Об аудиторской деятельности Қолданыста
Басқа 0
Аудиторлық қызмет туралы
📌 Ескерту. Заң жаңа редакцияда - ҚР 2006.05.05 N 139, бүкіл мәтін бойынша "оны кері қайтарып алу", "лицензиясы кері қайтарып алынған", "лицензиясын кері қайтарып алу", "кері қайтарып алуды", "оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу", "Лицензия кері қайтарып алынған", "лицензияны кері қайтарып алу" деген сөздер тиісінше "одан айыру", "лицензиясынан айырылған", "лицензиясынан айыру", "лицензиясынан айыруды", "алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру", "Лицензиядан айырылған", "лицензиядан айыру" деген сөздермен ауыстырылды - 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі);
бүкіл мәтін бойынша «және терроризмді қаржыландыруға» деген сөздер «, терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 19.09.2025 № 219-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттелген кәсiби аудиторлық ұйым (бұдан әрi – кәсiби
ұйым) – аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 2
2) аккредиттеу – осы Заңда көзделген кәсiби ұйымдардың құқықтылығын уәкiлеттi мемлекеттік органның ресми тануы;
Тармақша 3
3) аттестаттау – Біліктілік комиссиясының аудиторларға кандидаттардың білімдері мен дағдыларын айқындауы рәсімі;
Тармақша 4
4) аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру;
Тармақша 5
5) аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
Тармақша 6
6) аудиторлық есеп – жүргiзiлген аудиттiң нәтижесi болып табылатын жазбаша ресми құжат;
Тармақша 7
7) аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитiн жүргiзу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
Тармақша 7-1
7-1) аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес (бұдан әрі – кәсіби кеңес) – кәсіби ұйым (кәсіби ұйымдар) құрған, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 8
8) аудиторлық ұйым – аудиторлық қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылған және кәсіби ұйымның мүшесі болып табылатын коммерциялық ұйым;
Тармақша 9
9) аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;
Тармақша 10
10) Әдеп кодексі – аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;
Тармақша 11
11) дұрыс емес аудиторлық есеп – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп;
Тармақша 12
12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;
Тармақша 12-1
12-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері – бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жер қойнауын пайдаланушыларға (кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден басқа) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар;
Тармақша 13
13) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы
аудит – бюджет қаражатын пайдалану мәселесі бойынша аудит;
Тармақша 14
14) көрiнеу дұрыс емес аудиторлық есеп – аудит жүргiзiлмей жасалған немесе пайдаланушыларды қасақана жаңылыстыратын пiкiрді қамтитын аудиторлық есеп;
Тармақша 15
15) мүдделер қақтығысы – аудиторлық ұйымның мүдделілігі оның аудиттелетін субъектінің қаржылық есептілігінің дұрыстығы туралы пікіріне әсер етуі мүмкін жағдай;
Тармақша 16
16) өзге ақпарат аудиті – «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін бағалауға қатысты, оның ішінде стратегия мен бизнес модельге, корпоративтік басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесін бағалауға, ақпараттық қауіпсіздік жүйесінің тиімділігін, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы iс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауға қатысты процестерді және қаржылық есептілікпен байланысты емес ақпаратты тексеру;
Тармақша 17
17) өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды – өзге ақпарат аудитінің нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;
Тармақша 17-1
17-1) практикамен айналыспайтын сарапшы – аудиторлық ұйымның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе жұмыскері болып табылмайтын және кәсіби кеңес органдарында тағайындалғанға дейін және олардағы жұмыс кезеңінде онымен азаматтық-құқықтық қатынаста кемінде күнтізбелік бір жыл болмаған жеке тұлға;
Тармақша 18
18) салықтар бойынша аудит – уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін, салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің барлық түрі бойынша есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселесі бойынша аудит;
Тармақша 19
19) салықтар бойынша аудиторлық қорытынды – салықтар бойынша аудит нәтижелері бойынша жасалған қорытынды;
Тармақша 20
20) салықтар бойынша дұрыс емес аудиторлық қорытынды – аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жасаған, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің дұрыстығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстап қалудың және аударудың толықтығы мен уақтылығы, әлеуметтік аударымдарды есептеудің және төлеудің толықтығы мен уақтылығы мәселелері бойынша дұрыс емес және (немесе) толық емес мәліметтерді қамтитын, сондай-ақ салықтар бойынша аудит жүргізілмей жасалған немесе қасақана жаңылыстыратын пікірді қамтитын қорытынды;
Тармақша 21
21) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – аудиторлық қызмет саласында реттеуді және аудиторлық қызмет пен кәсiби ұйымдардың қызметi саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 22
22) ұйымдардың стандарттары – аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, аудит жүргізу тәртібіне бірыңғай талаптарды белгілейтін ішкі құжаттары;
Тармақша 23
23) халықаралық аудит стандарттары (бұдан әрі – аудит
стандарттары) – Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған стандарттар мен құжаттар.
📌 Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Аудиторлық қызмет
3-бап. Аудиторлық қызмет
Тармақ 1
1. Аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар аудиторлық ұйымдар аудиторлық қызметпен айналысу құқығына ие болады.
