Об утверждении Правил определения экономического эффекта от бюджетных субсидий Күшін жойған
Басқа 0
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидаларын бекіту туралы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Каржы министрлігі
Басқа 8. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2021 жылғы 18 мамырдағы
№ 177/НҚ Бұйрығымен
бекітілген
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабы 6-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету жөніндегі міндет жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы;
Тармақша 2
2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады;
Тармақша 3
3) төлемақы төлеушілер – «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты беру құқығын алған қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысы, сондай-ақ ұялы байланыс операторлары болып табылатын заңды тұлғалар.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібі
2-тарау. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын ұсынғаны үшін төлем сомасы, сондай-ақ 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасы кодексінің 602-бабының 1-тармағына сәйкес төлеушілердің электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін көрсетуден алдыңғы жылғы табыстарын және төлемақы ставкаларын негізге ала отырып есептелетін қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 9 қарашадағы № 736 қаулысымен бекітілген ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлем сомасы (бұдан әрі – Төлемақы мөлшерлемелері) бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін айқындаудың шарты болып табылады.
Тармақ 4
4. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін есептеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы сомасы мынадай формула бойынша айқындалады:
P = D х 1,3992 %,
онда:
Р – қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы сомасы;
D – байланыс операторларының алдыңғы күнтізбелік жыл үшін электр байланысы (телекоммуникация) қызметтерін көрсетуден түскен кірісі;
1,3992 % - төлем мөлшерлемесі;
Тармақша 2
2) субсидиялар сомасы тиісті кезеңге (күнтізбелік жылға) бюджеттік өтінімді қалыптастыру жолымен айқындалады;
Тармақша 3
3) республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасы қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынған үшін төлемақы сомасы мен бюджеттік өтінімде қалыптастырылған субсидиялар сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тармақ 5
5. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін байланыс операторларынан түсетін төлем сомасы төлемақы сомасына қосымша республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасынан, сондай-ақ нақты көрсеткіштерден (жергілікті телефон байланысы абоненттерінің, Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтерінің, пошта байланысының әмбебап қызметтерінің саны) асып түскен жағдайда, бюджеттік субсидиялардан экономикалық тиімділік оң болып табылады.
Тармақ 6
6. Егер қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін байланыс операторларынан түсетін төлемақы сомасына қосымша республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасынан төмен сома, сондай-ақ нақты көрсеткіштер (жергілікті телефон байланысы абоненттерінің, Интернет желісіне жеке қол жеткізу қызметтерінің, пошта байланысының әмбебап қызметтерінің саны) жоспарланғаннан төмен болған жағдайда, бюджеттік субсидиялардан экономикалық тиімділік теріс болып табылады.
Басқа 23. Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін есептеу
Бюджеттік субсидияларадың
экономикалық әсерін
айқындау қағидаларына
қосымша
Нысан
Бюджеттік субсидиялардың экономикалық әсерін есептеу
№
Кезең
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы сомасы, мың теңге
Субсидия сомасы, мың теңге
Төлемақы сомасына қосымша республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар сомасы (мың теңге)
Республикалық бюджеттен салым, %
100-(3-баған / 4-баған х 100)
Байланыс операторларының кірістерінен республикалық бюджетке түсетін түсімдер, %
3-баған х 100 / 4-баған
Экономикалық тиімділік (жергілікті телефон байланысы абоненттерінің, Интернет желісіне қол жеткізу қызметтерінің, пошта байланысының әмбебап қызметтерінің саны)
Экономикалық тиімділік, %
9-баған / 8-баған х 100 - 100
план
факт
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
1
2
3
4