакеттеріне міндетті түрде енгізілуге тиіс.
Тармақ 19
19. Құжаттар мен ақпараттардың құрамындағы коммерциялық құпия оларды уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз бола алмайды, сонымен бірге Субъект және өзге де мүдделі тараптар құжаттар мен ақпараттар берген кезде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің толық тізбесін айқындайтын ішкі актінің көшірмесін қоса тіркей отырып, коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің тізбесін көрсетуге тиіс.
Тармақ 20
20. Құжаттар мен ақпараттардың Қазақстан Республикасынан тыс аумақта болуы оларды уәкілетті органға ұсынудан бас тартуға негіз бола алмайды.
Тармақ 21
21. Өтініште, құжаттар мен ақпараттарда қамтылған және шешім қабылдау үшін маңызы бар фактілерді өзгертуді өтініш иесі уәкілетті органның назарына жазбаша түрде дереу жеткізеді. Мұндай жағдайларда уәкілетті органның өзгерістер туралы құжаттар мен ақпараттарды алған күн өтінішті алған күн деп есептеледі. Уәкілетті органға болған өзгерістер туралы хабарламау заң актілерінде көзделген жауапкершілікке тартады.
Тармақ 22
22. Субъект уәкілетті органға өтінішті Субъектілердің Мемлекеттік тіркелімінде ол орналасқан орын бойынша береді.
Тармақ 23
23. Субъектінің уәкілетті органның келісімінсіз негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.
Тарау 4. 4. Қорытынды ережелер
4. Қорытынды ережелер
Тармақ 24
24. Субъектінің негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруына уәкілетті органның келісімін алған тұлға оны жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға құқылы.
Басқа 1
Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша ------------------------------------------------------------------ Рет!                       !Өлшем  !Алдыңғы !Есепті!Жыл басынан  N !                       !бірлігі! тоқсан !тоқсан!бастап өсумен ------------------------------------------------------------------ 1.  Қызметтің негізгі түрі     бойынша тауарларды     (жұмыстарды, қызметтерді)     сатудан алынған табыс 2.  Қызметтің негізгі түрі     бойынша сатылатын     тауарлардың (жұмыстардың,     қызметтердің) өзіндік     құны 3.  Қызметтің негізгі түрі     бойынша кезең шығыстары,     оның ішінде 4.  Негізгі қызмет бойынша     жалпы және әкімшілік     шығыстары 5.  Негізгі қызмет бойынша     сатылатын тауарлар     (жұмыстар, қызметтер)     жөніндегі шығыстар 6.  Негізгі қызметтен түскен     табыс (зиян) 7.  Өзге қызмет бойынша     тауарларды (жұмыстарды,     қызметтерді) сатудан     алынған табыс 8.  Өзге қызмет бойынша     сатылатын тауарлардың     (жұмыстардың, қызметтердің)     өзіндік құны 9.  Өзге қызмет бойынша     кезең шығыстары, оның     ішінде     Өзге қызмет бойынша жалпы     және әкімшілік шығыстары 10. Өзге қызмет бойынша     сатылатын тауарлар     (жұмыстар, қызметтер)     жөніндегі шығыстар 11. Өзге қызметтен түскен     табыс (зиян) ------------------------------------------------------------------
Басқа 2. Өтініш
Табиғи монополия субъектісінің негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыруды уәкілетті органмен келісу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша __________________ __________________ Өтініш __________________________________________________________________                        (қызметтің атауы) _________________________________________________ жасауға келісім беру туралы Негіздеме ________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________      (экономикалық мақсатқа сай есебін көрсетумен Субъектінің жүзеге асыруға өтініш берген қызметтің сипаты және негізгі сипаттамасы) Негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін растайтын негізгі құралдардың, жабдықтардың тізбесі: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Субъектінің негізгі құралдарының құрамы және пайдаланылу мақсаты: __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) артуына алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін растайтын есеп __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Субъектінің көрсететін қызметінен (өндіретін тауарынан) алынған жалпы табыс, оның ішінде табиғи монополия саласына қатысты қызметтен түскен және негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты қызметтен түскен __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ Субъекті жүзеге асыратын қызметтің географиялық шекарасының болжалды өзгеруі туралы ақпарат __________________________________ __________________________________________________________________ Өтінішке қосымша:       1) экономикалық мақсатқа сай есебін көрсетумен қызметтің осы түрін жүзеге асыру себебі көрсетілуге тиіс өтінішке анықтама-негіздеме;       2) Субъектінің қаржы-шаруашылық қызметіне талдау, оның ішінде алдыңғы және ағымдағы жылдың бухгалтерлік балансы (қосымшалармен) және оған түсіндірме жазба;       3) негізгі қызметімен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыратын негізгі құралдардың, жабдықтардың және мүмкіндіктердің бары туралы растама;       4) құзіретті органның өзге қызметтің қоршаған ортаға әсері туралы, өзге қызметті жүзеге асыру салдары туралы, Субъекті қызметінің жүзеге асыруға өтініш берген қызметпен технологиялық байланысы туралы қорытынды;       5) Өзге қызметті жүзеге асыру Субъектінің қызметтеріне тарифтің (бағаның, алым ставкасының) артуына алып келмейтінін және оның қаржы-шаруашылық қызметін нашарлатуға алып келмейтінін растайтын есеп;       6) Субъектінің көрсетілетін қызметтерден (өндірілген тауарлардан), оның ішінде табиғи монополия саласына қатысты қызметтерден және негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты тұтынушылардың топтар бойынша бөле отырып, нақты түрде көрсетілетін қызметтердің көлемдер жөніндегі материалдардан түсетін нақты табыс;       7) соңғы аудиторлық тексеріс қорытындысы және оған қосымша;       8) Субъектінің осы Нұсқаулық енгізілгенге дейін негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта туралы заңнамасында белгіленген қызметті жүзеге асыру туралы ақпарат;       9) өтінішке келісім берген жағдайда негізгі қызметпен технологиялық байланысты және (немесе) табиғи монополия субъектісі саласына қатысты өзге қызметке қатысты болатын шығыстар;       10) табиғи монополия саласына қатысты өзге қызметтің олар көрсететін қызметтер (өндіретін тауарлар) көлеміне әсері;       11) Субъектінің өкіліне берілген сенімхат.