Тармақ 2
2. Аудиторлық ұйымдар мынадай қызметтердi де көрсете алады:
Тармақша 1
1) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) бухгалтерлiк есептi қалпына келтiру және жүргiзу, қаржылық есептiлiктi жасау;
Тармақша 3
3) iшкi аудит;
Тармақша 4
4) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер жөнiндегi заңнаманы қолдану және салық есебiн жүргiзу мәселелерi бойынша консультация беру;
Тармақша 4-1
4-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды жасау;
Тармақша 4-2
4-2) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу;
Тармақша 4-3
4-3) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудитін жүргізу;
Тармақша 4-4
4-4) өзге ақпарат аудитін жүргізу және өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытынды жасау;
Тармақша 5
5) алғашқы статистикалық деректерді қалыптастыру;
Тармақша 6
6) қаржы-шаруашылық қызметтi талдау және қаржылық жоспарлау, экономикалық, қаржылық және басқарушылық консультация беру;
Тармақша 7
7) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау мәселелерi бойынша консультация беру;
Тармақша 8
8) бухгалтерлiк есептi жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, салық салу, аудит және қаржы-шаруашылық қызметтi талдау мен қаржылық жоспарлау бойынша оқыту ;
Тармақша 9
9) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыру жөнiнде ұсынымдар беру, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасауды автоматтандыруға үйрету;
Тармақша 10
10) бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзу және қаржылық есептiлiктi жасау, аудит, қаржылық-шаруашылық қызметтi және қаржылық жоспарлауды талдау, аудит стандарттарына сәйкес iлеспе қызметтердi көрсету бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлеу, сондай-ақ оларды тарату;
Тармақша 11
11) аудиторлық қызметке байланысты заң қызметтерiн көрсету;
Тармақша 12
12) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Егер "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес осы тармақта көзделген жекелеген қызмет түрлерiн көрсету рұқсаттар алуды немесе хабарламалар жіберуді талап етсе, аудиторлық ұйымдар рұқсаттары болмай немесе хабарламаларды жібермей бұл қызметтердi көрсетуге құқылы емес.
Тармақ 3
3. Аудиторлық ұйымдарға кәсiпкерлiк қызметтiң өзге түрлерiмен айналысуға тыйым салынады.
📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2010.03.19 № 258-IV; 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3-1. 3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары
мен міндеттері
3-1-бап. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары
мен міндеттері
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапалы болуы үшін жағдайлар жасау аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Аудиторлық қызмет саласындағы реттеудің міндеттері:
Тармақша 1
1) аудиторлық қызметтің құқықтық негіздерін белгілеу;
Тармақша 2
2) аудиторлық қызметті жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айқындау;
Тармақша 3
3) аудиторлық қызмет саласында жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;
Тармақша 4
4) аудиторлардың кәсіби құзыреттерін арттыру үшін жағдайлар жасау.
📌 Ескерту. Заң 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 4. 4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары
4-бап. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi және аудиттiң стандарттары
Тармақ 1
1. Аудиторлық қызметтiң негiзгi принциптерi мыналар:
тәуелсiздiк;
объективтiлiк;
кәсiби құзыреттiлiк;
құпиялылық;
адалдық;
ұйымдардың стандарттарын сақтау.
Тармақ 2
2. Аудит осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн аудит стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Аудит стандарттарын Қазақстан Республикасында оларды ресми аударуға және (немесе) жариялауға Халықаралық бухгалтерлер федерациясының жазбаша рұқсаты бар ұйым қазақ және орыс тiлдерiнде жариялауы мүмкін.
Осы Заңның 5-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің төртінші, бесінші, алтыншы, сегізінші және он бірінші абзацтарында көрсетілген ұйымдарға аудит жүргізу кезінде аудиторлық ұйым қаржылық есептілікте қамтылған ақпараттың халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес әзірленген нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Салықтар бойынша аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аудиттелетін субъектінің бастамасы бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Өзге ақпарат аудиті
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 3) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Аудит және оның түрлерi
5-бап. Аудит және оның түрлерi
Тармақ 1
1. Аудиттiң түрлерi мыналар:
Тармақша 1
1) мiндеттi;
Тармақша 2
2) бастамашылық.
Тармақ 2
2. Міндетті аудитке:
акционерлік қоғамдар;
қадағалау кеңесі бар, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру холдингтері және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және (немесе) сақтандыру холдингі ірі қатысушысы болып табылатын ұйымдар, сақтандыру брокері;
нысаналы капитал қорлары;
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылар;
инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушылары;
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген жағдайларда, көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе пайдалы қатты қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалар;
банктер, ірі қатысушысы банк болып табылатын ұйымдар, банк холдингтері;
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын авиакомпанияларды қоспағанда, азаматтық авиация ұйымдары;
астық қабылдау кәсіпорындары;
сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры;
әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры;
инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға келісімшарт жасасқан Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылыс салушылар мен уәкілетті компаниялар;
"Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес арнайы қаржы компаниялары;
Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы;
дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақшаны бөлу жөніндегі бірыңғай оператор;
инвестициялық тариф бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы тұтынушыларының тізбесіне енгізілген электр энергиясын көтерме тұтынушылар (өнеркәсіптік объектілер);
«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес уәкілетті экономикалық операторлар;
мынадай шарттарды бір мезгілде орындаған кезде:
Тармақша 1
1) оның құрамында жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушылар (құрылтайшылар) бар болған;
Тармақша 2
2) жұмыскерлердің орташа жылдық саны екі жүз елу адамнан асатын және (немесе) жылдық орташа табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің үш миллион еселенген мөлшерден асатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.
Орта кәсіпкерлік субъектісіне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестік үшін жылдық қаржылық есептілік аудиті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына қатысудың он пайыздан кем үлесін иеленетін қатысушының (құрылтайшының) талабы бойынша жүргізіледі.
Аудит мiндеттi болып табылатын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын ұйымдар жылдық қаржылық есептiлiкпен бiрге аудиторлық есептi де жариялауға мiндеттi.
Осы тармақтың талаптары сот банкрот деп таныған акционерлік қоғамдарға, сондай-ақ
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиясынан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесiнде тұрған банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Бастамашылық аудит аудиттелетiн субъектiнiң не оған қатысушының бастамасы бойынша бастамашы мен аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргiзуге жасалған шартта көзделген аудиттiң нақты мiндеттерi, мерзiмi мен көлемi ескерiле отырып жүргiзiледi.
📌 Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.07.11 № 183-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 128-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 409-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 200-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.03.2026 № 270-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi
📌 Ескерту. 6-бап алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7. 7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
7-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi
Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) аудиторлық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) аудиторлар тізілімін жүргізеді;
Тармақша 1-2
1-2) міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең аз талаптарды
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 1-3
1-3)
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын өзге ақпарат аудиті шеңберінде тексерілуге жататын мәселелер тізбесін, өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындының мазмұнына, аудиторлық ұйымның оны ұсыну мерзімдеріне қойылатын талаптарды, өзге ақпарат аудитіне тартылатын аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторларға қойылатын талаптарды келіседі;
Тармақша 1-4
1-4) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 2
2) кәсіби ұйымдарды аккредиттеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3
3) кәсiби ұйымдарды аккредиттейдi және олардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
Тармақша 4
4) аудиторлық қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актіні әзірлейді, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келіседі және оларды бекітеді;
Тармақша 5
5) аудиторлық қызметтi лицензиялауды және аудиторлық ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзудi жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, оның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру және оны тоқтату туралы мәлiметтердi бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жариялайды;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) Бiлiктiлiк комиссиясы қызметiн қалыптастыру және жүзеге асыру ережесiн бекiтедi;
Тармақша 9
9) аудит стандарттарын тарату үшiн жағдай жасалуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 9-1
9-1) кәсіби кеңес басқармасының құрамына өкілін жібереді;
Тармақша 9-2
9-2) алып тасталды - ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 9-3
9-3) алып тасталды - ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақша 11
11) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақша 12
12) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақша 13
13) кәсiби және аудиторлық ұйымдардың есептiлiк тiзбесiн, нысанын және оны ұсыну кезеңдiлiгiн әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 14
14) алынып тасталды - 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақша 14-1
14-1) аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) аудиторлық және кәсіби ұйымдар тізілімдерінің нысандарын бекітеді;
Тармақша 16
16) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 17
17) аудиторлық қызмет және кәсіби аудиторлық ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 18
18) алып тасталды - ҚР 29.12.2014№ 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 18-1
18-1) салықтар бойынша аудит жүргізу және салықтар бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін айқындайды;
Тармақша 18-2
18-2) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған тиісті қаулы, сондай-ақ соттың тиісті ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік және өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындайды;
Тармақша 18-3
18-3) егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе, аудит мiндеттi болып табылатын мемлекет қатысатын ұйымдарды айқындайды;
Тармақша 19
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
📌 Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі); 2010.03.19 № 258-IV; 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі); 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 № 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 5) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 3) тармақшасының тоғызыншы абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 7-1. 7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар
қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
7-1-бап. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдар
қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Аудиторлық қызмет және кәсіби ұйымдардың қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудиторлық қызмет және кәсiби ұйымдардың қызметi саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және
бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 7-1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 8. 8-бап. Аудитор
8-бап. Аудитор
Тармақ 1
1. Аудитор өз қызметін аудитор ретінде бiр аудиторлық ұйымның құрамында ғана жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Аудитор бiр аудиторлық ұйымға ғана қатысушы бола алады.
📌 Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 9. 9-бап. Аудиторлық ұйым
9-бап. Аудиторлық ұйым
Тармақ 1
1. Аудиторлық ұйым жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылады.
Тармақ 2
2. Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын елдің кәсіби ұйымы растаса, аудиторлық ұйым деп танылады.
Шетелдік аудиторлық ұйымның мәртебесін растайтын кәсіби ұйым Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болуға тиіс.
Шетелдік ұйым, егер оның мәртебесін өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органы растаса да, аудиторлық ұйым деп танылады.
Тармақ 3
3. Шетелдiк аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi тиiстi аудиторлық ұйымдарды - Қазақстан Республикасының резиденттерiн құрған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.
Тармақ 4
4. Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны екі адамнан кем болмауға тиiс.
Тармақ 5
5. Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталында аудиторға (аудиторларға) және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымға (ұйымдарға) тиесiлi үлес жүз процент болуға тиiс.
Тармақ 6
6. Аудиторлық ұйым басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымға бұрын жетекшілік еткен аудитор лицензиядан айыру туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бір жыл бойы басқа аудиторлық ұйымның басшысы бола алмайды.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым басқа аудиторлық ұйымның - Қазақстан Республикасы резидентiнiң қатысушысы бола алмайды.
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының аумағында филиал құрған жағдайда, филиал басшысының "аудитор" деген бiлiктiлiк куәлiгi болуы мiндеттi.
📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 12.01.2007 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Бап 10. 10-бап. Кәсiби ұйымдар
10-бап. Кәсiби ұйымдар
Тармақ 1
1. Кәсiби ұйымның аккредиттелуi рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлiкпен расталады. Аккредиттеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жарамды.
Тармақ 2
2. Кәсiби ұйымдар коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және өз мүшелерiнiң жалпы жиналысында қабылданған жарғының негiзiнде жұмыс істейді.
Тармақ 3
3. Кәсiби ұйымдарды аккредиттеу тәртiбiне сәйкес келетін кәсiби ұйымдардың құрылымы мен жұмыс органдары олардың жарғыларында айқындалады.
Тармақ 4
4. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар ғана кәсіби ұйымдардың құрылтайшылары және қатысушылары бола алады. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар бір ғана кәсіби ұйымның мүшелері бола алады.
Аудиторлардың - кәсіби ұйым мүшелерiнiң ұйымның басқару органына сайлауға және сайлануға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
📌 Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 11. 11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
11-бап. Кәсiби ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Кәсiби ұйымдар:
Тармақша 1
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
2-1) аудиторларға кандидаттарды оқыту жөніндегі курстарды өткізуге;
Тармақша 3
3) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жұмыс тәжiрибесiн талдауға, қорытуға және таратуға;
Тармақша 4
4) мемлекеттiк, қоғамдық, шетелдiк және халықаралық ұйымдарда аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың мүддесiн бiлдiруге;
Тармақша 5
5) өздерiнiң қатысушылары болып табылатын аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруға байланысты дауларын қарауға;
Тармақша 6
6) аудиторлық ұйымдардың рейтингiн өткiзуге және оларды мерзiмдi баспа басылымдарында жариялауға;
Тармақша 7
7) бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысуға;
Тармақша 8
8) аудиторлық қызмет саласында оқулық әдебиеттердi, әдiстемелiк ұсынымдар мен мерзiмдi баспа басылымдарын әзiрлеуге, шығаруға және таратуға;
Тармақша 9
9) аудит стандарттары және аудиторлық қызметтiң өзге де мәселелерi бойынша ұсынымдар беруге;
Тармақша 10
10) сапаға жүргiзiлген сыртқы бақылау қорытындысы бойынша аудит стандарттары мен Әдеп кодексiн бұзуға жол берген тұлғаларды кәсiби ұйымнан шығаруға;
Тармақша 11
11) аудиторлардың біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеуге және бекітуге құқылы.
Тармақ 2
2. Кәсiби ұйымдар:
Тармақша 1
1) аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексiн сақтауға;
1-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды осы Заңға сәйкес жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 3
3) өз мүшелерiн Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiмен қамтамасыз етуге;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4-1
4-1) аудиттің дамуына, оның тиімділігін арттыруға, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға және үйлестіруге ықпал етуге;
Тармақша 5
5) аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының талаптарын, Әдеп кодексін сақтауын қамтамасыз етуге;
Тармақша 5-1
5-1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардың өткізілуін қамтамасыз етуге, олар аяқталғаннан кейін курстардан өткені туралы сертификаттар беруге;
Тармақша 6
6) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
Тармақша 7
7) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
Тармақша 8
8) мүшелер қабылдаған (шығып кеткен, шығарылған), сондай-ақ басқару жұмыс органының дербес құрамы өзгерген жағдайда, осы өзгерiстер туралы
он бес жұмыс күні ішінде уәкiлеттi органға хабарлауға;
Тармақша 9
9) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен уәкiлеттi органға өз қызметi туралы ақпарат беруге мiндеттi.
📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру
12-бап. Аккредиттеу туралы куәлiктен айыру
Тармақ 1
1. Кәсiби ұйым, егер:
Тармақша 1
1) Алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Тармақша 2
2) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Біліктілік комиссиясын құрмаса;
Тармақша 3
3) кәсіби ұйым тарапынан өтініш жасалмай, күнтізбелік он екі ай ішінде осындай кәсіби ұйым мүшелері - аудиторлық ұйымдардың орташа санының он проценті, бірақ кемінде бесеуі аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиясынан айырылса;
Тармақша 4
4) бір жыл iшiнде Аккредиттеу ережесiн жүйелi түрде (қатарынан екi реттен артық) бұзса;
Тармақша 5
5) уәкiлеттi органға өзi және өз қызметi туралы көрiнеу жалған ақпарат берсе;
Тармақша 6
6) уәкiлеттi органның ескерту хаты шығарылған себептi үш ай iшiнде жоймаса;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8
8) аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес жүргізбесе, аккредиттеу туралы куәлігінен айырылады.
Тармақ 2
2. Кәсiби ұйымдар уәкiлеттi органның шешiмiне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі); 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау
13-бап. "Аудитор" бiлiктiлiгiн беруге кандидаттарды аттестаттау
Тармақ 1
1. Жоғары білімі және экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында кемінде үш жыл еңбек стажы бар адамдар аттестаттауға жiберiледi.
Тармақ 2
2. Аттестаттаудан өткен адамдар "аудитор" бiлiктiлiгi берiлгенi туралы бiлiктiлiк куәлiгiн және бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi, тегi, өз аты, сондай-ақ өзiнiң қалауымен - әкесiнiң аты көрсетiлген аудитордың жеке мөрiн (бұдан әрi - жеке мөр) алады.
"Аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы шешiм Бiліктiлiк комиссиясы айқындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тiлдерiнде жарияланады.
Тармақ 3
3. Аттестаттау бойынша емтиханнан өтпеген адамдар одан қайтадан өтуге Біліктілік комиссиясының шешімі қабылданған кезден бастап үш ай өткен соң жіберіледі.
📌 Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13-1. 13-1-бап. Кәсіби кеңес
13-1-бап. Кәсіби кеңес
Тармақ 1
1. Кәсіби кеңес Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның құрылтайшылары бекіткен жарғыға сай әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Кәсіби кеңестің мүлкі міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдардан, кәсіби ұйымдардан біржолғы немесе тұрақты түсетін түсімдер есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген және кәсіби кеңес қызметінің мақсаттарына сәйкес келетін көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Кәсіби кеңеске оның құрылтайшылары берген мүлік кәсіби кеңестің меншігі болып табылады.
Кәсіби кеңес құрылтайшыларының кәсіби кеңестің мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды.
Тармақ 4
4. Кәсіби кеңестің басқармасы (бұдан әрі – басқарма) кәсіби кеңестің жоғары басқару органы болып табылады, оның қарауына Қазақстан Республикасының заңдарында, кәсіби кеңестің жарғысында және кәсіби кеңестің ішкі құжаттарында айқындалған, кәсіби кеңестің қызметі мәселелері бойынша шешімдер қабылдау жатады.
Тармақ 5
5. Басқарма құрамына:
Тармақша 1
1) кәсіби ұйымдардан – саны бірдей;
Тармақша 2
2) уәкілетті органнан (басқарма төрағасы болып табылатын, аудиторлық қызмет саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша басшы немесе оның орынбасары);
Тармақша 3
3) аудитке қатысты мәселелер бойынша – «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамынан;
Тармақша 4
4) «Астана» халықаралық қаржы орталығынан;
Тармақша 5
5) жоғары оқу орындарынан және (немесе) ғылыми ұйымдардан өкілдер;
Тармақша 6
6) сондай-ақ «аудитор» біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар тәуелсіз директор кіреді.
Тармақ 6
6. Басқарма мүшелерінің саны тақ санды құрауға тиіс, бұл ретте кәсіби ұйымдар өкілдерінің саны басқарма мүшелері жалпы санының
үштен бірінен аспайтынын құрауға тиіс. Басқарманы төраға басқарады.
Тармақ 7
7. Басқарма өкілдеріне сыйақы төленбейді.
Тармақ 8
8. Басқарманың айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) кәсіби кеңестің мүлкін қалыптастыру тәртібін қоса алғанда, кәсіби кеңестің ішкі құжаттарын бекіту;
Тармақша 2
2) кәсіби кеңестің атқарушы органдарына ұсынылған кандидатураларды бекіту;
Тармақша 3
3) кәсіби кеңес қызметінің жарғылық мақсаттарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) аудиторлық қызметті дамыту және аудиторлық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында кәсіби кеңес қызметінің бағытын айқындау;
Тармақша 5
5) аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын келісу;
Тармақша 6
6) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарды бекіту;
Тармақша 7
7) аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін келісу;
Тармақша 8
8) кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті ұсынған, аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхаттар бойынша ұсынымдарды қарау және беру;
Тармақша 9
9) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің қызметіне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін келісу;
Тармақша 10
10) кәсіби ұйымдарға, аудиторлық ұйымдарға және аудиторларға қатысты өтініштерді қарау;
Тармақша 11
11) кәсіби кеңестің қызметі туралы жылдық есептілікті бекіту;
Тармақша 12
12) кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясы қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 13
13) аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы жүзеге асырылатын бақылау нәтижелерін оларға қарсылық болмаған және (немесе) апелляциялық комиссияның шешімі болған жағдайларда қарау және келісу.
Басқарма кәсіби кеңес қызметіне байланысты кез келген мәселені қарауға қабылдауға құқылы.
Тармақ 9
9. Кәсіби кеңес филиалдар мен өкілеттіктер құруға құқылы емес.
Тармақ 10
10. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті, Біліктілік комиссиясы, атқарушы алқалы орган, басқарма бекіткен өзге де органдар кәсіби кеңестің атқарушы органдары болып табылады.
Тармақ 11
11. Кәсіби кеңес уәкілетті органға және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қызметі туралы жылдық есептілікті басқарма оны бекіткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.
Тармақ 12
12. Төраға басқаратын атқарушы алқалы орган кәсіби кеңестің қызметіне ағымдағы басшылықты кәсіби кеңестің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 13
13. Кәсіби кеңестің және атқарушы органдардың қызметі туралы мәліметтер ашық және қолжетімді болуға тиіс.
📌 Ескерту. Заң 13-1-баппен толықтырылды – ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 13-2. 13-2-бап. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті
13-2-бап. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитеті
📌 Ескерту. 13-2-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің құрамына аудит жүргізу саласында кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар, практикамен айналыспайтын кемінде екі сарапшы үш жылға дейінгі мерзімге кіреді және/немесе аудит жүргізу саласында кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі бар, «аудитор» біліктілік куәлігі және (немесе) Халықаралық бухгалтерлер федерациясы таныған аудит саласындағы халықаралық сертификаттардың бірі бар және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауаптылыққа тартылмаған, практикамен айналыспайтын сарапшылар кіруі мүмкін.
Тармақ 2
2. Кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің басқарма бекіткен, кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне сапаны сыртқы бақылауды жүргізу;
Тармақша 3
3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін басқармаға келісуге ұсыну;
Тармақша 4
4) уәкілетті орган бекіткен, аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізудің үлгілік қағидаларына, оның ішінде аудиторлық және кәсіби ұйымдарды тексеру өлшемшарттарына сәйкес аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібін басқармамен келісу бойынша әзірлеу және бекіту;
Тармақша 5
5) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне жүргізілген сапаны сыртқы бақылау нәтижелерін кәсіби кеңестің интернет-ресурсында орналастыру;
Тармақша 6
6) алып тасталды – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) басқармаға аудиторлық ұйымды кәсіби ұйымға мүшеліктен шығару туралы өтінішхат ұсыну;
Тармақша 8
8) осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген жағдайды қоспағанда, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылау жүргізу тәртібіне сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы бақылауды жүзеге асыру.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны құрайтын, сапаны бақылау жөніндегі комитет аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды жүргізген кезде алған мәліметтер жария етілуге жатпайды.
📌 Ескерту. Заң 13-2-баппен толықтырылды – ҚР 03.07.2020 № 358-VI ((01.01.2022 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 6) тармақшасының қырық бесінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Біліктілік комиссиясы
14-бап. Біліктілік комиссиясы
Тармақ 1
1. Біліктілік комиссиясының құрамына уәкілетті органның өкілі және кәсіби ұйымдардан саны бірдей өкілдер кіреді, бұл ретте Біліктілік комиссиясының құрамы оның мүшелерінің тақ санынан құралуға тиіс. Біліктілік комиссиясының құрамына практикамен айналыспайтын сарапшылар да кіруі мүмкін.
Тармақ 2
2. Аудит жүргізу саласында жұмыс тәжірибесі бар аудитор Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайланады.
Біліктілік комиссиясының төрағасы Біліктілік комиссиясы мүшелерінің жай көпшілік даусымен үш жыл мерзімге сайланады. Сол бір адам қатарынан екі рет төраға болып сайлана алмайды.
Тармақ 3
3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адам Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайлана алмайды.
Тармақ 4
4. Біліктілік комиссиясы аудиторларға кандидаттарды аттестаттау бағдарламасын әзірлейді, бекітеді және басқармамен келіседі, ол Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары қоры шығарған халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына, аудит стандарттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 5
5. Аудиторларға кандидаттарды аттестаттауды жүргізу тәртібі бұзылған жағдайда, уәкілетті орган Біліктілік комиссиясының шешіміне сотқа шағым жасауға құқылы.
📌 Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);
03.07.2020
№ 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа
енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15. 15-бап. "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру
15-бап. "Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру
"Аудитор" біліктілік куәлігінен айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
«Аудитор» біліктілік куәлігінен айыру туралы шешімді уәкілетті орган кәсіби ұйымдарға жібереді және бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
"Аудитор" біліктілік куәлігінен айырылған адамдар қайта аттестаттауға кемінде үш жыл өткеннен кейін жіберіледі.
📌 Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 16. 16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
16-бап. Аудиторлық қызметті лицензиялау
Тармақ 1
1. Аудиторлық қызмет Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялануға жатады.
Тармақ 2
2. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда ғана лицензия өзінің қолданысын тоқтатады.
Тармақ 3
3. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және одан айыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Лицензияның қолданылуы тоқтатылған, оның ішінде одан айырған жағдайда, аудиторлық ұйымдар лицензияның қолданылуын тоқтату, оның ішінде одан айыру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органға
лицензияны электрондық нысанда ресімдеу жағдайларын қоспағанда, лицензияны қайтаруға міндетті.
Лицензиядан айырған кезде мерзім соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясынан айырылған аудиторлық ұйымның лицензия беруге арналған өтініші кемінде бір жылдан кейін қаралады.
📌 Ескерту. 16-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 17. 17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт
17-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудитін, аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт
📌 Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Аудиторлық ұйымдар мен аудиттелетiн субъектiлер арасындағы қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарт негiзiнде қалыптасады.
Тармақ 2
2. Аудит жүргiзуге және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер ұсынуға арналған шартта: шарттың нысанасы, мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi мен талаптары, тараптардың құқықтары, мiндеттерi мен жауаптылығы, алынған ақпараттың құпиялылығы, сондай-ақ кәсіби ұйымға мүшелігі көзделедi.
Тармақ 3
3. Аудиттелетін субъектіге міндетті аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті және (немесе) аудит стандарттарына сәйкес ілеспе және басқа да көрсетілетін қызметтер жүргізуге арналған шарт Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік кірістер органдарына ұсынылатын мәліметтерді, сондай-ақ «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетілетін (берілетін) мәліметтерді қоспағанда, аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым аудит, салықтар бойынша аудит жүргізуге арналған шартты орындау кезінде алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.
Аудиторлық ұйым клиенттердің келісуімен
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға беретін мәліметтерді қоспағанда, өзге ақпарат аудитін жүргізуге арналған шартты орындау кезінде аудитор және (немесе) аудиторлық ұйым алған мәліметтер коммерциялық құпияны құрайды.
Коммерциялық құпиясы бар мәліметтерді сақтау міндетін бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
📌 Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 18. 18-бап. Аудиторлық есеп
18-бап. Аудиторлық есеп
Тармақ 1
1. Аудиторлық есеп жүргiзiлген аудиттiң нәтижелерi бойынша жасалады және ол осы Заңның талаптары мен аудит стандарттарына сәйкес келуге тиiс.
Аудиторлық есепте Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес, аудиттелетiн субъектiнiң қаржылық есептілігі және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараты туралы атқарушы-аудитордың және аудиторлық ұйымның тәуелсiз пiкiрi қамтылады.
Тармақ 2
2. Аудиторлық есепке бiлiктiлiк куәлiгiнiң нөмiрi мен берiлген күнiн көрсете отырып, атқарушы-аудитор қол қояды, оны өзiнiң жеке мөрiмен куәландырады, аудиторлық ұйымның басшысы оған қолын қойып бекiтедi және аудиторлық ұйымның мөрiмен расталады.
Аудиторлық есепте аудиторлық ұйым лицензиясының нөмiрi мен берiлген күнi де көрсетiледi.
Аудитор өзiнiң жеке мөрiн тиiсiнше пайдаланбағаны және сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
Тармақ 3
3. Аудиторлық есеп Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе нақты деректерге сай келмеген жағдайда мұндай есеп сот шешiмiмен жарамсыз деп танылады.
📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 18-1. 18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері
18-1-бап. Қаржы ұйымының аудитін жүргізу ерекшеліктері
📌 Ескерту. 18-1-бап алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
Бап 18-2. 18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды
18-2-бап. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды
Тармақ 1
1. Салықтар бойынша аудиторлық қорытынды осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Тармақ 2
2. Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, орындаушы аудитор қол қояды, өзінің жеке мөрімен куәландырады, аудиторлық ұйым басшысының қолтаңбасымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.
📌 Ескерту. Заң 18-2-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).
Бап 18-3. 18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері
18-3-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды беру тәртібін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық
палатасы айқындайды.
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда орналастырылады.
Тармақ 2
2. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыға біліктілік куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсетіп, орындаушы аудитор қол қояды, оның жеке мөрімен куәландырылады, аудиторлық ұйым басшысының қолымен бекітіледі және аудиторлық ұйымның мөрімен куәландырылады.
📌 Ескерту. Заң 18-3-баппен толықтырылды - ҚР 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 19. 19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi
19-бап. Сапаны бақылау және оның түрлерi
Тармақ 1
1. Сапаны бақылау аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың аудит стандарттарының, Әдеп кодексінің және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бағытталған және ол тәуекелге бағдарланған тәсіл негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Сапаны iшкi және сыртқы бақылау сапаны бақылау түрлерi болып табылады.
Сапаны iшкi бақылауды аудиторлық ұйым аудит стандарттарына және ұйымдар стандарттарына сәйкес дербес жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды кәсіби ұйым кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері болып табылмайтын аудиторлық ұйымдарға қатысты үш жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырады.
Сапаны сыртқы бақылауды сапаны бақылау жөніндегі комитет кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілеріне қатысты үш жылда бiр реттен сиретпей жүзеге асырады.
Бұл ретте кәсіби кеңестің сапаны бақылау жөніндегі комитетінде сапаны сыртқы бақылаудан өткен аудиторлық ұйымдар үшін
кәсіби ұйымның жұмыс органында сапаны сыртқы бақылаудан өту талап етілмейді.
Тармақ 3
3. Сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау:
Тармақша 1
1) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жолданым алынған жағдайда;
Тармақша 2
2) аудиторлардың және (немесе) аудиторлық ұйымдардың жұмыс нәтижелерімен келіспеген жағдайда;
Тармақша 3
3) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілерінің бастамасы бойынша;
Тармақша 4
4) аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың қызметіне байланысты келіп түскен жолданымдарға сәйкес уәкілетті органның бастамасы бойынша жүргізіледі.
Аудиторлардың, аудиторлық ұйымдардың және кәсіби ұйымдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) жолданым бойынша сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылауды жүргізу қажеттілігі туралы шешім жолданымда жазылған нақты деректер қаралғаннан кейін шығарылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілетін сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау бойынша шығыстарды тексерілетін аудиторлық ұйым төлейді.
Осы баптың 3-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларына сәйкес жүргізілетін сапаны жоспардан тыс сыртқы бақылау бойынша шығыстарды жолданымды жіберген жеке немесе заңды тұлға төлейді. Уәкілетті органға жолданым беру жолданымды жіберген тұлғаны сапаны сыртқы бақылауды жүргізуге арналған шығыстарды төлеуден босатпайды. Бұл ретте жолданымда жазылған фактілер расталған жағдайда, шығыстарды төлеуді тексерілетін аудиторлық ұйым жүргізеді, ал жолданымды жіберген тұлғаға төлем қайтарылады.
Тармақ 5
5. Кәсіби ұйымдар аудиторлық ұйымдарға сапаны сыртқы бақылауды сапаны бақылау жөніндегі комитет бекіткен тәртіпке сәйкес жүргізеді.
Тармақ 6
6. Аудиторлық ұйым сапаны сыртқы бақылау нәтижелеріне кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясына және (немесе) сотқа шағым жасауға құқылы.
Кәсіби кеңестің апелляциялық комиссиясының қызметі басқарма айқындайтын қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
📌 Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.02.2009 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 10.07.2012 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі);
өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 20. 20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi
20-бап. Аудиторлардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Аудиторлар:
Тармақша 1
1) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн аудиттелетiн субъектiнiң қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;
Тармақша 1-1
1-1) кәсіби ұйымға кіруге;
Тармақша 2
2) аудиттелетiн субъектiнiң лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсiндірме алуға;
Тармақша 3
3) кәсiби ұйымдардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
Тармақ 2
2. Аудиторлар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
1-1) аудиторлардың біліктілігін арттыру қағидаларының талаптарына сәйкес аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өтуге және аудиторлардың біліктілігін арттыру жөніндегі курстардан өткені туралы сертификаттар алуға;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;
Тармақша 3
3) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге;
Тармақша 4
4) өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;
Тармақша 5
5) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді өзі қатысушысы болып табылатын аудиторлық ұйымның басшысына хабарлауға міндетті.
📌 Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 21. 21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
21-бап. Аудиторлық ұйымдардың құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Аудиторлық ұйымдар:
Тармақша 1
1) аудит жүргiзу әдiстерiн дербес анықтауға;
Тармақша 2
2) аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн қажеттi бухгалтерлiк және өзге де қаржы-шаруашылық құжаттамасын сұратуға және тексеруге;
Тармақша 2-1
2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтерді сұратуға;
Тармақша 2-2
2-2) өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын орындау үшiн ішкі саясат пен рәсімдер, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі, ақпараттық технологиялардың тәуекелдерін басқару жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, корпоративтік басқару жүйесі, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ішкі бақылау жүйесі бойынша қажеттi құжаттаманы сұратуға және тексеруге;
Тармақша 3
3) осы Заңның 24-бабында көрсетiлген тұлғаларды қоспағанда, әр түрлi бейiндегi мамандарды аудит жүргiзуге қатысуға шарттық негiзде тартуға;
Тармақша 4
4) аудиттелетiн субъект аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргiзуден не аудиторлық есептi немесе аудиторлық қорытындыны беруден бас тартуға;
Тармақша 5
5) аудиттелетiн субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметтерiне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай-ақ осы құжаттамада есепке алынған мүлiктiң нақты бар-жоғын тексеруге;
6) прокуратура, қылмыстық қудалау органдарына және сотқа қорытындылар беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Аудиторлық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;
Тармақша 2
2) сапаны сыртқы бақылаудың жүргізілуіне немесе уәкілетті орган жүргізетін тексерулерге кедергі жасамауға;
Тармақша 3
3) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алған немесе кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан немесе одан шығарылған күннен бастап бір ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;
Тармақша 4
4) өздері мүшелері болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезде үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық құпияны жария етпеуге;
Тармақша 6
6) аудиттелетін субъектіге бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты беруге міндетті.
Аудиторлық ұйымдар мемлекеттік мекемелерде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларда аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізген жағдайда аудиттелетін субъектіге бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпаратты да беруге міндетті;
Тармақша 7
7) өздері үшін аудит жүргізу міндетті болып табылатын қаржы ұйымдарына, банктік конгломерат құрамына кіретін ұйымдарға, сақтандыру тобына кіретін ұйымдарға аудит жүргізу нәтижесінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы аудиттелетін субъектілерді хабардар ете отырып,
қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға хабарлауға;
Тармақша 8
8) уәкілетті органға лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес есептілікті, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты табыс етуге;
Тармақша 8-1
8-1)
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі - ҚР 09.01.2026 № 256-VIII Заңымен;
Тармақша 9
9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушының өзге ақпарат аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;
Тармақша 9-1
9-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны аудиттелетін субъектінің орналасқан жеріндегі мемлекеттік кіріс органына ұсынуға;
Тармақша 9-2
9-2) Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық
палатасына ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық
палатасы айқындайтын тәртіппен квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытынды ұсынуға;
Тармақша 10
10) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
Тармақша 12
12) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді қоса алғанда, «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органға ашып көрсетуге (беруге) міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк органдардың, аудиттелетiн субъектiлердiң және кез келген үшiншi тұлғалардың аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қызметiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi.
📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 № 338-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа
енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 22. 22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру
22-бап. Аудиторлық қызметтi сақтандыру
Тармақ 1
1. Аудиторлық ұйымдар аудиттi жүзеге асыру кезiнде мүлiктiк зиян келтiрудiң салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасуға міндетті.
Тармақ 2
2. Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
Бап 23. 23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi
23-бап. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершiлiгi
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, сондай-ақ шарт талаптарын бұзғаны үшiн аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
📌 Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 24. 24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу құқығын шектеу
24-бап. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу құқығын шектеу
📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Аудиторлық ұйымдардың:
осы аудиторлық ұйым немесе осы аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті, өзге ақпарат аудитін жүзеге асыратын оның қызметкерлері өздерінің қатысушысы, кредиторы болып табылатын тапсырыс берушілерге;
өздерiмен соңғы үш жылда азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыру шартын жасасқан ұйымдарға;
соңғы үш жылда осы Заңның 3-бабының 2-тармағы бірінші бөлігінің 2) және (немесе) 3) тармақшаларында аталған (бухгалтерлік есепке алу және (немесе) қаржылық есептілік бөлігінде) көрсетілетін қызметтер ұсынылған ұйымдарға;
орындаушылары аудиттелетiн субъектiмен еңбек қатынастарында тұрған немесе оның лауазымды тұлғаларының, сондай-ақ аудиттелетiн субъектi акцияларының он және одан да астам процентiн (жарғылық капиталға қатысу үлесiн) иеленген акционердiң (қатысушының) жақын туыстары немесе жекжаттары болып табылатын аудиторлық ұйымдардың;
аудиттелетiн субъектiде жеке мүлiктiк мүдделерi бар орындаушылардың;
аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, егер оның аудиттелетін субъектінің алдында немесе аудиттелетін субъектінің оның алдында ақшалай міндеттемелері бар болса;
жасалған жария шарттардан туындайтын міндеттемелерді қоспағанда, мүдделер қақтығысының пайда болуына әкелетін немесе осындай қақтығыстың пайда болу қатерін туғызатын жағдайларда, аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуіне тыйым салынады.
Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуіне тыйым салынады.
Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 325-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 25. 25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері
25-бап. Аудиттелетін субъектінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Аудиттелетін субъект:
Тармақша 1
1) аудиторлық ұйымнан Қазақстан Республикасы заңнамасының аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізуге қатысты талаптары туралы қажетті ақпаратты алуға;
Тармақша 2
2) аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындылары негізделетін нормативтік құқықтық актілермен танысуға;
Тармақша 3
3) аудитордан, аудиторлық ұйымнан бухгалтерлік есеп жүргізуде, қаржылық есептілікте және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпаратта анықталған бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға;
Тармақша 4
4) шарттың талаптарын бұзған жағдайда, аудиторлық ұйымның қызметтерінен бас тартуға құқылы.
Тармақ 2
2. Аудиттелетін субъект:
Тармақша 1
1) аудитті, салықтар бойынша аудитті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитті, өзге ақпарат аудитін уақтылы және сапалы жүргізуі үшін аудиторлық ұйымға жағдай жасауға, қажетті құжаттаманы, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірулер мен түсініктемелер беруге;
Тармақша 2
2) егер шартта өзгеше көзделмесе, аудитке, салықтар бойынша аудитке, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудитке, өзге ақпарат аудитіне жатқызылатын мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;
Тармақша 3
3) аудиторлық ұйымның талабы бойынша қажетті ақпаратты алу үшін үшінші тұлғаның атына өз атынан жазбаша сауал жіберуге міндетті.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекет қатысатын заңды тұлғалар секілді аудиттелетін субъектілер өз қызметтерінің қаржылық есептілігіне аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың аудиттелетін субъектілері квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізілгеннен кейін бір ай мерзімде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалану кезінде анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы ақпарат береді.
Тармақ 4
4. Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.
📌 Ескерту. 25-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi
26-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң мiндеттерi
📌 Ескерту. 26-бап алынып тасталды - ҚР 2009.02.20 N 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Бап 27. 27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi
27-бап. Аудиттелетiн субъектiнiң жауапкершiлiгi
Тармақ 1
1. Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу үшін берген қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпараттың, сондай-ақ өзге ақпарат толықтығы мен анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 2
2. Мiндеттi аудит жүргiзуден жалтарған не оны жүргiзуге кедергi жасаған, не оны жүргiзудi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тармақ 3
3. Аудит, салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит, өзге ақпарат аудитін жүргізу аудиттелетін субъектіні табыс ететін қаржылық есептіліктің және өзге де құжаттардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.
📌 Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.02.20 № 138 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.11.2015 № 393-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 28. 28-бап. Дауларды қарау
28-бап. Дауларды қарау
Аудиторлар, аудиторлық ұйымдар арасында, сондай-ақ олар мен аудиттелетiн субъектiлер арасында туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шешiледi.
Бап 29. 29-бап. Өтпелi ережелер
29-бап. Өтпелi ережелер
Тармақ 1
1. Дара кәсiпкерлер болып табылатын аудиторлар Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде аудиторлық қызметтi жүзеге асыра алады.
Тармақ 2
2. Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган берген лицензияларды қоспағанда, аудиторлық ұйымдардың уәкiлеттi орган берген лицензиялары және осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген "аудитор" бiлiктiлiк куәлiгi жарамды болады.
Бап 30. 30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
30-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
Осы Заң, осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 9-баптың 4, 5-тармақтарын, 10, 12 және 14-баптарын қоспағанда, ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.